2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың



Pdf көрінісі
бет11/170
Дата09.09.2022
өлшемі2.28 Mb.
#38748
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170
1.3. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың 
орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері 
Педагог бағалауды нормативтік-құқықтық актілерге және мұғалімдерге
ата-аналарға және оқушыларға көмектесу үшін әзірленген әдістемелік 
материалдарға сәйкес жүргізуі тиіс: 
– «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР 
БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;
– Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды 
бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
– Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша 
нұсқаулық; 
– Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 
бағалау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал; 
– Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалау 
бойынша тапсырмалар жинағы; 
– Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
– Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
әдістемелік ұсынымдар. 

✓ Әдістемелік ұсынымдарды uba.edu.kz, smk.edu.kz сайттарынан жүктеуге 
болады.
Әрбір сабақ білім алушылардың өздерінің түсіну деңгейінде оқыту мақсаттары 
мен оларға қол жеткізу критерийлерін дыбыстаудан/көрсетуден басталуы тиіс. Білім 
алушы оқытудың қойылған мақсатын түсініп, оған қалай қол жеткізуге болатынын 
түсінуі тиіс. 
Әрбір сабақта оқушыларды уақтылы қолдау, оқудағы прогресс, балаларды 
оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу 
жетістіктерін көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалауды пайдалану 
ұсынылады. 
✓ 
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша 
түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
 
 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда балл 
түрінде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда мұғалім түсініктемелер енгізеді. 
Электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады. 
Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу 


19 
жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім 
алушылардың санын дербес айқындайды.
Мұғалім ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-
сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. 
БЖБ орындау үшін сабақтың формасын (бақылау, практикалық немесе 
шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және 
т.б.) және өткізу уақытын педагог дербес айқындайды. 
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімдер академиялық 
адалдық нормаларын сақтай отырып дербес құрастырады. 
Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың 
оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған 
жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте 
жүзеге асырылады. 
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу 
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар 
әзірлейді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді. 
Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:
1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта 
үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі. 
2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады. 
3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес, 
үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері пайдаланылады, тамаша 
орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді. 
5.Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі. 
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясында жеке тұлғаның 
дамуының міндетті шартын білдіреді. 
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін формативтік бағалау, 
БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын 
қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
8. Білім алушылармен бірге оқу жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау 
үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін. 
9. Оқу тапсырмаларын таңдау және оқушылардың сабақ барысында өз оқу 
жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды. 
10. Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін 
мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін 
таңдауда және әзірлеуде еркін.  
11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау 
ауызша түрде өткізіледі. 
2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» 
аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні 
бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ 
филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 


20 
бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулармен). 
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды мұғалімдер жиынтық 
бағалау түрінде бөлімдерді (қиын тақырыптарды), тоқсандық оқуды аяқтағаннан 
кейін оқу материалының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және бекіту үшін 
жүзеге асырады. 
1-сыныпта оқушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет