16. Оқушыларға сызбаны безендіру мен сызықтар туралы түсініктер беруді ұйымдастыруды көрсетіңіз



бет1/8
Дата15.12.2022
өлшемі63,79 Kb.
#57544
  1   2   3   4   5   6   7   8

Күрделі деңгей
16. Оқушыларға сызбаны безендіру мен сызықтар туралы түсініктер беруді ұйымдастыруды көрсетіңіз.
17. Сызбаны оқуға дағдылану және оны игерудің әдістерін айтып беріңіз.
18. Оқушыларды сызба форматымен, сызбаны безендіру ережелерімен таныстыруды талқылаңыз.
19. Сызба жұмыстарын кезеңдерге бөліп орындауды үйрету әдістерін қолданыңыз.
20. Графикалық жобалау және сызуды оқытуда практикалық сызба жұмыстары мен тапсырмаларын орындау әдістерін көрсетіңіз.
21. Графикалық жобалау және сызу пәнін оқытудағы білімнің берік болу принципін қолданыңыз.
22. Графикалық жобалау және сызуды оқытуда портфолио әдісін қолданыңыз.
23. Сызуды оқытудағы түсініктілік принципін қоладну маңыздылығын ашып көрсетіңіз.
24. Сызуды орындауда өлшем қоюға қатысты ережелерді сабақта пайдаланыңыз.
25. Сызбада қолданылатын сызық түрлерін негізгі тағайындалуын ашып көрсетіңіз.
26. Графикалық жобалау және сызуды оқытудағы ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
27. Тікбұрышты проекциялар жүйесіндегі геометриялық денелердің сызбасындағы ара-қатынастарды көрсетіңіз.
28. Графикалық жобалау және сызуды оқытудағы қолданылатын геометриялық денелерге талдау жасаңыз.
29. Мектептегі сызу сабағында цилиндр мен конустың сызбасын орындау ерекшеліктерін көрсетіңіз.
30. Оқушыларға графикалық жобалау, сызу пәнін оқытуда қолданылатын жекелей практикалық тапсырмаларды орындату әдістерін қолданыңыз.


16.Сызуды оқыту барысында сызбаны безендіру мен сызықтар туралы түсініктер беру
Сызу пәнін оқыту барысында сызбаны безендіру мен сызықтар туралы оқушыларға мәліметтер беру оқыту мазмұнының бір бір бөлігі болып табылады. Сызбаны безендіру мен сызба сызығын оқып үйренуден бұрын, оқушыларға мемлекеттік стандарттың мағынасы туралы айтып беру қажеттігі туындайды. Әңгіме барысында стандарттау тарихынан, оның дамуы мен оны өмірде қолдану тарихынан қызықты да сенімді мысалдар келтіру орынды.
Сызбаны безендіру мен сызықтар туралы материалды түсіндіруді <<стандарт>> - норма , үлгі ұғымдарына анықтама беруден бастауға болады. Стандарттау - алуан түрлі бұйымдардың өлшемдері мен формаларын келісілген үлгіде бірдей өлшемдермен жасау мөлшері болып табылатындығына назар аударылады.
Біздің еліміздің мемлекеттік стандарттары (қысқаша МЕМСТ) - бұл кәсіпорындардың шығаратын бұйымдары үшін міндетті түрде орындалу шарттарымен ерекшеленетін сипаттамалар тізімі берілген құжат ретінде танылады. Сызбаларға да біздің елімізде құрастырушылық құжаттардың бірегей жүйесінің стандарттары (ЕСКД) қабылданған жүйе бойынша қолданысқа түседі.
Сабақта мұғалім стандарттарға енгізілген бірінші алғашқы машина жасау бөлшектеріне болттар мен гайкалар жататындығы туралы мәліметтер береді.VIII ғасырдың өзінде-ақ, қолөнершілік өндіріс зауыттың өніміне орын берген кезде, әр жерде дайындалған өнімдердің өлшемдерінің әр түрлі болуы сияқты қолайсыздық сезіле бастаған, өйткені әрбір зауыт формалары мен мөлшерлері әртүрлі өнімдер қатарына жататын болттар мен гайкаларды шығарып, бір машинаның болты мен гайкасы екінші бір машинаға түспейтін жағдайлар болған. Сондықтан да ең көп таралған болттар, гайка, шпоноктар сияқты бөлшектер үшін белгілі бір мөлшерлер, формалар мен материалдар өлшемдері сипатталған осы бөлшектердің бірнеше типінің біреуін үлгі ретінде белгіленген. Осы таңдап алған өлшемдер стандарттық өлшемдер болып табылған.
Сонан соң мұғалім сабақта оқушыларға конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесімен, сызбаны орындау үшін сызықтардың түрлі типтері болатындығы туралы түсініктер береді. Ол сызықтар типіне: тұтас жуан негізгі сызықтар, тұтас жіңішке сызықтар, нүктелі жіңішке сызықтар және штрих сызықтар жататындығы туралы мәліметтер береді. Бұл келтірілген сызықтардың барлығын бірдей қамтиды деуге болмайды. Қалғандарымен оқушылар кейінірек олардың қолданылуы қажеттілігіне байланысты материалды оқып үйренумен қатар таныса алады.
Оқушыларға сабақта сызықтардың типі туралы алған білімдерін бекіту үшін жаттығу ұсынылады. Ол жаттығу бойынша берілген зат формасын пайдалана отырып, сызықтардың атын айтып және олардың жуан немесе жіңішкелігін, олардың зат формасын айқындап оқудағы орны туралы түсініктер беріледі.
Сызу пәнін оқыту барысында <<формат жиектері>> мен <<негізгі жазулар>> туралы түсініктер беріледі. Форма дегеніміз сызба сызуға арналған қағаз бен оның өлшемдеріне қатысты айтылатын ұғым туралы мқғалім оқушыларға түсінік береді. Оқушылар барлық сызбалардың стандартпен бекітілген белгілі бір үлгідегі, белгілі бір мөлшердегі қағаздың парағының төменгі оң жағында <<негізгі жазулар>> орындалатынын жақсы білуі тиіс екендігі айтылады. Мектеп тәжірибесінде негізінен А4 (297х210) формат үлгісі пайдаланылады. Сондай-ақ, кейде А3 (297х420) формат үлгісіндегі қағаздарды да пайдалануға болатындығы ескертіледі.
Оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру сызуды мектепте оқытудың басты тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты оқып үйренуге алты сағат бөлінеді. Тақырып бойынша екі графикалық жұмысты орындау қарастырылған.
Қандай сызба болмасын сызбаның жиегі тұтас қалың сызықтармен шектеледі. Сызбалар сызылатын формат жиекті жоғарыдан, оң жағынан және төменгі жағынан қашықтығы 5 мм етіп сызады, ал сол жағының - шетінен 20 мм қашықтықта сызылады. Бұл жиекті сызбаны альбом ретінде тігу үшін қалдырады. Сыныптағы әрбір графикалық жұмыста оқушылар талап етілген жиегі бар үлгідегі қағазды сызу үшін көп уақыт жібермеу мақсатында форматты сабақтың алдын-ала дайындау туралы оқушыларға кеңес беріледі.Оқу бағдарламасы бойынша оқушыларға сызбаның негізгі жазуы қалай орындалатындығы және ол қай жерде ораласатындығы туралы айтылады.
Оқушыларды сызбалық шрифтпен жазуға үйрету
Сызу пәнін оқыту барысында оқу бағдарламасына сай сызбалық шрифт туралы мәліметтер берілуі тиіс. Оқушыларды бөлінген бірнеше сабақ ішінде сызбалық шрифтпен жазуды орындауға үйрету мүмкін емес. Сондықтан оқушыларды әріптер мен жекелеген сөздерді жазуға жүйелі түрде жаттықтыруға бүкіл оқу жылының ішінде үйретуге бағдар ұсталуы тиіс. Бұл кезде ескеретін жағдай, адамның күнделікті жазудағы қолтаңбасының сызбалық шрифтке әсер етпейтіндігін түсіндіру қажет. Сабақ барысында оқушыларға сызбалардығы шрифттерді жазу белгілі бір ереже бойынша жазылатындығы ескертіледі.
Жазулар яғни таңбалар, цифрлар, шартты белгілер, сөздер, сөйлемдер кез-келген сызбаның ажырамас бөлігі болып табылатындығы, олардың орындалуына мұқият көңіл бөлу керектігі оқушыларға сабақ барысында түсіндіріледі.
Сызу сабағын өткізу барысында мұғалім алуан түрлі шрифт түрлері туралы оқушыларға мәліметтер береді. Сызбалардағы жазулар арнайы сызбалық шрифтпен орындалатындығы айтылады. Сонымен қатар бұрын сызбалар олай болмағандығына, яғни ХIХ ғасырда сызбалардағы жазулар құжаттарды жазған жазу үлгісімен жазылғандығына, кейде баспа әріптері де қолданылғандығына назар аударылады.
Сабақ барысында мұғалім қазіргі кездегі сызбаларды сызу кезінде ГОСТ 2.304-81 бойынша белгіленген шрифт қолданылатындығына назар аударылады. Мұғалім оқушыларды жазу әріптерін сызумен, олардың мөлшері мен орындаудың негізгі ережелерімен таныстырады. Әріптерді жазуға үйретуді жеңілдету үшін оларды шартты түрде топтарға бөліп көрсетеді.Олардың ерекшеліктеріне талдау жасайды.
Бірінші топқа Г, П, Т, Н, Е , Ц, Ш, Щ әріптері жатады. Ол әріптерді жазу үшін негізінде көлбеу және горизонталь сызықтар сызылып, әріптердің формалары сызықтар бағыты бойына орналастырылады. Осы әріптер ішіндегі ең қиындауы Е әрпін жазу көрнекі құралдармен үлкейтілген түрде көрсету арқылы түсіндіріледі. Екінші топқа И, К, А, Ж, М, Х әріптері жатады. Оларды жазуға да тік және көлбеу сызықтар қолданылады. Бұл топта жазылуы қиынырақ Ж әрпін жазуды сабақта ерекше бөліп көрсету қажет болады.
Үшінші топқа Л, У, Д, Ч әріптері жатқызылады. Оларды жазуда ойша кейбір бұрыштарды үлкен емес етіп, дөңгелектің төрттен бірі шамасында дөңгелектеп сызу қажеттігі туындайды. Бұл әріптердің ішінде ең қиыны Д әрпі болып табылады.
Төртінші топқа О, С, Ф, Э, Ю әріптері жатқызылады. Оларды жазу негізіне О әрпі алынады.
Бесінші топқа Ь,Ъ, Б, З, В, Р, Ы, Я әріптері жатады. Оларды сызып жазу негізіне әріптің жартысына дейін дөңгелектеу қажеттігі туындайды. Аралас әріптер арасындағы мысалы, Т және А әріптері арасындағы, сондай-ақ К және Л , Г және Д, Г және А, Р және А әріптері арасындағы аралықтарды үлкейту керек.Сол сияқты Ъ, Ы әріптер арасындағы қашықтықты азайту қажеттігі туралы сабақта оқушыларға түсініктер беріледі.
Оқушыларға әріптерді жазуға дағдылану белгілі бір бірізділікпен жүргізіледі. Жекелеген әріптерді айналдыра сызудың бірізділігін плакатта көрсету қажет. Кіші әріптерді , цифр мен <> таңбасын сызумен оқушыларды таныстыру үшін плакат дайындау қажеттігі туындайды,немесе видео аудио құралдарының көмегімен көрсетіледі.
Мұғалім сабақта оқушыларға кіші әріптердің мөлшерін анықтау үшін және әріптердің құрылуының ерекшеліктерін көрсету үшін оларды үш топқа бөліп тану қажеттігі туралы айтып берілуі тиіс.
Бірінші топқа о,а,с,б,в,д,е,э,ю,р,ф әріптері жатады. Бұл әріптерді жазу негізіне о әрпі алынады.
Екінші топқа й,ш,щ,т,ц,п,у,г,з әріптері танылады. Бұл топтағы әріптерді жазу негізіне и әрпі жатады.
Үшінші топқа ч,ъ,ь,я,к,л,м,н,ж,х әріптері жатады. Бұл топтағы әріптерді жазуды әдістері жазу жазу үлгісіндегідей болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет