§14 Энергияныњ графикалыќ кµрінісі



бет1/40
Дата27.01.2022
өлшемі1,42 Mb.
#24455
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

МЕХАНИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Механика - механикалық қозғалыстың заңдары мен оның пайда болу және өзгеру себебін зертейтін физиканың бір бөлімі. Ал механикалық қозғалыс деп - денелердің немесе бөлшектердің уақытқа байланысты орын ауыструын айтады.

Механиканың ғылым ретінде дамуы б.э.д. III ғасырда, яғни грек ғалымы Архимедтің (б.э.д. 287-212) рычаг пен жүзгіш денелердің тепе-теңдік заңдылығын ашқан кезден басталды. Итальян физигі және астрономы Галилей (1564-1642) механиканың негізгі заңдарын қаласа, оны әрі қарай толықтырған ағылшын ғалымы И.Ньютон (1643-1723) болатын.

Галилей-Ньютон механикасын - классикалық механика деп айтады. Механиканың бұл бөлімінде вакуумдағы жарық жылдамдығымен салыстырғанда жылдамдығы аз макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдары қарастырылады. Осындай жылдамдығы с жарық жылдамдығымен салыстыратын макроскопиялық денелердің қозғалысы А.Эйнштейннің (1879-1955) салыстырмалы теориясына негізделген релятивистік механикасымен түсіндіріледі. Ал микроскопиялық денелердің (атом, элементар бөлшек) қозғалысын бейнелеу үшін классикалық механика заңдары қолданылмайды, оның орнына кванттық механиканың заңдары алынады. Курсымыздың І бөлімінде Галилей –Ньютон механикасын, яғни жылдамдығы с жылдамдықтан кіші макроскопиялық денелердің қозғалысын қарастырамыз. Жалпы классикалық механикада Ньютонның уақыт пен кеңістік туралы концепсиясы алынады. Сол уақыттағы білім деңгейіне сәйкес, Галилей- Ньютон механикасы уақыт пен кеңістікті материя тіршілігінің обьективті формалары ретінде материалдық денелерден және бір-бірінен бөлек қарастырылады. ХІХ ғасырда көптеген физиктер физикалық құбылыстарды механикалық құбылыс деп түсіндірді. Бұл көзқарас философиялық механикалық материализмге сай келеді. Кейін физиканың дамуы көптеген физикалық құбылыстар қозғалыстың механикалық түріне сәйкес келмейтінін көрсетті. Механистикалық материализм материя қозғалысын кең түрде қарастыратын диалектикалық материализмге орын беруін қажет етті. Механика бөлімі 3 тараудан тұрады.

1. Кинематика 2.Динамика 3. Статика

Кинематика - дене қозғалысын, оның себептеріне байланыссыз қарастырады.

Динамика - денелер қозғалысын оның тудыратын немесе өзгертетін себептерге байланысты қарастыратын механиканың 2 тарауы

Статика - денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады.

Егер денелердің қозғлыс заңдары белгілі болса, онда осыдан тепе-теңдік заңдарын құрастыруға болады. Сондықтан статика заңдары динамикадан бөлек қарастырылмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет