2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет2/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
Құрметті әріптестер! 
 
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 
Әдістемелік нұсқау хат жыл сайын орта білім беру ұйымдарына 
жолданады. Дәстүрлі түрде бұл хатты педагогтер оқу жылының 
басында алады. 
Әдістемелік нұсқау хаттың мақсаты - еліміздің білім беру 
ұйымдарына әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету. 
Пандемияның екі жылдық кезеңінен кейін білім беру ұйымдары 
дәстүрлі оқыту форматына көшті. Білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру алдағы оқу жылында да өзекті 
міндет болып қала береді.
Мектеп басшылығы мен педагогтер білім алушылардың 
біліміндегі олқылықтарды анықтау, олардың орнын толықтыру 
жұмысын ойластыру және тиімді жүргізу маңызды. Оқу үлгерімі 
төмен білім алушылармен арнайы жұмысты ұйымдастыру қажет. 
Білім беру процесі білім алушыларға бағытталғандықтан оған 
қолайлы да, қауіпсіз орта құруға негізделуі тиіс. Тәрбие жұмысын 
ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт баланың жеке басына тілектестік 
қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып 
табылады.
Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың 
қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше 
білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып 
табылады. 
Орта білім беруде білім алушылардың метапәндік дағдылары мен 
құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға, ерте кәсіптік бағдар 
беруге, инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыруға баса назар 
аударылатын болады. 
Құрметті педагогтер! Осы әдістемелік нұсқау хат Сіздерге 
алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз 
етуде сенімді бағдар болады деп үміттенеміз.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет