«21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс Мақсаты



бет1/4
Дата19.05.2022
өлшемі38,25 Kb.
#34998
  1   2   3   4

«21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс
Мақсаты:
Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
Міндеттері:

  1. Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.

  2. Оқушылардың зеректік қабілетін дамып, ой өрісі кеңейту.Оқушылардың білімге деген қызығушылығы арттыру, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін ашу;

  3. Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлға болып қалыптастыру

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
Жоспар:
1. Аталы сөз білімді болуға бастайды.
Халық тағлымы – тәрбие бастауы.
2. Біліммен қаруланған қор болмайды.
3. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
4. Білімсіз күннің жоқ
5. Ел ертеңі көз алдымызда.
(Сұрақ-жауап)
6. Таңғажайып төрттік.
(қазақ тілі, әдебиет, математика, география пәндерінен сұрақтар)


Барысы;
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, білімді де білікті оқушылар! Бүгінгі 8-11 сыныптар арасында «21 ғасыр көшбасысы» атты интеллектулды сайысқа қош келдініздер.
Ақыл тоң аңдағанда тозбайтұғын,
Білім кең қанша алсан да тозбайтұғын.
Қатарын оза шауып бара жатса,
Арқаның ауыруы не қозбайтұғын - Бүгінгі сыныптан тыс өткізгелі отырған интеллектуалдық сайысымыздың мақсаты – білім, ғылым туралы, білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу. Халқымыз жан – жақты адамды сегіз қырлы, бір сырлы – дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыруды біледі.Бүгінгі сайысқа қатысушыларымызда мектебімізді бетке ұстар білімді оқушылар.Олай болса,сайысымызды бастау үшін қатысушыларымыз ортаға шығып, өздерін таңыстырып өтсін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет