№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік



Pdf көрінісі
бет43/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік 

қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі 

Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1.  Қоса  беріліп  отырған  Бюджет  қаражаты  есебінен  қаржыландырылатын  жобалар  бойынша  инжинирингтік 

қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында 

және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналас-

тырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-

министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің міндетін атқарушы

_____________ Р.Бекетаев

17 сәуір 2015 жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы №254 бұйрығымен бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету 

бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету 

бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала 

құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан 

әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыстың инвестициялық жо-

баларын кәсіптік басқару үшін инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тарту тәртiбiн белгiлейдi.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) авторлық қадағалау – бұл автордың:

сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс 

құжаттамасының) әзiрленуiне; 

сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын 

құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;

2) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн 

мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;

3) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) – жаңа үйлер 

мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан 

бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі 

жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және 

квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;

4)  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы  инжинирингтiк  қызметтер – оңтайлы  жобалық 

көрсеткiштерге  қол  жеткiзу  мақсатында  құрылыстың  дайындығын  және  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ететiн 

қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);

5) тапсырыс беруші – бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен жо-

балауды ұйымдастыруды, инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымды тартуды және объектілер құрылысын 

жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;

6) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң 

пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

7)  ұйым – өзінің  құрамында  сәулет-құрылыс  қызметі  саласында  инжинирингтік  қызметтерді  жүзеге  асыру 

құқығынасарапшы болатын тапсырыс беруші тартқан заңды тұлға (бұдан әрі - Ұйым).

2.Инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдытартудың тәртібі

3. Тапсырыс беруші Ұйымды тартқан кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан 

Республикасының Заңын, осы Қағидаларды және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын 

басшылыққа алады.

Инжинирингтік қызметтерді көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 

6 наурыздағы № 71 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 

болып  тіркелген  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі  саласында  инжинирингтік  қызметтер  көрсету 

қағидаларымен айқындалады.

4. Конкурс тәсілімен тапсырыс беруші жүзеге асыратын Ұйымды тарту мынадай дәйекті іс-шараларды орын-

дауды көздейді:

1) тапсырыс берушінің алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін 

тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;

2) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;

3) конкурстық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту;

4) қажет болғанда тапсырыс берушінің сараптау комиссиясының құрамын және сарапшыны бекітуі;

5)  тапсырыс  берушінің  конкурстық  комиссияның  құрамын  бекітуі  және  конкурстық  комиссияның  хатшысын 

айқындауы;

6) тапсырыс берушінің веб-порталда конкурстық комиссияның құрамын бекітуі және конкурстық комиссияның 

хатшысын айқындауы;

7) электрондық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы веб-порталда хабарландыру жариялау;

8) веб-порталға қатысушы – әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей 

отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;

9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;

10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;

11) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау 

үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;

12)  конкурстық  комиссияның  веб-портал  арқылы  конкурсқа  қатысуға  жіберілген  әлеуетті  өнім  берушілердің 

тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау Астана уақыты 

бойынша жұмыс уақытында веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады; 

13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, 

көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сарап-

тау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауы. Бұл айқындаудың нәтижелерін 

жариялау Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы тиісті 

хаттамада жүзеге асырылады;

14) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық 

құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

15) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, 

салыстыру және жеңімпазды айқындау;

16) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;

17) конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік 

сатып алу туралы шарт жасасу.

5. Күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеу, күрделі құрылыс объектілерін салу, рекон-

струкциялау және күрделі жөндеу үшін авторлық қадағалау үшін авторлық қадағалау бойынша сатып алынған 

қызметтер «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының норма-

ларын қолданбай жүзеге асырылады.

Авторлық  қадағалау  Заңның 20-бабының 23-1) тармақшасына  сәйкес  бекітілген  Авторлық  қадағалауды 

ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Егер инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйым мемлекеттік сатып алу жолымен тартылатын болса, 

тапсырыс берушіге өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және 

(немесе)  өзге  де  қызметтер  көрсеткен,  техникалық-экономикалық  негіздемені  әзірлеушінің  жобалау  (жобалау-

сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік 

сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені 

және  (немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттаманы  әзірлеуге  бас  жобалаушы  не  қосалқы  жобалаушы 

ретінде қатысқан әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға 

жіберілмейді.

7. Инжинирингтік қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі 

№ 304 бұйрығымен  бекітілген,  Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 10632 болып 

тіркелген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салуға арналған 

жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларына 

сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен қаржыландырылады.



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 мамыр Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11083 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 науры з                                    №255                                    Астана қаласы



Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын 

бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-5)-тармақшасына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 

жəне жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тəртіппен: 

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2).осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында 

жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-

рылуын қамтамасыз етсін.

3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-

министріне жүктелсін.

4..Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Министрдің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекiтiлген

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.  Осы  Жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшiн  жер  учаскелерiне  құқық  беру  қағидалары  (бұдан  əрі – Қағидалар) 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына cəйкес 

Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн 

беру тəртібін айқындайды.

2. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңдардағы елді мекендер шекараларының шегінде жеке 

тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына 

жəне аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сəйкес, ал тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi 

елдi мекендерде – аталған елді мекенді дамыту жəне оған құрылыс салу схемасына (бас жоспардың жеңілдетілген 

нұсқасы) сəйкес беріледі.

3.  Сауда-саттықта  (конкурстарда,  аукциондарда)  сату  үшін  ұсынылатын  жер  учаскелерінің  тізбесіне 

енгізілгендерді  қоспағанда,  жеке  тұрғын  үй  құрылысына  арналған  жер  учаскелері  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарына 0,10 гектар мөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.

Кодекстің 94-бабының 4-тармағында  көрсетілген  жағдайларды  қоспағанда,  көрсетілген  мақсат  үшін  жер 

учаскелерін екінші мəрте тегін беруге жол берілмейді.

4. Жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікке беру жер учаскелерін игергеннен кейін (объектіні 

(жеке тұрғын үйді) пайдалануға беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін) жүргізіледі. Игеру кезеңінде жер учаскесі 

Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне оралмандарға Кодекстің 92-бабына сəйкес игеру шарттары мен 

мерзімдері белгіленіп уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) беріледі.

2. Жер учаскесін беру

5. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жəне оралмандар 

уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) құқығында жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшін беру туралы ерікті 

нысандағы өтінішті (бұдан əрі – өтініш) сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша береді:

1) республикалық маңызы бар қала мен астананың шекарасы шегiнде – республикалық маңызы бар қаланың 

жəне астананың əкiмдiгi;

2) облыстық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде – облыстық маңызы бар қаланың əкiмдiгi;

3) аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде – аудандық маңызы бар қаланың əкiмi;

4) кент шекарасы шегiнде – кент əкiмi;

5) село шекарасы шегiнде – село, селолық округтiң əкiмi.

 6. Өтiнiште: 

1) жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; 

2) оның болжамды мөлшерi; 

3) орналасқан жерi;

4) сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа 

жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының азаматтары өтiнiшке жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн, оралман-

дар – оралман куəлігінің көшірмесін қоса береді.

7.  Өтiнiшті  қабылдау  кезiнде  осы  Қағидаларда  көзделмеген  басқа  құжаттар  мен  мəлiметтердi  талап  етуге 

тыйым салынады.

8. Берілген өтініш осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сəйкес келмеген жағдайда, сондай-

ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі 

республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жер  қатынастары 

жөніндегі уəкілетті органы (бұдан əрі – жер қатынастары жөніндегі уəкілетті орган) өтініш жер қатынастары жөніндегі 

уəкілетті органға келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өтінішін қараудан жазбаша 

дəлелдi бас тарту береді.

9. Өтiнiшті қараудың жалпы мерзімі өтініш түскен күннен бастап екi айды құрайды.

Көрсетілген мерзімге:

1) Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сəйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;

2) Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;

3) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.

10. Өтініш үш жұмыс күні ішінде бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негізінде сəулет жəне қала құрылысы 

органдарымен  бірлесіп,  сұралып  отырған  жер  учаскесін  мəлімделген  нысаналы  мақсаты  бойынша  пайдалану 

мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органға түседі.

   11. Аумақты аймақтарға бөлуге сəйкес сұралып отырған жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсаты бойын-

ша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күніне 

дейінгі мерзімді құрайды.

12. Сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды əзірлеу жөніндегі материал-

дарды  жер  учаскесі  орналасқан  жердегі  жер  қатынастары  жөніндегі  уəкілетті  органдар  Кодекстің 43-бабының 

2-тармағына  сəйкес  құрылатын  комиссияға  (бұдан  əрі – Комиссия)  көрсетілген  ұсынысты  дайындағаннан  кейін 

екі жұмыс күні ішінде береді.

13. Комиссияның қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс комиссияға 

түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.

Қорытынды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарында жəне оралмандарда жеке тұрғын 

үй құрылысы үшін мемлекет тарапынан құқық берілген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар 

туралы мəліметтерді жер қатынастары жөніндегі уəкілетті орган комиссияға береді.

14. Егер комиссия бөліп берілетін алаңдардың болмауына байланысты сұралып отырған жер учаскесін пайда-

лану мүмкіндігінің болмауы туралы қорытынды шығарған жағдайда, өтініш осы Қағидалардың 3-тарауына сəйкес 

арнайы есепке алынады.

15. Комиссияның оң шешімінің бір данасын түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті жер қатынастары 

жөніндегі уəкілетті орган өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын дайындау үшін береді (жолдайды).

16. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңға жер учаскелерiн орналастырудың жерге орна-

ластыру жобасы болған кезде əрбiр жер учаскесiне жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.

17. Кодекстің 44-бабының 3 жəне 6-тармақтарына сəйкес дайындалған жəне келісілген жер учаскесінің шекара-

сын қалыптастыру туралы жерге орналастыру жобасын тиісті жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органдар өтініш 

беруші тапсырған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бекітеді.

18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, 

аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, селоның, селолық округтiң жергілікті атқарушы органының (бұдан əрі – 

жергілікті атқарушы орган) уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі комиссияның оң 

қорытындысы негізінде тиісті жер қатынастары жөніндегі уəкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп 

түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

19. Тиісті жергілікті атқарушы органның уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің 

көшірмесін жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органдар шешім қабылдаған күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге береді (жолдайды).

20. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жер қатынастары жөніндегі уəкілетті орган өтініш берушімен 

жер учаскесін пайдалануға құқық беру туралы шешімнің негізінде шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс 

күнінен кешіктірмей, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады.

Жер  учаскесін  игеру  мерзімі  мен  шарттарын  жергілікті  атқарушы  орган  айқындайды  жəне  жер  пайдалану 

(жалдау) шартында көрсетеді.

Егер  жеке  тұрғын  үй  құрылысына  арналған  жер  учаскесі  дайын  емес  алаңдарда  жер  пайдалану  құқығында 

берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі оны тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен 

қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледі.

21. Жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу өтініш берушінің жүгінуі негізінде жүзеге асырылады.

22. Жер учаскесіне сəйкестендіру құжатын дайындау жəне беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Заңының 10-бабының 1) тармақшасына  сəйкес  жер  ресурстарын  басқару  жөніндегі 

орталық уəкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында белгіленген тəртіппен алты 

жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

23.  Жер  учаскесiнiң  шекараларын  белгiлеу  жөнiндегi  жерге  орналастыру  жұмыстары  жəне  жер  учаскесiне 

сəйкестендіру  құжатын  дайындау  жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшiн  жер  учаскесi  берiлетін  тұлғаның  қаражаты 

есебiнен жүзеге асырылады.

24. Қазақстан Республикасының азаматына бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайда-

лану (жалдау) құқығында берілген жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу 

актісі, осы жер учаскесін жеке меншікке беруге негіз болып табылады.

Оралманға бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында берілген 

жер  учаскесіндегі  салынып  біткен  жеке  тұрғын  үйді  пайдалануға  қабылдап  алу  актісі,  Қазақстан  Республикасы 

азаматтығын  алу  жəне  жеке  басын  куəландыратын  құжатты  алу  осы  жер  учаскесін  жеке  меншікке  беруге  негіз 

болып табылады.

25. Бұрын уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  жəне  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алған  оралмандар 

жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін жеке меншік құқығында беру туралы өтінішті сұралып отырған жер 

учаскесі орналасқан жері бойынша осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органға 

тапсырады. Осы тармақта көрсетілген өтінішке Қазақстан Республикасының азаматтары жəне оралмандар жеке 

куəліктің көшірмесін, жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісін жəне 

жер учаскесіне сəйкестендіру құжатын қоса береді.

26.  Жергілікті  атқарушы  органның  жер  учаскесіне  жеке  меншік  құқығын  беру  туралы  шешімі  сəйкестендіру 

құжатын дайындауға жəне беруге негіз болып табылатын, cалынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап 

алу актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

3. Арнайы есепке қою

27.  Жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жер  учаскелерін  сұрау  кезінде  жер  учаскесін  бөліп  беру  үшін  алаңдар 

болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне оралмандардың өтініштерін жергілікті атқарушы 

органдар осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген комиссия қорытындысының негізінде бес жұмыс күні ішінде 

арнайы есепке алады.

28. Комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне оралмандардың 

өтініштері арнайы есепке қойылады жəне бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы 

үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады.

29. Жалпы тізімдегі кезектің нөмірін көрсете отырып, өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламаны өтініш 

берушіге жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органдар комиссия қорытындысы 

келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде береді (жолдайды).

30. Бөліп беруге арналған алаңдар болған кезде жалпы тізімдегі кезектілік сақтала отырып, өтініш берушіге 

алаңдар дайын болған күннен бастап бір ай ішінде өтініш беру қажеттілігі туралы хабарлама беріледі (жолданады).

31.  Жерді  бөліп  беруге  арналған  алаңдарды  дайындау  туралы  ақпарат  жəне  жер  учаскесін  алуға  арналған 

кезектілік тізімдері ашық болып табылады, оларға қолжетімділікті жергілікті атқарушы органдар тоқсанына кемінде 

бір  рет  оларды  арнайы  ақпараттық  стенділерде  орналастыру  жəне  (немесе)  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет