14 тапсырма. Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу


Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу



бет3/12
Дата28.04.2022
өлшемі44.41 Kb.
#32701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2. Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу

Оқылымның ішкі дағдылары:

Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз. Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ (листовка), хабарландыру, т.б.

Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу. Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу.

Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану

• Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.

• Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.

• Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.

• Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей: Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

Оқылым дағдысына арналған сабақ үлгісі:

Жаңа сөздер: байғазы, сәлемдеме, сарқыт, бата беру, құрметтеу, көрімдік.

Кіріспе сұрақтар:

1. Әдептілік, сыпайылық дегенді қалай түсінесіздер?

2. Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінесіздер?

3. Мәтін не туралы болуы мүмкін?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет