2022 оқу жылы Тақырыбы: Абай-дана, Абай-дара қазақта!



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі1,1 Mb.
#78086
түріСценарий
  1   2   3





«Абай-дана, Абай-дара қазақта!»


ӘДЕБИ- САЗДЫ КЕШ
Сыныбы : 5А
Сынып жетекшісі: Нұрмұхамет Г.


2022 оқу жылы


Тақырыбы: Абай-дана, Абай-дара қазақта! 
Мақсаты:
Оқушыларға биыл Абай атамыздың 170 жыл екенін естеріне 
сала отырып ,өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби-кеш ұйымдастыру. 
Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, көрініске қажетті 
жабдықтар, ақын- жазушылардың пікрлері жазылған қабырға газеттер т.б 
Әдісі: Сценарий бойынша өткізу 


Барысы: 
1-ж. Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай, 
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай! 
Ана тілдің арқасы, ұғып келем, 
Желілерін ойыңның үзіп алмай. 


2-ж.Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай, 
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай! 
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ, 
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай. 


1-ж. Қазақтың рухани кемеңгері,ойшылы,білім мен бостандық жолындағы 
қажымас күрескері - Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр. 


2-ж. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан асқан бұрынғы-соңғы 
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған...» , - деп жазған Ахаң. 


1-ж. Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Абай-дана, Абай -дара қазақта!» 
атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер! 


2-ж. Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған 
кемеңгер Абай Құнанбаевқа - 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы 
қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналмақ.


1-ж.Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстық азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі өмір сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс , басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның өзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абай өзі болды.
Енді, ақынның өмірі туралы дерекке назар аударайық. (видео 7 мин)


1-ж. Абайдың балалық шағына көз жүгіртейік. 
2-ж. Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа 
бір ермек, бір бөлек бір дос тапты.Онысы әсіресе әжесі,одан қала берсе, шешесі. 
Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұраған еді. 
Ойланып отырған әжесі: 
-Е,е бұлдыр-бұлдыр күн өткен бұрынғыда кім өткен......(Әжесі мен Абай сөйлесіп отырады) 
1-ж. Абай соны ұғып , келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып,: 
-Е,е .... бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрынғыдан кім өткен?-деп әңгіме тыңдағысы келгенін білдіруші еді. 
2-ж.Шеше әңгімелерін бар пейілін беріп жүргенде күндердің күнінде бұл үйге екі бөгде қонақ 
кеп қонды. Бірі - қартаң, бірі жас қонақ. 
Қонақтармен жай сұрасып,амандасып болған соң,Ұлжан Абайға жымиып: 
Ұлжан: -Ал,балам,әжеңмен екеуімізді қажи беруші едің, жырдың дүкені,міне,жаңа келді. 
Мына кісі-Барлас деген ақын. 
Барлас: -Е ,балам, шешенің судай төгілген,тыңдаушың бордай егілген»,-дегендей сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел -елдағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше де жалықпас,-деп жолдасына қарайды. 
1-ж.Осы түнде ас піскенге дейін Барлас «Қобыланды » жырын жырлады. 
Ертеңінде Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді. 
Ұлжан: -Жүрмеңдер,асықпай,әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер,-деді.Бұл-Абайдың тілегі еді. 
2-ж.Абай күндіз де,түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Барлас пен Байкөкше бір айдай Абай үйінде болады. 
1-ж. Ұғымтал,зеректігіне қатты риза боп, Барлас оңашада Абайға: 
Барлас: -Шырағым ер жетерсің, 
Ер жетсең,сірә,не етерсің?! 
Алысқа шырқап кетерсің, 
Шындасаң шыңға жетерсің,-деп домбырасын ұсынады. 
Ұлжан: Тағы да келе жүріңдер.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер! Жолдарың болсын! Келген сапарларың тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер.Риза,қош боп аттаныңдар! 
(Абай тысқа шығып,Барластарды аттандырды).


1-ж. Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында,кітапты көп оқып өз бетінше көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың классик ақындары Низами,Сағди, Хафиз,Науаи,Физули шығармаларын қызыға оқиды. Басқа да әдеби мұралармен,қисса, дастан, ертегілермен осы кезде танысады. 


2-ж.Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп қалмай, араб,парсы,түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді. 


1-ж Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,сезім көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады. 


2-ж. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет