2016 жыл, бейсенбі


-тармағына сәйкес, келесі шешімнің жобасын жариялайды



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата15.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#9760
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

7-тармағына сәйкес, келесі шешімнің жобасын жариялайды

Жоба 


бесінші шақырылған тараз қалалық 

мәслихатының

(................. сессия)

ШеШіМі

Тараз қаласы   

 

№ 

                                               2016 жыл

Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу 

қосымша тәртібін бекіту туралы 

 Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт 

жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі 

туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына  

сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу 

туралы қоса тіркелген қосымша тәртібі бекітілсін.

2. 

2014 жылғы 24 желтоқсандағы Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының «Жина-



лыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 

№37-7 шешімінің күші жойылсын. 

3. 

Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар 



құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихаты 

 

           Тараз қалалық            

сессиясының төрағасы                                                 мәслихатының хатшысы

____________________                                                       ____________________

Тараз қалалық мәслихатының

2016 жылғы ..........  №........  шешімімен

бекітілген 

Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, 

мен демонстрацияларды өткізу қосымша тәртібі

1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу жөнінде өтініш 

жергілікті атқарушы органға беріледі.

2.  Жиналыс,  митинг,  шеру,  пикет  немесе  демонстрация  өткізу  туралы  өтініштерді  еңбек 

ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеленген 

топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.

3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің 

белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу 

мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын 

уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің 

сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) 

жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның жергілікті атқарушы органда 

тіркелген күннен бастап есептеледі.  

4. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін 

уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы 

хабарлайды. 

5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу туралы өтініш берген 

кезде осы Қосымша тәртібінің 3 тармағындағы талаптар сақталмаған жағдайда жергілікті атқарушы 

орган жаңадан өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсынған ресми жауап беріледі. 

Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнінен бастап есептеледі.

6. Жергілікті атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық 

қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жа-

сыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған 

жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады. 

7. Жиналыстар мен митингілерді өткізу арнайы орны болып келесі орындар белгіленсін:

1) Балуан Шолақ көшесі, 50 «Б» мекенжайында орналасқан «Мамыр» саябағына іргелес алаң; 

2) Рахимов көшесі, 55 мекенжайында орналасқан қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаң.

8. Шерулер мен демонстрацияларды өткізу арнайы орындар болып келесі маршруттар бекітілсін: 

1) Төле би дағылынан бастап «Мамыр» саябағына дейін Балуан Шолақ көшесі;

2) «Баласағұн» орталық концерт залынан бастап Тұңғыш Президент саябағына дейін Төле би 

даңғылы.

9. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар және оларға қатысушылардың 

сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсаттарға  сәйкес, белгіленген мерзімде және шартта белгіленген 

орында өткізіледі.

10. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер 

(ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

11.  Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар:

1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауға;

2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;

3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар 

тұрғызуға;

4)  жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруге;

5) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына 

қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы 

мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге;

6) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің 

қызметіне кез келген нысанда араласуға;

7) арақ ішкен және есірткі пайдаланған күйінде қатысуға 

рұқсат етпейді.

12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарда спирттік ішімдік ішуге, 

есірткі, психотроптық заттарды және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды; матаға немесе қағазға 

жазылған ұрандарды, кермелерді, басқа да материалдарды (көзбе, аудио/бейне); сонымен қатар қоғамдық 

тәртіп бұзушылыққа, қылмыс жасау мен кім болса да оған тіл тигізіп қорлауға рұқсат етілмейді.

13.  Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және шартта белгіленген 

орында өткізілу керек. 

14.  Пикет өткізу барысында: 

1) пикет өткізу нысаны алдында отыруға, тұруға; 

2) плакат түрінде көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға; 

3) пикет тақырыбына сай қысқа ұрандар, слогандарды айқайлап айтуға  рұқсат етіледі.

15. Пикетті митинг/жиналыс/шеру және т.б. түрде қайта форматтау/жалғастыру үшін жергілікті 

атқарушы органнан белгіленген тәртіпке сәйкес қосымша рұқсат алу талап етіледі.  

16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыруға рұқсат 

беруден бас тарту жағдайында немесе оны өткізуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылданса, 

ұйымдастырушылар/өкілдер барлық дайындық іс-шараларын болдырмау жөнінде және потенциалды 

қатысушыларды тиісінше хабарландыруға міндетті.

17.  Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты 

нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты, қоздыру, республиканың 

конституциялық  құрылысын  күш  қолданып  құлату,  аумақтық  тұтастығына  қол  сұғу,  сондай-ақ  

Конституцияның, Заңдар мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды 

өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, жергілікті атқарушы орган 

бұларды өткізуге тыйым салады.

18.  Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің 

қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қалалық 

қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) жанында, 

денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді. 

19.  Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтардың 

өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, 

шерулер, пикеттер мен демонстрациялар жергілікті атқарушы орган өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз 

тоқтатылуға тиіс. 

20.  Жергілікті атқарушы орган өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы 

бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату 

жөнінде қажетті шаралар қолданады.

21.  Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен 

өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

22.  Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде 

оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы 

үшін Заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс. 

23.  Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-

жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша 

шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.

Жоба 

 тАРАз ҚАлАсыНың ӘкіМдігі

ҚАулы

Тараз қаласы                                         №                                   «__» ________2016 жыл

Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 «2016 жылға қоғамдық 

жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 

жылы 18 қаңтарда №2905 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен 

қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі 

шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген 

«Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін 

қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        1. Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 «2016 жылға қоғамдық 

жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2016 жылы 

18 қаңтарда №2905 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтардағы №3 «Жамбыл - Тараз» газетінде 

жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

2. Қаулымен бекітілген «Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі  мен 



нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру 

көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс» қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

- 3 тармағының 6 бағанындағы 6 саны 12 санына өзгертілсін;

және келесі мазмұңдағы 6-тармағымен толықтырылсын:

         

  

«Барлығы» деген жолда:



 

«792» деген сан «802» санымен өзгертілсін;

 

«756» деген сан «772» санымен өзгертілсін.



        2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 

сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады. 

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы 

Сапаралиевке жүктелсін. 

 

Қала әкімі                                                            

 

Н.КАЛЕНДЕРОВ  

6 «Тараз қаласының 

ішкі істер басқармасы 

Жергілікті полиция 

қызметі»  мемлекеттік 

мекемесі


Бекітілген 

аумақтарына 

санитарлық 

тазалау 


жұмыстарына 

жәрдемдесу

Толық емес 

жұмыс күні 

жағдайында 

және икемді 

кестесі 

бойынша


51274

жергілікті 

бюджет

10

10



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз  2016 Жыл  //

24

байҚау



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

ТИГУ ректораты, Жастар ісі жөніндегі комитеті және «Әйгерім» тәлім-тәрбие орталығының 

ұйымдастыруымен өткен байқауда 14 үміткер бақ сынасты. Сұлулар сайысына Жамбыл облысы 

Кәсіподақтар  орталығының төрағасы Бақыт Сапарбаева қазылар алқасына  төрағалық етіп, 

«Жас Отан» ЖҚ төрағасы Уәлихан Болатбек, Жамбыл облыстық «Ар-Ай»  жастар газетінің 

директор-бас редакторы Гүлнұр Ембердиева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті  

«Шерхантану» ғылыми-зерттеу  орталығының директоры  Қаракөз Тамабаева, Тараз қалалық  

ішкі саясат  бөлімі басшысының орынбасары  Ұлана Сламбекова қазылық жасады. 

Байқау барысында арулар 5 кезең сынағынан өтті. Бірінші «Мен қазақтың қызымын» 

тақырыбында  сәлемдесу рәсімі бойынша  үміткерлер  өзін-өзі таныстырды.  Екінші «Қыз еркем, 

өнерімен көркем» номинациясы бойынша өз өнерін ортаға салып, өнерліге өріс кең екендігін 

дәлелдеп бақты.  Үшінші кезеңде  «Қыз сұлу көрінеді білімімен» айдарында қыздар салт-дәстүр, 

әдет-ғұрыпқа қатысты сауалдарға, сондай-ақ, қазылар алқасының қойған сұрақтарына да жау-

ап берді. Одан кейінгі 4-ші кезеңде «Білектей арқасында өрген бұрым» айдарында шаш өріп, 

үздіктері анықталды.  Соңғы, бесінші кезеңде «Ажарлы, сұлу, ғажап тым» айдары бойынша 

ұлттық нақышта немесе кешкі сән үлгісіне арналған әсем көйлектерін киіп шыққан қыздар, 

тал бойында бір мін жоқ,  құлын мүсіндерін айшықтауға асықты. Сондай-ақ кеш барысында 

бірінен-бірі сымбатты, ақылына көркі сай арулардың арасынан оқ бойы озық жеңімпазды 

анықтау қазылар алқасына оңай тие қоймаса керек-ті. 

Кеш  соңында  үздік  деп  танылған  жеңімпазға  тәж  кигізу    рәсімі  «Үкілі  ару-2015»  

байқауының жеңімпазы, ТарМПИ студенті Нұргүл Зейнебековаға  табысталды. Сайыс соңында 

белгілі болғандай бас жүлдені ТИГУ студенті Әдемі Тілегенова жеңіп алды. 1-орын №13 

Тараз темір жол колледжінің  студенті Қарлығаш Әбуоваға бұйырса, 2-орын   ТИГУ студенті   

Эльмира Болтаеваға бұйырды.  3-ші орынды Жамбыл политехникалық колледжінің студенті 

Ақтоты Жаңабаева мен қордайлық «Береке» колледжінің студенті Әйгерім Қалқажан бөлісті.

Ал жуалылық студент Әсел Нұрлыбек «Көрермендер көзайымы» аталымын иемденді. 

Қырмызы қызыл гүлдейсің.  

   Суреттерді түсірген В.Алсуфьев



 

„

Қалалық мәдениет үйінде жоғары және орта кәсіптік 



оқу орындары қыздарының арасында облыстық                        

«Үкілі ару-2016» сұлулық байқауы өтті. 

Тал бойында 

бір мін жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет