2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет116/170
Дата09.09.2022
өлшемі2.28 Mb.
#38748
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану ұсынылады: 

«Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, 
пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау 
қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай 
туғызу; 

белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор 
орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының 
идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс 
нұсқасын қабылдау); 

сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды 
талқылау; 

оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді 
талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын 
(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 
Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу 
үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және 
ресми құқықтық деректермен жұмысты ұйымдастыру ұсынылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі 
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Құқық негіздері» оқу пәнінің 
мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық 
қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі 
құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді. 
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік 
құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, 
жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық 
ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық 


215 
қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын 
қалыптастыруға негізделген. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
− әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық 
мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін 
тереңдету және кеңейту;
− қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының 
негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту; 
− құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен 
орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну; 
− қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм 
мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру; 
− оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және 
қолдану дағдыларын қалыптастыру; 
− әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-әрекеттерді 
таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту; 
− қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық 
жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту; 
− қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты 
пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына 
арналған 
«Құқық негіздері» пәнінен 1 сағатқа арналған
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 
кейбір оқыту мақсаттары қысқартылды. Сонымен қатар, 10-11-сыныптарда әр 
тақырыптық бөлімнен кейін берілетін зерттеу жұмысы тақырыптары 
қысқартылды. 
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы 
әдістемелік ерекшеліктер 
10-11-сыныптарда оқу пәнінің білім мазмұны бес бөлімді қамтиды: 
«Мемлекет және құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының 
негіздері», «Халықаралық құқық».
Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды 
көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім 
мен оқушыға келесі қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау 
мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану ұсынылады:
- оқу тапсырмаларын орындау барысында нормативтік құқықтық 
актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесін қолдану (
http://adilet.zan.kz/

http://online.zakon.kz/
); 
- құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау 
арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;
- оқушылар проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, 
дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын 


216 
ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейс-
стади) зерттеу.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар 
жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, 
мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен 
қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері: 
- құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және 
интерпретациялауға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды 
пайдалану;
- белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды 
пайдалану;
- оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы; 
- компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған 
тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас 
өткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация 
құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет