2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Сөйлеу әрекетінің түрлері



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі29,07 Kb.
#66392
  1   2   3

11 « » сынып оқушысы _______________________________________________________
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Оқылым
Жазылым
Айтылым
Ойлау дағдыларының деңгейі : Білу және түсіну
Қолдану


Орындау уақыты : 45 минут 30 балл
Тапсырмалар. Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орында
Атқа міну мәдениеті мен жылқышаруашылық жержүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдейді. Жылқыны қолға үйрету арқылы бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің сиволына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі- батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатаратты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
....Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл – салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қималдауына мүмкіндік береді.Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді

1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.





Тұжырым

мағынасы

жауап

1. «Ботай» қонысында

А. кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ..

1-

2. Атқа міну мәдениеті

В. арқылы бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды

2-

3. . Қазба жұмыстары

С. жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдейді



3-

4. Жылқыны қолға үйрету



Д. салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді



4-

[4]

  1. Мәтін не туралы?__________________________________________________________

.________________________________________________________________________________________________

(1)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет