2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 6.18 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата20.02.2017
өлшемі6.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

қалалық білім бөлімі.

түзету

алы төрағасының орынбасары 

Шәбден Тілеумұрат, «Жамбыл 

облыстық  кәсіптік  одақтары 

кеңесі» қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы Бақыт Сапарбаева хи-

мия саласының қызметкерлері 

мен ардагерлеріне ізгі тілектерін 

білдірді. 

Жиын  барысында  жұмыс-

шылардың  жыл  бойындағы 

жемісті  еңбектері  бағаланып, 

марапатқа  ие  болды.  Атап 

айтқанда,  К.Джуматинов, 

Қ.Жақыпбеков, А.Искендеров, 

Ж.Қайыржанов,  Ә.Момбеков, 

Ж.Раев, Ф.Тлемисов, Н.Юрченко, 

Н . Ко б з е е в а л а р   « Х и м и я 

өнеркәсібінің үздік қызметкері» 

төсбелгісімен  марапатталды. 

Мұнымен  қоса,  осы  саланың 

еңбектері  бағаланған  басқа 

да  қызметкерлеріне  Жамбыл 

облысы  және  Тараз  қаласы 

әкімдерінің, «Нұр Отан» партия-

сы Жамбыл облыстық және Тараз 

қалалық филиалдарының Құрмет 

грамоталары табыс етілді.

Салтанатты  шара  бұдан 

әрі  концерттік  бағдарламамен 

жалғасып,  халықтық  се-

руенге  ұласты.  Кәсіпорын 

қызметкерлері  мәдениет  үйі 

жанына ақшаңқан киіз үйлерге 

дастархан  жайып,  ойын-

сауық  бағдарламамен  кәсіби 

мерекелерін тойлады. 

Орта


12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1 маусым   2016 Жыл  //



жоқтан жонатын 

КЕЗ КЕлді

 

„

Кеңес үкіметі тұсында дүркіреп тұрған 



кинотеатрлар мен жалпы осы салаға қатысты 

жүйе бүгінде жетімсіреп тұр. Мейрамханалар 

соғудан бәсекенің бәйгесіне түскен қаламыздың 

кәсіпкерлері мәдени, спорттық - сауықтыру 

орталықтарына көңіл бөлмек түгіл, көзге де 

ілмейтін болды. ал қаланың нағыз жанашырлары 

жан аямай тырмысып бағуда. бүгінде 

шаһарымыздың маңдайына біткен заманауи бір 

ғана кинотеатр бар.  қанша жерден ауыз толтырып 

айтсақ та, күннен-күнге керегесі кеңейіп келе 

жатқан қаламызға бір кинотеатр аздық етуде. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жасыратыны жоқ, қалаға зоопарк, цирк, 

боулинг секілді демалыс орындары жетіспейді. 

Тараз шаһарының тең жартысынан келетін, 200 

мың  тұрғыны бар Қызылорда қаласындағы 

мұз айдынында коньки теппеген қазақ кемде-

кем  шығар.  Еліміздің  ең  ыстық  өңірінде 

сондай  демалыс  орнын  ел  игілігіне  жасап 

отырған азаматтарға алғыс айтып жүргендер 

Қорқыттың еліне табаны тиген тараздықтардың 

арасында да аз емес. Таяуда Елбасы Нұрсұлтан                                   

Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» 

фильмінің Тараз шаһарында да тұсауы кесілді. 

Ресми шараға арнайы ат басын бұрып келген 

«Қазақфильм» киностудиясының өкілі мен 

аталған  фильм  актерлері  Таразда  бір  ғана 

кинотеатр бар дегенді естігенде, күлкілерін 

жасыра алмады. Бұл, әрине, біз үшін сын. 

Аталған мәселе бойынша қала тұрғындары да 

алаңдаулы.

- Студенттік кезде  «Евразия» кинотеатрына 

көп баратынмын. Өзім ғана емес, достарым-

мен, бөлелеріммен бірге барамын. Жастардың 

әртүрлі мерекелерінде сол үлкен залға сыймай 

қалсақ та, тұрып көретінбіз. Қазір жаңа кино-

ларды «Astana cinema» орталығынан көреміз.  

3D жүйесі де сапалы. Тек тұрғындар үшін 

тарлық етуде, - дейді қала тұрғыны Талғат 

Наржанов.  

- Қазіргі кинотеатр бұрынғыларға қарағанда 

едәуір сапалы, заманауи. Сырттан келген доста-

рымызды емін-еркін алып барамыз. Кинотеатр 

жатақханадағы студенттер мен қала қонақтары 

үшін  маңызды  орын.  Үйдегі  теледидардан 

ешқашан кинотеатрдағыдай  әсер болмайды. 

Алдағы  уақытта  «Жеңіс»,  Қ.Рысқұлбеков 

атындағы  саябақтарда  да  осындай  шағын 

кинотеатрлар ашылса, нұр үстіне нұр болар                   

еді, - дейді студент Қарлығаш Оразбек.

- Біздің кезімізде тіпті ауыл-ауылға кино 

келіп тұратын. Қазір ондай жоқ. Және кинолар 

да баяғыдай емес. Көбісі мағынасыз. Біздің 

өзіміздің тарихымызда киноға сұранып тұрған 

оқиғалар  жеткілікті.  Тек  оны  ешкім  елеп 

жатқан жоқ. Шет елдегілер киноиндустрия 

арқылы қыруар қаржыны қалталарына басып 

отыр.  Бізде  ресторандар  мен  кафелер  көп. 

Қай-қайсысына кез келген уақытта кіре қалсаң, 

кілең жастар отырады.  Ал кейбір зәулім мей-

рамханалар соғылған бойы қаңырап тұр. Оның 

орнына жастардың, халықтың игілігіне басқа 

нәрсе жасауға болады ғой. Кинотеатр соғып 

берсін мысалы. Қазір той жасайтын заман емес. 

Мәдениет саласына бағытталуымыз керек. 

Жоқтан барды жонатын кез келді ғой,-дейді 

зейнеткер Шегебай Дүйсенов.

Ал Т. Рысқұлов атындағы орталық саябақ 

маңында орналасқан «Astana cinema» кинотеа-

тры бір мезетте 180-нен аса адамды ғана қамти 

алады. Атап айтсақ, үлкен залға 120 адам, кіші 

залға 60 адам сыйса, аз да болса VIP-бөлмелер 

бар. Жай кинолар балаларға 600, студенттерге 

800, ересектерге 1000 теңгеден басталады. Ал 

3D  жүйесінде кино көру үшін аталған соманың 

үстіне тағы 200 теңге қосылады. Екі адамға 

арналған VIP-бөлмелер 2000 теңге. Бірақ бұл 

бағаны төлеген кинокөрерменге попкорн мен 

PS:  Қала  тұрғындары  алдағы 

уақытта облыс орталығынан бой 

көтеретін мегаорталықтың ішінде 

ойын-сауық орындары мен шағын 

кинозалдардың  болатындығына 

үміттеніп  отыр.  Қалай  деген-

мен,  шаһарымыздың  мәдениеті 

мен  өркениетін  дамытуға  үлкен 

бәсекелестік қажет. Бұл өз кезегінде 

тарихтың темірқазығы атанған 

Тараз шаһарымызда туризмнің да-

муына да үлкен сеп болар еді. 

сусын тегін беріледі.

- Өзім осы Жамбыл өңірінің тумасымын. Ба-

сында банкте жұмыс жасадым. Кейін келе-келе 

шоу бизнесте, ұйымдастырушылық бағытта 

жұмыс жасай бастадым. Жаныма ең жақыны - 

шығармашылық жұмыс. Бірнеше уақыт бұрын 

қалада «Голливуд» дейтін шағын кинотеатр бо-

латын. Барлық қадамымыз сол жерден басталды. 

Досым екеуміз бір-бірімізге ұсыныстарымызды 

айтып, сөзден іске көштік. Ол жерде кәсіби емес, 

арзан құрылғылар қолдандық. Қала бойынша 

3D жүйесі жоқ еді. Сол кезде досым екеуміз өз 

қаламызда 3D жүйесінде кино көрсетсек деп 

армандайтынбыз. Кейін  «Алматы синемаға» 

көштік. Несие алып, қарызға батып, барлық 

тапқан-таянғанымызды  ісімізге  жұмсадық. 

Жұмыстың жеңілін де, ауырын да досым екеуміз 

жасадық. Жолымыз болып, өз елімізден  3D 

қондырғысын кездестіріп, техниканы сатып 

алдық, орнаттық. Бірақ ол жерде де ескі кинолар 

көрсетіліп жүрді. Содан, Тараз шаһарында да 

басқа қалалардағыдай сапалы кинотеатр ашсақ, 

сол жерде барлық жаңа кинолардың премьера-

лары көрсетілсе, ешкімнен қалмасақ деген ар-

манымыз ұлғая түсті. Осы арманның жетегінде 

жүріп  мақсатымызды  қазіргі  ғимараттағы 

«Астана синемада» жүзеге асырдық. Досыммен 

бірге шет елге сапар шегіп, ондағы кинотеатр 

саласының тәжірибесімен танысып, сапалы 

технологияны өзіміз алып келдік. 2013 жылы 

ақыры бастағаннан кейін түбіне дейін жетеміз 

деп, тәуекелге бел буып, осы кинотеатрдың 

жұмысын бастадық. Жаңа техниканы құратын 

мамандар да бізде жоқ. Ол мамандарды сырттан 

алып келуге тура келді. Осы секілді кедергілер 

көп болды. Бірақ біз өз мақсатымызға қарай жол 

таба білдік деп ойлаймын. Бір жарым жылдан 

кейін екінші залды іске қостық. Қадамымызды 

жай бассақ та, нық басуды үйрендік. «Арман-

сыз адам - қанатсыз құспен тең» деп халқымыз 

айтқандай, әрбір арманды жүзеге асыруға бола-

ды. Тарихта сұлулығы ешкімнен кем түспеген 

Тараз қаласы неліктен бүгін басқалардан кем 

болуы керек? Мен өз қаламның жанашырымын.          

О бастағы арманымыз да шаһарымызға заманауи 

кинотеатр ашып беру болатын. Ол арманымыз 

орындалды. Қазіргі таңда әкімшіліктен жер 

сұрап отырмыз. Егер жер берілсе тағы да кино-

театр, спорттық - сауықтыру орталығын ашатын 

боламыз. Ойды жүзеге асыруға шамамыз жетеді. 

Жоспарымыз көп. Қала ішінде, саябақтарда бос 

жерлер жеткілікті. Әкімшілік тарапынан біздің 

өтінішіміз қаралып, жер берілсе, 1-2 жылда 

жоспарымыздың  басым  көпшілігін  жүзеге 

асырамыз. Қазір кинотеатрда 16 адам жұмыс                                                                                            

жасауда.  Кеңейіп  жатсақ  мамандарды  да 

көбейтеміз. Басым көпшілігі - жастар. Аса 

қиын жұмыс жоқ. Халықпен жұмыс жасау-

ды өзіміз үйретіп отырамыз. Халыққа шын 

көңіліммен рахмет айтамын. Біздің жобамыздың 

жүзеге асуына қолдау білдірген де өзіміздің 

жергілікті тұрғындар. Сынаса да, мақтаса да 

біз үшін елдің пікірі үлкен демеу болды, - 

дейді   облыс орталығындағы «Astana cinema» 

кинотеатрының директоры Олжас Қуандықов.

Аталған мәселе бойынша облыстық мәдениет, 

мұрағаттар және құжаттама басқармасының 

басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың да ойын 

білген едік. 

-Бұл  салада  40  жыл  бойы  жұмыс  жасап 

келемін. Өзімнің алғашқы еңбек жолымды да 

киномеханик болып бастағанмын. Ол кезде 

кесте бойынша ауыл-аудандарға  тұрақты түрде 

кинокеруен ұйымдастырылып тұратын. Тек 

кинотеатрда ғана емес, ауыл клубтарында, ал 

клубы жоқ жерлерге автоклубтар арқылы кино 

көрсетілетін. Мен жеті жыл бойы автоклубтың 

меңгерушісі болып жұмыс істедім. 1996 жылы 

барлық мәдени орындар жұмысын тоқтатты. 

Нысандардың  көбісі  жеке  меншікке  өтіп 

кетті. Қазіргі таңда да аудандарда автоклубтар 

жұмыс жасайды. Бірақ олар әбден ескірген. 

Тек  екі  аудан  ғана  автоклубты  жаңартты. 

Біз  ескі  киноқорымызды  сақтап  қалу  үшін 

киномұрағатты сандық технологияға көшірдік. 

Және «Қазақфильм» киностудиясымен бай-

ланыстамыз. «Бизнестің жол картасы-2020» 

бағдарламасының  арқасында  128  мәдени 

нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 

ішінде кино саласына қатысты нысандар да 

бар. Қазір Т. Рысқұлов ауданы мен Қаратауда 

жеке кинотеатрлар бар. Басқа аудандарда жоқ. 

Бес ауданға LED-экрандар сатып алдық. Тараз 

қаласында 50 орындық мемлекеттік кинозал 

бар. Жаз айларында ҚР Тұңғыш Президенті 

саябағында ашық аспан астындағы кинотеатр 

ұйымдастырылады. Ол жерде аптасына үш 

рет тұрғындардың ұсынысы бойынша киноту-

ындылар көрсетіледі. «Евразия» кинотеатрын 

сатып алуға ниеттендік. Бірақ ол үшін үлкен 

қаражат керек. Сейсмикалық апатты жағдайда 

болғандықтан «Мир» киноғимаратын да сатып 

алудан бас тарттық.  Қалада халық талабына сай 

мемлекеттік кинотеатр болу керек. Біз ұсыныс 

бердік. Бірақ әлі нәтиже жоқ, - дейді басқарма 

басшысы.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1  маусым   2016 Жыл  //

кӨкейкесті

13


әлеуМет

14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №22 (1310), 1  маусым   2016 Жыл  //



 

„

біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз әнуарбек 



талқаұлы әйменовтің студенттік алтын дәуірі 

1970-1975 жылдары жамбыл қаласында өтті. 

жай өткен жоқ, әкеден жалғасқан дәстүрмен 

білімқұмарлығы ілімқұмарлықпен ұштасты. Сол 

кезден-ақ оның көп қырлы және жемісті ғылыми  

қызметі басталды. Содан бері 41 жыл өтіпті.

1985 жылы «Қазақстанның мақта себу аймағында 

сүрлемге  жүгеріні  суландыру  үшін  ақаба  су-

ларын пайдалану» тақырыбында кандидаттық 

диссертация, ал 1999 жылы «Су-жер ресурста-

рын пайдаланудың экологиялық-экономикалық 

мәселелері»  тақырыбында  докторлық  дис-

сертациясын  қорғап,  2001  жылы  Қазақстан 

Республикасының  Ауыл  шаруашылық  ғылым 

академиясының академигі болып сайланған суару 

ілімінің  саңлағы  Әнуарбек    Әйменовтің  есімі 

ғылыми ортаға танымал. Әнуарбек Талқаұлының  

еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, 

суармалы  егіншілікті  дамытуға  қосқан  үлесі 

де  қомақты.  Тікелей  оның  жетекшілігімен 

Оңтүстік аймақта агроөнеркәсіпті өркендетудің 

экономикалық тетіктерін жетілдіруге арналған үш 

ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды. Мемлекеттік 

реттеу мәселелері бойынша тағы екі ғылыми-

зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  1994 

жылы  ол  «Оңтүстік  Қазақстанның  су  және 

жер ресурстарын пайдаланудың экологиялық-

экономикалық  негіздері»  тақырыбы  бойынша 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, Ғылым 

және жаңа технологиялар министрлігінің грантын 

жеңіп алды. Ғалымның 475-тен аса ғылыми және 

оқу-әдістемелік жұмыстары жарияланған. Соның 

30-ы  «Өзен  бассейнінің  табиғи-шаруашылық 

кешенінің  экологиялық  тұрақтылығы  және 

экономикалық дамуы», «Аймақтық дамуды рет-

теу», «Нарық жағдайында ауыл шаруашылығы 

өндірісін мемлекеттік басқаруды 

жетілдіру»,  «Қазақстан  Респу-

бликасында импортты ауыстыру: 

талдау,  бағалау  және  бағыттар», 

«Арнайы экономикалық аймақтар: 

қалыптастыру  және  жетілдіру 

тетігі», «Қоршаған ортаны қорғау 

және  табиғатты  пайдаланудың 

экономикалық тетігі», «Табиғатты 

пайдалану   экономикасы» және «Су шаруашылық 

экономикасы», «Аграрлық өндірістің экономикалық 

тұрақтылығы» атты және басқа оқу құралдары мен 

ғылыми монографиялар. Оның жетекшілігімен 12 

ғылым кандидаты және 1 ғылым докторы, 500-ден 

аса су шаруашылығының мамандары, 40 ғылым 

магистрлары даярланды. 

 Әрине, ерінбей еңбек еткен адамның ісі әр 

кез  бағаланады.  Ә.Т.Әйменовке  «Қазақстан 

Республикасының    білім  беру  ісінің  құрметті 

қызметкері» атағы берілді. 2004 жылы кадрларды 

даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының 

жетістіктері  үшін  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің Құрмет грамотасымен марапат-

талды. 2005 жылы осы министрліктің бағалауы 

бойынша «Жетекші ғылым экономисі» болып 

мақұлданды.  2008  жылы  ҚР  Президентінің 

Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен ма-

рапатталады. 2010 жылы «Жоғары оқу орнының 

үздік  оқытушысы»  атты  мемлекеттік  грант 

иегері атанды. 2015 жылы ҚР Ұлттық экономика 

министрінің жерге орналастыру саласының да-

муына және мамандар даярлауға белсенді қосқан 

үлесіне байланысты «Қазақстанның құрметті жерге 

орналастырушысы» атағы берілді. Тараз қаласы 

мәслихатының 2015 жылдың 25 қарашасында 

өткен сессиясында «Тараз қаласының Құрметті аза-

маты» атағы берілді. 2015 жылы ҚР Президентінің 

5 желтоқсандағы Жарлығымен “Құрмет” орденімен 

наградталды.

  Ал  ағымдағы  жылдың  29  наурызында 

Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығының 

су шаруашылығы және мелиорация саласының да-

муына сіңірген еңбегіне және мамандар даярлауға 

белсенді қосқан үлесіне байланысты Әнуарбек 

ағамызға «Су шаруашылығының үздігі» құрметті 

атағы берілді.  

Жұмабек МҰХАТов,

Су ресурстарын пайдалануды реттеу 

және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік 

инспекциясының  бастығы. 

өМір – өЗЕн 

 

„

 жамбыл политехникалық колледжінің  химиялық технология 



пәндері циклдік әдістемелік комиссиясы онкүндігі аясында және 

химиктердiң тұңғыш халықаралық бiрлестiгiнiң құрылғанына 105 жыл 

толуына  орай   деңгелек үстел өтті. 

Ел болашағы – жастардың  қолында

«Қазфосфат» ЖШС (ЖЖФЗ) зауытының  оқу-

техникалық  бөлімінің меңгерушісі С.Хусаинов,  

цех инженері А.Керимбаева, «Интергаз» Орталық  

Азия Тараз газ құбырлары басқармасының  бақылау 

өлшеу аспаптары  бөлімінің басшысы Б.Бұхарбаев, 

аға оператор А.Устюжанин, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ «Мұнай-газ ісі және механика» факультеті  

деканының орынбасары  Қ.Жылысбаев, факультет 

меңгерушісі Б.Манапбаев, Амангелді ГӨЗ  аға опера-

торы, «мұнай  және газды қайта өңдеу технологиясы» 

мамандығының түлегі, жас мамандар Д.Егембердиев, 

«химиялық технология және өндіріс» мамандығының 

түлегі М.Айтбекова және  студенттер, мектеп түлектері  

қатысты.

Жиын барысында мұнай-химия саласына қатысты 

елімізде орын алып жатқан барша жағдаяттарға талдау 

жасалып, ендігі қолға алынар батыл қадамдар қандай 

болуы тиіс деген сұрақтың жауабы әрбір қатысушы 

индивидтің жадынан жай тапты деген  тұжырымға 

келдік.  Біздің негізгі мақсат-тілегіміз бойынша,                        

Елбасы Н.Назарбаевтың  бастамасымен  жүзеге 

асырылып жатқан «2010-2020 жылдар аралығында 

индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының 

ең кемі 70% жүгін химия арқалайды деген болжамға 

сәйкес,  жаңа  формацияға  лайықты  жасақталып 

жатқан химия саласының жалынды жастарының 

осы бағдарламаға дайын болуын көздедік. Олардың 

әрбірі еліміздің ендігі беталысы химия ғылымы 

арқылы күшейе түсетінін білуі тиіс. Біздің елде химия 

ғылымының болашағы нұрлы, ал ел болашағы химия 

ғылымының дамуымен астасып жатқандығы - бұл 

күнде дәлелсіз шындыққа айналған аксиома. 

  Студенттерге    ұнаған  жаңалықтардың  бірі  - 

Елбасымыздың  «2017 жылы жалпыға бірдей тегін 

кәсіби-техникалық білім беру» атты жаңа жобасы 

болды. Жобаға сәйкес, сол жылы «мектепті бітірген жас 

түлек бірінші мамандығын тегін алатын болады» екен. 

Бұл да  бір келешек мамандар үшін мемлекет тарапы-

нан көрсетілгелі отырған  үлкен қолдау екендігі анық.

Ендігі мақсат тек жастарымыздың ерік-жігерінің су-

алмай, болашаққа деген нық сеніммен үлкен қадамдар 

жасауы болмақ. Білімді де білікті жастар – еліміздің   

ертеңгі тірегі. Ел ертеңі - жастардың қолында. 



Жанат   АЛАЙдАРовА, 

Жамбыл политехникалық колледжінің  

химиялық технология пәндері 

ЦӘК-ң төрайымы.  

 

„

қанымызға сіңісті, 



жанымызға жұғысты, 

ой-санамызға нұрлы 

шуақ сыйлап, сілкіндіріп 

серпілтетін, марқайтып 

қанаттандыратын - 

мемлекеттік тіліміз. тіл қай 

елде болса да қастерлі, 

құдіретті. ол – достықтың 

кілті, ынтымақтастықтың 

бастауы, ырыс-берекенің 

алды, ұлттың әрі жаны, әрі 

ары. 

Сарқылмас 

байлығым

ҚР «Тіл туралы» Заңында: «Қазақстан 

халқын топтастырудың аса маңызды фак-

торы болып табылатын мемлекеттік тілді 

меңгеру – Қазақстан Республикасының 

әрбір азаматының парызы» – делінген. 

Әрине  ұлттың  ең  бірінші,  ең  қасиетті 

сипаты  –  оның  ана  тілі.  Қазақстан                   

Республикасы  Конституциясының 

7-бабының  1-тармағында:  «Қазақстан 

Республикасындағы  мемлекеттік  тіл  – 

қазақ  тілі»  деп  анық  жазылған.  Біздің 

азаматтық  парызымыз  –  «Тіл  туралы»  

Заңдағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге 

асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың  

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасынан да көрініс тапты. 

Тіл  –  таусылмайтын  байлық.  Қанша 

тіл  білсең,  өзгеден  сонша  кез  биіксің. 

Қазақ  тілі  –  өте  бай  тіл.  Ана  тілі  –  ар 

өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды 

шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттық 

мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың та-

рихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы 

ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің 

дамуына,  оның  қоғамдық  қызметінің 

кеңеюімен тығыз байланысты.

қонысбай ЕМБЕРГЕНов,

«Асыл-Арман» ұлттық дәстүр

 мен өнерді қолдау» қоғамдық

 бірлестігінің жанынан құрылған

 «Болашақ» жастар 

бірлестігінің жетекшісі.

 

„

қазақстандағы білім беру 



үдерісіне енген жаңартылған 

білім беру бағдарламасы - заман 

талабына сай келешек ұрпақтың 

сұранысын қанағаттандыратын 

тың бағдарлама.

жаңаша оқыту-

заман талабы

№31 орта мектепте 8 жылдай жасап келе 

жатқан  іс-тәжірибемде  жаңартылған  білім 

беру  бағдарламасы  туралы  түсінгенім  мен 

ұғынғаным  мол.  Жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасында қазақ тілі пәнін оқытудың өзі 

жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт 

тілдік дағдысын (тыңдалым, айтылым,оқылым, 

жазылым) жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт 

дағды  оқу  жоспарында  бір-бірімен  тығыз 

байланысты.  Сынып  өскен  сайын  тілдік 

мақсат  та  күрделене  түседі.  Бүгінгі  таңда, 

барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен 

жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің 

бәсекеге  қабілеттігі  оның  азаматтарының 

парасаттылығымен анықталады. Сондықтан, 

білім  беру  жүйесі  болашақтың  талабына 

сәйкес  дамуы  тиіс.Үнді  халқының  тари-

хи  тұлғасы  Махатма  Гандидің:  «Егер  сен 

болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол 

өзгерісті  уақытында  жаса»  деген  ілімін 

негізге ала отырып, оқушыларды заманауи 

әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісін дамытып, 

еркін  азамат  болып  өсуіне  көп  пайдасын 

тигізері анық.

Нұржамал дЖУМАдИЛовА, 

№31 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі. 

 

„

Ел ішінде жерге қатысты 



түсінбеушіліктер орын алғаны 

көпшілікті толғандырмай 

қоймады. Мұның барлығы- 

жер кодексіне енгізілген 

өзгерістерді, яғни жерді жалға 

беруге байланысты жаңа 

ережелердің халыққа жете 

түсіндірілмеу салдары. бұл 

белгілі бір деңгейде қарапайым 

адамдардың түсініспеушілігін 

тудырды.

жер халыққа 

қызмет етуі 

қажет

Ең бастысы, алдағы уақытта бұл мәселеге 

сай қарапайым халыққа жердің шетелдіктерге 

сатылмайтынын,  белгілі  бір  мерзімге 

жалға  берілетінін,  барлығы  ел  қамы  үшін 

екенін  түсіндіру  қажет.  Сонымен  қатар, 

Жер  кодексінің  қолданысқа  енгізілуіне 

орай  ауыл  шаруашылығына  жарамды  жер 

телімдерін тиімді, ұтымды пайдалану және 

қорғау,  сәйкесінше  аграрлық  секторды  да-

мыту,  тұрғындарды  жұмыспен  қамтудың 

қосымша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, 

инновациялық  технологияларды  енгізудің 

заңнамалық негіздері қаланатыны туралы айту 

да маңызды. 

Елбасы Жер кодексінің жекелеген жаңа заң 

нормаларының әрекет етуіне байланысты мо-

раторий жариялады. Елбасымыз жариялаған 

мораторий – уақытында қабылданған шешім. 

Осыған  орай,  алаңдатушылық  туғызып 

отырған  заң  нормаларын  талқылап,  ел 

ішінде  түсіндіру  мақсатында  мемлекеттік 

органдар,  саяси  партиялар  және  қоғам 

қайраткерлерінен  жасақталған  комиссия 

құрылып,  ҚР  Жер  кодексінің  нормаларын 

түсіндіру және талқылау бойынша белсенді 

жұмыс атқаруда. Ел ағалары Жер кодексінің 

жаңа бап тармақтарын әр жақты талқылап, 

нақты бір шешімге келеріне сенімдіміз. Өзекті 

мәселе төңірегіндегі пікірталас, ұсыныстар 

жерді  еліміздің  экономикасын  көтеруге, 

халқымыздың мүддесіне сай пайдалана аламыз 

деген мақсатта өрбісе дұрыс болар еді. 


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет