2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет5/170
Дата09.09.2022
өлшемі2.28 Mb.
#38748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
1.2. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 
ерекшеліктері 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі 
- ҮОЖ) сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен). 
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу 
процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу 


11 
жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі.
Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:
- әр сыныпқа жеке-жеке;
- параллель сыныптарға;
- мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдай алады. 
Күтпеген жағдайларға байланысты оқу апталарын қысқарту кезінде оқыту 
мақсаттарын оқу материалдарының күрделілігін және білімдегі олқылықтарды 
талдауды ескере отырып, оларды интеграциялау арқылы оңтайландыру қажет. 
2022-2023 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі: 
Оқу 
жылының 
ұзақтығы
1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) 
сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды. 
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу 
жоспарының оқыту қазақ тілінде 
жүргізілетін 1 сыныптарына мынадай 
өзгерістер енгізілді: 
- «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады; 
- «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды; 
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және 
«Бейнелеу өнері»; 
 
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныптарға арналған бастауыш 
білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады; 
- «Шет тілі» пәні алынып тасталды; 
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу 
өнері». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет