1.Әдеби даму заңдылықтары. Әдебиеттанудағы әдіс-тәсілдер. Стиль жайлы түсінік



Дата29.04.2022
өлшемі22,14 Kb.
#32770

1.Әдеби даму заңдылықтары. 2.Әдебиеттанудағы әдіс-тәсілдер. 3.Стиль жайлы түсінік.
Әдеби даму да бір — ағысты өзен: шымырлап өнген ,айнар көзі, яки мөлдір бастауы, оған жалғас толқынды арнасы, одан әрі құяр сағасы бар. Халық өмірінің өзі, оның тарихи тағдырлары, оқиғалар мен құбылыстар, кайшылықтар мен тартыстар, қоғамдық қарым-қатынастар мен қарама-қарсылықтар, адамның рухани бітімі, моральдық кескіні, қысқасы, ақикат шындықтың алуан-алуан саласы әдебиеттің, тегін туғызады, қалыптастырады. Ендеше, қандай да болмасын, әдебиеттің тегі, тектің түрлері— ақиқат шындықтын, өз қажетінен туған “арналы тасқындар” екені даусыз. Бұлардың бәрін жалпы алып қарасақ, біз орасан күрделі тарихи процеске кездесеміз; ал әрқайсысын жеке тексере қалсақ, әрбір әдеби түрдің туу, қалыптасу тарихы, бәрінен бұрын, мазмұнды түрдің даму жолдары бар екенін байқаймыз.
Бір жолы Л. Толстой “Плутон” туралы былай деген еді: “Аристофан комедиясының қатъшасушылары — Байлық пен Қедейлік. Өзінің, қажет-тілігін дәлелдеген Қедейліктің әңгімесі V ғасырдағы грек үшін өте жақсы; бірақ біз үшін… оның мағынасы ғана жоқ емес, тіпті осындай қатынасушы-лардың, өздері атымен жоқ. Мұндай кейіп-теу жасалған заттың өзі әлде-қашан адыра қалған”*. Шынында да, солай емес пе? Көне дүние комедия-сында көрінген көркем бейнелердің көбі немесе көне дүние комедиясында суреттелген шындық құбылыстардың талайы қазір адам нанғысыз; ондай бейне мен шындық қазір жоқ немесе жоғалып барады. Бірақ комедия жанр ретінде, яки белгілі мазмұн қалыптастырған түр ретінде бар және бола бермек.
Бұл арада ескеретін нәрсе — әр жанрдың, әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұшың ұланғайыр құбылулары — пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жайлы сөз қозғағанда, міне, дәл осы құбы-луларды әрқашан есте ұстап отыру шарт. Сонда біз жанр жайын байыптау-ға әшейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келеміз де, әшейін сыртқы белгілері мен өзгешеліктерін жіпке тізіп тынбай, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, төксеретін боламыз.
* Л. Н. Толстой әдебиет туралы, М, 1955, 130 бет
Сонда біз әдеби түрді, яки әр жанрдың өзіне тән пішіні сыртқы жамыл-ғы ретінде емес, қатайған мазмұн ретінд, түсінетін боламыз.
Өнер өмірден туады. Ал өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын. Ендеше, өмірден туған өнер де күрделі, әр алуан, қиын. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Демек, бұлардың әрқайсысының терминдік тарихын білу мүлде жеткіліксіз; тегің төксеріп, табиғатын тереңірек тану; туу, қалыптасу, даму тарихын талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым соң. да ғана шын мәніндегі ғылми сипатта болмақ.
Әрбір ә д е б и ш ы ғ а р м а — б е л г і л і д ә у і р. д е г і қ о ғ а м д ы қ ш ы н д ы қ т ы ң с ә у л е с і.
Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Олай болса, әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері- ұқсас болғанмен. Шекспир трагедиясы Әуезов жазған трагедиядан, Бальзак романы Мүсірепов романыңан, Абай поэзиясы Мұқанов поэзиясынаи өзге екені даусыз. Мұны да историзм принципінен қарағанда ғана аңғарамыз. Міне, осы өзгешеліктерді ажырату әрекетінің өзі жанр мәселесін тарихи тұрғыдан толғауға әкеледі.
Әдеби шығарманың өзгешелігін осылайша тарихи тұрғыдан пайымдай тұра, қай дәуірде жазылмасын, қандай қоғамдық шындықтан тумасын бәрібір, тектес туындыларда адам өмірін бейнелеу жағынан заңды ұқсас-тық, композициялық құрылым жағынан бірлік болатынын тағы есікеру қа-жет:л и р и к а ж е к е б а с қ а т ә н с а н и і р і м с е з і м г е қ ұ ры л с а, э п о с а д а м ө м і р і н і ң к е з е ң — к е з е ң і н е к е ң і р е к қ а н а т ж а я д ы д а, д р а м а н а қ т ы қ и м ы л- ә р е к е т т е н ө р б і п, ө р і с- т е й д і. Мұны ескеру зерттеудегі историзмді жоққа шығармайды, жанр мәселесін неғұрлым байсалды, терең және жан-жақты талдауға, әрбір әдеби түрдің өз ара өзгешелігімен қатар, бірлігін де жіті тануға мегзейді. Әдөбиеттің тектері мен түрлерін тексеруге осы жолмен ‘барған жөн.
Сөйтіп, өмірдің ең негізгі заңдарының бірі — оның толассыз дамуы десек, бұл заң өнерге де, соның ішінде сөз өнеріне де тән. Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта
болып отырады. Әдеби процесс дегеніміздін, өзі —осы.
Көркемдік дамудың әдеби процестен танылатын құбылыстары алуан-алуан: бірін әдеби шығарманың тақырыбынан аңғарсақ, бірін идеясынан, енді бірін адам -разынан аңғарамыз. Әдеби жанрлар тағдыры да осы құбылыстарға тығыз байланысты. Мұның, егжей-тегжейін күллі әдеби құбылыстарды тарихи тұрғыдан топшылау, талдау арқылы ғана білуге болады.
Мысалға Махамбет өлеңдерін алайық. Бөкей -сындағы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі — өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ өмірінде болған құбылыс та, Махамбет поэзиясын өмірге әкелген фактор — дәл осы тарихи жағдай. Мұны да қатал историзм принципінен танып, білеміз. Қазақ әдебиетінің ол тұстағы өрбу дәрежесіне лайық жанр атаулыдан қолда бары және өзіне тән өзгешеліктерімен өсіп-дамығаны — эпостың жекелеген түрлері мен лириканың қайсыбір категориялары ғана. Бұл шындық Махамбет өлеңдерінің жанрлық сипаттарын белгіледі. Махамбет шығармаларының бүкіл жанрлық ерекшеліктерін, мазмұны мен пішінін, күллі ақындық машығын, өршіл романтизмін, айрықша пафосын — бәрін де жоғарыда көрсетілген шеуші жайтқа байланыстыра байыптаймыз, Мүбәдә историзм принципінен ауытқыған жағдайда бұл айтылғандардың бірін де анықтай алмаған болар едік.
Демек, жанрлық жай-күйдің бәрін тек қана тарих аясында, халық өмірімен тығыз байланыстыра, барлық әдеби дамумен бір арнада тексеру шарт.
Ж а н р — д а м у ү с т і нд е г і ұ ғ ы м. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттін, ұлттық сыр-си-патымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына байланысты. Мольер мен Мүсірепов пьесаларынан көп-көп жанрлық ұқсастықтар көре түра жер мен көктей айырмашылықтар байқау себебіміз де сондықтан.
Ж а н р л ы қ д а м у д ы ң ө з і — тірі пр о ц е с с. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады… Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
Ж а н р—н а қ т ы т а р и х и т ү р. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Бұл тегін емес.
Дуние жүзілік әдеби дамуға көз салсак, абсолютизм дәуірінде ода өріс алса, кертартпа буржуазия тұсында мещандық драма, капитализм кезінде шыншыл роман туа бастағанын көреміз. Мұны да тегіннен-тегін деуге болмайды.
Ақыр аяғында, әрбір көркем шырарманың барлық жанрлық ерекшелік-тері сол шығарманы жазған автордың қаламгерлік ерекшеліктеріне тәуелді екенін ескеру керек. Мысалы, роман жазған жазушының бәрі бұд жанрдың белгілі ережесімен жазып, жалғыз аяқ соқпағымен жүріп отырады деуге болмайды; әр роман әр автордың қалауынша жазылады да, ол жалпы осы жанрға бұрын-соңды ешкім енгізбеген өзіндік өзгешелігін енгізеді. Демек, әр жанрдың айрықша қасиеті жалпы долбармен емес, нақты жағдайда, нақты көркем туындыға негізделе дәлелденуге тиіс.
Көркем творчество жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден-бір сипат атам заманғы поэтикалық с и н к р е т и з м болғаны мәлім. Синкретизмде жанрлык сипаттар жапатармағай қосылып жатты. Мәселен, баяғы бір топ адам қосыла әндететін хорлардың мазмұнында кейде жекелеген оқиғалар (эпосқа тән сипат) жатса, кейде әншілердің өз бастарындағы күйініш-сүйініштер (лирикаға тән сипат) араласып, кейде ән бастаушы мен қоштаушылар арасындағы диалогтар (драмаға тән сипат) кездесіп қалатын. Осылардың бәріне қоса, хорға адамдардың дене қимылдары, бет құбылыстары, билері араласатын да, өнерге қолма-қол сахналық сипат беретін. Келе-келе синкретизм жо-йылды да, өнердін дара-дара жаңа түрлері шықты. Бір поэзияның өзі талай түрге бөлінді. Ол түрлер ғасырдан-ғасырға өзгеріп, құбылып, ескісі жоғалып, жаңасы туып отырды. Дәл осындай тірі процесс — жанр табиғатындағы бұрыннан болған, бар және бола беретін заңдылык. Жанр табиғатын зерттеуге, міне, осы заңдылық тұрғысынан келеміз.

2

Әдеби әдіс, көркем шығарманы зерттеу жолы. Марксистік эстетиканың категориясы, РАПП көсемдерінің еңбектерінде, тек Ресей әдебиеттануында 20 ғасырдың 20-жыдцары қапыптасқан әдеби түсінік. Негізгі мазмұны - шындықты бейнелеу амалы, жазушының маңайындағы ақиқатты сұрыптап, таңдап алу арқылы баға беру. Соцреализммен бірге өшіп, қазір қолданылмайтын ұғым. Оның орнына әдебиет теориясы, стиль тұжырымы орнықты. Кеңес әдебиеттануыңца 1930-1950 жыдцары орныққан шығармашылық эстетиканың бүл категориясы шынайы көркем өнерден тым алыc еді. РАПП-тың диалектикалық-материалистік шығармашылық әдісі таза көркем шығармашылықтан гөрі саясатқа, оның идеологиясына жақынырақ болды. К. Маркс пен Ф. Энгельстің әдебиет туралы пікірлерін алға тартып, 80 жылдан астам кеңес әдебиетінің шартты ұранына айналып, ұлттық әдебиеттерді өздерінің басты мұраларынан айырды. Жеке шығарманың әдістен әлдеқайда кемеңгерлеу екені А. Байтұрсынұлының «Әдебиеттанытқышы» (1926) X. Досмұхаммедулының «Қазақ халық әдебиеті» (1927) М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» (1928), атты дара еңбектерде орын алды. Кеңес кезіндегі әдебиеттану әр бағыттың әдісін бөліп қарады: классицизм әдісі, романтизм, символизм, реализм әдістері арнайы зерттелді. 20 ғасырдың жаңа әдісі болып соцреализм саналды (1934 жылғы Жазушылар одағының 1-съезіндегі жарғы негізінде). Чернышевский өнерді «өмір оқулығы» деп санады. 20-жыдцардың басында КазАПП өкілдері өнердің көркемдік табиғатынан бас тартып, оны саяси идеологияның ұраны болуын талап етті. К. Маркс пен Ф. Энгельстің ойларын іске асырушылар өмір шындығын, сол кездегі таптық күрес, жұмысшы табының үстемдігін ғана бейнелеуді көздеді. Әдіс пен жеке дүниетаным арасындағы қайшылық Әуезовтің соңғы туындыларында анық байқалды, 50-60-жылдары жазуға мәжбүр болған еңбектері екені ашық. Өйткені 1930-1991 ж. қазақ әдебиетінде соцреализм әдісі салтанат құрған кезең еді. Батыс Еуропа, АҚШ, Латын Америка әдебиеттерінде қалыптаскан постмодернистік, постструктурапистік әдістер кеңінен қолданыла бастады. Абай алғаш рет қазақ әдебиетінде реализм әдісін қолданды. Сыншыл реализм әдісінің басты ерекшелігі - әмірдің шынайылығын бейнелеу, адам тағдырының, типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете отырып, саяси-қоғамдық емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып табылады. Сыншыл реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін жетік білген Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары Шәкәрім, бұл әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс - өмір шындығын суреттеудің ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен әдебиетте бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетіні сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді. Бүл сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал көркемдік әдіс - суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл әдіс өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соцреализм әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан суреттеуді көздейтін реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты. Жазба әдебиетте реализмнің қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың басындағы қазақ жазушылары жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде Махамбеттің поэзиясындағы асқақ арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс сарыны деп түсіндіріліп келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм емес, маңайындағы қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін айқындалды. Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес, басқа схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар орын алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы - реалистік нақтылық, саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені айқын. Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан ғана бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады. Сондықтан бүл әдіс жаңа қоғам құрушы еңбекші, күрескер адамның бейнесін жасауды, оны насихаттауды басты мақсат етіп қойды. Тақырып, идея, стиль біркелкілігінен туған жасанды, жалған идеяшылдық , үраншылдық , әдебиеттің ұлттық көркемдік қасиеттеріне жеткілікті мән бермеу, әсіресе жеке адамға табыну дөуірінде басым болды. Бул әдістің салдарынан қазақ әдебиетінің асыл тұлғаларының еңбектері де өздерімен бірге репрессияға ұшырады. Бүгінгі қазақ жазушылары дүниежүзілік эстетикалық ағымдармен, олардың озық шығармаларымен жете таныс. Нөтижесінде реалистік, постмодернистік туындылар дүниеге келуде. Қазір көркемдік әдіс түсінігін стиль категориясы анықтайды. Батыс Еуропа, Латын Америкасы, АҚШ әдебиет туындылары арқылы қазақ әдебиетінде постмодернистік өдістердің енуі заңдылық. Сондықтан қазақ әдебиеттану ғылымында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің постмодернистік, экзистенциалдық ағымдар әдісінің төңірегінде қарастырылуы да уақыты жеткен тарихи шындық.

3

Стильді жазуға назар аударатын бослақ, алдымен жазылғалы тұрған шығарманың қай тақырыпта немесе қай салаға қатысты боларын анықтап алған жөн. Сосын оның белгілі бағытына орай жазу стильдерінің қажетін қолдануға болады. Айта кетсек, көркем шығарманы жазуға келгенде, әрине, әдеби стильді қолданатынымыз белгілі. Ендеше, осы орайда сөз қозғап көрелік.



Көркем шығарманы жазуға келгенде оның алдымен белгілі бір мазмұны мен бағытына және ол жерде автордың айтар ойына мән берген жөн. Ал оған көркем шығарманың композициясы, табиғи суреттеу ерекшеліктері, образы мен сюжеті және тақырыбы секілді әртүрлі жақтарын анықтап алу керек. Аталған жақтар көркем шығарманың негізгі мазмұнын негіздеуге көмектеседі. Мысалы:

«Таңдану мен табыну ешқашан абстракциялы ұғым болып көрген емес, өйткені бұл екеуі тек жеке адамның ой-өрісі мен парасат деңгейіне тікелей байланысты. Ал жеке адамның өзі де, ой-парасаты да әрқашан нақтылы.Айталық, Теккерей, Гюго, Франс, Шиллер (прозалық шығармалары), Скотт т. б. әлемге белгілі жазушылардың шығармаларына өз басым ешқашан таңқалған да, табынған да емеспін. Осылай дегенім үшін бәлкім маған кейбіреулер тіл тигізер, қайдан шыққан данышпансың, өзің не бітірдің т. т. деген сияқты толып жатқан кінәлаушы сұрақтар қояр. Демек, олар табынушылар».

Көрсетілген сындық көзқараспен жазылған көркем шығарманың әдеби стильде жазылғаны көрініп тұр. Себебі сөйлемдер толық көркем сөздермен әрленіп, стилистикалық норманың барлығы қамтылған. Сондай-ақ, жоғарыда айтылып өтілген жоспарлы бағыттардың ескерілгені де көрініп тұр.

Әрбір оқушы немесе білімгер белгілі бір ерекше жазу стилін қалыптастырады, яғни ол өзінің әдеби білімімен, нақтырақ айтар болсақ, қаншалықты әдеби шығармаларға бейім болып, оқуға қызығушылығы болғанына қарай оның жазу мәнері де толыға түспек. Мысалы, шығарма жазу барысында кез келген білім алушы алдымен қысқа болса да жоспар жасап алады. Сосын өзі оқыған әдеби кітаптардағы ақын немесе жазушылардың жазу стилін ескере отыра, өзіндік әдеби стильге бейімделе жаза бастайды. Міне, осылай әдеби стильдің белгілі бір жеке-дара тұлғалық бағыттары пайда болады.

Айта кетсек, оқушылар үйге берілген тапсырманың орайында шығарма немесе эссе жазу міндеттелген болса, олар басқа стильдерге қарағанда әдеби стильді қолданғанды дұрыс әрі жақын көреді. Мысалы, жетінші сыныптың оқушысы Темірболат Айнұрдың қыс туралы шығармасынан келтірілген үзіндіге назар аударып көрелік.

«Қыс қандай көрікті десеңші! Аппақ қар жапалақтап жер бетін жауып тастайды. Ашық ауа, сұлу табиғат адам көңілін көтереді. Жаныңа ерекше бақыт сыйлайды. Көше бойындағы ағаштарға қар қылаулап, әдемі көрініс тауып, қыс сұлулығын одан әрі асыра түсіруде. Міне, осындай тамаша табиғат аясында балалар қалың киініп, сыртқа  шығып, сырғанақ тебеді. Ақ маржандай жалт-жұлт етіп, жылтырап жатқан қарды бір-біріне шашып, қуаласып ойнайды. Балалар бірлесе жүріп аққала жасап, оның басына шелек кигізіп, қолына күрек пен сыпырғыш ұстатып, есік алдына орналастырады».

Өздеріңіз пайымдаған болсаңыздар, шығарма мәтінің жазылуына негіз болатын қарапайым терілген сөздер көбіне сюжетті суреттеу және сол жердегі сезімді білдіруге жақын қолданылған. Әдеби стильдің ерекшелігі де сонда. Себебі артық сын есімдерсіз сөйлемдер қолданылатын болса ол әдеби стильге қарағанда көбіне ресми іс-қағаздар немесе баспасөз стиліне жақын болып кетеді.

Әдеби стильдің ерекшеліктері

Жоғарыда айтылып өтілгендей, әдеби стильді әдеби шығармалардың деңгейі мен ерекшеліктерін танытатын жазу құралы деуге болады. Бұл стильде ғылыми немесе ресми іс-қағаздар стильдеріндегідей талдау, ресмилік және пікірталас тұдыру секілді ойлар мен жоспарлар мүлде болмайды.

Әдеби стильдің элементтері

Кез келген стильде өзіндік бір бейне беретін, тек сол стильге ғана тиесілі элементтер болады. Сәйкесінше, әдеби стильдің көркемдік ерекшелігін танытатын элементтер мыналар:

- Нақтылай көрсету (дәйектеу)

- Автордың эмоция мен сезімді оқырманға бере білуі

- Эпитеттер

- Метафоралар

- Салыстырулар

- Аллегориялар

- Өзге де стильдердің элементтерін қамту

- Инверсия жасау

Аталған элементтердің барлығы дерлік бір әдеби шығармада қамтылмауы мүмкін және ол міндетті емес те. Себебі ешбір шығарма осындай ауқымды әдеби білімге негізделіп жазыла қоймайды. Дегенмен белгілі бір элементтерінің қолданылуы заңды. Онсыз шығарманың әдеби стильге жататынын анықтауға келмейтіні рас.



Әрине, аталған әдеби көркемдеулерді қарапайым оқушы өз шығармасында қолдана алмауы мүмкін. Ол да білімгердің өзіндік әдеби біліктілігіне байланысты болады. Дегенмен, метафора немесе аллегория секілді күрделі көркемдеу тәсілдерін қолдану орнына әдеби көркемдікті білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану да әдеби стильдің қолданылуын көрсете алады. Себебі әркімнің де айшықтау немесе ажарлау әдістерін қолдануға шамасы келмесі анық.

Оқушылардың әдеби стильді қолдануы алдымен сюжетке көркемдік беруден басталады. Сосын біршама күрделілеу сипатта бейнелеулерді қолдануына да болады. Бастысы әдеби стильді қолдануы кезінде басқа стильге тым ауытқып кетпегені жөн. Себебі негізгі шығарманың сәресі көркемдік сипатта болғандықтан, ол осы орайдан өзгермей соңына дейін жазылғаны жөн. Әдеби стильдің ерекшелігі де осы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет