2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы



бет1/13
Дата16.02.2023
өлшемі49,58 Kb.
#68337
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы

2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы

Жоспар


  • Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі

  • Аудиттің негізгі принциптері

  • Аудиторлардың кәсіби этика Кодексі

  • Аудит стандарттарының деңгейі. Ішкі аудиторлық стандарт .

1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі

Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС) - барлық аудиторлардың өздерінің кәсіби қызметінде қолданатын бірыңғай негізгі қағидалар.

Олар екі мақсатқа жетуге үлес қосады:


  • кəсіби деңгейі жаһандық деңгейден төмен елдерде аудитті дамытуға;

  • мүмкіндігінше, халықаралық деңгейде аудит жүргізу тәсілдерін біріктіруге.

      Қазіргі уақытта Аудитттің Халықаралық стандарттары келесі топтарға бөлінеді:


  • «Кіріспе» деп аталатын бірінші топқа кіріспе, терминологиялық сөздік, сапа бақылауы Халықаралық стандарты кіреді.

1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі

Алғы сөз халықаралық стандарттар бойынша Комитеттің тапсырмалары мен жұмыс әдістерін, сондай-ақ осы комитет құрған құжаттардың ауқымы мен мәртебесін түсінуге көмектеседі.


  • Глоссарий АХС-та қолданылатын бірыңғай терминдерді енгізуге арналған, олардың саны қазіргі уақытта 230.

  • Сапа бақылауы Халықаралық стандартында қаржылық есептілік және шолу аудитін жүргізетін, сонымен қатар ілеспе қызметті көрсету бойынша тапсырмалардың сенімділігін қамтамасыз ететін және басқада тапсырмалар орындайтын аудиторлық ұйымдардың сапасын бақылау қарастылады.

  • «Жалпы принциптер мен жауапкершілік» деп аталатын стандарттардың екiншi тобы аудиторға және аудиттелетiн субъектiнi басқару жөнiнде белгiлi бiр мiндеттерді қарастырады (200-299).

1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі


  • «Тәуекелді бағалау және бағаланған тәуекелге жауап ретінде аудиторлық процедуралар» - стандарттардың үшінші және төртінші топтары. Бұл екі топ аудиторлық стратегияны таңдау, клиенттің қызметін зерттеу, маңыздылық деңгейін және аудиторлық тәуекелдерді анықтау тәртібіне арналған (300-499).

  • Бесінші “Аудиторлық дәлелдеулер” тобында аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай ақ мәліметтердің және және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады(500-599)

  • Алтыншы “Басқалардың жұмысын пайдалану” тобында басқа аудитордың жұмысын пайдалану, ішкі аудиттің жұмысын қарастыру және сарапшы жұмысын пайдалану қарастырылған(600-699).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет