2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет1/12
Дата10.10.2022
өлшемі37,65 Kb.
#42242
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе
1. Әлеуметтанулық теориялар. Макро және микродеңгейлер.
2. Жекелеген мектептер мен бағыттардың пайда болуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер)
3. Құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары
4. Қақтығыстар теориясы
5. Символикалық интеракционизм. Рөлдер теориясы
Дәріс мазмұны:


1. Әлеуметтанулық теориялар. Макро және микродеңгейлер.
Әлеуметтану ғылым ретінде XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасты. Бірақ, оған дейінгі қоғамның, ондағы құбылыстар мен процестердің мәні, дамуы және өзгеруі, қоғамның проблемалары мен даму бағыты туралы әлеуметтік ойлар мен көзқарастар философиялық дүниетанымның шеңберінде, тарих сияқты қоғамдық ғылым салаларында дамыды.
Әлеуметтік ой тарихына назар аударсақ, қоғам, қоғамдағы адамдардың өмір сүру заңдылықтары, қарым-қатынастары туралы алғашқы ойлар мен көзқарастар ежелгі Шығыс өркениеттері - Египет, Вавилон, Үнді және Қытай , Ежелгі Греция елдерінде өз деңгейінде дамыды. Мысалы, адамзат қоғамын жүйелеп дамытуға, қоғамдық қатынастарды анықтап, қоғамды тәрбиелеуге, өз ілімінде жетілген қоғам идеалын беруге ұмтылған көне Қытай ғұламалары Конфуций, Лао цзы, үнді ойшылы Сидхарта Гаутама, грек философтары Сократ, Аристотель, Платон т.б. болды.
Дегенмен, бірнеше ғасырлардан кейінгі адамзат қоғамының әлеуметтік құрылымының күрделеніп дамуы шамамен ХІХ ғасырдың басында қоғамды нақты ғылыми фактілер негізінде зерттеуді қажет етті.
Әлеуметтанудың алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1796-1857) заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет