2. Химия-жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі



Дата18.02.2022
өлшемі18,37 Kb.
#25877
түріҚұрамы

1.Химия ғылымы

Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.

Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдар, молекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядро өзгеріссіз қалады.

Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:



  • органикалық химия;

  • бейорганикалық химия.

Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқаларды зерттейді.

Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді



2.      Химия-жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі

Химия- жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі.

Жаратылыс дегеніміз- бізді айнала қоршаған материялық дүние. Бұл материялық дүние адам баласының сана-сезімінен тыс, оған тәуелсіз, өз бетімен жасап тұрған объективті болмыс, «... материя дейтініміз, ол біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы түйсік туғызушы; материя дейтініміз бізге түйсік арқылы берілітін объективтік болмыс».

Химия материя қозғалысының химиялық түрін зерттейді, яғни зат негізінен өзгеріп, бір заттан екінші жаңа зат түзілуіне байланысты туатын материя қозғалысының түрін зерттейді. Материя қозғалысының химиялық түрін-химиялық өзгеру процесін-көбінесе химиялық реакция дейді. Реакцияласушы және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың санына және сапасына қарай химиялық реакциялардың төрт түрі болады.



Химия-заттардың бір-біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия-заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.

3.      Химия- заттар жайлы ғылым

Химия ғылымының мақсаты – заттарды, оларың қасиеттерін, бір заттын басқа затқа алмасуын зерттеу.

Химияның тағы бір мақсаты бұл жаңа заттарды алу. Қазіргі қолданыстағы сан-алуан пластмасса түрлері осы химия ғылымының жетістігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет