13- лекция. Қайшылықты, күйзелісті және өзгерістерді басқару



бет1/5
Дата26.12.2022
өлшемі176,65 Kb.
#59758
  1   2   3   4   5

Ұйымдағы мінез-құлық пен эмоцияны басқару (Қайшылық, күйзеліс, өзгеріс)

Жоспар:

1. Ұйымдық мінез-құлықтағы қайшылықтың табиғаты мен мазмұны.

2. Қайшылық себептері. Қайшылық функциялары.

3. Күйзеліс (стресс) табиғаты. Күйзеліс себептері.

4. Ұйымдық өзгерістер табиғаты.

1. Ұйымдық мінез-құлықтағы қайшылықтың табиғаты мен мазмұны

Қайшылық дегеніміз – екі немесе оданда көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Екі жақта немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады. Сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды.

Көптеген адамдар қайшылықтыр мен шиеленістерді үстемдік ету, қастандық, тартыс, дау және жанжал деген түсініктермен салыстырады. Сол себептен оларды болдырмау керек деген тұжырымдамаға келеді.

Жалпы қайшылықтардың төрт негізгі түрі бар:

    • . Бұл үлгі жоғарыда айтылған түсініктемеге сәйкес келмейді. Бірақ бұның дисфункционалды потенциалы басқа қайшылықтың нақты түрімен жалғасады. Бұл үлгінің кең тараған үлгісі ретінде – рөлдік басқару қарастырылады. Бұл қайшылық түрінің пайда болуы өндірістік талаптарының жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігімен туындайды.

Ішкі жеке қайшылық
    • Қайшылықтың бұл үлгісі өте кең тараған. Көбінесе басшылардың өздерінің шектеулі ресурстары, капиталы, жұмыс күші, құрал жабдықты пайдалану уақытына байланысты күрестері. Сондай-ақ екі адамның түсінбеушілігімен, дауласуынан да пайда болады. Адамдардың мінез құлықтары, көзқарастары, рухани және мәдени байлықтары әртурлі болғандықтан да олар бір-бірімен тіл табыса алмайды.

Жеке тұлғалар арасындағы қайшылық
    • Өндірістік топтар үшін өздерінің ережелері қалыптастырылған. Әр адам осы ережелерді орындауы қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. Бірақ топтың күтуі жеке адам күтуі бір –біріне қарама – қарсы болса қайшылық пайда болады. Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасында да пайда болады.

Жеке тұлғамен топ арасындаға қайшылық
    • Бұл қайшылық көбінесе сызықтық және функционалдық басшылар арасында туады. Сызықтық басшылар функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмауылары мүмкін және өзінің осы басшыларға тәуелділігін үшін парызы болуы.

Топ аралық қайшылық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет