13 тапсырма Тақырыбы: Рефлексия, кері байланысты қолдану ерекшеліктері Рефлексия



бет3/4
Дата26.10.2022
өлшемі27,92 Kb.
#45571
1   2   3   4
Кері байланыс әдістері

Ұсыныстар тізбесі

Сабақ барысында қолданылуы

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

3 бөліктен тұрады. Сындарлы сын айтуға, не нәрсені жақсарту керектігіне бағытталған әдіс.

Психологиялық жаттығулар мен жадыны дамытуға
арналған жаттығулар жиынтығын бағалағанда қолданылады.

«Плюс-минус-қызықты» әдісі

Ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Үш бағанды кесте толтырады. Алған білімдерін, нені түсіне алмады, не қызықты болды соны жазады.

Сабақ барысының қалай өткенін, оқушы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауда қолданылады.

Эссе немесе ой толғаныс әдісі

Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта жазады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды.

Тапсырмаларға, тақырыпқа сай оқушының өз ойын білу мақсатында қолданылады.

«Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам түстерін пайдалана отырып, оқушының тапсырманы түсінгенін анықтауға болады.

Сабақты түсіну дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады.

«Басбармақ» әдісі

Басбармақ жоғары қараса – түсіндім, көлденең қараса- түсінгендеймін, төмен қарай- түсінбедім дегенді білдіреді.

Тақырыпты түсінген-түсінбегенін білу мақсатында қолданылады.

Рефлексияның 3-4 түрін айқындап, талдау жасаңыз. Рефлексия талдау
Рефлексия түрлері:
І. Мақсатына қарай :

  • эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы

  • әрекетттік рефлексия.

  • оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.
    Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
    Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.
    Әрекеттік рефлексия.
    Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білуді үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
    Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.
    Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.

ІІ. Мазмұнына қарай:

  • Ауызша;

  • Жазбаша

ІІІ. Тұлғалық :

  • физикалық: үлгердім-үлгермедім;

  • сенсорлы: қызық-қызықсыз;

  • рухани: жақсы сезіндім –жаман сезіндім (тек жазбаша түрде)

  • интеллектуалдық: түсіндім-түсінбедім

ІV. Сабақтың түріне қарай:


  • ББД қалыптасуынан кейін

  • Аралық рефлексия

  • Бақылау рефлексиясы

  • Қорытынды рефлекси

V. Өту әдісіне қарай:


  • Анкета

  • Сұрақ

  • Кесте

  • Жағдаят

  • Сурет

  • Символ

VІ. Іс-әрекетіне байланысты:


  • Фронталды

  • Жеке

  • Топтық

  • Ұжымдық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет