2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет48/170
Дата09.09.2022
өлшемі2.28 Mb.
#38748
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   170
«Математика» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
Бастауыш 
білім 
беру 
деңгейінің 
1-4-сыныптарына 
арналған 
«Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын 
дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі 
мақсатына сәйкес оқу пәнінің келесі міндеттері іске асырылады:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық 
терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; 
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық 
алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер 
жүргізу қабілеттерін дамыту; 
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту; 
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, 
сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 
5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, 
сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың 
және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу 
және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық 
қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру 
дағдыларын дамыту; 
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу 
дағдыларын дамытуға негізделген. 
«Математика» пәнін оқытудың биылғы ерекшеліктері 
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 140 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағат. 
3) 3-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағатты құрайды. 


87 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, 
өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану 
ұсынылады. 
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер 
мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу 
тапсырмаларын береді (5.9-кесте). 
5.9-кесте. Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары 
№ 
Жұмыс түрлері 
Критерийлер/дескрипторлар 

Берілген 
мәліметтері жетіспейтін 
есептерді шешу 
Білім алушылар сандары, шарты мен 
сұрағы 
бар 
есептерді 
шығару 
жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 
жетіспейтін 
мәліметтері бар есептерді ұсынуға 
болады 
мәліметтері толық емес есептерді 
ажырата біледі; 
есепті 
жетіспейтін мәліметпен 
толықтыра алады; 
жазбаны 
нақты 
мәліметтермен 
толықтыра алады 

Артық мәліметтер берілген есептерді 
шешу 
Білім алушылар сандары, шарты мен 
сұрағы 
бар 
есептердің 
шығару 
жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 
артық мәліметтері бар есептерді 
ұсынуға болады. 
артық 
мәліметтері 
бар 
есептерді 
ажырата алады; 
есептің шартын өзгерте және дәлелдей 
алады; 
бақылай, салыстыра және қорытынды 
шығара алады 

Графикалық модельдеу 
Графикалық модель – сюжеттік 
есептің сызбасы, ол білім алушыларға 
есеп шартында берілген абстрактілі 
қатынастарды 
нақты 
кеңістіктік 
формада түсінуіне көмектеседі 
есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; 
есеп мәтінін және оған сай келетін 
сызбаны сәйкестендіре алады; 
есептің 
берілгендерімен
модельді толтыра алады; 
сызба бойынша есеп құрастыра алады 

Заңдылықтарды табу және өзінің 
заңдылықтарын жасауға арналған 
шығармашылық тапсырмалар. 
Математикалық заңдылық – бұл 
белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша 
элементтердің 
сандық, 
пішіндік 
немесе басқа да қатарында белгілі бір 
сәйкес 
тәртіппен 
элементтердің 
немесе 
олардың қасиеттерінің қайталануы 
немесе өзгеруі болып табылады. 
заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу 
екенін біледі; 
элементтері/заттар белгілі бір ереже 
бойынша орналасқанын түсінеді; 
топтастыра және қорытынды жасай 
алады. 
«Математика» пәнін оқытуда мұғалім төмендегі жұмыс түрлерін 
ұйымдастырады:
1) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету; 
2) ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс 
істеу дағдысын дамыту; 


88 
3) математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін 
керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды 
орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);
4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.
«Математика» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын 
дамыту көзделеді. 
Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлері:
тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;
математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау 
және түсіндіру;
тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).
Аталған жұмыс түрлерін білім алушының қабылдауына қарай әр түрлі 
әдістерді қолдануға болады. Мысалы: 
оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу және оларды қолдау; 
жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;
проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;
білім алушылардың жетістіктерін бағалау;
оқушыларды зерттеу іс-әрекеттеріне баули отырып, белсенді оқуға 
ынталандыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
Мұғалімдерге математиканы оқытуда төмендегідей әдістер ұсынылады:
оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын 
ұйымдастыру;
түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, 
алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау 
әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік 
дағдыларын дамыту;
мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы 
оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс.
түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға 
көмектесу, АКТ ның мүмкіндіктерін пайдалану; 
математиканың 
практикада 
қолданылуын 
пайдалана 
отырып 
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру 
(рефлексия).
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың 
жұмыс барысында сандық ресурстарды қолдану құзыреттілігін арттырып, бос 
уақытында 
технологияларды 
сенімділікпен 
және 
шығармашылықпен 
пайдалануын қамтиды.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша 
оқытылатын «Математика» оқу пәнінен өткізілетін бөлім және тоқсандық 
жиынтық бағалау саны 5.10-кестеде көрсетілген. 


89 
5.10-кесте. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сыныптар 
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау 
саны 
ТЖБ 
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
Әр 
тоқсанда 
2-сынып 





3-сынып 





4-сынып 





Математика пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша жалпы 8-10 балл, ал
ТЖБ бойынша жалпы 12-18 балл беру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   170




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет