2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,71 Mb.
#952
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақыт ШӘРӘпи

Қой  жылғы қой туралы жазба



Айдөш қойдың етін сатып тұр. Біреу келіп:

- Ет қаншадан?

- 2-ақ мың теңге, ала ғой! Өзім баққан мал!

- Не беріп бағып едің?

- Тәтті, дәмдінің бәрін жеді! Бал бердім, 

қаймақ бердім, ауыздан жырып осыны бақтым. 

Тіпті, Атыраудан қара уылдырық алғызып 

бердім. Еті деген балдай! Ала ғой!?

- Негізі мен салық инспекциясынан едім. 

Жұрт айлығына әрең күнелтіп жүргенде, Сіз 

бал, қаймақ, уылдырықты қандай табысыңызға 

алдыңыз?

- Оу, шырағым, міне, саған он келісі, тегін 

бердім, ала ғой. Мені шырылдата көрме?!

Он келісін тегін арқалап анау кетеді де, 

басқасы келеді.

- Ет қаншадан?

- 2-ақ мың теңге, өзім баққан мал...

- Не беріп бағып едіңіз?

- Не болса соны жеді! Өзіміз әрең күн көріп отырғанда 

Бір  топ  студенттер  жиналып,  Жаңа  жылды  аудан 

орталығының  мәдениет  үйінде  қарсы  алмақпыз. 

Студенттік  жылдардың  соңғы  курсы  есте  қалсын  деп 

біздің  группаның  ұйымдастырған  «Жасыл  шырша 

шоуын» есте қаларлықтай  етіп дайындадық. 

Аяз ата – Асқар, ал  Ақшақар Асқардың жақында ғана 

сезімін  білдірген  ғашығы  -  Ақсезім.  «Шынайы  өмірде 

де, ертегі елінде де бірге жүріп, жұптары жазылмасын» 

деген ниетпен бұл екеуін басты кейіпкерлікке староста 

сайлаған еді. 

Бар жауапкершілік Аяз ата мен Ақшақарға артылды. 

Кештің  қызықты  өтуі,  түрлі  ойын-сауық  жүргізумен 

қатар,  балаларға  арнап  сый-сияпат  беру  «екі  жастың» 

атқарар ең жауапты қызметі. Сонымен қатар, Аяз атаға 

түрлі  нақыл  сөздерді  жаттауды  тапсырдық.  Ақшақар 

онсыз да өнерлі қыз. Би-билеп, ән салудан алдына жан 

салмайтын. Сөзшең Саян жүргізуші болмақ. қалған 12 

студент  -  12  жылдың  атауымен  киінді.  Жаңа  жылдық 

кешті сағат тілі 12-ге жарты сағат қалғанда аяқтап, осы 

елді-мекеннің шетінде тұратын группаласымыздың үйіне 

мерекелік дастарханға баруымыз қажет.

 

31-ші  желтоқсан  күні  түс  ауа  мәдениет 



үйіне жиналдық. Аяз атамыздың есі кіресілі-шығасылы. 

Ащы  судан  татып  алып  көрмесе  де,  сезімге  бой 

алдырғандықтан  мастың  күйін  кешіп,  толқып  жүр.  Екі 

көзі жәудіреп, Ақшақардың қыр соңынан қалмайды.

Кеш сценариі бойынша сахна шымылдығы ашылған 

соң, 12 студенттен құралған жыл-жануары төрге шығып, 

ауылдықтардың  жаңа  жылға  сай  киініп  келгендерімен 

бірге би билейді. Сосын ауылдықтарға сөз кезегі беріліп, 

Аяз ата мен Ақшақар ортаға шақырылады. Жаңа мереке 

ерекше  өту  үшін,  Аяз  ата  мен  Ақшақар  бірден  ортада 

қалмай,  сахна  шымылдығының  бір  басынан  шығып, 

екінші жағына өтіп кетуі керек. Араға екі-үш минөт салып 

барып, қайта шығып, жиналған қауыммен қауышады. 

Сағат  тілі  кешкі  8-ді  көрсеткенде,  шымылдық 

ашылып, жүргізуші  Саян ортаға шығып, кешті бастап 

та  кетті.  Жыл-жануарлары  да  өз  өнерін  ортаға  салып, 

ауыл  адамдарымен  бірге  кештің  көркін  қыздырып, 

әсем  шыршаны  шыр  айнала  биледі.  Келесі  кезекте 

сахна төріне Аяз ата мен Ақшақарды шақыра бастадық. 

Келісілген  шарт  бойынша  олар  сахнада  жұртқа  қол 

көтерген  күйі  арғы  бетке  өтіп,  шымылдықтың  келесі 

жағынан қайтадан бері өтуі керек болатын. Аяз ата  мен 

Ақшақар сахнаның келесі бетіне ел қошаметіне бөленген 

күйі өте шықты. Бірақ кері қайтпады. Біз қайта дауыстап 

шақыра бастадық.

-Аяз ата, Ақшақар!  

- Аяз ата, Ақшақар!  

- Аяз ата, Ақшақар... 

Шымылдық  қыбыр  ете  қоймады.  Асқар  мен 

Ақсезімді  ертіп  келуге  қой-костюміндегі  қарлығашты 

жібердік. Ол да ұшты-күйлі жоқ. Оның соңынан барыс 

пен тышқан кетті. Олардың да кеткеніне біршама уақыт 

өткен  соң,  Саян  әзіл-әңгіме  айтып,  жұрттың  көңілін 

аулай бастады. Ең сорақысы кештің мәтіндері жазылған 

папка мен сый толы қапшық Аяз атаның қолында кетті. 

Аяқ  астынан  біріміз  ән  айтып,  біріміз  би  билеп  шыға 

келдік. Кештің бас кейіпкерлерінің соңынан кеткен үшеу 

ешкімді  таппай  келді.  Сонымен,  табан  астында  басқа 

Аяз  ата  іздедік.  қандай  жаңа  жыл  сыйлықсыз  өтуші 

еді?! Асқардың қап толы сыйлығынан қайран жоқ.  Не 

істерімізді білмей тұрғанда тығырықтан Тышқан-Тамара 

құтқарды. Өзінің кеше ғана әжесі тоқып берген желеткісін 

тақпақ  айтқан  балаға  тарту  етіп  жібергені.  Одан  кейін 

қыздар мен ұлдардың жаңалау деген шарфтары, бас киімі, 

қолғаптан бастап, десорамалға дейін құрбандыққа түгел 

кетті.  Шаршап-шалдығып,  сағат  тілі  12-ге  таяған  тұста 

шымылдықтың арғы жағынан Аяз ата мен Ақшақардың 

сұлбасы жылт етті. Сөйтсек, екі ғашығымыз сахнадағы 

міндетін ұмытып, өздері көше кезіп, махаббат керуенімен 

кетіпті... 

Ғашықтық не істетпейді десеңізші?! Ертесі күні ес 

түстен  айырылған  ләйлі  мен  мәжнүннің  беташарында 

отырдық.

Тосын хаттар



Жаңа жыл мерекесіне орай кім-

кімге болсын тосын сый даярлап, 

ыстық ықыласын білідіріп қана қоймай, 

көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тосын тілек 

жолдайтындар да баршылық. Сондай бір 

қызықты да, езуге күлкі үйірер хаттар 

легін ұсынып отырмын. 

Әне-міне дегенше, Жаңа жыл есік 

қақты. Ал сіз қаражаттан тапшылық 

көріп отырсыз. Мұндай сәтте де 

қиындықтан шығар жол бар екен. 

«Ақшақар, Жаңа жылыңмен! 

Есіңде ме екеуміз алғаш танысқанда 

Ақшақардай әсем едің ғой. Әлі де сондай 

кереметсің! 

 Қарызға ақша берші...»,- дейді екен 

бәз бір жігіттер.

Ал мына хат 31 желтоқсан күні 

түнгі жұмысқа түсіп қалған келіншегіне 

күйеуінің жолдаған жазбасы.

«Жан-жарым, Жаңа жылыңмен! 

Шай құйып едім – күйіп қалдым. 

Балаларды ойнатамын деп жылатып 

қойдым. Ыдыс жумақ болып едім, 

сындырып тындым. Енді сенсіз 

дәретханаға кіруге қорқып отырмын, 

пәленбай ақшаға жақында ғана 

жөндетіп едік, обал ғой... Қазір газға 

ас жылытқалы отырмын. Не менсіз, 

не үйсіз қалмайын десең ертерек кел, 

күнім!... »

Ал , кейбір жігіттер жаңа жылда 

сүйіктісіне өз сезімін жаңаша жеткізуді 

ойлап тауыпты: «Жаңа жылыңмен, 

жаным! Менің балапандарымның 

болашақ анасы болшы! Тумбочканың 

астындағы носкилерімді жуа салшы

а?!»

Ал мына тілек-хатты кез-келген 

кісіге жолдауға лайық екен. 

 «Үйлеріңізге  Бақыт пен 

Жұбанышты жұмсадым. Сіз мен 

жіберген осы қос Қуанышты күтіп 

алған соң, Мақсатқа қарай беттеңіз. Ол 

сізді Жақсылыққа жеткізіп тастайды. 

Шыршаны шыр айнала жүріп, бәріңіз 

қосылып, Айнұрындай Ақсәуледен 

құралатын Баянды ғұмыр кешіңіздер! 

Жаңа жылдарыңызбен!»

бұған не береміз? Қалған құтқанды жеді, Сәләркі ішіп, қағаз 

жеді...

- Мен негізі санэпидемстанциядан едім.

- Ойбай шырағым, мә бес келі! Тек, мені 

шырылдата көрмеші!?

Бес келісін арқалап ол кетеді. Тағы біреу келеді.

- Ет қаншадан?

- 2-ақ мың, өзім баққан мал еді...

- Не беріп бақтыңыз?

- Өй, білмеймін, ақшасын қолына беріп жіберем, 

өзі «Қағанаттан» тамақтанып келетін!

асқар НайМаНТаЕв

Бетті дайындаған 

Құралай СЕйСЕНБЕКҚыЗы

спорт

9

   //    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7  ҚАңТАр 2015 Жыл   //



мен туған Жерімнің 

Жанкүйерімін

-    Әңгімемізді  елге  деген  сағыныштан 

бастасақ...

-    қаламыз  көркейіп,  ажары  арта  түсіпті. 

Елге  келіп,  ағайын  туыстардың  барлығын 

көріп, қуанып жатырмын. мен елден кеткелі 

де екі жылдай уақыт өтті. Астанада бір жарым 

жылдай президенттің спорт клубында да қызмет 

еттім.  лондонда оқыдым. Шетелден келгенім 

кеше ғана. Ел жұртым да мені сағынышпен, 

құрметпен қарсы алып жатыр. 

-  Қазіргі уақытта қандай мамандықта 

оқып жатсыз, алдағы мақсатыңыз қандай?

-    мен  өзім  жүрген  жердің  барлығында 

айтып  жүрем,  адам  өмірге  келгеннен  кейін 

жақсы із қалдыру керек, жақсы іс істеуі керек. 

Адам алдына мақсат қойса, өмірінде мағына 

болады. Әрбір істі ойланып істеген жөн. Әкем 

марқұм көзі тірі кезінде ертең өсіп-өніп жатсаң, 

міндетті түрде оқу керек деп ылғи айтатын. 

Білiм деген ешқашан артық болмайды. менің 

оқуға түсуімнің өзі алты-жеті жылдық ойда 

жүрген мақсатым болатын. Экономика және 

менеджмент саласына жақынмын. Сол себепті 

осы мамандықты таңдаған болатынмын.

-  Бұл оқуыңыз енді қашан тәмaмдалады?

-  қазіргі таңда мен тіл оқып жатырмын. 

Сегіз жарым ай тіл оқимын. Әрі қарай тағы бір 

жылдық магистратурасы бар.  



-  Шетелдің студенті ретінде ол жақтың 

мәдениетіне, спортына қандай пікір айта-

сыз?

-  Әрине, шетелде тұрып жатқан соң салы-

стырмалы ой болады. Ол жақтың мәдениеті де, 

спорты да, басқа салалары да жақсы дамыған. 

Дегенмен, ол жақтың өмірі қаншалықты жақсы 

болса да, өз туған еліңнің мәдениетіне, салт-

дәстүріне  жетпейді.  Салыстырмалы  түрде 

айтқанның өзінде біздің мәдениетіміз әлдеқайда 

жоғары. Бір сөзбен айтқанда қазақтың ұлттық 

құндылықтарына лондон тұрмақ, басқа да елді 

мекендер ілесе алмайды. Ол жақта тек ғасырлар 

бойы қалыптасқан білім жүйесі ғана ерекше деп 

айтуға болады. Біз өкінішке орай ол жағынан 

қаншама соғыстар мен тарихи өзгерістерден 

кейін ол бағытқа енді ғана ұмтылған жайымыз 

Бақтияр АрТАЕв,

Олимпиада ойындарының жеңімпазы, «Баркер» кубогінің иегері, Тараз қаласының Құрметті азаматы:

бар.  Дегенмен,  әр  елдің  өз  мәселесі  бар.  Ол 

жақтың басты мәселесі -  экономика. 

-  Ата - бабаларымыздың аяғы баспаған 

жерде жүріп, елге деген сағынышты қалай 

басасыз?

-  Бұрында лондон деген бір ұшы-қиыры жоқ 

алыста орналасқан қала ұқсап көрінетін. Кәзір 

қарап тұрсақ  ұшақпен алты-ақ сағаттық жол 

екен. Сондықтан сағыныш қысқан сәттерде елге 

қарай аттың басын тартып кетемін. Ал оқудан қол 

босамай жатса, елімнің әндерін, күйлерін тыңдап 

сағынышымды  тарқатып  аламын.    Сонымен 

қатар, еліміз бен жеріміз туралы, әсіресе туған 

қалам Тараз туралы жаңалықтарды ғаламтор 

арқылы көріп, біліп отырамын.  Ел жаңалықтары 

мен болып жатқан өзгерістердің бір де бірін 

қалыс қалдырмаймын. 

-    Ал  қазақтың  қайсар  ұлы  Бақтияр 

Артаевтың өмірлік ұстанымы қандай?

-  Әрбір азаматтың намысын да, мақсатын 

да өз биігінде сақтап қалатын өмірлік ұстаным 

ғана.  мен  спортта  жүрген  кезімде  шегінуді 

білмейтінмін. Тек қана алға қарай ұмтылуды 

әдетке айналдырдым. қазіргі уақытта да сол 

қасиет өмірлік ұстанымыма айналды.

-    Бүгінгі  таңда  өздеріңіз  жүріп  кеткен 

спорттың сүрлеу жолындағы тараздық жас 

боксшылардың  жетістіктеріне не айтасыз?

-  Жақында ғана тараздық спортшылар бокс 

федерациясының  жүлдесін  жеңіп  алды.  Сол 

жеңістің жолында өзіміз бес жылдай тер төккен 

едік кезінде. Спортта  Тараз намысын абырой-

мен арқалап жүрген барлық бауырларымды осы 

жеңісімен құттықтаймын! Енді оларға олимпиа-

да шыңдарын бағындыруды тілеймін! Жамбыл 

өңірі қашан да олимпиада жеңімпаздарын үзбей 

беріп отырған. Сол жолды олар да жалғастырады 

деп сенемін.

-  Олимпиада ойыншыларының он жылдығы 



да таяп қалды. Сіздің ойыңызша, осы мерейлі 

сәт қандай деңгейде аталып өтілуі тиіс?

-    Негізінде  көп  нәрселер  өңірдің  спорт 

басшылығына байланысты ғой.  Ал осы орайлы 

сәттің қарсаңында менің атымнан, не болмаса 

бапкерімнің атынан жас боксшылар арасында 

бір байқау өткізілсе деген жеке ой ұсынысым 

бар.  Бір  жағынан  мен  қатысқан  олимпиада 

ойынының  он  жылдығын  жастар  сезінеді. 

Соның өзі мен үшін үлкен сый болар еді. Егер 

ол ойым жүзеге аспай қалса да ешкімге ренжи 

алмаймын. Ең бастысы ел аузында. Барған жерде 

көргендер он жылдықпен  құттықтап жатыр.  

Жақын арада лондонға қайтып кетемін. Әйтпесе 

өз қаражатыма үлкен іс-шара өткізіп, олимпиада 

жеңімпаздарының барлығын Тараз шаңырағына 

жинауға болар еді. Дегенмен, болашақ алда ғой. 

Бұйыртса ол күн де алыс емес.

-  Елге келген мезетте Тараз қаласының 

Құрметті  азаматы  атағын  беріп,  ата 

жұртыңыз құрмет көрсетіп жатыр. Қандай 

әсердесіз?

-    Жерлестеріме  мың  алғыс.  менің  туған 

топырағым  осы  жер.  қай  түкпірде  жүрсем 

де    жүрегіммен  осы  жердемін.  Осы  елімнің 

қуанышы да, басқасы да мені үнемі толғандырып 

отырады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мен  туған 

елімнің  жанкүйерімін.  Барлық  жетістіктерім 

осы  халықтың  арқасы.  Уақыты  келгенде 

халықтың алдындағы қарызымды да өтермін. 

Тәуелсіздігіміз баянды болып, ел жұртымыз аман 

болсын! Жаңа жылда тек қана жаңа табыстар 

тілеймін!



-  Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нұржан СЕРіКХаНұлы

Намыстылардың тартысты бәсекесі

g

 Облыс орталығында қазақтың қаһарман ұлы Қайрат 



рысқұлбековтың рухына арналған «Шынықсаң шымыр 

боласың» атты республикалық спартакиада өтті.



айсана НұРБап

  «Ордабасы»  деп  аталатын  ұлттық 

ойындардың жалпы аталуы да тегін емес. 

Осы  сөзіміздің  дәлелін  жас  спортшылар 

ойын барысында дәлелдеп берді. Ал атал-

мыш  спартикиадаға  республика  бойынша 

алты команда қатысып, бақ сынасты. Атап 

айтқанда,  Алматы,  қарағанды,  Жамбыл 

өңірлерімен қоса Алматы қаласы мен Та-

раз шаһарының жасөспірімдері жеңіс жо-

лында  жанталасып,  өз  шеберліктерімен 

ерекшеленіп  бақты.  Жерлестер  арасынан 

екі  команда  жарысқа  қатысқан  болатын.  

Барлық  ойыншылар  жас  ерекшеліктеріне 

қарай үш топқа бөлінді. Бірінші топқа сегіз 

жасқа дейінгі бүлдіршіндер топтасса, екінші 

топқа 9-11 жастағылар, ал 12-14 жастағылар 

үшінші  топқа  жіктелді.  Ойын  барысында 

ұйымдастырылған баспасөз конференция-

да  «Ордабасы» республикалық қоғамдық 

бірлестігінің  басшысы  руслан  Исмазов 

спартакиаданың мақсат-міндеттерімен жіті 

таныстырып  өтті.  Оның  айтуынша,  «Ор-

дабасы»  командалық  ойындары  өскелең 

ұрпақты  көне  салтымыздан  келе  жатқан 

жекпе-жек өнерін меңгеріп, жастардың бой-

ына ұлттық ұстанымдарды, елі мен жерін 

қорғауға деген жігер қайратын жетілдіруге 

барынша  септігін  тигізеді  екен.  Сонымен 

қатар, төзімділіктің де тәрбие құралы дейді 

жарысты  ұйымдастырушылар.  Ойынның 

ережесі бойынша әрбір команда шығыстық 

үлгідегі жекпе-жек түрінде өз шеңберіндегі 

туды қорғауға тиіс. Ал қарсы топтың ойын-

шылары өз туларын қорғаумен қатар, өзге 

командалардың ортасында желбіреп тұрған 

жеңіс  туын  тартып  алып,  өз  үлестеріне 

иемденуі тиіс. 

Бұл ойынға ОІІД мамандары да ерекше 

қызығушылық  танытқан  көрінеді.  Соған 

қарағанда,  алдағы  уақытта  «Ордабасы»                

ойындарынан жергілікті тәртіп сақшыларын 

да  көріп  қалуымыз  ғажап  емес.  расында, 

ұйымдаса  әрекет  ету  мен  ортақ  мүддені 

қорғауға итермелейтін бұл ойын түрі жас 

спортшылардың да, олардың жанкүйерлерінің 

де көңілінен шықты деп айтуымызға толықтай 

негіз  бар.  Ал  аталмыш  спартакиаданың 

қорытындысы бойынша жерлес командалар 

жеңіс  тұғырынан  көрінді.  Атап  айтқанда,                

Тараз  қаласы  1-орын,  Жамбыл  облысы 

2-орын, қарағанды өңірінің спортшылары 

3-орынды тақымға басты. Жеңіс туын қолдан 

бермеген жерлестеріміз елдің туын да ешкімге 

үлестіре қоймайтындығына сеніміміз мол.


орта

10

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236),  7 қАңТАр 2015 Жыл 



арсен БайЗаҚ

ОІІД қызметкерлері халықтан тіркелмеген 

қару, ату жарақтарын және жарылғыш заттарды 

сатып алу бойынша  6 айға созылған  акцияны 

аяқтап, қорытындысын шығарды.

Есепті мерзімде ОІІД-не 371 бірлік қару 

өткізілген. Соның ішінде 67 бірлік иір ойықты, 

303 тегіс оқпанды және 1 бірлік травматикалық 

қару, 7 граната және 0,8 кг жарылғыш заттар 

тапсырылған. Азаматтарға тапсырылған қару 

үшін 14 млн.756 мың теңге төленді.

Енді, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

2016 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде 

осы санаттағы қаруларды ұстауға және сақтауға 

қажетті рұқсаты бар жеке тұлғалардың  оқ 

дәрімен атылатын оқпансыз, травматикалық 

әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды 

қаруды ерікті түрде өткізуі жалғасады. Иесіне 

ішкі істер органдары сақтауға және ұстауға 

рұқсат берген қару тіркелген деп есептелінеді. 

Дегенмен, полицейлер заңды негізде өзіне 

тиесілі қаруды ақшалай сыйақыға өткізуге 

ниет білдірген азамат ішкі істер органдарына 

қару тіркелу орны бойынша хабарласып, келесі 

құжаттарды ұсына алады:

1) қаруды ерікті түрде өткізу жөнінде өтініш;

2) қаруды ұстауға  және сақтауға құқық 

беретін құжаттың түпнұсқасы;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың 

көшірмесі;

4) жеке банк операцияларының түрлерін 

жүзеге асыратын банктер және (немесе)меке-

мелерде ашылған банк есебінің нөмірі туралы 

мәліметтер;

5) сенімхат, егер өтініштер мен қажетті 

құжаттарды қару иесінің өкілі берсе.

Егер қару иесі қаруды тіркеу (қайта тіркеу) 

тұрғындар белсенділік танытуда

 

„



Өткен жылы 

тұрғындар тапсырған 

қару-жарақтарға 

құзырлы сала 

қызметкерлері  14 млн. 

тәртібін  немесе  оны  есепке  алу  тәртібін 

бұзса, қр Әкімшілік құқық бұзушылықтар 

туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте 

әкімшілік айыппұл  төлегені туралы түбіртек 

беріледі. Азаматтар тапсырған қару қр Ішкі 

істер министрлігінің «қылмыстық қару» және 

«Тіркелген қару» мәліметтер базасы бойынша 

тексеріледі. Оқ дәрімен атылатын оқпансыз, 

травматикалық әсері бар патрондармен ату 

мүмкіндігі  бар газды қаруды ерікті түрде өткізген 

азаматтар 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 

жылдың 1 қаңтарына дейін  ақшалай сыйақы 

алады.


Тапсырылған қару үшін азаматтарға сыйақы 

белгілеу туралы мәселені комиссия шешеді. Ко-

миссия бір айдың ішінде тапсырылған қарудың 

техникалық жағдайын, сондай-ақ оны ерікті түрде 

өткізгені үшін сыйақы (40 500 теңгеден 253 890 

теңгеге дейін) мөлшерін анықтайды. 2015 жылы 

осы мақсатқа республикалық бюджеттен 45 мил-

лион 128 мың теңге  сомасындағы қаржы  бөлініп 

отыр екен. Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қаңтарына 

дейінгі мерзімде тіркелмеген қаруды ерікті түрде 

өткізетін жеке тұлғалардан  қабылдау жүзеге асы-

рылады. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

оқ дәрімен атылатын оқпансыз, травматикалық 

әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі  бар газ-

ды қаруды сақтағаны және пайдаланғаны үшін 

қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Оны, 

әрине, ескерген жөн.

арақты таста! Жаңа өмір баста! «алкатекактив»

Заманауи жоба! алкогольге тәуелділікке қарсы әсер ететін химиялық емес аса қуатты формула! алкогольге 

құштарлықтың әлсіреуі, алкогольден толықтай арылу!

«алкатекактив» 

– бұл:

- алкогольге тәуелділіктен 

арылтатын табиғи кешен;

- алкогольге құмарлықты 

өзгертетін табиғи құрам;

- жүрек-қан тамырлары, жүйке, 

ас қорыту жүйелері мен бауырдың 

ферменттік жүйесіне табиғи әсер 

ету формуласы.

мен – ерекше, кәсіпқой әрі күшті шипа беруші, 

сонымен  қатар,  ешқандай  да  жоғары  білімсіз, 

дипломсыз  наркологпын!  Бұлай  деуімнің  себебі  – 

маскүнем  күйеумен  он  жылдық  отбасылық  өмір 

тәжірибем бар және қол жеткізген нәтижем барлық 

медициналық  дипломдардан  артық.  мен  күйеуімді 

арақтан бір жылдың ішінде ажыратып алдым.

Бұрын күйеуім үнемі ішетін, екі-үш аптаға дейін 

тоқтамай  салынып  ішетін  кездері  болған.  Үйдегі 

бес  жасар  қызым  Катя  екеуміз  үшін  бұл  тозақтан 

бетер  еді.  Күйеуім  ылғи  ұрыс,  төбелес  шығаратын, 

бағалы  заттарды,  видеотехниканы,  киімдерді,  басқа 

да бұйымдарды араққа сатып жіберетін. Бірде, тіпті 

маған балта ала жүгірген кезі бар. Абырой болғанда, 

көршілер таяу маңнан табылып, көмектесті.

Күйеуім  кейде  салынып  ішуін  доғаратын. 

мұндайда ол сауығып, бірақ солғын тартып жүреді, 

өкінеді. «Үлгілі отағасы» кезеңі басталады.

Ол  жұмысқа  тұрды,  бала  тәрбиесіне  қарайтын 

болды. Ал кейін бұрынғы қылығын қайта бастады...

Бірде  мен  өзіме:  «Жетер!  Біздің  отбасымызда 

енді  маскүнемдікке  жол  жоқ!»  –  дедім.  Өйткені 

әбден  мезі  болған  едім,  бұл  тозақтан  құтылу  үшін 

барлығын  жасап  баққанмын.  Күйеуім  «кодталды», 

наркологиялық диспансерде де, биотокпен де емделді. 

Олардан әсер болды, бірақ ұзаққа созылмайтын.

қысқасы,  алдыңғы  жылы  мен  маскүнемдікке 

ұшырап,  оның  тығырығынан  құтылған  адамдардың 

нақты  тәжірибелерін  зерттеуге  кірістім.  мен 

халықтық  тәсілдерге  назар  аудардым,  арақты 

тастаған  адамдарға  телефон  шалдым,  хат  жаздым, 

олармен кездестім. Ақырында маған маскүнемдікпен 

күресте  көмектесетін  ескі  халықтық  ем  негізінде 

жасалған  жаңа,  заманауи  құрал  жөнінде  жұрт 

аузынан естігенім жәрдем берді. Бұл құрал ғасырлар 

бойы қолданылу тәжірибесінен өткен екен.

менің 


отбасылық 

жағдайым  күні  кешеге 

дейін  өте  қиын  болды. 

Өйткені  күйеуім  күнде 

ішіп  алатын.  Арақ  тұрған 

жерде  береке  болушы  ма 

еді? Күнде айқай, ұрыс пен 

жанжал,  кейде  өз  үйіме 

өзім  сыймай  қиналатын 

кездерім көп болғанын жасырмаймын. Ал ақылын 

алкоголь жеңген күйеуім біздің жанымызға бататын 

ауыр  сөздер  айтып,  қол  көтеретін.  Балаларға  да 

қол жұмсағанда араша түсе алмағаныма қиналып, 

өзімді кінәлі сезінуші едім. 

Отбасылық  береке  мен  үйдегі  тыныштықты 

аңсап, арақтан құтқаратын амал іздеп жүргенімде, 

бірнеше рет «АлкАтекАктив» жайлы жақсы пікір 

естідім. Сосын оның көрме-сатылымына қатысып 

көруге бел будым. 

Бұл  жерге  менімен  тағдырлас  адамдар  көп 

жиналыпты.  Сонда,  мен  бақыты  үшін  күресіп 

жүрген жалғыз өзім емес екенімді ұқтым.

Ал  6  қорап  «АлкАтекАктив»  алып,  оны 

күйеуіме  2  ай  бойы  күніне  3  реттен  ішкізгеннен 

кейін,  керемет  нәтиже  көре  бастадым:  күйеуім 

арақ  ішуін  азайтты.  Бұрынғыдай  түн  ішінде  бас 

жазатын дос іздеп кетпейді, дүкеннен қарыз сұрап 

ұялтпайды.  Балаларға  да  мейіріммен  қарайтын 

болды.  Отбасымызға  береке  кірейін  деді.  Енді 

«АлкАтекАвтивті» тағы бір ем курсын қабылдасақ 

па деп отырмыз. Ал біз сияқты отбасында берекесі 

қашқан  адамдарға  айтарым,  арақтан  құтқаратын 

амал  бар,  сол  үшін  қамықпаңыздар,  ойланбай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет