2 аралық бақылаудың сұрақтары



Дата31.12.2021
өлшемі32,74 Kb.
#23824



2 аралық бақылаудың сұрақтары

  1. Ірі қараның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

Етті бағыттағы сиырдың ерекшелігі денедегі қоректік заттарды ет пен май айналдыра алатындығы.

Сүтті бағыттағы сиырдың денесіндегі қоректік заттарды сүтке айналдыра алатындағы. Қос бағыттағы сиырдың ерекшелігі сүтке де, етке де айналдыра алаты ндығы.




  1. Сүт бағытындағы ірі қара тұқымдары, олардың сипаттамасы

Сүтті бағытқа голландия, қара ала, қырдың қызыл, холмогор,

отандық қара ала, əулиеата, аиршир жəне басқа сиырлар жатады.




  1. Сүт өнімділігі және оны есептеу әдістері.

Əр сиырдан сауылған сүттің мөлшері мен

сапасын өлшеп, анықтап отыру оларды сүттілігі бойынша дұрыс

бағалап сұрыптау, бір-бірімен салыстыру жəне өнімділігігіне

қарай азықтандыру үшін өте қажет




  1. Сиыр сүттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз.

майлылығы мен сүттегі белоктың мөлшері жатады


  1. Сауым маусымында нақтылы бір сиырдан сауылған сүт мөлшерін анықтайтын тәсілдерді атап, олардың дәлділігіне сипаттама беріңіз

Біріншісі, ең тура əдіс - əр сиырдан сауылған сүтті

күнде өлшеу. Бұл əдіс көп уақыт пен құрал-жабдықты қажет етеді,

асыл тұқымды мал шаруашылығында қолданылады. Екінші əдіс -

əр сиырдың сүттілігін белгілі бір уақыт аралығында бақылауөлшеуді жүргізу арқылы анықтайды.




  1. Ет бағытындағы ірі қара тұқымдары. Сипаттама.

Герефорд, қалмақ, абердинангусс, шортгорн, қазақтың ақбас, галловей, санта-гертруда, шароле, лимузин, қиан тұқымдар сиырлары жатады


  1. Сауым маусымы дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

Малдың төлдегеннен бастап, сауылғанға дейінгі уақыты. 300-305

күнге созылады. Лактация кезеңі




  1. Сервис мерзімі дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

Бұзаулағаннан бастап бұқаға тоқтағанға дейінгі уақытын айтады.


  1. Суалу кезеңі дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

суалғаннан келесі туғанға дейінгі уақыты.


  1. Сүттің құрамы. Ол неге байланысты өзгеріп тұрады?

Су 87,5% құрғақ зат12,5% майлар 3,8% белоктар 3,3% сүтті қант 4,7% минералды заттар 0,7%


  1. Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдарына сипаттама.

тұқымдарының ерекшелігі – олардың денедегі қоректік

заттарды сүтті де, етті де өндіруге пайдалана алатындығы. Бұл

бағыттағы сиыр тұқымдарына – швиц, симментал, кострома, алатау, бестужев, кавказ жəне т.б. жатады.


  1. Қойдың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

Қойдың жалпы басқа малға қарағанда биологиялық ерек-шеліктерінің бірі — бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ болады. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
13. Биязы жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

биязы жүн – біртекті түбіттен құралады, тұтас жүннің негізгі

бөлшектеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жіңіш келігі 60-шы, ал қошқардың жүні 58-ші сападан төмен болмауы керек. Мұндай жүн беретін қойларды биязы жүнді немесе меринос қойлары деп атайды. Талшықтардың қалыңдығы 25

микронға дейін, ал ұзындығы 6-8 см, иректілігі жоғары, тығыз

болып келеді. Биязы жүн тоқыма өнеркəсібі үшін ең бағалы

шикізат болып есептелінеді.




  1. Биязылау жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

биязылау жүн – биязы жəне қылшық жүнді қойлардың будандарынан куйбышев, дегерес, латвияның қара басты, литва мен

эстонияның қара жəне ақ басты, горьков, грузия, дағыстанның

таулы жəне қазақтың етті-жүнді қойларынан қырқылады. Биязылау жүн біркелкі түбіт пен аралық талшықтан құралады, бір-ақ олар биязы жүндіге қарағанда ірілеу жəне жуандау келеді.

Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жіңішкелігі 58-60-шы сапада болады. Тұтас

жүннің сырт құрылымы негізінен штапель тəрізді, бірақ кейде

ауытқып штапель тұлымды болып келеді. Биязылау жүннің түсі

ақ болады. Технологиялық қасиеті жағынан биязылау жүн биязы жүнге жақын келеді жəне негізінен камвольды мата тоқу үшін

қолданылады.



  1. Ұяң жүнді тұқымдары, оларың сипаттамасы.

ұяң жүн талшықтарының құрамына қарай ол біртекті жəне

əртекті болып екіге бөлінеді.

Біртекті ұяң жүн жылына бір рет көктемде қырқылады. Оның

сырт құрылысы штапель тəрізді немесе штапель тұлымды болып келеді. Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы,

жауырыны) талшықтардың жіңішкелігі 46-48-шы сапада болады.

Таза тұқымды қойлардың жүні ақ, ал олардың қылшық жүнді

қойлармен будандарының жүні ақ-құба, т.б. түсті болып келеді.

Əртекті ұяң жүнді жылына екі рет көктемде жəне күзде

қырқады. Тұтас жүн тұлымданып келеді де, түбіт, қылшық жəне

аралық қылшықтан тұрады. Ұяң жүн қылшықты жүнге жақын,

бірақ одан жұмсағырақ жəне нəзіктеу келеді, əрі түбіті мен аралық

қылшықтары басымырақ жəне шайыры да көбірек болады.




  1. Қылшық жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Қылшық жүн əртүрлі тұқымды қылшық жүнді қойлардан

жылына екі рет көктемде жəне күзде қырқылады. Олардың

қырқымға бірінші рет баратын 4-4,5 айлық қозыларын бір рет

күзде қырқады. Қылшықты тұтас жүннің тұрпаты тұлым тəрізді

болып келеді де, жүн талшықтарының бірнеше түрінен құралады.

Осы талшықтардың (түбіт, аралық қылшық, қылшық, өлі жəне

құрғақ талшық) жүндегі арақатынасы қылшық жүнді қойлардың

тұқымына, типіне, жасына, дербес ерекшеліктеріне байланысты

əртүрлі болып келеді. Қылшық жүн шикізаттық қасиеті жағынан

төмен бағаланады.




  1. Жүннің қандай түрлерін білесіз және олардың басты айырмашылығы неде?

Біртекті, әртекті, биязылылау, ұяң, қылшық, биязы


  1. Қойдың жүн өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер және оларды анықтау жолдары?

Қойдың жүн өнімділігін сапалық көрсеткіштеріне жүннің физикалық жəне техникалық қасиеттерін анықтайтын ұзындығы,

жіңішкелігі, біркелкілігі, бұйралығы (сиректілігі), шайырлығы,

серпінділігі, созымдылығы жатады.

Қойдың жүн өнімділігін екі түрлі

əдіспен анықтайды:

Бірінші əдіс қойдың жүн өнімділігінің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін арнайы аспаптармен өлшеу. Мысалы, қырқылған жүн салмағын таразымен өлшеу, таза жүн шығымын

лабораториялық жолмен, жүн талшығының ұзындығын сыз ғышпен, жіңішкелілігін микроскоппен немесе лонометрмен, жүннің

қоюлығын, тері ішіндегі түк фолликулдарын микроскоппен санау, жүн талшығының мықтылығын динамометрмен анықтайды.

Екіші əдіс бойынша қойдың жүн өнімділігін бонитировка

кезінде негізінен көзбен шамалап анықтайды. Бұл əдісті қолдану

жеңіл, бірақ оны жүргізген адам тəжірбиелі маман болу керек.


  1. Жүн талшығы қандай түрлерге бөлінеді? Құрамына байланысты қаншаға бөлінеді?

Талшығы: біртекті жəне əртекті болып екіге бөлінеді.

Біртекті жүн – жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақ тығы, серпімділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады.

Бұл жүннің ерекшелігі – қойдың жабағысы штапель тəрізденген

бөлшектерден құралады. Біртекті жүн биязы жəне биязылау

жүнді қой тұқымдарынан алынады.

Əртекті жүн жабағысының сырт көрінісі тұлымданып келеді.

Бұлай болуы ондағы əр түрлі жүн талшықтарының арақатынасы

мен жіңішкелігіне байланысты. Жіңішке жүн талшықтары қысқа

болып келеді де, төменгі жағы теріге жақын жақта жатады. Яғни,

жүн талшықтарының көрінісі конус тəрізденіп тұрады. Əртекті

жүн ұяң жəне қылшық жүнді қой тұқымдарынан алынады.


  1. Жүннің таза шығымын қалай анықтаймыз?

Жуылған жүн шығымын зертханалық анықтау үшін үлгілерді таңдау, зерттеу мақсатына байланысты (жекелеген сортименттері бойынша шығымды анықтау, асыл тұқымды малдарға сипаттама беру үшін және т.б.) әр түрлі жүргізіледі. Жекелеген сұрыптары бойынша жуылған жүн шығымын анықтау кезіңде (тапсырылатын жүн үшін есеп жүргізу үшін) үлгілерді жүннің түрін, тобын, жағдайын және басқадай сипаттамаларын есепке ала отыра әрбір отарды қырқу кезіңде алады.


  1. Таза жүн шығымы қай жүн бағытында жоғары болады?

Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы. 66-72 таза жүн шығымы болады.



  1. Шошқаның өсіп өну қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер және оларды анықтау жолдары?

1) Өсімталдығы бір ұялас торайлардың саны; 2) Сүттілігі – 21 күндік

ұялас торайлардың салмағымен анықталады; 3) Торайлардың

енесінен бөлердегі (2 айлығындағы) салмағы.


  1. Мегежіннің сүттілігін қалай анықтайды? Торайларды енесінен қай мезгілде бөледі?

Сүттілігі 21 күндік ұялас торайлардың салмағымен анықталады. Торайды 2 айлығында енесінен бөледі. Салмағы шамамен 16 кг


  1. Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

Шаруашылығына:1-шіден өсімталдығы,2шіден сүттілігі,3-шіден торайлардың енесінен бөлердегі екінші айлығындағы салмағы.

Биологиялық ерекшелігі: тез көбею,21күн сайын күйекке түседі


  1. Шошқа тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Шошқаның негізгі тұқымдары: майлы, етті жəне етті-майлы

(əмбебап) бағыттағы: ірі ақ, украиндық, далалық ақ, миргород,

брейтов, ливен, муром, кемеров, эстондық бекондық, ірі қара,

ландрас, кахиб.




  1. Мегеженнің буаздылық мерзімінің ұзақтылығы.

4-ай 25 күн



  1. Шошқа шаруашылығында гибридтеудің ерекшелігі неде?




  1. Шошқаның өсімталдығының ерекшелігі және адаптациялық мүмкіндігі неде?



  1. Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

Құс сүт коректілермен салыстырғанда көп өнім бергіштігімен, салыстырмалы турдегі жоғары дене жылулылығымен (41-42°С), шапшаң жетілгіштігімен ерекше көзге туседі, ал оның эмбрионды дамуы ана денесінен тыс өтеді.ол өсу кезеңінде жануарлар және өсімдік тектес азықпен де қоректеніп, жыл сайын түлеп отырады.



  1. Тауық тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Леггорн, орыстың ақ тауығы, мәскеулік, кучин, юбилей, корниш, племутрок, нью-гемпшир,



  1. Құстың жұмыртқалағыштығына баға бергенде қандай көрсеткіштері есепке алады?

Жұмыртқалағыштыққа жұмыртқа салудың тұрақтылығы және оның үзілмей жалғаса беретіндігі әсер етеді . Жұмыртқалағыштың тұрақтылығы құстың тобына қарай алынған жұмыртқа санын белгілі бір уақыт кезеңіндегі азықтандыру күндеріне қарай пайыз қатынасымен көрсетеді


  1. Тауықтың жұмыртқалағыштығын қалай анықтайды?

Белгілі бір мерзімде 300-500 күндік жасына , 1 жылда бүкіл тіршілігінде салған жұмыртқасының санымен анықталады.



  1. Жұмыртқа салу интенсивтілігі қалай анықталады?

Жұмыртқа салу интенсивтілігін белгілі бір мерзімде

алынған жұмыртқа санын сол мерзімдегі календарлық күн санына бөліп, 100-ге көбейту арқылы пайызбен анықтайды.





  1. Үйрек тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Пекин,украиндық сұр және зеркальная тұқымдық тобы



  1. Қаз және күркетауықтар тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Холмогор,горьков,шадрин. Солтүстік кавказдық,ақ,қола,кең кеуделі



  1. Құстың жұмыртқа өнімділігі, оған әсер етуші факторлар.

Жұмыртқалағыштықтан басқа жұмыртқа өнімділігін анықтауда жұмыртқаның салмағының маңызы зор. Оның өлшемі граммен белгіленеді. Жұмыртқаның массасын анықтау оларды стандартына жəне бағасын анықтау үшін бөлгенде қажет болады.



  1. Жылқының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.



  1. Салт мінетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары.

Салт мінетін жылқы-араб,ахалтеке және таза қанды англияның жылқысы.Жегілетін аттар екіге бөлінеді:1) жеңіл жүк таситын-орловтың,орыстың желісті жылқылары.2) Ауыр жүк тартқыщтарға-совет,орыс,владимир,брабансон,першерон,арден жылқылары


  1. Желісті жылқы тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Орловтың,орыстың желісті жылқылары

Желісті жылқылар сыртқы пішіні өзіне тəн ерекшеліктерімен

айқындалады.Бұлардың сыртқы пішінің бағалауда жыныс айырмашылықтары яғни еркек пен ұрғашы жылқылардың консти туциялық өзгешіліктері ескеріледі. Айғырлары биелеріне қарағанда ірі, сүйек қаңқалары мен бұлшық еттері жақсы жетіл ген.

Құрсағындағы сызығы биелерге қарағанда айғырларда түзу біткен.

Жал, құйрық, кекіл жəне шамасы биелермен салыстырғанда

жақсы жетілген жəне т.б. ерекшеліктері.




  1. Ауыр жүк тарататын жылқы тұқымдары, оларың сипаттамасы.

Ауыр жүк тартқыщтары- совет, орыс, владимир; брабансон, першерон, арден жылқылары жатады. Ауыр жүк тартқыш жылқылардың сыртқы пішіні салт мінетін жылқылармен салыстырғанда керісінше. Бас көлемі орташа, кейде үлкен немесе дөрекі, маңдайы иінді. Мойны қысқа да жуан, шоқтығы биік емес, арқасы көбіне иілген. Жауырыны шығыңқы

қойылған, бірақ ұзын. Аяқтары қысқа, кеуде орамы терең, үлкен, сауыры кең, ұзын жəне төмен түскен. Тұяғы қысқа, бірақ кең, бақайының ұзындығы орташа. Терісі қалың жəне болбыр.совет,орыс,владимир,брабансон,першерон,арден жылқылары.




  1. Ет және сүт өндіру үшін өсірілетін жылқы тұқымдары, оларың сипаттамасы.


  1. Салт мініс жылқысының көліктік қасиетін оның қандай көрсеткіш – белгілеріне қарап баға беріледі?

Салт мініс жəне жеңіл желіс (желісті) жылқылары жүйріктігін

(жылдамдығын) ипподромда арнайы жүргізген сынақтар арқылы

анықтайды.Салт мініс жылқылары жүйріктігін жасына қарай əртүрлі қашықтық бойынша ұйымдастырған шабыс бəйгелерінде көр сеткен

уақыттары бойынша анықтайды.




  1. Жүк тартатын жылқының күш көліктік қасиетін қандай көрсеткіштерімен бағалайды?

1) Жылқының жүк тарту күшін (Р) бірнеше тəсілмен

анықтайды:

а) ең жоғары жүк тарту күшін екі тəсілмен анықтайды. Бірінші

тəсіл - арнайы арбамен тартқан жүгінің салмағы арқылы. Бұл үшін

атты басында 1000-1200 кг жүгі бар арбаға жегіп қозғалғаннан

кейін, əр 5-6 м жол жүрген сайын арбаға 50 кг-дық бір қап құмды

ат қашан тарта алмай тоқтағанға дейін салып отырады. Аттың

еркін тартқан жүгі мен арбаның салмағын арба дөңгелектерінің

үйкеліс коэффициентіне көбейту арқылы оның жұмсаған ең

жоғарғы тарту күшін анықтайды. Ең жоғары жүк тарту күшін

анықтаудың екінші тəсілі – динамометр арқылы анықтау.


  1. Жылқының ет және сүт өнімі.

Қазақ республикасында жылына 40- 50 мың қымыз өндіру жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орта есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады. Емузілу құлындар алғашқы айларында тәулігіне 10-20 литірге дейін сүт еміп, 1-2 кг тәуліктік салмақ қосады. Бие желінінің сиымдылығы (1,5-3 л) аз болған кезде, цистернаның сүт өнімділігі үдемелі жоғары болса, ондағы бөлінгенсүт ірі сүт өзектерін сүт жолдарын тез толықтырады да, қатты қысым жасайды, ал бұл сүттің қысым сүттің әрі қарай бөліну процесін тежейді. Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымды қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс. Бие сүтінің құрамында, сиыр сүтіне қарағанда сүт қантының мөлшері көбірек, ал май мен белок аз келеді.
Жылқы еті — аса бағалы тағамдық шикізат, жылқы өнімі. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69,6 % су, 19,5% белок, 9,9% май, 1,0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73,9 % су, 20,9% белок, 4,1% май, 1,1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады ГОСТ бойынша сойылатын жылқылар жасына қарай үш топқа бөлінеді: салмағы 120 килограмнан кем болмайтын 1 жасқа дейінгі тайлар. 1жастан 3 жасқа дейінгі саяқ жылқылар; 3жастан асқан ірі жылқылар. Көбінесе етке 2,5 жастағы жылқылар өткізіледі. Бұл ретте олардың еті сапалы: дәмді, нәрлі, уылжып тұрады, әрі бірінші сортты, өнімі де мол болады. 3 жастан асқан жылқының еті онша нәрлі болмайды, әрі бірінші сортты өнімі де кемдеу болады. Құлын-тайдың еті көбінесе таңсық тағамдар жасауға – қазы, шұжық, қарта, сүр ет жасауға пайдаланылады.


  1. Малдың еттілік қасиетіне, оның тірі кезінде қандай белгі көрсеткіштеріне қарап баға беруге болады?

Малдың тірі кезінде оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Себебі селекцияның түпкі мақсаты – өнімділігі жоғары малдан ұрпақ алу. Малдың тірі кезінде еттілік қасиетін дене бітімі, сыртқы пішінін бағалау, қажет болса, сыртқы дене мүшелерін өлшеу, ауық-ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тəуілігіне қосатын салмағын анықтау арқылы бағалайды.



  1. Малды сойғаннан кейін, оның еттілік қасиетін сипаттау үшін анықталуға тиісті көрсеткіштерін атаңыз.

Малдың ет өнімділігін сойғаннан кейін бағалаған уақытта, əдетте, оның еттілік коэффициентін анықтайды. Еттілік коэффициенті деп, малдың сұрпы еті мен сүйегінің арақатынасын айтады.


  1. Малдың еттілік коэффициентін есептеу жолын көрсетіңіз.

Деректер бойынша тəуілігіне қосатын салмағын анықтау арқылы еттілік коэфті бағалайды. Осы ретте еттілік индексін (Грегори индексі) есептеуге біршама мəн беріледі. Бұл индекс мына теңдікпен анықталады:


ЕТТІЛІК ИНДЕКСІ = Бөксенің жартылай орамы (см) /бөлеміз Шоқтығының биіктігі (см) × 100%



  1. Бие сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті.

құрамында су (89,5 %), ақуыз (2,0 %), сүт майы (1,7 %), сүт қанты (6,5 %), минералды заттар (0,3 %), көптеген витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар болады.


  1. Түйе тұқымдары мен будандары, оларың сипаттамасы.

Басқа түліктермен салыстырғанда, түйенің тұқымдары онша

көп емес. Қазіргі кезде түйелерді зоологиялық жағынан топтастырғанда негізінен жеке екі түрі немесе тұқымы бар:

қос өркешті түйелер (бактриандар) жəне бір өркешті аруаналар (дромедарлар).


  1. Інгендердің сүт өнімі. Түйенің жүн өнімі.

Түйенің сүт өнімділігін нақтылы анықтау қиын, өйткені ботасын жақындатқан соң сауылады. В. М. Попованың деректері бойынша түркіменнің арвана тұ қы мының екінші сүттену кезеңінде сүт өнімділігі 4387 л, ал бірінші сүттену кезеңінде 3117 л тең болды. А. Я. Окорокованың бақылауы бойынша, Түркіменстанда бір інгеннен 2000-2500 л сүт сауылады. Қос өркешті түйенің сүт өнімділігі бір өркешті түйеге қарағанда төмендеу, бірақ сүтінің құрамында май мен протеин көп болады. В. А. Кулаеваның бақылауы бойынша, бактриандар дың сүт өнімділігі сүттену кезеңінде 878-1571 л, ең жоғарғы сауым сүттенудің үшінші айында болады. Будандардың сүт өнімділігі аралық орында.



Түйе шаруашылығында бағалы өнім – ол жүн, сондықтан əртүрлі табиғи жүндер арасында өзінің технологиялық қасиеттері бойынша түйе жүні ерекше орын алады. Ол құрамы бойынша əртекті: мамықтан, өтпелі қылшықтан жəне қылтанақтан тұрады. Қылшықты қой жүніне қарағанда түйе жүнінде мамығы көп, өлі түгі жəне шайыры жоқ. Түйе жүні мамығының жіңішкелі 15-17 мк (80-ші сапа). Мұндай жіңішке жүнді тек кейбір биязы жүнді қой тұқымдары береді. Түйе жүнінде қой жүніне тəн ақаулары жоқ. Таза талшық шығымы бойынша түйе жүні қой жүнінің барлық түрінен асып түседі. Өндірістік қайта өңдеу кезінде жүн маңызды көрсеткіштермен сипатталады: жіңішкелігімен, ұзындығымен жəне талшығының мықтылығымен.
Бағдарламаның жетекшісі, профессор Нұрғазы Қ.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет