1.Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар. Төте жазу тарихы. А. Байтұрсынұлының әліпбиі (кесте). А. Байтұрсынұлының әліпбиінің әдеби шығармаларда қолданылуы



бет1/3
Дата29.10.2022
өлшемі40,92 Kb.
#46154
  1   2   3

1.Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар. 2.Төте жазу тарихы. А.Байтұрсынұлының әліпбиі (кесте). 3.А.Байтұрсынұлының әліпбиінің әдеби шығармаларда қолданылуы (Мәтінмен жұмыс)
Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер
Бүгінде «қазақ жазуында проблема көп;қазақ орфографиясы тек қиындықтардан тұрады; жазуымыз айтылымымызды бұзып болды, үндестік заңына бағынып жазылмайтын сөздерді өзіміз «сындырып» жазбасақ, бізге кім реттеп жазып береді» деген пікірлер ара-тұра болса да айтылып жүр. Болмаса жазу тәжірибесінде кездесетін бірді-екілі қиындықтарды мыңға балап, «емлеміз ала-құла», «реформа жасау қажеттілігін тілшілер көрмейді, көрсе де көргісі келмейді» деген қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысқан көзқарастар бар. Осыған байланысты шынында да жазуымыздың деңгейі төмен бе, нақты қиындықтар қай тұста деген мәселелердің басын ашып, жұртшылықтың назарына ұсынудың қажеттілігі бар сияқты.
Әрине, қазақ графикасы мен емлесі тұрақтанып, уәжді жетілдірулер мен түзетулер енгізіліп отырса да, қазақ тілі орфографиялық сөздіктері орфограммаларды негізді заңдастырып келе жатса да, бүгінгі жазу емлемізде заңдастырылуы әлі де қиындық тудыратын проблемалар бар. Олар:
– бірге, бөлек жазылатын сөздердің емлесі;
– әәрпінің екінші буында жазылуы;
– бейүндес сөздердің жазылуы
– ы, і әріптерінің емлесі;
– х, ћ, фәріптерінің берілуі;
– и, у әріптерінің жазылуы;
бас әріптің таңбалануы;
– шеттілдік сөздердің қосымша қабылдау тәртібі;
– халықаралық, терминдік сөздердің жазылуы.
Қазақ жазуы деген сөз екіұшты пікір тудырып, дүдәмал ойға қалдырмас үшін, бұл ұғым қазақ әліпбиі, қазақ графикасы, орфографиясы, жазба тілі, жазба тілінің морфо-синтаксистік, лексикалық жүйесі дегенді білдіретін кең мағыналы сөз екенін ескерте кеткіміз келеді. Ал латын жазуы, араб жазуы, арамей жазуы деген тіркестер, керісінше, уәжсіз қолданылатын тіркестер, олар латын әліпбиі, араб әліпбиі болып қолданылуы қажет.
Енді бүгінгі қазақ жазуының келбеті қандай? Табиғаты неден шыққан? Бағыты қайда бара жатыр деген сауалдарға қысқаша тоқталып өтсек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет