1.ҚАзақ тілінің Үндестiк заңЫ



бет1/13
Дата06.01.2022
өлшемі200,5 Kb.
#15835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮНДЕСТIК ЗАҢЫ
Адамның тiлi- дыбыстық тiл. Бiз өз ойымызды осы дыбыстардың тiркесi, тiзбегi арқылы бiлдiремiз. Дыбыстардың өзара тiркесуiнде әр тiлдiң өзiне тән белгiлi бiр қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Фонетиканы жақсы меңгергенде ғана мұны аңғаруға, айқындауға болады.

Морфемалардың бiрыңғай жуан не жiңiшке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бiрiне-бiрi акустика-артикуляциялық жақтан бейiмделiп, үйлесiп тұруын дыбыстардың үндесуi немесе үндестiк заңы деймiз.

Дыбыстардың үндесуi немесе үндестiк заңы қазақ тiлi фонологиясының ең өзектi мәселелерiнiң бiрiне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты бiлгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсiнуге болады. Олай болса, тiлiмiздегi дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгi- қасиеттердi мұқият оқып, үйрену- алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын бiлуге, айқындауға қажеттi бiрден-бiр тетiк, кiлт деп қараған жөн.

Қазiргi қазақ тiлiнде түбiр мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесiмi, яғни тiлiмiзге тән, өзiмiзге мектептен таныс, негiзгi үндестiк заңдар мынандай болады:

1. Түбiрдiң соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатың қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лық-та, ал-ды-рың-дар, институт-тар-дың, қала-лық-тар-ға, пионер-лер-дiң, қате-лiк-тер-дi, мұғалiм-дер-ге т.б.

2. Түбiрдiң соңғы буыны жiңiшке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жiңiшке буынды болы келдi: мектеп-тер-iң-дi, кел-тi - рiң-дер, университет-iм-дi, мұғалiм-дер-ге т.б.

3. Түбiрдiң соңғы дыбысы дауысты не үндi болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндiден басталады: бала-лар, бала-ға, бала-да, бала-мен, жел-дiң, жел-ге, жел-мен т.б.

4. Түбiрдiң соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, қаз-ға, жез-ге, жез-дi, мұқтаж-дық, уәж-дер, уәж-ге, уәж-дi, уәж-ден т.б.

5. Түбiрдiң соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан болса басталады: мақсат-қа, мақсат-тан, мақсат-пен, университет-те, университет-пен т.б.

Бұл заң әсiресе түбiр мен оған жалғанатың жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бiр жақтылау болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет