14 тапсырма. Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу


Тобыңмен талқылап, пікіріңді ортаға салып көр!



бет6/12
Дата28.04.2022
өлшемі44,41 Kb.
#32701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3. Тобыңмен талқылап, пікіріңді ортаға салып көр!

a. Жоғарыда аталған әдет-ғұрыптардан өзіңе жақсы таныс үшеуін атап көр!

b. Өзіңді таң қалдырған дәстүрлерді атап көр!

c. Жас кіші үлкендердің алдында өзін қалай ұстауы қажет?

d. Ата-әжелеріңе немесе жасы үлкен аға-апаларыңа қандай құрмет көрсетесің?

e. Үлкенге құрмет көрсету не үшін қажет деп ойлайсың?



Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгілері

Оқылымның ішкі дағдыларын қалыптастыру үшін белігілі бір тапсырма түрі таңдалады.

Тапсырма түрлерін ұсынудағы мақсат біріншіден, оқылым дағдыларын терең қалыптастыруға мүмкіндік беру, ал екіншіден, оқушыны бір ғана тапсырма түрімен жалықтырып алмау. Төменде ұсынылған тапсырма түрлері «Reading, Skills for First Certificate» оқулығынан мысал ретінде алынды. Жалпы мазмұнын түсінуге арналған тапсырма түрлері

Мына тақырыптардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді

a) Джинсы шалбардың түрлері

b) Джинсы шалбардың шығу тарихы

c) Джинсы шалбар таңдаудың ерекшеліктері

d) Таңдаулы джинсы шалбарлар

Төмендегі тақырыптарды абзацтармен сәйкестендіріп көр! Екеуі артық

Қазақтың салт-дәстүрлері

II. Ұмыт болып бара жатқан тағамдар

III. Ас – құрмет, ас – мырзалық.

IV. Асты дайындау жолдары V. Ұлттық тағам түрлері мен пайдасы

VI. Шет елден келген ас өнімдері

1. Абзац А –

2. Абзац В –

3. Абзац С - 4.

Абзац D –

Мәтіндерді оқып шық және оларға тақырып қойып көр!

А ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Американың танымал диетологі, невропатолог Джонни Боуден денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады. Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тағамдардың тізімін жасаған. Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер мыналар: жидектер, асбұршақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа, орамжапырақ, алма, сарымсақ пен пияз, анар және көк шай.

Ә ----------------------------------------------------------------------

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.

Б -------------------------------------------------------------------------------------------- Алма шырыны қан тамыр жүйесіне оң әсерін тигізетін темірге өте бай. Бұл қарапайым сусын тіпті ұзақ жылдар бойы темекі шегетін адамдардың өкпесінің жұмысын жақсартып, тыныс алуына жақсы әсер етеді. Құрамы С витамині мен органикалық қышқылға өте бай. Соның нәтижесінде ол аз калориялық қасиет көрсетіп, артық салмақ тастаймын деген адамдардың айырылмас досына айналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет