2016 жыл, бейсенбі


педагогикалық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата15.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#9760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

педагогикалық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық 

конференцияға тараздан үш маман қатысып, оның бірі «білім 

беру ісінің үздігі» медалін иеленіп қайтты.                                                                                       

бАҚытыңды 

бАлАңНАН ізде

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қазіргі кезде білім беру саласының барлық бағытында 

жаңаша  көзқарас,  тың  тәжірибелер,  жаңа  жобалар 

қалыптасуда.  Баланы  тиімді  оқыту  жолдарын  бүкіл 

әлем педагогтері күн сайын қарастырып жатыр. Ұрпақ 

тәрбиесімен тікелей айналысатын білім  мекемелерінің 

мамандарына талап күшейіп, межелі міндеттемелер біздің 

елімізде де қуаттанып келеді. Биыл туылғанына 175 жыл 

толып отырған ұлы дала ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 

білім беру тарихында салып кеткен сара жолымен өскелең 

ұрпаққа ұтымды әдістер арқылы  ұлағатты білім нәрін 

беріп  отырған    еліміздің  педагог  мамандары  бүгінде 

үздіксіз ізденіс үстінде. Біздің қаламыздағы ұстаздардың 

да оқталған ісі осал емес екен. Бұған биыл тағы да көзіміз 

жетіп  отыр.  Ресей  астанасында  өткен  халықаралық 

басқосуға Тараз шаһарынан барған үш маман да құр қайтқан 

жоқ. Керісінше, №39 балабақшаның әдіскер мамандары 

Дариға Рамазанова мен Дина Искакова педагогика тарихын-

да тұңғыш рет дидактика жүйесін алып келген чех елінің 

әйгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский атындағы 

арнайы марапатқа ие болса, Тараздағы жалғыз №17  «Ар-

найы туберкулездік» балабақшасының  меңгерушісі Райхан 

Жұмабекова  бала тәрбиесіндегі тиімді жобасын Мәскеудің 

қақ төрінде қазақша оқып, Халықаралық экология және 

инженерия ғылым академиясының №14-ші Қаулысымен 

кәсіби шеберлігі жоғары бағаланып, «Білім беру ісінің 

үздігі» медаліне лайық деп танылды. Маманға бұл мара-

патты Халықаралық ғылыми академияның бас директоры 

Талғат Төремұратов өз қолымен тапсырған. Айта кетсек, 

қаламызда 1986 жылы ашылған №17-балабақша - баланың  

денсаулығын қорғау және толыққанды нығайту, салауатты 

өмір сүру құндылықтарын қалыптастыру, балалардың 

сөйлей білу машықтарын  дамыту  бойынша  жұмысты 

жетілдіру және танымдық, интеллектуалдық қабілеттерін 

дамыту бағытында жұмыс атқарып келе жатқан жалғыз 

тәрбие ошағы. Отыз жылдық тарихы бар бұл балабақшада 

бүгінгі таңда 320 бала тәрбиеленуде. Оларға білім беру-

мен айналысатын 38 педагогтің 33-і жоғары білімді және 

барлық мамандардың 32%-ы жоғары санаттылар. Білім беру 

саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп, күні кеше 

ғана халықаралық педагогика  сарапшыларының тарапы-

нан еңбегі еленген Райхан Жұмабекованың ілкімді істерін  

бүгінгі таңда өзі басқарып отырған ұжым да растап отыр.

- Мен бұл балабақшада 1999 жылдан бері әдіскер болып 

қызмет  жасаймын.  Райхан  Бақбергенқызы  бізге  2013 

жылы меңгеруші болып келген болатын. Жетекшілік, 

ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары. Балабақша игілігі 

үшін өз мүмкіндігін аянған емес. Атап айтсам, ең бірінші 

балабақшадаға қауіпсіздікті күшейтті. Ауланың қоршауы 

биіктетілді, бейнебақылау камералары орнатылды. Және 

балабақша қаладағы күзет қызметінің жүйесіне қосылды. 

Мұндай өзгеріс біздің білім ошағына ауадай қажет бола-

тын. Себебі біз халық тығыз орналасқан «Алатау» мөлтек 

ауданында, жолға жақын орналасқанбыз. Сонымен қатар, 

балабақшаның материалдық техникалық базасы нығайды. 

Шатырымызға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Таяуда балаларға арналған заманауи жиһаздар мен жаңа 

кітаптар алынды. Райхан Бақбергенқызы - шығармашыл 

жан.  Балаларға  ғана  емес,  балабақша  мамандарының 

арасында да түрлі байқаулар ұйымдастырып, біліктілікті 

арттырып тұрады, - дейді маман Айгүл Утеева.

Бұған қоса,  аталмыш білім ошағында бірталай жылдар 

бойы еңбек еткен музыка пәнінің мұғалімі, кәсіподақ 

комитетінің төрағасы Виктория Василевская да Райхан 

Жұмабекованы: «Әрдайым  өзі бірінші алға  батыл қадам 

жасап, ұжымды соңынан ерте білетін жетекші» - дейді. Ал 

ұжымдағы жас мамандар оны өз аналарынан кем көрмейді 

екен.


- Бақытыңды басқадан емес, балаңнан іздеу керек. Мен 

өз еңбек жолымды «Қаракөз» балабақшасынан бастадым. 

Сол жерде 5 жыл еңбек еттім. Бұдан соң Қаратау қаласында 

мектепте және  өзіміздің Орталық Азия университетінде 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі, №49 мектеп-гимназиясында 

тәрбие ісі бойынша меңгеруші қызметтерін атқардым. О 

баста еңбек жолын балабақшадан бастағандықтан, бүгінгі 

таңда саланың қыр-сырын жетік меңгеріп, осы тәрбие 

ошағында еліміздің ұрпағына қызмет етудемін. Бұл – «Ар-

найы туберкулездік» балабақша. Яғни әлеуметтік жағынан 

аз қамтамасыз етілген отбасылар мен ата-аналары тубер-

кулезбен ауыратын балаларға арналған қаламыздағы ең 

алғашқы тәуліктік тәрбие ошағы болып саналады. Қазіргі 

таңда әлеуметтік жағдайы төмен ата-ана баласын ел қатарлы 

балабақшаға орналастыра алмайды. Ол – бір. Екіншіден, 

ата-аналар балабақшаға төлейтін қаражатты уақытысында 

бере алмай жатады. Және жаңа білім жүйесінің талапта-

рына сай бала бірінші сыныпқа барарда оның даярлығы 

бойынша арнайы тест тапсырады. Ал оның ата-анасы 

ауруханада емделіп жатқанда, баланы кім дайындайды? 

Осы мәселені шешу үшін мен Мәскеуде өз балабақшамда 

консультациялық пункт ашып, тым болмағанда «Алатау» 

мөлтек ауданында тұратын науқас ата-аналардың балаларын 

соған қабылдасам деген жоспар ұсындым. Халықаралық 

педагог  әріптестерім  бұл  ұсынысты  жылы  қабылдап, 

жоғары бағалады. Келесі жылдан бастап аталған пунктің 

жұмысын бастауға жан-жақты дайындалып жатырмыз,-

дейді балабақша меңгерушісі Райхан Бақбергенқызы. 

Білікті ұстаз 2009 жылы өзі үлгі тұтар тұлғасы Ыбы-

рай Алтынсарин  жайында жазылған ғылыми жобасын 

елордамыз  Астанада  қорғап,    Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің Құрмет грамотасына да 

ие болыпты. 

Жаңа технологияларды пай-

далану - уақыт талабы

 

„

білім саласында жаңа технологияларды 



пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып-білуге 

және оларды тез қабылдауға мол мүмкіндік 

береді. Әсіресе, мектеп мұғалімдерінің 

жоспарланған сабақтарын тиімді өткізуге 

көмектесіп, оқушының ой өрісінің дамуына, 

зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал 

етеді. Осы мақсатта №25 орта мектепте қала 

мектептері мұғалімдеріне арналған ашық 

сабақ өткізілді. 

Индира БАЙҚОНЫС

Эльмира Кеңесбайқызы басқаратын білім ордасында өткен ашық сабаққа шаһар ұстаздары 

белсене қатысты. Ондағы жиналған ұстаздар алдында қала әкімдігі білім бөлімінің маманы 

Қалдыкүл Сембекова сөз алып, білім беру үрдісінде жаңа технологияларды пайланудың 

маңыздылығына тоқталды.                                                                                                                                     

- Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім 

күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы 

шарт. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше 

жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің 

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі 

әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-  

деді ол. 

Мұнан кейін білім саласында жаңа технологияны пайдаланудың ұтымды тұстары жайында 

аталған мектептің  мұғалімі  Г.Даулетова баяндама оқыса, Э.Исаева, Ж.Құдайбергенова, 

С.Қозыбақова, Н.Мақашевалар ашық сабақтар өткізді.                                                                                                  

Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Сол себепті, 

кішкентай балалардың білімге құштарлығы мен қызығушылығын арттыруда заманауи 

технологияларды қолданудың пайдасы мол екені айтпаса да түсінікті.                                                                                 

Ашық сабақта 2 «А» сыныбының мұғалімі Света Қозыбақова баланың жеке басының 

жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету турасында сөз етті.                                                                                         

- Бастауыш сыныпта технологияларды пайдалана отырып оқытудың негізгі міндеті - 

баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау 

мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Сондықтан заман көшінен қалмай, 

уақыт талабына сай жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз өз жемісін беруде. Үш жылда бір рет 

ұйымдастырылатын ашық сабақтың оқытушыларға берері мол, - дейді ұстаз.                                                                           

Расында, соңғы жылдары педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп 

танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен 

терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық 

шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. 

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға 

даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтер ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр 

баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге 

бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алмақ.

Ұлағат ұясы.  

 Суретті түсірген В. Алсуфьев

Жыл психологі анықталды

 

„

бала жүрегіне жол табатын, баланың 



болашағына сенетін, қабілетін ашып, 

мақсатына жетуге көмектесетін бала 

жанының қолдаушысы, шипагері - психолог 

мамандар.

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық 

орталығында ұйымдастырылған “Педагог-психолог - 2016” атты байқауына облысымыздың 

қосымша білім беру ұйымдарынан ең батыл, ең талантты және ең тапқыр педагог–пси-

хологтары жиналды. Қосымша білім беру ұйымдарында шығармашыл жұмыс істейтін, 

кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи педагог-психологтарды анықтау, қолдау және 

педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында өткізілген бұл байқауға өңірдегі 

аудандық кезеңнен өткен 7 үміткер қатысты. Педагог-психологтар  3 бөлімнен тұратын 

кезеңдер бойынша сынға түсті.Бірінші бөлім- «Тестілеу», екінші бөлім - «Психолог - ғажап 

мамандық», үшінші бөлім - «Тосын жағдаяттар». Конкурстық тапсырмаларды орындау 

барысында психологтар аталған үш бөлім бойынша педагогикалық-психологиялық білімін 

онлайн режиміндегі тест арқылы тексеруге,  кәсіби маман ретінде өзін-өзі таныстыруға, сөйлеу 

мәдениетін, білім алу үдерісіндегі проблемалық тосын жағдаяттарды шешу қабілетін, жалпы 

интеллектуалдық дамуын  көрсетуге бағытталған тапсырмаларды орындады. Байқауда  Жам-

был облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару 

және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі Жұлдыз Ускенбаева, Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтының «Психология және акмеология» кафедрасының аға оқытушысы 

Гүлжан Макашкулова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 

психологі Ұлдана Мелдебековалар қазылық етіп, қатысушыларға өздерінің әділ бағасын берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, 

арнайы дипломдармен, номинациялар бойынша марапаттап,  бағалы сыйлықтар тапсырды. 

Байқаудың бас жүлдесін Тараз қаласының Мектептен тыс және балалар шығармашылық 

орталығының педагог-психологі Ақбота Абаева жеңіп алды.

-  Бұл байқауда тағы да бір рет өзіме деген сенімділік пайда болды, ең бастысы, тәжірибе 

алмасып, басқа психологтармен таныстым. Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. 

Мекеме басшыларына, ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын, - деп ризашылығын 

білдірді Ақбота Абаева. 

Айгерім АРИНОВА, МОжМТІШӨОО педагог-психологі,

Жібек ҚАСЫМОВА, МОжМТІШӨОО қосымша білім беру педагогі.


7

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз  2016 Жыл  //



ӨНіМ тАбАН деРтіНе дАуА

Махаббат пен  мамандық

 

„

Эльмира мен сәкен ерлі-зайыпты. Олар «Жібек жолы» базарында 



орналасқан аядай дүңгіршектегі алақандай бөлмеде аяқ киім өңдеп

жаңартып, былғарыдан заманауи үлгідегі алуан пішінді етік, сүйретпе, 

туфли, бәтеңкелерге тапсырыс қабылдап, қалауыңыз бойынша тігіп те 

береді.

 

„

М.Х.дулати 



атындағы тарМу-

дың PhD докторы, 

доцент бекжан 

Абзалбекұлы - ел 

аумағында  отандық 

ортопедиялық аяқ 

киім жасаумен 

айналысып келе 

жатқан жалғыз 

өнертапқыш. 

университет 

базасында әзірленіп 

келген оның өнімдері 

алдағы уақытта 

«тараз былғары аяқ 

киім» ЖШс-інде 

өндірілетін болады.                                                                                

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Тараз мемлекеттік университеті «Жеңіл 

өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы 

мен конструкциялануы және дизайн» 

кафедрасының аға оқытушысы Бекжан 

Абзалбекұлы табандарының патологиялық 

ауытқулары  бар  қазақстандықтарға 

арналған ыңғайлы аяқ киім құрастыру 

идеясын  ойлап  тауып,  өз  жобасын 

Литва  Республикасында  тәжірибеден 

өткізіп, 2013 жылдан бері елімізде қант 

диабетімен ауыратын науқастарға арналған 

ортопедиялық аяқ киімдерді дайындаумен 

айналысып келеді. Бекжанның айтуынша, 

қант диабетімен ауыратын науқастардың 

80% диабеттің асқынуының бір формасы 

болып табылатын табан диабетінің синдро-

мына шалдығады екен. Аталған синдром 

жазылмайтын жараларға, диабеттік жараға 

(язваға), гангренаға, аяқ ампутациясына, 

сонымен қатар мүгедектікке және ауқымды 

қаржылай шығынға алып келеді. Осы 

індеттің асқынуына жол бермей, алдын алу 

үшін күресіп келе жатқан өнертапқыштың 

жобасы  нақты уақытта науқастардың 

жұмысқа жарамдылығын сақтап,  өмір 

сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.

-  Қазіргі  уақытта  қант  диабетіне 

шалдығып, аяғы қайғылы жағдайға ду-

шар болғандардың қара тізімі елімізде де, 

әлемде де жылдан-жылға артып келеді. 

Медициналық сараптамашылардың айту-

ынша, мұндай науқастардың саны елімізде 

700 мыңнан асып кеткен. Ал қант диабетінің 

асқынуының бірден-бір себебі – «табан 

диабетінің синдромы» деп аталады. Біз 

бағасының арзандығына қызығып, базар-

дан сатып алып  киіп жүрген аяқ киімдерде 

аяқтың пішіні, ыңғайлылығы, жайлылығы 

қарастырылмайды. Барлығының дизайны 

әртүрлі болғанымен,  бір стандартта жаса-

лады. Тұмсығы үшкір, қатты материалдар 

қолданылады. Олар өз кезегінде аяқтың 

терісін қажап, жарақаттайды. Оған ин-

фекциялар түсіп, осылай аурудың түрлері 

дами береді. Айта кетерлігі, бұл науқасқа 

шалдыққан адам ауырғанын сезбейді. 

Бастапқы белгілер оған байқалмайды. 

Жараға (язваға) айналғанда бір-ақ сезеді. 

Мұның қауіптілігі де – осы, - деп дерттің 

себептері мен асқыну жолдарын жіті 

талдап, бірнеше жылдар бойы зерттеу 

жұмыстарын  жүргізген  аға  оқытушы 

дертке қарсы ойлап тапқан өзінің аяқ 

киімдерінің талғам мен талапқа сай, тиімді 

екендігін де растап отыр.  

«Мысалы,  АҚШ,  Еуропа  елдерінде 

қант диабеті диагнозы қойылған науқасқа 

аурудың түріне, сипаттамасына  бай-

ланысты ыңғайлап  міндетті түрде ар-

найы  аяқ  киім  ұсынады.  Алдын  алу 

мақсатында  қолданылатын  емдік  аяқ 

киім ол елдерде 300-400 АҚШ доллары 

тұрады.  Ал  дерт  асқынғаннан  кейін 

оны  емдеуге  15  мың  долларға  дейін 

шығын кетеді. Аяқ киімнің маңызы мен 

тиімділігін осыдан-ақ көруге болады. 

Қазақстандық хирургтер  табан диабетінің 

синдромы асқынған науқастардың өмірін 

бар болғаны 5 жылға ғана соза алады 

екен.  Сондықтан  да,  бұл  дерттің  ал-

дын  алудан  басқа  амал  жоқ.  Мен  өз 

жобамда аяқ киімнің басты артықшылығы-                                                                                               

оны жасауда  аяқты қажайтын матери-

алдар қолданбауға назар аудардым. Аяқ 

киімді киіп-шешкенде оның үстіңгі бөлігі 

толық ашылады. Ыңғайлылық қасиеттері 

жоғары. Мәселен, адам баласы плоскосто-

пиямен ауырғанда аяқтың амортизациялық 

қасиеті төмендейді. Сол себепті барлық 

салмақ омыртқаға түседі. Омыртқалар 

қисая бастайды. Жас балалар арасында 

омыртқа қисаюы көп кездеседі. Түптеп 

келгенде, мұның да басты себебі табанмен 

тығыз байланысты. Отан қорғаймыз деп 

жүрген жігіттеріміздің дені майтабан. 

Осындай жағдайларды ескере келе, өз 

өніміме амортизациялық қасиеттері бар 

материалдарды пайдаландым. Негізі қант 

диабеті кезінде аяқтың амортизациялық 

қабілеті төмендеп, қан айналым жүйесі 

бұзылады. Яғни төмендейді. Салдарынан 

ағзаға оттегі жетіспейді. Ал оттегі жетпе-

ген жерлерге қан ұйып, ауру дендей береді. 

Осы дертпен күресу үшін массаждық 

ұлтарақ  ойлап  шығардық.  Сонымен 

қатар, аяқ киімді дайындау барысында 

амортизациялық қабілеті бар материалдар 

пайдаландық. Яғни силикондар. Әрине 

тері илеу зертханасында.  

 Суретті түсірген В. Алсуфьев

пенопласт, полиуретан секілді матери-

алдардан да жасауға болады. Бірақ олар 

уақыт өте келе қатаяды. Және гигиенаға 

әсер етеді. Ал қант диабетіне шалдыққан 

науқастарға гигиеналық қасиеті жоғары 

материалдарды пайдалану керек. Өйткені 

адам терісі өте сезімтал» - дейді жоба 

авторы.

Қазақстанда  тұңғыш  рет  Бекжан 



бастаған бұл жоба бойынша ортопедиялық 

аяқ киімді өндірумен  Таразда төрт-бес 

маман ғана шұғылданады. Яғни, маман 

тапшылығы да өз алдына бір бөлек мәселе. 

-  Біздің  елге  ортопедиялық  аяқ 

киімдер Қытайдан келеді. Ал қытайлық 

өндірушілер тек қана пайдаға жұмыс 

жасайды.  Өнімнің  сапасына  аса  мән 

бермейді.  Тұтынушының  ыңғайы 

ескерілмейді.  Тіпті,  жай  аяқ  киімнің 

өзі көп жағдайда пішініне сай болмай 

жатады. Мәселен, үнемі 41-ші пішіндегі 

аяқ  киімді  киіп  жүргендер  кейде  сол 

пішіндегі аяқ киімге аяғы сәйкес келмей 

қалады. Міне, өндірушілердің ешқандай 

талапқа мән бермейтіндігін осыдан-ақ 

байқауға болады. Ал дертке шалдыққан 

адамның мемлекетке де пайдасы төмен, 

жанұясын  асырауға да мүмкіндігі бол-

майды. Жобамның жүзеге асуына ТарМУ-

дың көмегі көп тиді. Өз өнімдерімде 

гигиеналық  қасиеті  жоғары,  табиғи, 

отандық шикізатты пайдаландым. Негізі 

дамыған  елдерде  ортопедиялық  аяқ 

киімдер  арнайы  қалыпта  жасалады. 

Әзірге ондай технологияларға қолымыз 

жете  қойған  жоқ.    Дегенмен,  қазіргі 

таңда «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС-

мен келісім жасалып жатыр. Қажетті 

технологиялар алынса,  ортопедиялық 

аяқ  киімдерді  аталған  серіктестікпен 

бірлесіп өндіреміз. Кейін қалада  тек 

ортопедиялық аяқ киім өндірумен ғана 

айналысатын арнайы өндіріс ашуды да 

жоспарлап жүрмін. Және жобаға қатысты 

тағы бір ауқымды мәселе бар. Ол – маман 

тапшылығы. Мәселен, бүгінгі таңда «Та-

раз былғары аяқ киім» ЖШС-інде Греция 

мен  Украинадан  арнайы  шақырылған 

мамандар  жұмыс  жасауда.  Ал  респу-

блика бойынша былғары бұйымдарын 

шығаратын  кәсіпорындарға  арнайы 

мамандарды тек М.Х. Дулати атындағы 

ТарМУ ғана дайындайды,- дейді Бекжан. 

Жарамдылық мерзімі 2 жылға, күтіп 

ұстаса одан да ұзақ киіс беретін тараздық 

өнім жылдың төрт мезгіліне арналып 

жасалады. Бағасы - 15-20 мың теңге.  

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін 

жоғарылату бағытында жерлесіміздің 

қолға мықтап алған бұл бастамасы көңіл 

қуантып отыр. 



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Бәрін басынан бастайық... 

Эльмира таяу күндері жоғары оқу орнын 

тәмамдамақ ниетте. Оқуда үздік болғанымен, 

дипломдық жұмысы алаңдатады. Оның  

да  өз  себебі  бар.  Былғары  өңдеп,  өз 

мамандығының шарты бойынша дипломы-

на өз қолымен аяқ киім тігіп апаруы керек 

болатын. Алайда, аяқ киімнің өлшемін кесіп, 

пішіп, үйіндегі іс тігетін қол мәшинесімен 

дайындап қойғанымен, табанын қалыпқа 

салып, бітіре алмай, шарадай басы шақшадай 

болады. Еңбегінің соңғы нүктесін қойып 

беретін тәжірибелі  маманның табылмауы-

нан қонышы дайын өнімді қалыпқа тартып 

беретін шебер ұста таппай шарқ ұрады. 

Сөйтіп, соңғы үмітін арқалаған ару «Арай» 

аяқ киім тігетін орталығын бетке алып, та-

нысы Бауыржанды іздейді.  Жас қыздың ісін 

тындырып беру оның да қолынан келмепті. 

Осы сәт Бауыржанның есіне өз ісінің мама-

ны, кәсіби етікші Сәкен түседі. Эльмираның 

жанарына көзі түскенде, жүрегін шоқ 

қарығандай күй кешкен Сәкен сол сәтте 

ойланбастан-ақ студент қызға көмек қолын 

созуға келіседі.  Оның да өз себебі жоқ 

емес.  Алақұйын сәтті басынан кешірген ол 

әп-сәтте нәзік сезімнің иіріміне бөленіп, өз 

жанының қалауын ұғады. Өзі іздеген қыз 

қарсы алдында отырғанын жан-тәнімен 

сезген жігіт қызбен қалайда жақын танысуға 

бел буады.  Сөйтіп, бейтаныс қызға диплом 

жұмысын жасап бермек болған Сәкен 

қулығын асырып, өз шартын алға қойып, 

аяқ киімді тек қана қыздың қатысуымен ғана 

тігетінін ескертеді. Бас-аяғы айналдырған 

екі күннің ішінде дайын болатын аяқ киім 

ұзақтығы осылайша жігіттің айласымен 

аптаға созылады. Жігіттің қасында отырса 

ғана дипломдық жұмысының дәуірі жүріп, 

өзі есіктен шығысымен ісі тоқтап қалатынын 

білгендіктен, жас қыз уақытының бір бөлігін 

амалсыз «Арайда» өткізеді. Бірге болған 

арадағы біршама уақыт, расында,  екі жасты 

жақындастыра түскен еді. Тек бір қиыны 

ауыл баласы Сәкен орысша білмесе,  қала 

қызы Эльмираның қазақша сөйлеуге тілі 

бармайды. Бірнеше уақыттан соң дипломдық 

жұмысынан үздік баға алған Эльмира араға 

бірнеше ай салып, Т. Рысқұлов ауданы, 

Жаңатұрмыс ауылындағы етікшілер әулетіне  

келін болып табалдырық аттайды да, араға 

тағы біршама уақыт салып, жас жұбайлар 

«Арай» аяқ киім тігін цехында бірге жұмыс 

жасайды.

 Міне, сол бір қос жүректі шаңырақ 

шаттығына  бөлеген уақыттан бері  17  көктем 

өтіпті.  Бұрын орыс тілді болған Эльмира 

бүгінде қазақша пайымдап, қазақша тіл 

қататын жанұяның шымылдығын түріп, 

өзі де қазақша таза сөйлеп үйренген. Сәкен 

екеуі төрт перзент тәрбиелеп отыр. Жастық 

шақтың қызыққа толы шуақты күндерін есіне 

алып, күлімсірей тіл қатқан ұста келіншек: 

- 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы 

ТарМУ-дың дипломын алар уақытта бізді 

табыстырған аяқ киім кәсібі бір арнаға ба-

сымызды тоғыстырып, бірге ғұмыр кешірген 

әсем күндерді сыйлады. Бір-бірімізге етік 

сыйлап қана қоймай, уақыттың төрт мезгілі 

бойы бір-бірімізді аяқ киіммен мәңгілік  

қамтамасыз етіп жүрген жайымыз бар. Мен 

аяқ киімнің моделін сызып, сәнін ойлап 

табамын. Сәкен қалыпқа тартып, шегесін 

қағып, аяқтайды. Мен тұрмыс құрғаннан 

кейін  ТарМУ-дың  математика  саласы 

бойынша педагогика мамандығын игеріп, 

ұстаздық қызметте жеті жыл жүрдім. Бірақ 

сан түрлі  аяқ киімдердің сан алуан жаңа 

түрлерін ойлап табуға деген құштарлығым 

аяқ киім саласына қайта алып келді,- дейді 

етікші  әйел.

Отағасы Сәкен де өз өмірін былғары тігіп, 

табан қағып, ұлтарақ көктеусіз елестете ал-

майды. 6-сынып оқып жүріп-ақ ағайынынан 

үйренген кәсібі нан табуға жарап тұр. 

–  Әкем  маған  тіс  дәрігері  боласың 

деп еді. Алайда аяқ киім жасауға деген 

сүйіспеншілігім  11-сыныпқа да бармай 

сүйікті ісіммен  айналысуға итермеледі. 

1993 жылдан 2003 жылдары «Арайда» 

жұмыс жасадық. Кейін ағам өз үйінен кәсіп 

ашып, сол жерде еңбек еттік. 2002-2004 

жылдары қытай аяқ киімдері қаптап кетті 

де, біздің сапалы әрі құнды аяқ киімдеріміз 

өтпей қалды. Оның  орнына сапасыз арзан 

аяқ киімдердің дәурені жүрді.  Кейінірек 

Алматы қаласындағы бір танымал аяқ 

киім фирмасында алты ай машықтанып, 

тәжірибе жинадық. Келіншегім модельдеуді 

үйренсе, мен аяқ киім жасаудың  жаңа 

түрлерін үйрендім. 120 мың теңгенің экс-

клюзив аяқ киімдерін қолмен тіктік. Сол 

жерден дайын маман болып шықтық десем 

артық айтқандығым емес шығар. Кейін 

өз кәсібімізді қолға алу үшін көлігімізді 

сатып, шеберханаға керек-жарақтың бәрін 

сатып алдық. Сөйтіп келіншегім екеуміз 

осы істің басы-қасында жүрген жайымыз 

бар. Енді  осы кәсіпті кеңейтіп, мамандар 

алып, кең-мол ғимаратқа көшіп, кәсіпті 

нәсіп етсек деген ниетіміз бар. Біздің әулетте 

ағайынымыздың көбі осы кәсіпті меңгеріп 

алған,- деді қолына бізі түспей, етік тігумен 

айналысқанына 23 жылдан асқан Сәкен 

ағынан жарылып. 

Иә,    машықтанған  мамандығынан 

махаббатқа қарай жасаған оң қадамының 

арқасында, қосағымен қоса ағарып, бірлесе 

еңбек етіп, сүйікті ісін дөңгелетіп отырған 

етікшілер жанұясынан жылылықтың лебі 

еседі. Істеріңіз жемісті болғай!

кәсібім - нәсібім.  

 Суретті түсірген В. Алсуфьев



алуан

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз   2016 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет