№21 «Росинка» бӛбекжайы Әдіскері Буентаева М. А. Табиғат аясына серуен



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#7777
1   2   3   4   5   6   7

Үйеңкі 

Тұқымдары дӛңгелеп, 

Түсіп жатыр жерге кеп. 

Ӛсуі үшін үйеңкі, 

Ат шаптырым жер керек. 

 

Қайыңнан аққан 



шырын кӛп болса – 

жаз жаңбырлы 

болады. 

 

 

Дидактикалық 



ойындар: «Таны 

және ата», 

«Суреттеу 

бойынша тап». 

Ағаштар мен 

бұталарды тану 

және атай 

білулерін бекіту. 



Ағаштар мен бұталарды қарау 

Қайың, терек, үйеңкі ағаштарын

сирень және долана талдарын 

табу. Ағаштар мен талдардың 

діңдерін, жапырақтары мен 

бұтақтарының орналасуын, 

тұқымдарын салыстыру. 

Ересектер еңбегіне қатынасу: 

ағаш айналасын қопсыту, 

ӛсімдіктерді суару. 

 

Аспанды бақылау 

Ол қандай болады. Қазір ол қандай? 

Ашық және бұлтты ауа райында 

аспаннан не кӛруге болады? Табиғат 

құбылыстарының байланысын 

орнатуға үйрету: күн шығып тұр – 

ыссы, аспан таза, ашық, жеңіл бұлттар 

болуы мүмкін. Ал бұлтты күні – 

салқын, аспан ауыр, қараңғы, аспанда 

бұлттарболады. 

 

Долы бұлт (Қ. Аманжолов) 

Суырды кӛкте қылышын, 

Нӛсерлі қара тӛнді бұлт. 

Тарылтып жердің тынысын, 

Тапа-тал түс болды ымырт. 

Ӛрістен қашты тӛрт түлік, 

Асыға үйге енді жұрт... 

Салатындай бір бүлік, 

Ақырды жерге долы бұлт. 

Егер жаңбырдан 

кейін кемпірқосақ 

жылдам кетіп қалса 

– күн ашық болады, 

ал ұзақ тұрса – 

жауын-шашын 

болады. 


Ойын: «Күн 

қоян». Балаларға 

жүгіріп, күн 

қоянды іздеуді 

ұсыну.  

Тәжірибе «Түрлі түсті әлем» 

Аспанды және бұлттарды түсті 

әйнек арқылы қарау. Әлемнің 

түрлі бояуын, түсті әйнек 

арқылы қарағанда қоршаған 

әлем түсі қалай ӛзгеретінін 

кӛрсету. 

Жаңбырдың жауғанын бақылау 

Жаңбырлы ауа райының белгілері 

туралы түсініктерін кеңейту. Жаңбыр 

жауған кездегі нәрселердің барлығы 

жуып қойған сияқты сұр, үйлер мен 

заттар дымқыл, жел аспанда 

бұлттарды, жерде шалшық суларды 

қуалайтынына балалардың назарын 

Кӛтеріліп теңізден, 

Аспанға биік барамын. 

Биіктен қайта түскенде, 

Ӛңі кірер даланың. 

                  (Жаңбыр) 

 

Күн ашықта құр тұрамын, 



Бұлтты күні қыдырамын. 

Егер найзағай 

жарқылдағанда  күн 

күркірі ұзақ естілсе, 

ұзақ жаңбырды күте 

бер. Жаңбыр 

тамшылары қанша 

ұсақ болса, сонша 

жаңбыр ұзақ 

Қимылды ойын: 

«Күн мен 

жаңбыр». 

Белгі бойынша 

әрекет етуге 

үйрету. Аз 

қимылды ойын. 

 

Жаңбыр, дәліздегі серуен 

Қол шатырды алып, жолмен 

жүріп ӛтуді ұсыну. Неге біз су 

болмаймыз? Қол шатыр не үшін 

керек? Неге қол шатыр су 

болмады? (Ӛйткені қол шатыр 

арнайы су ӛткізбейтін матадан 

жасалған).  



 

аудару. 



 

 

                  (қол шатыр) 



жауады. Батыстан 

кӛрінген 

кемпірқосақ – 

жаңбырды, ал 

шығыстан кӛрінсе – 

жақсы ауа райын 

білдіреді. 

 

 



Желді бақылау  

Балаларды ағаштардың теңселіп тұрған 

бұтақтарына, жапырақтарына қарап, 

желмен сылдырлайтын султанчиктер, 

ленталар, айналшықтар кӛмегімен 

желдің бар екенін анықтауды үйрету. 

Балаларды табиғат дыбыстарын 

тыңдауға үйрету: шӛптер 

сыбдырлайды, ағаштар шулайды, 

ағаштың жапырақтары сыбырласады. 

Балаларға шоқ шашақтар мен ленталар 

кӛмегімен желдің бағытын анықтауға 

кӛмектесу. 

Ағаштарды шайқайды, 

Кӛзге кӛрінбейді. 

Шарлағанда сай-сайды, 

Бір сәт ерінбейді. 

                     (Жел) 

Егер күн кеште 

бұлтқа батса, күн 

желді болады. 

Шық қалың түссе, 

жер құнарлы 

болады, ал тұман 

жиі болса, жиын-

терін мол болады. 

 

Қимылды 


ойындар: «Кім 

шапшаң?», «Кім 

ең епті?» (шоқ 

шашақтармен, 

жалаулармен, 

айналшықтармен) 



Тәжірибе «Желмен ойнаймыз» 

Жеңіл және күшті желдің 

қасиеттерімен танысу. 

Айналғыш, шоқ шашақтар, 

ленталар алып шығу. Желдің 

олармен қалай ойнағанын 

бақылау. Айналғышқа бар 

күшімен үру. Ол жылдамырақ 

айналады. Жел – бұл ауаның 

қимылы. Жел әлсіз және күшті 

болуы мүмкін.  

Еңбек: Балаларды ойын алаңына 

су шашып-ауасын тазартуға 

жұмылдыру. 



Клумбадағы және кӛгал жердегі 

гүлдерді бақылау 

Клумбадағы гүлдер туралы балалардың 

білімдерін кеңейту. Гүлдердің сыртқы 

түрін салыстыруға үйрету (түймедақ, 

кӛктікен, қоңыраубас). Бақша және 

дала гүлдерін айыра білуге, сабағын, 

жапырағын, гүлін айыра білуге үйрету. 

 

Ӛзі сондай нәзік, 



Су құйсақ кетеді. 

Алақанын жазып. 

                   (гүл) 

Егер қырмызы гүлі 

ӛзінің тажын ерте 

таңертең ашса – ауа 

райы ашық болады, 

түсқайта – жаңбыр 

жауады немесе күн 

күркірейді. 

Дидактикалық 

ойын:  «Гүлді 

тану және атау» 

Дала және 

клумбадағы 

гүлдердің 

атауларын бекіту. 

 

 



Гүлдерді зерттеу 

Олардың құрылымын, түсін, 

иісін анықтау. Біз гүлдің сыртқы 

түрін қалай білеміз? (қарау, 

ұстап кӛру). 

Гүлдердің иісін қалай білеміз? 

(иіскеу керек, иісі ауамен 

тарайды) 

Гүлдер не үшін қажет? 

Еңбек: гүлзарды суару. 

Ӛзбетімен еңбекті, мадақтау. 

 

 Табиғаттағы ересектер еңбегін 



Аула сыпырушы 

Жаздың алғашқы 

Дидактикалық 

Тәжірибе «Жер неге құрғақ» 


 



бақылау 

Аула сыпырушының еңбегі туралы 

түсініктерін кеңейту. Ол не үшін 

жолдарды сыпырады? Не үшін ағаш 

түптерін қопсытады? Ӛсімдік 

қажеттіліктері туралы түсінік беру. 

Ӛсімдіктерге күтім жасауы бойынша 

және олардың жағдайы  арасындағы 

адам еңбегінің байланысын орнатуды 

үйрету. 

 

(Ә. Дүйсенбиев) 



Тәтті ұйқыда бәрі де, 

Балалар да, кәрі де. 

Алжапқышын байланып 

Шықты Шәкең сайланып, 

Құлаштайды қырындап, 

Сыпырғышы сырылдап, 

Сен жоғалтқан допты да 

Шәкең кенет тапты да, 

«Оянған соң берем», - деп, 

Салып қойды қалтаға, 

Шаруашыл жақсы аға. 

 

тұманы –



саңырауқұлақтың 

кӛп болатын белгісі. 

Егер кемпірқосақ 

жаңбырдан кейін 

тез жоғалып кетсе – 

күн ашық болады, 

ал егер ұзақ тұрса – 

жауын-шашын 

болатынын 

білдіреді. 

ойын: «Бұл қай 

кезде болады», 

жыл мезгілдерін 

бекіту. 


 

Күн шуағы астында клумба 

жерінде пайда болған 

қабықтарды қарау. Жер құрғақ. 

Ӛсімдік су ішу үшін, қабықты 

қопсытып, клумбаға су құю 

керек. Гүлзардағы біріккен 

еңбек: ӛсімдіктерді суару. 

Ӛсімдіктің суарғанға дейін және 

суарғаннан кейінгі жағдайын 

салыстыру. 

Бұлттарды бақылау 

Тыныш, ашық күні бұлттар жай жүзеді, 

ал жел күні – жылдам. Бұлттарды ашық 

және бұлтты күндері түсі бойынша 

салыстыру. Балаларға бұлттар неге 

ұқсайды, егер оны қолмен ұстаса ол 

қандай болуы мүмкін екені туралы 

елестетуді ұсыну. Және бұл, бұлт 

дегеніміз не? 

Суырды кӛкте қылышын, 

Нӛсерлі қара тӛнді бұлт. 

Тарылтып жердің тынысын, 

Тапа-тал түс болды ымырт. 

(Долы бұлт. Қ. Аманжолов) 

Егер күн батар кезде 

күн мен бұлт 

араласып және 

қарасұр түске енсе – 

түнде күн 

күркірейді. 

Сӛздік ойын: 

«Бұлтты суретте, 

ол неге 

ұқсайтынын 

ойлап тап» 

Тәжірибе  «Бұлттарды ӛзіміз 

жасаймыз» 

Суды қыздырғанда буға 

айналады, бұлт пайда болады: 

ыссы суды аузы жіңішке ыдысқа 

құю және одан будың қалай 

шығып жатқанын және 

жоғарыға бұлт болып 

кӛтерілгенін бақылау.  

Үлескені жинау, бірігіп еңбек 

еткендерді мадақтау.  

 

 Күні бойы күннің жағдайын 

бақылау 

Күннің таңертең, күндіз, кешке дейінгі 

ӛткен жолы туралы түсініктерін 

кеңейту.  

Кеште мынадай шешімге келу: күн 

белгілі бір жол жүреді және бір күнді 

уақыт бӛліктеріне бӛледі. 

Күн шуақтарының қасиеттері туралы 

түсініктерін бекіту. 

Ақ сандығым ашылды, 

Ішінен жібек шашылды. 

                       (Күн)

 

 

Күннің 



айналасындағы 

таждар – жаңбырға. 

Дидактикалық 

ойын:«Бұл қай 

кезде болады?» 

Күн жағдайын 

есепке ала 

отырып, тәулік 

мезгілдері туралы 

түсініктерін 

бекіту. 

Күн сәулесінің қасиеттерін 

үйрену 

Күн шуақтары кептіреді: 

үлескенің кӛлеңке және күн 

жағына қуыршақ жаймасын іліп, 

олардың қай жерде жылдам 

кебетінін бақылау.  

Еңбек: клумбадағы гүлді 

ӛсімдіктерге су құю, біріккен 

еңбекке қатысушыларды 


 

10 


 

мадақтау. 



Жәндіктерді бақылау. 

Балаларға жәндіктерді іздеуді ұсыну 

және жәндіктердің кӛбейгендігін атап 

айту. 


Қуыстағы немесе бұрыштағы ӛрмекші 

торының нәзік жіптеріне кӛңіл 

аудару.Ӛрмекшіні бақылау, ол ӛрмегі 

арқылы  қалай бір жерден екінші жерге 

ӛрмелейді. Ӛрмекшілердің пайдасы 

туралы айтып беру, олар түрлі ауру 

тасушы шыбындарды ӛлтіреді. 

Тоқыған ауы –  

Шыбынның жауы. 

                    (Ӛрмекші) 

Егер де құмырсқа 

илеуінің 

айналасында 

құмырсқалар аз 

және жолдың үлкен 

бӛлігі мықты жабық 

болса – жақын 

уақытта жаңбыр 

болады. 

Егер де құмырсқа 

илеуінің 

айналасында ӛмір 

қайнап жатса – 

жаңбыр болмайды. 

Масалар үйірімен 

ұшса – ауа райы 

жақсы болады. 

Қимылды ойын: 

«Қоңыздар мен 

масалар»     

(балалар екі топқа 

бӛлініп, кезекпен 

қоңыздарға тән 

дыбыспен (ж-ж-ж) 

және масаны       

(з-з-з) деп салады) 



Ӛрмекші торын қарау 

Тордың сеткаға ұқсайтынын, 

оның ерекше тоқылғанын қарау. 

Тордың жібінің ӛрмекшінің 

арнайы органы қарнынан пайда 

болатыны туралы әңгімелеп 

беру. Ӛрмекші торын тоқиды да, 

ӛзі тасаға тығылады.Сеткаға 

жәндіктер түсіп қалғанда, 

ӛрмекші олжасына асығады, 

міне осылай ӛрмекші ұсақ 

жәндіктерді аулайды. 



 

Құстарды бақылау 

Балабақша үлескесіне қандай 

құстардың ұшып келетінін бақылау.  

Серуенде құстардың дауыстарын 

тыңдау. Үлескеге ұшып келген 

құстардың 3-4 түрін тануға, оларды 

кӛлеміне, түсіне, шығаратын дыбысына 

қарай айыра білуге үйрету (торғай, 

кӛгершін, сауысқан). 

 

Сауысқан 

Сауысқан, сауысқан! 

Жауыр атқа жабысқан! 

Ойда жауыр кӛрінсе, 

Ойбайлатқан сауысқан! 

Қырда жауыр кӛрінсе, 

Қиқулатқан сауысқан! 

 

Торғай 

Торғай,торғай, тоқылдақ, 

Жерден тары шоқып ап, 

Бӛтегесі бұлтиып, 

Момақансып отырмақ! 

 

 



 

Қарлығаштар мен 

сұрқарлығаштар 

жоғары ұшса – 

жақсы ауа райына, 

тӛмен ұшса – 

жаңбыр жауады. 

 

 



 

Ойын «Суреттеу 

бойынша тап» 

Таныс құстарды 

суреттеу бойынша 

тануға үйрету. 



Құстың қауырсынын қарау 

Олар қандай болады? Үлкен 

қауырсын қанатта және 

кішкентай қауырсын денесінде 

болады. 

Кішкентай қауырсынды жоғары 

лақтырсаң – ол ұщады, жеңіл 

түседі, оның ӛзі жеңіл; ал үлкен 

қауырсын – тӛменге жылдам 

құлайды, ол ауыр. Құстар 

жаңбырлы күні қауырсындарын 

суламау үшін тығылып қалады. 

 

 


 

11 


Ересектер тобы 

Бақылау мазмұны 

Кӛркем сӛз, жұмбақтар 

Халық 

болжамы 

Ойындар, 

ойын-

жаттығулар 

Балалардың қарапайым 

іздеу және еңбек іс-әрекеті 

Ауа райын бақылау 

Балалардың жаздың белгілері туралы 

түсініктерін кеңейту: ауа райы, 

ӛсімдіктер мен жануарлар әлемі, 

табиғат құбылыстары, адамдар ӛмірі. 

Балаларды табиғат құбылыстары мен 

ауа райының жер бетіндегі барлық 

тіршілік атаулының ӛмірімен ӛзара 

байланысын кӛре білуге үйрету.  

Жаздың қамын қыс ойла, 

Бір ойлама, үш ойла. 

 

Жаз келді, 



Үйрек ұшып, қаз келді. 

 

Жазда шӛпті жинасаң, 



Қыста мал азығы. 

Егер тұман жерге 

жақын жайылып 

жатса – ыссы ауа 

райына. 

Егер күн батар кезде 

бұлттар қоюланса 

және қорғасын 

түстес болса – түнде 

күн күркірейді.  

Ойын жаттығу 

«Табиғаттың 

шағым кітабы» 

(орман, ағаштар, 

ӛзен және т.б. не 

туралы айтқан 

болар еді). 

Адамның 


табиғаттағы мінез 

құлқын бағалау 

білуге үйрету.  

Жаз дыбыстарын тыңдау 

Жаңбыр мен ағаштар шуылын, 

жапырақтардың сыбдырын, 

құстар әнін, шегірткелердің 

шырылын, аралардың ызылын 

тыңдау.  

Табиғат әлемінің ӛміріне 

қызығушылығын ояту. 

Тыныштықты тыңдай білу 

дағдысына тәрбиелеу. 

Үлескедегі еңбек: тұрмыстық 

және табиғи қоқыстарды жинау , 

жолдарды сыпыру. 

Желді бақылау 

Табиғат құбылысы ретінде жел туралы 

түсініктерін кеңейту. Жаз мезгілінде 

желдің, күшіне қарай және бағытына 

байланысты әр түрлі болатынына 

кӛңілдерін аудару. Желдің күшін және 

бағытын айыра білуге үйрету. Әлсіз 

жел салқын алып келеді. Күшті (құйын) 

жел ағаштардың жапырағын түсіріп, 

бұтақтарын сындырады, электр 

сымдарын үзіп кетеді. Желдің қай 

кезде адамға пайда, қай кезде зиян 

тигізетінін айтып беруді балалардың 

ӛздеріне ұсыну.  

 

Шӛпті жапырып, 



Құмды сапырып, 

Қоқысты үйіріп, 

Әкеткен не шүйіріп? 

              (Құйын) 

Егер күн шапағы 

бұлттар қабатының 

астынан кӛрінсе – 

күшті жел болады. 

Кемпірқосақта 

қызыл түс кӛп болса 

– жел тұрады.  

 

 



 

 

Сӛздік ойындар: 



Кім шапшаң? Кім 

зейінді? «Жел 

сӛзіне туысқан 

сӛздерді табу» 

(желді, желсіз, 

желдетілді, 

желкем...) 

 

Қағаз бытпырауықты 



ұшыруҰшуын бақылау. 

Балаларға желсіз күні 

бытпырауықтың ұшпайтыны 

туралы 


әңгімелеу.Бытпырауықтың  

кӛмегімен желдің күшін 

анықтауға болады. Жел – 

ауаның қозғалысы деген 

қорытынды шығару керек. 

Еңбек: Балаларды гүлзардың 

тарту.Балаларды мәдени 

ӛсімдіктер мен арамшӛптерді 

айыра білуге үйрету. 

Еңбек: балаларды гүлдің арам 

шӛбін отауғу тарту. 

Құм салынған жерді бақылау 

 

Шық қалың түссе, 



Ойын жаттығу 

Құмды қарау 

 

12 


Құмға тән қасиеттер туралы білімдерін 

бекіту. Құм құрғақ және дымқыл 

болады, құрғақ құм – тӛгіледі, дымқыл 

құм – жабысады, одан кесек, тәтті 

нанды  мүсіндеуге болады. 

Құмды бұрқасын болған кезде құм зиян 

тигізуі мүмкін. 

 

Қысында да шырайлы, 



Жасыл шырша ұнайды. 

 

Тау баурайы тӛменде, 



Ӛседі жас емендер. 

 

Қызыл күрең тобылғы, 



Қамшы сапқа қонымды. 

 

Ауыл сәні – терек, 



Терек егу керек. 

жер құнарлы 

болады 

 

«Іздер», 



балалардың 

дымқыл құмға 

қалдырған 

іздеріне кӛңіл 

аудару.  

Құмды үлкейтіп кӛрсететін 

шыны арқылы қарау (кӛп ұсақ 

дәндер – талдар).  

Құрғақ құм қандай болады? 

Дымқыл құм қандай болады? 

Ойын жаттығу «Моншақтар 

жоғалды», оларды құмнан тауып 

алуды ұсыну (елек арқылы 

ӛткізуге болады).  

Еңбек: серуеннен кейін құмды 

кӛтеріп, су құю.  



Аспандағы бұлттарды бақылау 

Жердің әуе бұлттары туралы 

түсініктерін кеңейту.  

Жазда бұлттар таза, кӛгілдір түсті 

болады және аспанда жәймен жүзіп 

жүреді.  

Балаларға неге бұлттар аспанда біресе 

жәй, біресе шапшаң, ал кейде бір 

орнында тұратыны туралы ойлануды 

ұсыну. Бұлттардың қозғалысы мен 

желдің күшінің байланысын орнатуды 

үйрету. 


Будақ түтін түсі аппақ, 

Кӛк жүзіне тұзақтап. 

Қойғандай-ақ жылжымай, 

Тауды ӛбеді құшақтап. 

                  (Бұлт) 

Егер найзағай 

жарқылдағанда  күн 

күркірі ұзақ естілсе, 

ұзақ жаңбырды күте 

бер. Таңертең күн 

күркіресе, әсіресе 

үзіліссіз күркіресе – 

кеште жаңбыр 

болады.  

Қатаң күркіреу– 

жәй жауынға, 

сыңғырлаған 

күркіреу – нӛсер 

жауынға. 

Ойын жаттығу 

«Бұлт сӛзіне 

сӛздер таңдау» 

(ол қандай)  

(жеңіл,ашық 

түсті, үлпілдеген 

және т.б.). 

 

Жаттығу - тәжірибе«Егер де 

мен бұлт болсам» 

Балаларға ӛзін бұлттың орнына 

қойып, ӛзі туралы айтып беруді 

ұсыну:  


Сен қайда жүзіп барар едің? 

Жоғарыдан нені кӛрген болар 

едің? 

Сен не туралы ойлар едің? 



Не сезер едің? 

Балалар еңбегі: Ағаштар мен 

бұталар айналасын қопсыту. 

 

Үй құстары мен жануарларын 

бақылау 

Балалар назарын жаз мезгілінде үй 

жануарларының ӛмір сүру салтына 

аудару: кӛгалда жайылады, кӛп 

уақытты таза ауада ӛткізеді, оларды 

суаруға ӛзен ағысына апарады. 

Жануарлар ӛмірі мен табиғат 

құбылыстарының ӛзара байланысын 

орнатуды үйрету. 

Мал баласын сүйеді 

Қой сүйеді баласын 

«қоңырым» деп, 

«Ештеңені білмейтін 

момыным» деп. 

Сиыр сүйеді баласын 

«торпағым» деп, 

«Қараңғыда баспаған 

қорқағым» деп. 

Түйе сүйеді баласын 

Егер мүйізді мал 

суаруға баратын 

жолда тебініп, 

осқырынса – ұзақ 

жаңбырға.  

Қой маңыраса – ауа 

райы бұзылады. 

 

Дидактикалық 



ойын «Мысық 

кімде» 


Үй құстарының 

балапандары мен 

жануарлардың 

тӛлдерін ілік  

септікте 

(кімнің,ненің), 

жекеше және 

«Табиғат және жануарлар» 

сызбасын құру 

Үй құстары мен жануарлары 

ӛмірі және тпбиғат пен ауа райы 

құбылыстарының ӛзара 

байланысын кӛрсету:  

«Күн және жануарлар», «Су 

және жануарлар» және т.б. 

Табиғат бұрышында ӛмір 

сүрушілерді күту: торды тазалау, 


 

13 


 

«тайлағым» деп, 

«Жабу жапса, жарасқан 

жайнағым» деп. 

кӛпше түрде атай 

білуге үйрету.  

су ішетін және тамақ ішетін 

ыдыстарын жуу. 



Жәндіктерді бақылау 

Балалардың жәндіктер туралы 

түсініктерін байыту. Шегірткені қарау 

(жәндіктер коллекциясын қолдауға 

болады) 

Олардың денесі бас, кеуде және қарын 

болып бӛлінген, ал 3 жұп аяғы 

кеудесінде орналасқан. 

Басында – ауыз жағы және мұршалары. 

Басының жанында кӛздері орналасқан. 

Қанаттары екі жұптан: алдыңғы және 

артқы. Жәндіктің аяқтары ӛте тұтқыр.  

Жәндіктердің кӛпшілік түрі у ӛсіруші 

болып табылады, бірақ қанішер және 

жыртқыш ӛсімдіктерде бар. 

 

Бір қазан сүт 

Кӛбелек келіп күмп етіп, 

Кӛбігін ішіп ол кетті. 

Жапалақ келіп жалп етіп, 

Жарымын ішіп ол кетті. 

Қарға келіп қарқ етіп, 

Қалғанын ішіп ол кетті. 

Сауысқан келіп саңқ етіп, 

Сарқып ішіп ол кетті. 

Қырғауыл келіп қиқу сап, 

Қазан түбі қаспағын, 

Қырнап ішіп ол кетті. 

Егер шіркейлер 

айнала ұшса -  

жақсы ауа райына, 

бетке жабысса – 

жаңбырға кӛрінеді. 

 

Егер таңертең бал 



аралары танапта 

ұшпай, 


омарталарында 

отырып және 

ызылдаса – 

жаңбырды күт.  

Құрғақшылықтың 

алдында бал аралар 

ашулы болып, 

шағып алады. 

 

Ойын жаттығу 



«Жұмбақты шеш» 

(жәндіктер туралы 

жұмбақтар). 

Ертегіні сахналау 

«Құмырсқа үйіне 

қалай жетті» 

 

 

 



Құмырсқа илеуін қарау  

Бұл үйді кім тұрғызды? Ол 

неден салынған? (бұтақшалар, 

шӛптер, қабықтың бӛлігі, 

топырақ – осының барлығын 

кішкентай еңбекшілер – 

құмырсқалар әкелген). Үйдің 

пішініне, кіретін-шығытын 

жолдарға кӛңіл аудару. 

Құмырсқалардың татулықта 

еңбек ететініне назар аудару. 

Жәндіктер ӛмірінің әралуандығы 

туралы шешімге келу. 

 

 



Бұлттарды бақылау 

Тыныш  ашық күні бұлттар жәй жүзіп 

жүреді, ал желді күні шапшаң. Ашық 

және бұлтты күндері бұлттарды түсі 

бойынша салыстыру. Балаларға 

бұлттардың неге ұқсайтынын 

елестетуді ұсыну, бұлттар неге 

ұқсайды, егерде қолмен ұстасақ, бұлт 

қандай болуы мүмкін. Бұлт дегеніміз 

не?  


Ақсың, сұрсың, қарасың, 

Қайда қалқып барасың? 

Жерге нӛсер тӛгемін, 

Ӛссін гүлдер, кӛп егін! 

Гүл-гүл жайнап ӛсер кӛк, 

Нӛсерлетсең, нӛсерлет! 

Таңертең күн 

күркіресе, кеште 

жаңбыр жауады.  

 

Ойын жаттығу 



«Бұлт, ақжалды 

аттар, бізді 

аспанға 

кӛтеріңдерші» 

«Бұлттар, 

ақжалды аттар, 

бізді аспанға 

сереуендетіп 

қайтыңдаршы»  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет