2 практикалық сабақ Тақырыбы: Афференттік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер (жергілікті жансыздандырушы,қапталғыш, қармаушы,абсорбциялаушы дәрілер). Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы (4 сағат). Сабақ жоспары



бет1/3
Дата26.04.2023
өлшемі19,97 Kb.
#87055
түріСабақ
  1   2   3

2 практикалық сабақ


Тақырыбы: Афференттік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер (жергілікті жансыздандырушы,қапталғыш, қармаушы,абсорбциялаушы дәрілер). Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы (4 сағат).


Сабақ жоспары:
1. Афференттік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.
2. Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы.
3. Жергілікті анестетиктер, әсер ету механизмі
4. Тұтқырлаушы дәрілер.
5. Қаптаушы дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
6. Адсорбциялаушы дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
7. Тітіркедіргіш дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Медицинада афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер кеңінен қолданылады. Жергілікті анестетиктер жансыздандыру мақсатында, тұқырлаушы және қаптаушы дәрілер жарақатталған тері бетін қорғау мақсатында, адсорбенттер ағзадан уларды шығарту, тітіркендіргіш дәрілер тіндердің жергілікті қанмен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін тағайындалады. Содықтан, афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын үйрену, болашақ дәрігер үшін өте актуальды.


Сабақтың мазмұны:
Афферентті инверцияға әсер ететін дәрілер. Анестезиялық, тұтқыр, қаптапалушы және адсорбциялаушы дәрілер. Әсерінің механизмі, қолданылуы. Жағымсыз әсері.

Жергілікті анестетиктер: прокаин, бензокаин, тетракаин, бензофурокаин, атрикаин, лидокаин, бупивакаин, тримекаин гидрохлориді, бумекаин, рихлокаин, ультракаин, павестезин. Қолданылу көрсеткіштері: инфильтрациялық, терминальды, өткізгіштік, жұлын ми анестезиясы, люмбальды, парацервикальды, панкреатит, бүйрек және бауыр шаншымалары, тахиаритмия, асқазан мен ішектің бірыңғай бұлшықеттерінің түйілуі.


Қаптапалушы дәрілер: еменнің қабығы, жалбыз жапырақтары, түймедақтың гүлдері, итошағанның шөбі, танин, алюмаг, алюминий фосфат, викалин, магий тотығы, анацид, активтелінген көмір. Әсер ету механизмі: афферентті жүйе ұштарын бүркейді, асқазан сөлінің бос тұз қышқылын нейтральдайды, белоктарды альбуминаттар түзе отырып тұнбаға түсіреді, өз бойына химиялық заттарды адсорбциялайды. Қолдану көрсеткіштері: күйіктер, жаралар, қабыну дерматоздары, гигивиттер, стоматиттер, колиттер, энтериттер, гастриттер, жара ауруы, тамақтан уланулар, алкалоидтармен уланулар.


Адсорбциялаушы дәрілер: суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және абсорбциялайтын беткейі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық қосылыстарды өзінің бетіне абсорбциялап тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар диареяда, метеоризмде,қолданылады.


2.Теріні және кілегей қабаттарды тітіркендіретін дәрілер. Әсерінің механизмі. Клиникала қолданылуы.


Қыша қағазы, ментол, тазартылған терпентин майы, аммиак ерітіндісі. Әсерінің механизмі: тітіркендіретін құралдар жүйке жүйелерін қоздырады, гистаминді, серотинді, брадикининді, простагладинді босатады. Бұл заттар қоздырғыш әсер етіп, қан тамырларын кеңейтеді. Тітіркендіретін құралдар неврологияда,радикулитте, люмбагода, ишнаста, артритте, миозитте, бурситте, буын жаралануында, бронхитте қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет