1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері


Қаржылық тұрақтылықтың төмендеуі тәуекелі



бет8/13
Дата05.05.2023
өлшемі49,65 Kb.
#90074
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қаржылық тұрақтылықтың төмендеуі тәуекелі. Бұл тәуекел капитал құрылымының жетілгенсіздігінен пайда болып, кәсіпорынның кері және оң ақша ағымы көлемінің тұрақсыздығын тудырады. Қаржылық тәуекел құрылымындағы қауіптілік деңгейі бойынша негізгі орын алады.
Кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелі. Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуінен пайда болып, кәсіпорынның кері және оң ақша ағымы уақытының тұрақсыздығын тудырады. Өзінің қаржылық салдары бойынша бұл тәуекел де қауіпті түрге жатады.
Инвестициялық тәуекел. Кәсіпорын өз инвестициялық іс-әрекетін асырғандағы мүмкін болатын қаржылық шығындарды сипаттайды. Бұл іс-әрекеттің түріне байланысты, қаржылық тәуекелдің түрлері де бөлінеді - нақты инвестициялық тәуекел мен қаржылық инвестиция тәуекелі. Қарастырылған инвестициялық іс-әрекетпен байланысты қаржылық тәуекел түрлері, «күрделі тәуекел» түрлеріне жатқызылып, жеке түр тармағына бөлінеді. Мысалы, нақты инвестициялық тәуекел құрылымында жобалық-конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін, құрылыс монтаждық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелі, инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелдерін т.б. көрсетуге болады. Инвестициялық тәуекел түрлері капиталды жоғалтумен байланысты болғандықтан, олар қаржылық тәуекелдің ең қауіпті тобына жатады.
Инфляциялық тәуекел. Нарықтық экономикада ол дербес қаржылық тәуекел түр ретінде шығады. Бұл тәуекел капиталдың нақты құнының және қаржылық операциялардан күтілетін табыстың төмендеу мүмкіндігімен байланысты. Қазіргі жағдайда осы тәуекел түрі тұрақты жәйт болғандықтан, қаржы менеджментінде оған күнделікті көңіл бөлінеді.
Пайыздық тәуекел. Ол қаржылық нарықта пайыздық ставканың болжамсыз өзгеруінде көрінеді. Бұл тәуекелдің пайда болу себебіне мемлекеттік реттеу, ақша ресурстардын төмендеуі, не өсуі және басқа фактор әсерлерінен қаржылық нарық конъюктурасының өзгеруі. Пайыздық тәуекелдің кері қаржылық салдары кәсіпорынның эмиссиялық іс-әрекетінде (акция эмиссиясымен қоса, облигация эмиссиясы), дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен кейбір қаржылық операцияларда көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет