20 3-ДƏріс ағартушы -демократтық бағыт. Шəкəрім



жүктеу 99.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі99.09 Kb.

 

20

 

3-ДƏРІС 

Ағартушы

-демократтық бағыт. Шəкəрім 

Құдайбердіұлы

 (1858-1931) 

 

1.



 

Ағартушы

-демократтық бағыт 

2.

 

Шəкəрім

 шығармашылығы 

 

1)ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  дамуына 

ағартушы-демократтық  бағыт  айрықша  ықпал  етті.  Бұл 

бағыттың  дамуы  қазақ  сөз  өнерінің  кəсіби  деңгейінің 

өсуіне  көркемдік  серпін  берумен  қатар  қоғам  мен  дəуір, 

өмір  мен  болмыс  сырын  кең  көлемде  сипаттап,  терең 

ашуға  соны  тыныс  дарытты.    Аталған  бағыттың  айтулы 

өкілдері  дəстүрлі  қазақ  қоғамындағы  біліммен  қатар 

Шығыс  пен  Батыстың  əдебиеті,  мəдениетінен  терең 

сусындады.  «Жеті  жұрттың  тілін  біл,  жеті  елдің  білімін 

игер»  деген  ата-баба  аманатын  жаңа  дəуір  талабына  орай 

жаңғыртып,  «қараңғы  қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  күн 

болуды»  эстетикалық  мұрат  тұтты.  Қазақтың  жаңа 

сипаттағы  жазба  əдебиетінің  жанрлық  тұрғыдан  дамуына 

өлшеусіз  үлес  қосты.  Ақын-жазушылар  туған  елін 

ағартушылыққа  үндей  отырып,  қоғамдағы  əлеуметтік 

теңсіздікті  көре  білді.  Қоғамдағы  қайшылықтарды  сынай 

отырып,  оны  жоюдың  өзіндік  жолдарын  ұсынды. 

Халықтың  ағаруы,  дамыған  елдермен  өнер-білім,  ғылым-

ілім  жолында  теңелу  арқылы  əлеуметтік  теңдікке, 

қоғамдық 

еркіндікке 

жетеміз 

деп 


білді. 

Шығармашылықтарына  отаршылдық  қысымдағы  ұлт 

тағдырын  арқау  етіп,  əлеуметтік  серпілістерге  шырмау 

болып  отырған  керітарпа  салт-сана,  əдет-ғұрыпқа  жаңа 

заман  биігінен  үңілді.  Адам  арқылы  заманды,  заман 

арқылы 


адамды 

түзеуді 


мұрат 

тұтты. 


Əлеуметтік 

теңсіздіктің  түп  сырына  жіті  үңіліп,  қоғамдық  дамуда 

кенже 

қалудың 


кесір-кесапаты 

надандық 

екенін 


 

21

 

ұғындырды. Надандық жақсы менен жаманды, терең менен 

таязды,  ілгерлеу  мен  кері  кетуді,  анық  пенен  танықты 

айырмаудан  туындап  отырған  қасірет  һəм  содан  ұлттың 

азып-тозуы, досқа күлкі, жұшпанға таба болуы десек, ақын 

Сұлтанмахмұт  жарлағандай,  «Бұл  ұйқысын  ашпаса, 

Надандықтан  қашпаса,  Басқаларға  мазақ  тұрған»  кейіптен 

арылу үшін рухани ояну қажет еді. Бұл бағыттың өкілдері 

адамды  ағарту  арқылы  оның  жандүниесін  надандықтан 

тазартуға  болатынын,  ол  рухани  кемелденуге  бастайтын 

бірден бір даңғыл жол деп білді. Сондықтан да əдебиеттің 

релистік сипатын еселеуде реализм, сыншыл релизм əдісін 

шығармашылықтарының  басты  эстетикалық  ұстанымы 

етіп  алды.  Реалистік  əдебиеттің  дамуымен  қатар  сөз 

өнеріндегі 

түрлі 


жанрлардың 

шығармашылықпен 

игерілуіне  қол  жеткізілді.  Атап  айтқанда,  сюжетсіз 

философиялық-лирикалық 

поэма 

(С.Торайғырұлы), 



өлеңмен 

жазылған 

роман 

(С.Торайғырұлы), 



философиялық-психологиялық  роман  (Ш.Құдайбердіұлы), 

мысал  өлең  (С.Дөнентайұлы)  соның  айқын  дəлелі. 

Көркемдік  ізденістегі  серпіліспен  сабақтас  дəстүр  арнасы 

кеңейіп,  өз  кезегінде  дəстүр  жалғастығы  соны  сипатқа  ие 

бола бастады.  

2)Шəкəрім  шығармашылығы  қазақ  əдебиетіндегі 

бірегей  құбылыс.  Абайдың  ақындық  мектебінен  тағылым 

алады.  «Əкеміздің  бір  шешесінен  туған  Ибраһим  мырза 

қазақ  ішінде  Абай  деп  атайды,  сол  кісі  мұсылманша  һəм 

орысшы  ғылымға  жүйрік  һəм  Аллланың  берген  ақылы  да 

бұл  қазақтан  бөлек  дана  кісі  еді,  ержеткен  соң  сол  кісіден 

тағылым  алып,  əр  түрлі  кітаптарын  оқып,  насихатын 

тыңдап,  аз  ғана  ғылымның  сəулесін  сездім»  (Шəкəрім). 

Ақынның  ғажайып  білімі  М.Мағауин  тілімен  айтқанда 

«Тұрандағы мəдени оазис болатын». Шəкəрім кітапханасы 

да  кітап  қорының  молдығымен  таң  қалдырады.  Ақын 

баласы  Ахат  Шəкəрімұлы  атап  көрсеткендей  1918  жылы 



 

22

 

кітаптарын тазалаттырып, тізімге алдырғанда «Əкем айтып 

оытрды,  мен  кітаптардың  авторларын,  шығармаларын 

жазып  отырдым.  Үш  күнде  тізімді  зорға  бітірдік. 

Кітаптадың 

молдығы 


сондай, 

авторлардың 

бап 

томдарының  аттарын  жекелеп  жазыр  шығуға  мүмкіндік 



болмады».  Сан  қырлы  дарын  өзіндік  ізденістерімен  əлем 

əдебиеті  мен  мəдениетін  терең  игереді.  Шығыс  пен  Батыс 

ғұламаларының  шығармаларымен  жан-жақты  танасып, 

əдебиеттің 

поэзия, 

проза 


саласында 

классикалық 

туындылар  жазды.  Діни  білімі,  философиялық  ой-

толғанысының  тереңдігін  «Мұсылмандық  шарты»,  «Үш 

анық»  еңбектері  айқындаса,  қазақ  шежіресінің  білгірі 

болғанын  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һəм  ханлар  шежіресі», 

«Қазақтың  түп  атасы»  мұрасы  көрсетеді.  «Үш  анық» 

философиялық  трактаты  адамзат  баласының  рухани 

дамуындағы 

кең 


өрісті 

дүниетанымдық 

арналарды 

қамтыған, оларды ой елегінен бағамдауға тырысқан ізденіс 

арнасы  өте  кең  қазақ  философиясындағы  бірден-бір 

туынды» (Б.Рахымжанов).  

Ақын  Абай  дəстүрінде  көркем  аудармада  өзіндік 

дарынымен 

танылды. 

Атап 


айтқанда, 

Пушкиннің 

«Дубровский  əңгімесі»,  «Боран»,  Бичер  Стоу  Гариеттің 

«Том  ағайдың  балағаны»,  Физулидің  «Лəйлі-Мəжнүн» 

шығармаларын  жəне  Хафиз  ғазалдарын  ана  тілімізге 

аударды. 

Қазақ 

прозасының 



көркемдік 

дамуына 


Ш.Құдайбердіұлы  «Əділ-Мария»  атты  философиялық 

романымен  үлес  қосты.  «Мұнда  əлеуметтік  теңсіздік,  бар 

мен  жоқтың,  күшті  мен  əлсіздің,  бай  мен  кедейдің 

тартысы,  күресі  аздыкөпті  көрінгенімен,  бірінші  кезекке 

шықпайды.  «Əділ-Марияда»  қарапайым  өмір  шындығын 

суреттеу 

арқылы 

Шəкəрім 


өзінің 

шығармашылық 

табиғатына тəн тағы бір қасиетін көрсетеді. Адамгершілік, 

арлылық,  адалдық,  нысап  ұғымдарын  баса  айтады. 



 

23

 

Шəкəрімнің  ұсынуында  адамның  əрбір  іс-əрекеті  мен  ой-

пиғылы  осы  ұғымдарға  бағынуы  керек.  Адамдарды  бай, 

кедей  деп  бөлуге  болмайды.  Екекі  де  айналып  келгенде 

адам.  Адамды  түрлі  спалық  топқа  бөлетін  материалдық 

жағдайы  емес,  ішкі  əлемі,  жан  дүниесі  болуға  тиіс» 

(Б.Əбдіғазиұлы). 

Ақын  поэзиясы  қазақ  əдебиетіндегі  Абайдың 

сыншыл  реализмін  дамытудағы  көркемдік-эстетикалық 

қуатымен дараланады.  Шəкəрімнің ақындық мұраты мына 

өлең жолдарында айшықталған. «Мен жетелеп өлемін, 

Өрге қарай қазақты. Өлсем де ойын бөлемін, Сөзбен салып 

азапты. Білімдінің сөзіндей, Сөзім де мен таза-ақты. Қазақ 

болса өзімдей, Қыла алмайды мазақты». 

«Жастарға» өлеңінде Абай өмірі мен өнері қазақтың 

рухани кемелділік бағытымен дамуының даңғыл жолы деп 

білді.  Тұңғыш  өлең  жинағы  «Қазақ  айнасында»  (1912) 

отаршылдық  қысымдағы  қазақ    қоғамының  өзекті 

мəселелері  жырланады.  Бұл  жинақтағы  өлеңдерінің  басты 

тақырыбы 

адам 


тағдыры, 

адам 


өмірінің 

мəні, 


адамгершілік сынды мəңгілік философиялық категориялар. 

«Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақыл», «Адамшылық», «Адам 

немене», «Тəңірі мен жан», «Тіршілік, жан туралы» өзге де 

өлеңдерінен соны аңғарамыз. 

Шəкəрім  Абай  дəстүріндегі  көркемдік  ізденісінде 

ағартушылық  идеяны  жаңа  эстетикалық  биікке  шығарды. 

Ұлтын рухани ағаруға, оянуға үндеп, ар іліміне негізделген 

ғылым жолына нұсқады. Өмірдегі басты байлық білім деп 

білді. Оған «Насихат», «Сынатарсың өзіңді», «Үш-ақ түрлі 

өмір  бар»,  «Сен  ғылымға...»,  «Ғылымсыз  адам  айуан», 

«Жасымнан  жетік  білдім  түрік  тілін»  т.б.  өлеңдерін 

мысалға алуға болады. 

Ақынның  саяси-əлеуметтік  лирикасының  басты 

өзегі,  негізгі  күретамыры  отаршылдық  езгідегі  ұлт 

тағдыры, адам бойындағы жағымсыз қасиеттер «Қазағым», 


 

24

 

«Қазақ»,  «Тағы  сорлы  қазақ»,  «Партия  адамдары», 

«Еріншек»,  «Ескіден  қалған  сөз  теріп»,  «Сəнқойлар», 

«Анық  пен  танық»,  «Шаруа  мен  ысырап»  өлеңдерінде 

көрініс тапты. Өз дəуірінің шынай шындығын жырлап, ұлт 

тағдырындағы  күрмеуі  қиын  жағдайларын  көре  білді. 

Адам бойындағы кесір-кесапатты сынап қана қоймай, оған 

өз  үкімін  айтты.  Айналасына  ой  тастай  сөйледі.  Бұл 

өлеңдерінде  де  Абай  дəстүрін  ұстанып,  жұртшылық 

санасындағы 

кейбір 

керітартпа 



мінездерді 

аяусыз 


əшкерлеп,  халық  ар-намысын  оятуға  күш  салды.  «Мінін 

айтып  қазушы  ем,  Түзетпек  боп  елімді»  («Ашу  мен 

ынсап»),  «Бояу  мақтан  бола  ма  Ішімізді  нұр  қылмай» 

(«Шаруа  мен  ысырап»)  деп  білген  ақын  адам  бойындағы 

ар-ождан,  ынсап,  мейірім  сынды  ілкі  қасиеттерді 

дəрептейді.  Мəселен,    «Арамды  адал  десе  кім  болады? 

Қазақтың  сөзі  қашан  шын  болады?  Алдау  үшін  қаруы  – 

құдай  аты,  Япыр-ау,  осы  қайтіп  дін  болады?»  («Партия 

адамдары»).  «Жалқаулық,  көрсеқызар,  ашу,  мақтан, 

Арамдық,  өтіріктен  ерте  сақтан.  Күні  бұрын  жуытпа 

маңайыңа  -  Есер,  есірік,  ынжықтық  солар  жақтан» 

(«Хайуан  мен  ақымақтар»).  «Еріншектен  –  салақтық, 

Салақтықтан  -  надандық...Бірінен  –  бірі  туады,  Жоғалар 

сөйтіп адамдық» («Еріншек»).  «Мен жетелеп өлемін, Өрге 

қарай  қазақты,  Өлсем  де  ойын  бөлемін,  Сөзбен  салып 

азапты»  («Сынатарсың  өзіңді»).  «Жүрегі  таза  адамдар, 

Зұлымдықтан амандар, Қиянатсыз надандар Əулиеден кем 

емес» («Ескіден қалған сөз теріп»). «Жер жүзі жабылғанда 

ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа. «Анау – 

қу, мынау – пысық, мен – батыр» - деп, Айналды бірін-бірі 

құрытпаққа» («Қазақ»). «Жастарға» өлеңінде «Ақылды сол 

–  нысап  пен  ар  сақтайды,  Арсыз  сол  –  арамдықпен  жан 

сақтайды.  Адал  сол  –  таза  еңбекпен  күнін  көріп,  Жаны 

үшін  адамшылық  ар  сақтайды...Ар  қайда?  Рахым  қайда? 

Əдеп  қайда?  Быт-шыт  боп  неге  жүрміз  əрбір  сайда?  Көз 


 

25

 

жұмып,  «Көппен  көрген  ұлы  той»  деп,  Береді  бұл 

надандық  кімне  пайда?»  дейді.  «Адамдық  борышың» 

өлеңінде  «Адамдық  борышың,  -  Халқыңа  еңбек  қыл  Ақ 

жолдан  айнымай,  Ар  сақта,  соны  біл.  Талаптан  да  білім 

мен  өнер  үйрен,  Білімсіз,  Өнерсіз  Болады  ақыл  тұл» 

халыққа адал қызмет етуге ой салып, арлы да намысы биік 

жаңа  ұрпақ  елін  еркіндікке  жеткізетінен  сенеді.  Ал  «Қош, 

жұртым» өлеңінде лирикалық кейіпкер халқының өткеніне 

көз жүгіртіп, бүгініне үңіледі.  

Патшаның 

тақтан 


құлағанын 

айтып, 


елінің 

болашақта тəуелсіз өмір сүретінен үміттенеді. 1917 жылғы 

Ақпан, Қазан төңкерістерін шынайы қуанышпен жырлады. 

Бұған «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» 

өлеңдері  дəлел.  Алайда  гуманист  ақын  үміті  ақталмады. 

Ақын большевиктердің адамгершілікке жат саясатын ашық 

айыптады.  «Бостандыққа  елім  қана  алмай,  Əділет  жолын 

таба  алмай,  Басшыға  айтқан  мұңдары,  Есепке  жатыр 

саналмай» деп жырлады. 

Ақынның  «Өкінішті  өмір»  («Арам  безден  арылып 

əділ  жүрсең,  Ақ  жаратқан  құдайың  жек  көре  ме?»),  «Жан 

менен дене һəм көңіл», «Тойымсыз нəпсі, тұрақсыз дүние», 

«Шаранамен  туып  едің»,  «Адамнан  артық  жəндік 

жаралмаған»,  «Тумақ,  өлмек  –  тағдырдың  шын  қазасы», 

«Ақыл  деген  өлшеусіз  бір  жарық  нұр»,  «Ғайсадай  жан 

теретін  таңның  желі»,  «Адам  немене?»,  «Тау  басындағы 

ой»,  «Күннен  неге  түсіп  тұр  мұнша  жарық»,  «Бұл  кездегі 

діндердің  бəрі  нашар»,  «Ұждандыны  мақтайды  тамам 

адам»,  «Тіршілік, жан  туралы»,  «Иманым»,  «Əлемді түгел 

мен  көріп»,  «Шыннан  өзге  құдай  жоқ»,  «Дін»  өзге  де 

философиялық  лирикасының  да  мазмұны  терең.  Өлеңдері 

имандылыққа негізделіп, адам жанының арлылығы, ұждан 

тазалығын  асқақ  тұтуымен  құнды.  «Адамның  айуаннан 

айласы мол, Қит етсе қиянатқа қояды қол. Мейірім, ынсап, 

ақ  пейіл,  адал  еңбек,  Бұл  төртеуін  кім  қылса,  шын  адам 


 

26

 

сол» («Адамнан артық жəндік жаралмаған»). «Тамам адам 

періште бомай тұрып, «Ал, түзелші» дегенге ешкім көнбес. 

Айла,  күш,  -  айуандықтың  ең  жаманы,  Боқты  боқпен 

жуғанмен  ел  түзелмес,  Ар  түзейтін  бір  ғылым  табылмаса, 

Зұлымдықты  жалғанда  əділ  жеңбес»  («Адам  немене?»). 

«Адамның  адал  ұлы  болам  десең,  Алдыменен  өзіңнің 

нəпсіңді  жең»  («Серігім  жалғыз  Əупіш  қасымдағы»). 

«Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бəрі - өз халқың» 

(«Анадан  алғаш  туғанда»).  Міне,  ойшыл  ақын  «Шын 

мұсылман  болайын  деп  ойласаң,  Құдайға  құл  болудың 

мəнісін  біл»,  «Құдай  таза  жаратты  сен  таза  бол,  Ұқсаң 

анық  айттым  ғой  бұл  тура  жол»  деген  имани  қасиеттерді, 

адамзаттық  гуманизмді  дəріптейді.  Ал,  «Мен  жетпіс  екі 

жасқа  келгенше»  деп  басталатын  қара  сөзбен  жазылған 

философиялық  ой-толғанысында  «Адам  өмірін  қалай 

түзеуге  болады?  Адам  қайткенде  тату  тұра  алады?  Ойлы, 

саналы  адамдардың  ғасырлар  бойы  миын  тыныштатпай, 

өмірін  сарп  еткен,  əлі  де  сан  адамдардың  арын  қозғап, 

ойларын  тыныштатпайтын  осы  сұрақтар»  дей  келіп, 

«Бізше,  адам  өмірін  түзеуге,  барлық  адамдар  тату  тұруға 

негізгісі  –  адал  еңбек,  ақ  жүрек,  арлы  ақыл  болуға  керек, 

Дүниеде  бұл  үшеуі  үстем  болмай,  адам  баласына 

тыныштық  өмір  сүруге  мүмкіндік  жоқ»  деген  көзқарасын 

білдіреді.  «Ар  білімі»  деген  білім  оқытылуға  керек»  деп 

адамзаттық гуманизмді ұлы мұрат етіп қояды. 

Шəкəрім 

қазақтың 

жаңа 

сипаттағы 



жазба 

əдебиетінде жаңа жанрлық түрлердің орнығуына, дамуына 

үлес  қосқан  классик  ақын.  Бұл  ретте  реалистік  үлгідегі 

поэма  жанрындағы  жемісті  ізденістерін  ерекше  атап 

көрсетеміз. 

«Қалқаман-Мамыр», 

«Еңілік-Кебек», 

«Нартайлақ-Айсұлу»  поэмаларына  тарихи  дерек  пен 

көркемдік  шешімнің  үйлесіп  жатуы  жəне  жек  адам  мен 

қоғам  арасындағы  қайшылықты  биік  деңгейде  ашып 

көрсету тəн. Əр поэмасының мазмұндық желісі, көркемдік 


 

27

 

шешімі,  образдар  сомдауы  тарихи  оқиға  өткен  кезеңнің 

шындығымен түйінделіп отырады. 

Ақынның  «Айқап»,  «Қазақ»,  «Таң»,  «Абай»  сынды  газет-

журналдарда  жарық  көрген  «Жазу  мəселесі»,  «Би  һəм 

билік  туралы»,  «Ұлтшылдық  туралы»  философиялық  ой-

толғамдары, мақалаларының да саяси-əлеуметтік мəні зор. 

 

Дəріс



 бойынша сұрақтар: 

1)

 



Ағартушы-демократтық бағыттың дамуы. 

2)

 



Шəкəрімнің қазақ прозасына қосқан үлесі. 

3)

 



Ақынның поэзиясы. 

4)

 



«Жастарға» өлеңін талдау. 

5)

 



Шəкəрім поэмалары. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Негізгі

 əдебиеттер тізімі 

1. Əбдіғазиев Б. Асыл арна. - Алматы, 1992. 

2. Базарбаев М. Замана тудырған əдебиет. - Алматы, 1994. 

3.  Жаксылыков  А.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной 

содержательностью 

в 

произведениях 



казахской 

литературы. - Алматы, 1999.  

4.  20-30  жылдардағы  қазақ  əдебиеті.  1-кітап.  -  Алматы, 

1997.  


Қосымша

 əдебиеттер тізімі: 

1. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, 

жанр, стиль (начало ХХ века и современность). - Алматы, 

1998. 


2. Сəтбаева Ш. Ш.Құдайбердиев. - Алматы, 1993.  

3. Шəкəрім. Энциклопедия. - Семей, 2008. 

4. Шəкəрім. Шығармалары. - Алматы, 1988.                                          

 

 



 

 

28

 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет