12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет3/16
Дата26.04.2022
өлшемі40.16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Классикалық теория (мектеп) –экономикалық ілімнің аса ірі бағыттарының бірі. Мектеп XVIII ғасырдың аяғында – 30 жылдары белсенді дамыды. Бағыттың негізін салушы А Смит болып табылады. Оның басты еңбегі «Халықтар байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу» болды. Теория аясында бірқатар экономикалық заңдар әзірленді. Экономикалық ғылымның аса маңызды
*сноски
парадигмасы–құнның еңбек теориясы тұжырымдалды. Тауардың құны өндіріс саласына тәуелсіз еңбекпен жасалады. Тауарларда ішке алынған еңбек айырбас үшін негіз болып табылады. Тауардың бағасы оны өндіруге жұмсалған еңбек шығындарымен, сондай-ақ тауардың сұранымы мен ұсынымының ара қатынасымен анықталады. Ману-
фактуралық өндірістің (онан кейін индустрияландырудың) өсуі бірінші кезекте сауда және несие капиталын ығыстырған, өнеркәсіптік өндірісті ұсынды. Осыдан барып зерделеу предметі ретінде бірінші орынға өндіріс сферасы ұсынылды.

Физиократтардың ізінше классиктер экономикалық либерализмді насихаттады. Қоғамда экономикалық ғылымда классикалық мектеп негіздерінің пайда болуына дейін экономикаға мемлекеттік араласудың қажеттігі туралы пікір басым болды. Тап осы әдіс мемлекеттің байлығы мен игілігін қалыптастырудың жалғыз ғана жолы болды. Экономикалық либерализм идеясының негізінде экономикалық заңдар табиғаттың заңдарына ұқсас әрекет етеді деген түсінік жатты. Олардың әрекетінің негізінде қоғамда стихиялы түрде «табиғи үйлесушілік» іске асырылды. Мемлекеттің экономикалық заңдардың әрекетіне араласуының қажеттігі жоқ. Экономикалық либерализм мен еркін сауданың қағидаты «laissez faire laissez rasser » (француздың: ризалық ет, кедергі жасама , «қалай жүрсе, барлығы жүре берсін» атақты ұранында бейнеленген . Басқа сөзбен айтқанда, бұл экономикалық қызметке мемлекеттің араласу қағидаты. Бұл айтылым классикалық экономикалық теорияның символын құрды. Сыртқы экономикалық либерализм еркін сауданы, шектеусіз экспорт пен импортты білдіреді. Мұндай сыртқы экономикалық саясат фритредерлік (ағылшынның freefrade– еркін сауда) атаyын алған. Классиктерге сәйкес экономикалық заңдар мен бәсеке « көзге көрінбейтін қол» ретінде әрекет етеді. Нәтежесінде ресурстар тиімді (толық) пайдалану үшін қайта бөлінеді, тауарлар мен ресурстардың бағасы тез ауысады , сұраным мен ұсыным арасында тепе -теңдік орнайды.

А. Смит сыртқы саяси басқарудың негізінде емес, ішкі экономикалық механизмдер базасында еркін рыноктың жұмысын түсіндіретін қисындық жүйені баян етті. Экономикалық заңдар баянды және объективті, адамның еркі мен сана-сезіміне тәуелділіктен тыс оның теориясының негізі де болды. А Смит ашқан еңбек бөлінісі мен еңбек өнімінің өсуі, заңдары классикалық болып табылады. Оның тауарды және оның қасиеттерін, ақшаны, жалақыны, пайданы, капиталды, еңбек өнімділігін және басқаларды баян етуі қазіргі экономикалық тұжырымдамалардың негізінде жатыр.

А. Смит қоғамның негізгі табыстарына – пайдаға, жалақыға және жер рентасына – толық талдау берді және қоғам табыстарының сомасы ретіндегі қоғамдық өнім құнын анықтады. Байлықтың өсуі еңбек өнімділігіне және өндіргіш еңбекке байланысты болады. Өз кезегінде еңбек өнімділігі көп жағдайда еңбек бөлінісіне және оның мамандандырылуына байланысты болады.

Смиттың жолын қуушылар Д Рикардо, Дж Милль, К Маркс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет