2 Дәріс тақырыбы: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тəрбие мен оқытуды ұйымдастыру формаларының туындауы Жоспары



Дата19.02.2023
өлшемі16,58 Kb.
#69320

2 Дәріс тақырыбы: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тəрбие мен оқытуды ұйымдастыру формаларының туындауы
Жоспары:
1.Алғашқы тұрмыстық тəрбиенің пайда болуы
2. Тəрбие берудің қызмет түрі ретінде бөлініп шығуы
3. Алғашқы тұрмыс дəуіріндегі отбасылық тəрбие беру
Алғашқы тұрмыстық тəрбиелеуді меңгеру дереккөздері көмегімен тəрбие берудің пайда болу үрдісінің мына элементтерін құрастыруға болады: материалдық жəне рухани мəдениет ескерткіштері;сол кезеңдерде адам өркениетінің балалық шағында болған Австралия, Африка, Полинезия, Сібір, Оңтүстік жəне Солтүстік Америка аборигендерінің тұрмысын зерттеген XVIII – XIX ғғ. басындағы ғалымдар мен саяхатшылар еңбектері;
- қазіргі заманғы өркениеттің қолы тимеген алғашқы тұрмыстық тайпалардың сипаттары
сақталған аздаған қоғамдастықтар туралы заманауи мəліметтер;
- археологиялық олжалар – қолданылған қарулар мен тұрмыс заттары, бала ойыншықтары,жартастардағы бейнелер;
- фольклор – ежелгі салт-дəстүрлер сипатын сақтап қалған ертегілер, халық ойындары;
- тілдің метафоралық деңгейі – эпос, мəтелдер, мақалдар.
Тəрбиелеу терімшілік пен аңшылықтың саналы тəжірибесіне ауыстырған, адамның
жануарлар əлемінен бөлініп шығу дəуірінде, 2-3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол өмірлік тəжірибенің берілуінің бүкіл үрдісіне ықпалдастық тұрғыда ілесе отырып, алғашқы тұрмыстық
адамның дене тұрғылық, ақылдық жəне мінез-құлықтық өсуіне септігін тигізді.
Қоғамдық тəжірибенің баюы мен сананың дамуына орай тəрбиелеудің мазмұны мен əдістері де күрделенді.Алғашқы тұрмыстық тəрбиелеу балалардың сол кезеңдегі қарапайым жайттарға
біртіндеп қалыптасу үрдісі ретінде пайда болғанын дəлелдейтін тəрбиенің пайда болуының дəстүрлі тұжырымдамалары:
- эволюциялы-биологиялық (Ш. Летурно, Дж. Симпсон, А. Эспинас) – тəрбиенің шығуы
алғашқы тұрмыстық адамдардың тəрбиелеу қызметін жануарларға тəн өз ұрпағына қамқорлық жасау туралы қарқынды əрекетке қолдануымен байланысты;
- психологиялық (П. Монро) – тəрбиенің шығуы балаларда ересектерге еліктеудің санасыз түйсігінің байқалуымен байланысты.
Тəрбиелеу адами қызметтің ерекше түрі ретінде алғашқы тұрмыстық қоғамда шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болды.
Тəрбиелеудің қызмет түрі ретінде құрылуының алғышарттары мен елеулі факторлары:
- алғашқы тұрмыстық дəуірдегі адамдар арасындағы материалдық байланыс эволюциясы;
- тəжірибені ұрпақтан ұрпаққа, адамнан адамға беріп отыру жолымен осындай байланыстарды
қолдау жəне дамыту қажеттігі;
- өндірістік тəжірибенің қиындауы оны игерудің нақты ұйымдасуын талап еткенде,
эволюцияның салдары ретінде адамдардың қолданыстағы еңбек формаларында сөйлесу қарым-қатынасындағы қажеттіліктерінің туындауы;
Стихиялы түрде пайда болған тəрбиелеу мақсаттары;
- өмір сүрудің ең қарапайым түріне дайындық – бастапқыда тəрбиелеу тірі қалудың күнделікті
күресіне бағытталды;
- əлемді анимистикалық феномен ретінде тану – қоршаған əлем алғашқы тұрмыс адамына тірі бейне болып қабылданды;
Алғашқы тұрмыс қоғамында оқытуды саралауда бірден бір көрсеткіш балалардың жасы мен жынысы болды. Алғашқы тұрмыстық тəрбиелеу қауымдық өмір ұғымынан шыққандықтан, барлығын күнделікті өмірге бірдей дайындады – оның негізін топтық, ұжымдық бастау құрады.
Б.з.д. ІХ – VIII мыңжылдықтарда тəрбиелеудің мəні мен мазмұны сапалы өзгеріске ұшырады –тəрбие беру жалпыға ортақ, тепе-тең, бақыланатын қауымнан құрамдық-отбасылыққа айнала бастады.
- əлемнің бірқатар аймақтарында алғашқы тұрмыс қоғамынының əлеуметтік жəне меншіктік
жіктелуі болады;
- отбасы негізгі əлеуметтік ұяшыққа айналады;
Сол кезеңдегі отбасылық тəрбиелеудің негізгі сипаттары:
- балалар ата-аналарының үлгісінде тəрбиеленді. Олар ата-бабаларының тəжірибесі мен
ақпараттарын еліктеу арқылы ата-аналарынан алып отырды;
- түрлі əлеуметтік деңгей өкілдерін (көшбасшыларды, батырларды, қауымның қатардағы мүшесін) тəрбиелеу түрлі ерекшеліктерге ие болды;
- элита балалары үшін балалық шақ мерзімі ұзартылды жəне сəйкесінше тəрбиелік ықпал күшейтілді;
- тəрбиелеуге қатысты əрекеттерге магиялық мəн берілді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.

  2. Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?

  3. Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет