1.Ұлы жібек жолының тарихы б з. б. 3-2 мыңжылдықтардан батау алады



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі45,81 Kb.
#70734
  1   2

БӨЖ. 1- апта

1. Екі мәдени-шаруашылық дәстүрдің: отырықшы және көшпелі (қала- дала жүйе) өзара әрекеттес түрлерін талдау негізінде түркі өркениетінің және Ұлы Жібек жолының маңызын анықтау. Талдау барысында қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде Ұлы Даланың әлеуметтік, мәдени және экономикалық құрамдас бөлігі болғандығына назар аудару.


2. Қазақстан аумағы мен тұрғындары туралы көне түркі руникалық ескерткіштерінің орны мен рөлі: Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретіндегі және Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд 1 тақырып. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың Прагма-кәсіби, проблемалық тапсырмалар Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын анықтаңыз.
1.Ұлы жібек жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан батау алады. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жібек олы осы кезде батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады. Оның оңтүстік бағыт Ферғана,Самарқанд,Иран, Ирак,Сирия, Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстандағы Испиджаб қаласына дейін барған. Біреуі Орталық Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңізді солтүстік-шығыс жағынан айналып,Еуропаға қарай бағыт алған. Бұл жол жол бойынша көптеген тауарлар сатылды. Ең басты тауарлардың бірі қытай жібегі болды, және ол сауданың басты түріне айналды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін де атқарды. Жібек матсын патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздарды төлеу ретінде падаланды. Жібек өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды.

Ұлы Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада өте маңызды болды.Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашқан болатын . Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен үлесін қосты. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпіріне айналды десекте болады. Ұлы Жібек жолы бағыттарында қалалар мен тұрақтар, сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен мәдениет ошақтары да орналасты. Жібек жолы бойымен діни наным-сенімдер, тауарлар және олардың өндірілуі туралы ақпарат, атап айтқанда, жібек, түрлі түсті шыны, қағаз, оқ-дәрі т.б. дайындау тәсілдері таралды.
Жібек жолымен қытайлықтар бүкіл әлемге өздерінің ойлап тапқан жаңалығы — қағазды таратты. Қағаз өндірісі Қытайдан Орталық Азияға келді. Ол жерден қағаз Батысқа тарап, бұрынғы жазу материалы пергамент пен папирусты ығыстырып шығарды. Адамдар мен идеялардың еркін қозғалыста болуы аса көрнекті энциклопедияшы ғалымдар, ақындар мен философтар және олардың мектептерінің пайда болуына ықпал етті. Әбу Райхан әл-Бируни мен Ибн Синаның еңбектері бүкіл Шығыс әлемі және Батыс Еуропа медицинасына зор әсер етті. Қысқаша айтқанда  Ұлы Жібек жолының маңызы — халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды.
2. Орта ғасырда қазақ даласынан шыққан ғұламалар Әл-Фараби мұралары, Махмұт Қашқаридің «Диуани лүғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік, Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» , Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди» еңбектері ислам мәдениеті аясында жазылған жәдігерлер. Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. Айтылған ұлы тұлғалардың әлем біліміне қосқан үлесі өте көп , тіпті толасыз десемде болады.
Ғасырдан ғасырға жалғасқан түркі халқы мәдениетінің классикалық әдеби жәдігерлерінің қатарынан орын алған
Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны халқымыздың тарихы, діні мен ділі үшін үлкен мәнге ие теңдесіз туынды болып табылады. Орта ғасырлық Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар оның алып істерін жүргізуге дейінгі аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады.
Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар, соның ішінде имандылық қасиеттерді жетілдіру, яғни рухани кемелділік Ж.Баласағұни философиялық поэмасының негізгі өзегі. Өйткені ол білікті, білімге ие адамдардан құралған қоғамның тұрақтылығы берік болатынына сенеді. Осы мақсатта ақын қоғамның әр топ өкілін мінез-құлыққа, қатынас әдебіне үйретіп, білім жинауға талпындырады. Шығарманың қазіргі таңдағы қоғам үшін де өзектілігі осында.


Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет