1917 жылдың қазанында большевиктердің төңкеріс жасап, билікті күшпен басып алуы халықты қорқытып, зорлық-зомбылыққа негізделді



Дата06.01.2022
өлшемі21,22 Kb.
#14707

1917 жылдың қазанында большевиктердің төңкеріс жасап, билікті күшпен басып алуы халықты қорқытып, зорлық-зомбылыққа негізделді. Большевиктердің билікті күшпен басып алып, Кеңес үкіметін орнатуы елдегі саяси дағдарысты одан әрі күшейтіп, азамат соғысының басталуына алып келді. Елдегі басталған азамат соғысы іс жүзінде өкімет билігі үшін күрестің жалғасы еді. Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет