1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады



Дата28.09.2022
өлшемі12,88 Kb.
#40650

1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.

Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.


Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.




1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет