1.Қағаз және қатырма қатырмақағаздың түрлері, қасиеттері және қолданылуы



Дата17.10.2022
өлшемі11,04 Kb.
#43655

1.Қағаз және қатырма қатырмақағаздың түрлері, қасиеттері және қолданылуы.
Қағаз ( италия тіл. Bambagia )- жазуға, графикалық жұмыстарға арналған,көркем өнер және өндірістік заттарға арналған зат.
Адамдар қазір біз жазып,сурет салып жүрген қағаз табылғанша көп нәрсені пайдаланғаны белгілі.Біздің ұлы бабаларымыз тарихы мен әдебиетін тасқа жазған.Руникалық жазу болып қаншама ғасыр құпиясын бүгіп келген жазу көне түркі жазуы еді.Орхон,Енисей,Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулар біздің заманымызға жетіп отыр. Жазуды тасқа басып,ойып жазатын адамды-бідізші деп атаған. Ал ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазған. Вавилондықтар мен ассириялықтар қыш тақтайшаларға ұшы біздей істік таяқшалармен таңбалар салып, артынан отқа өртеп,күйдірген. Ондай қыш тақтайшалар қыш қораптарға салынып сақталған. Кейбір елдердің жазуы таңбалардан емес, суреттерден тұрады. Ондай жазулар күні кешеге дейін өмір сүріп келген. Мәселен, 1849 жылы АҚШ Президенті сондай суретпен жазылған хат алып, көпке дейін оқытатын кісі табылмаған. Сөйтсе, ол үндіс тайпасының қарағайдың қабығын сындырып, соған жазған арызы екен. Ніл дария жағасында «папирус» деген өсімдік өседі.Ол «суда өсетін » деген сөзден шыққан. Оның талшықтарын қиып алып желімдеп, нығыздап қатырады да,ондай жеке-жеке парақтары бір-біріне жалғастырып,одан шыққан ұзынша бумаға жазу жазылады. Папирус арзанға түседі,сондықтан да әр алуан елдерде папирус қолжазбалары сақталған аса бай кітапханалар бар. Ежелгі Пергамда жануарлардың терісін уақытқа шыдайтын, күн сәулесі мен ылғалға төзімді материал іздеген. Соның нәтижесінде адам қағазды ойлап тапты. Қағаз неден жасалды ? Ағаштан. Жұқа ақ қағаз парақтарын жасап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.
Қағаздың түрлеріне – сурет қағаздары, жазба қағаздары, сызба қағаздары , боялған түрлі-түсті қағаздар, екі жақты қағаздар, гүлдік (папирус,калька) қағаздар, мұқабалық қағаздар, үстелдік, сулық қағаздар, фото қағаздар, сорғыш қағаздар, рентген қағаздары, қабырғалық қағаздар,шегірен қағаздары(тері тәріздес)орауыш қағаздары (конфет,шай,темекі,май заттарды салуға), орам қағаздары, т.б. заттарды орау үшін , плакат қағаздар, баспахана (газет, журнал,кітап) қағаздары жатады. Қазіргі кезде қағаздардың 200 ден астам түрлері өндіріс орындарынан шығарылып, тиісті орындарға жіберіліп отырылады. Бұл өндіріс орындарының барлығы қазіргі заманғы жаңа технологиялық машиналармен жабдықталып, өнім түрлерін көптеп шығаруда. Қағаздар мен қатырма қағаздар, өзіндік қасиеттерімен жоғары бағаланып, тіптен қолданбайтын сала жоқ деп айтуымызға болады.
Сызба қағаздары- қатты, беті жылтыр сурет қағаздарына қарағанда мықтылау болады. Гүлдік қағаздар-жұқа беріктігі мықты болып келеді. Түсті қағаздар-жұмсақ әрі жұқа, бірнеше түске боялып дайындалады. Ол қағаздар көбінесе, аппликациялық жұмыстар үшін қолданылады. Қағаздың қатырма қағаздан айырмашылығы қалыңдығы мен тығыздығына қарай ажыратылады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болып келсе, онда оны «қағаз» деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болып келсе, оны «қатырма қағаз» деп атаймыз.
Қағаз деп- бүктеуге, бояуға, майыстыруға, қаттауға, қиюға, сызуға, желімдеуге ыңғайлы болып келген талшықты жұқа материалды айтамыз. Қаңаздың негізгі шикізатына ағаш материалы жатады.
Бастауыш сыныптарда қағазды өлшеу, белгілеу тәсілдері;

  1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз.

  2. Содан соң белгі бойынша бүктейміз.

  3. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз.

  4. Сурет бойынша бұйымды құрастырып қағаз жабыстырамыз.

Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс істегенде жабыстыру үшін желім немесе крахмал пайдаланады. Егер желімді қағаздың тұтас бетіне жағатын болсақ, онда желім жағудың рет тәртібін білуіміз керек;


  1. Сол қолымызбен қағаздың жоғарғы жағын ұстап тұрамыз.

  2. Оң қолымен оңтайлы қимылдап, қағаздың ортасынан шетіне қарай желім жағамыз.

  3. Қағаз парағының жоғарғы бөлігіне желім жаққанда оң қолмен оның жоғарғы шетіне қарай жағам.

Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс:

Қағаз бетінің бір жағын желімдеген кезде оның екінші жағын ескі газетпен немесе пайдаланылған қағазбен жауып қоямыз. Үстелдің бетіне желім жұғып қалмау үшін қағаз немесе қатырма қағаз жаямыз. Ермексаз, сазбалшық және папье-машемен жұмыс жасау.

Бастауыш сыныптарда саз балшықпен және ермексазбен жұмыс істеу бөлімі арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытуда негізгі міндеттерін қарастыру қажет. Сабақты дұрыс ұйымдастыру барысында шығармашылық қабілеті жоғарылайды, политехникалық ой-өрісі дамиды, қоршаған ортаға деген дүниетанымы қалыптасады.

№2-қағаз бен қатырмақағазды өңдеу әдіс-тәсілдері.

Қағаз және қатырма қағаздың адам өміріндегі, өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады.

 Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесіндегі өлшеу- Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі.

 Шаблондарды трафаретті штампты қолдану- Жалпы трафаретті жұқа пластиналар болмаған жағдайда, картон қағаздар көмегімен де жасауға болады. Бұйымның ртасы немесе жеке бөлшектер орыны, кішкене тіліктермен тереңдігі 5 мм алынған болуы керек. Трафареттер мен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.

 Қағаздар мен қатырма қағазды бүктеу және қаттау.- Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.



 Қағаз бен қатырма қағазды қосу- Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.

 Қағазды бояу. Көркемдеу, бүгу және қаттау, желімдеу- Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет