2 дәріс. Қазақ әдебиеттануының әдіснамалық мәселелері. Методологиялық ізденістер. Дәріс мақсаты



бет1/4
Дата28.09.2022
өлшемі27,6 Kb.
#40665
  1   2   3   4

2 дәріс. Қазақ әдебиеттануының әдіснамалық мәселелері.Методологиялық ізденістер.




Дәріс мақсаты:
Әлемдік ғылыми зерттеушілік әдіснамалық ізденістер.
Әдебиеттану әдіснамасының пәні мен міндеттері .
Ұлттық әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелердің зерттелу жайы.


Тірек сөздер: Әлемдік ғылыми зерттеушілік,ғылыми мектептер, әдіснамалық ізденістер,ғылыми заңдылық ұлт әдебиетінің тарихы,идеялық мазмұн, бағыт
Дәріс мазмұны:Кез келген ұлт өзінің әдебиеттану ғылымы мен сынын тудыруда және қалыптастыруда әлемдік ғылыми зерттеушілік әдіснамалық ізденістермен байланыста дамиды.
Әдебиет туралы ғылым әдіснамасы әдебиеттанудың салыстырмалы түрде жас саласына жатады. Әдебиеттану әдіснамасының пәні мен міндеттерін түсіндіруде акад А.С.Бушминнің еңбегін атап өту керек. Ғалым әдебиет теориясы мен әдебиеттану әдіснамасының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдебиеттанудың өзіндік ерекшелігін білу, соған тән зерттеу әдістерінің міндетін, анализ, баға беруді ғылыми анықтау ғалымдардың назарын он тоғызыншы ғасыр соңы мен жиырмасыншы ғасыр басында ғана өзіне аударды.
Әдеби және фольклорлық мұраны жинап жариялаудағы танымдық сипатта көрінетін жай ғана жұмыстардың өзі филологиялық мектептің әдіс тәсілдерінің алғышарттары болып табылады. Егер әлемдік әдебиеттану ғылымының тарихына көз салсақ оның зерттеу бағыттары мен салаларына сай бірнеше түрлі теориялар мен ғылыми мектептердің қалыптасқанын байқаймыз. Әлемдік әдебиеттану ғылымының ең көп тараған мектептері филологиялық мектеп, эстетикалық догматизм мектебі, биографизм, мәдени тарихи мектеп, тарихи салыстырмалы мектеп, компаративизм, психологиялық мектеп, психо аналитикалық мектеп фрейдизм, формализм, социологиялық мектеп деген атаулармен белгілі.
Әлемдік әдебиеттанудағы осы ғылыми мектептер мен ғылыми зерттеу жұмыстарындағы негізгі теориялары белгілі бір дәрежеде кез келген ұлттық әдебиеттануда орын алуын ғылыми заңдылық деп тану керек. Бұл ғылыми мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жаңашылдық сипаты мен кемшіліктері және олардың қазақ әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу жолындағы ұлттық ғылыми зерттеушілік ой пікірдің әдеби мұраны игеру саласындағы ізденістерде көрініс табуы да сондықтан.
Қазақ әдебиеттануының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасып, даму жолында филологиялық, ғұмырнамалық, формализм, мәдени тарихи, тарихи салыстыру, эстетикалық догматизм, психологиялық, психоаналитикалық, социологиялық мектептер тарихи алғы шарт не дамытушы күш болып табылады. Осы мектептердің қандай да бір үндестігіне сай ерекше әдістер мен бағыттар туған. Алайда ұлттық әдебиеттану ғылымында ғылыми зерттеушілік ой пікірді осы ғылыми мектептермен байланыстылықта қарастыру мәселесі кенжелеп қалуда. Әдеби мұраларымызды ғылыми игеру жұмыстары мен зерттеуде осы теориялар мен мектептердің әдіснамалық тұрғыдағы бағыттарын қалай қолданғанымыз туралы ой толғайтын уақыт жетті.
Кешегі тоталитарлық әкімшілік жүйеге негізделген коммунистік идеология заманында ұлттық әдебиеттану, тарихы мен дәуірлену мәселесі Қазан төңкерісінен әрі бармады.
Әдеби мұра және оны зерттеу делінетін қазақ әдебиеті тарихының негізгі мәселелеріне арналған конференцияда М.Әуезов, Е.Ысмайлов қазақ әдебиеттану ғылымын қазан төңкерісен әрі асқызбады. Бұл әрине сол кезеңдегі солақай саясат кесірінен екені даусыз.
Ұлттық әдебиеттанудағы осы мәселеге алғаш пікір білдірген акад З.Қабдолов былай деген Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы саласында өзі ашып тұрақтандырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн .
. Шовинистік көзқарас ықпалында кетпей, тоталитарлық жүйе бағытына ілеспей тарихи фактілерге арқа сүйеген, өз ұстанымы үшін қайсарлық таныта білген ғалымдар да болды. Ол – қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын түркі халықтарының бәріне ортақ дәуірден бастаудың негізін салып, орнықтырған профессор Бейсенбай Кенжебаев еді. Бұл мектеп бойынша Х.Сүйіншәлиев Қ. Сыдиықов, М..Мағауин, М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева секілді ғалымдар алпысыншы жылдарға дейін Бұқар жыраудан басталып келген қазақ әдебиетінің тарихын мың жылға жылжытып сегізінші ғасырдан бастау алуды дәлелдеді. Б.Кенжебаевтің өз тұсында кертарпа көзқарастармен айтысып жүріп қалыптастырған осы ғылыми мектебі шынында ұлттық әдебиеттануда іргелі салаға айналып отыр. Бұл тұрғыдан Б.Кенжебаев ұлттық әдебиеттану ғылымында ғана емес бүкіл түркі тектес халықтар әдебиеттану ғылымында тарихи мектептің негізін қалаушы ретінде танылуы тиіс
Қазақ әдебиеттану ғылымының даму, қалыптасу, өркендеу тарихына көз жіберсек, өміршең ойдың, өрістегіш идеяның жарқын бір үлгісі профессор Б.Кенжебаевтың ғылыми мұрасында жатқанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет