№22 (5410) 30 мамыр 2015 жыл


Д. Швецов  Охрана здоровья населения Заседания районного



жүктеу 1.43 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі1.43 Mb.
1   2   3   4   5   6

Д. Швецов 

Охрана здоровья населения

Заседания районного 

Координационного совета

Қоғамдық кеңес 

отырысынан

4 мамыр - Мемлекеттік рəміздер күні

3 бет

30 мамыр  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Бүгінгі күні аудан бойынша жиырма сегіз

шағын орталық болса, оның сегізі толық

жұмыс күнінде, екі балабақша, отыз үш

мектепалды даярлық тобы «Зерек бала»,

«Алғашқы қадам» бағдарламалары бо-

йынша жұмыс істеп келеді.

Шіркін, баланың таза, пəк, риясыз шат

күлкісі қандай ғанибет! Жаныңа жылу,

көңіліңе қуаныш сыйлап, жаныңды жады-

рататынын тілмен жеткізу мүмкін емес!  

Балғын бүлдіршіндер мерекесі

қарсаңында ауданымыздың бірнеше

шағын орталықтарының жұмысымен та-

нысуды жөн көрдік. Оның өзіндік себептері

де бар. Əрқайсысы өз үйінің еркесі, сөз

жетпесі, сүйіктісі, байлығы, қожайыны

болып қалған бүлдіршіндерді алғаш

ортаға бейімдеу, олардың жүрегіне жол

табу да балапан топтан бастау алса керек.

Осы əр еркенің көңілін тауып қана қоймай,

оны ойната отырып, ойлантуға үйрететін

тəрбиешілер мен мамандардың еңбегі де

ерен.

Майоровка орта мектебі жанындағы



«Балбөбек» шағын орталығының «Бала-

пан» тобында екі-үш жас аралығындағы

бүлдіршіндерден құрылған екі топ толық

күнде жұмыс істесе, бір топ жарты күн

жұмыс істейді екен. Біз келгенде,

бүлдіршіндер сергіту сəттерін енді аяқтап,

əпіл-тəпіл жиынға тұруға дайындалып

жатты. Көп ұзамай-ақ оң қолдарын жүрек

тұсына қойып, бастарын тік көтеріп, бір-бі-

рімен жарыса əнұранды мақтана орындап

шықты.Тілдері енді ғана шығып келе

жатқан бүлдіршіндердің естиярлары

сөздерін толық айтса, қалғандары

қайырмасына қосылып бағуда.

Талпыныстарының өзі тартымды. Өзара

тілдесулері, тəрбиешінің айтқандарын

ұғынуы бізге қызық көрінді. Бұл бір сəттік

қана көріністері, ал күнде осында жұмыс

атқаратын тəрбиеші үшін еңбек.

-Толық күн жұмыс істейтін екі топта 26

бала тəрбиеленуде. Олардың демеуші-

лері - ата-аналар. Олар таңғы сегіз жа-

рымнан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.

Жарты күн жұмыс істейтін тағы бір  топ

таңғы сегіз жарымнан түскі бірге  дейін

тəрбиеленеді. Жұмыс күні дүйсенбіден

жұма аралығында. Барлық тəрбие

жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі,-

дейді тəрбиеші Рымкүл Нұртайқызы,- Ба-

лаларды қорғау күні - біз үшін үлкен ме-

реке. «Біз бақытты баламыз» атты

концерттік бағдарламамыз,

қойылымдарымыз бар. Оған ата-анала-

рымыз бен қонақтар шақырамыз.

Мүмкіндігімізше сый-сияпат жасауға да

тырысамыз. Əр бала бақытты болуға

құқылы.

Негізінен, топта небары екі-ақ өзге



ұлттың бүлдіршіні бар екен. Дегенмен

олар ортасына қарай бейімделіп, жарты-

лай қазақша толық түсініп те алған. 

Балғын бүлдіршіндердің қылықты,

қызықты əр қимылы  жаныңа қуаныш сый-

лап, еріксіз қытықтайды. Бала – өмірдің

гүлі, отбасының ажары мен базары.

Ертеңіміздің тірегі.

Жоспарға сəйкес «Зерек бала»,

«Алғашқы қадам» бағдарламасы бо-

йынша сабақтар жүргізіледі.Орталықтың

əр залы таза, ұқыпты, тартымды, заманға

сай жинақталған.  Р.Ахметова, Г. Жетпіс-

баева, Л.Кабденова, Б. Досмағанбетова

сынды тəрбиешілер дұрыс

тамақтануларын қадағалап, ұйқыларына

тыныштандырып жатты.  

Ұйқың тыныш, түсің тəтті болсын, шат

күлкінің иелері, деген ниетпен аттанып

кеттік.


Нұрыш Нақыпова

1 маусым – Балаларды қорғау күні

Пəк күлкінің иелері

23 мая 2015 года, в 10.00 часов, на ста-

дионе «Нура» проводились районные лег-

коатлетические забеги «Олимпийский

день», посвященные Дню борьбы с нарко-

манией и незаконным оборотом наркоти-

ков и 70- летию Победы в ВОВ. 

Целью и задачей легкоатлетических за-

бегов «Олимпийский день» являлись реа-

лизация Послания Президента РК по

пропаганде здорового образа жизни и раз-

витие массового спорта в районе, а также

профилактика, отвлечение детей, подро-

стков и молодежи от употребления алко-

голя, наркотиков и табакокурения. 

Общее руководство проведением

соревнований возлагалось на тре-

неров-преподавателей КГУ ДЮСШ

Нуринского района совместно с

руководителем отдела  физиче-

ской культуры и спорта Нуринского

района Имашевым Ж.А.

В соревнованиях приняли уча-

стие: КСШ №1, КСШ№2, КСШ№3,

многопрофильно-функциональный

колледж п.Киевка.

Все забеги проходили в упорной

борьбе, все участники стремились

опередить друг друга с наивысшим

результатом на своих дистанциях.

Индивидуальные забеги на дис-

танции 400 метров среди мальчи-

ков и девушек 5-6 классов: 

Мальчики:

1-место-Полукаров  С. (КСШ №1)

2-место-Туркин  Д. (КСШ №1)

3-место-Балтабай  Т. (КСШ №3).

Девушки:


1-место-Бектемисова И. (КСШ №3)

2-место-Айтжанова  А.(КСШ №3)

3-место-Курмангалиева  К. (КСШ №3).

Индивидуальный забег на дистанции 500

метров среди мальчиков и девушек 7-8

классов:


Юноши:

1-место-Озатбек  Б. (КСШ №3)

2-место-Барзуев  Б. (КСШ №2)

3-место-Ибрайбеков  Д. (КСШ №3)

Девушки:

1-место-Туркина  Д. (КСШ №1)

2-место-Абдрахманова  А. (КСШ №3)

3-место-Щульц  С. (КСШ №3)

Индивидуальные забеги на дистанции

1000 метров среди юношей и девушек  от

15 до 20 лет среди школьников и уча-

щихся колледжа:

Юноши:

1-место- Ибрагимов Б. (колледж п.Киевка)



2- место-Шульц  Г. (колледж п.Киевка) 

3- место-Нарботаев  С. (КСШ №2)

Девушки:

1- место- Касьянова А. (колледж п.Киевка)

2- место-Ашим  А. (КСШ №2)

3- место-Камзе  Л. (КСШ №2) 

Все призеры легкоатлетических забе-

гов «Олимпийский день» награждены гра-

мотами КГУ ДЮСШ Нуринского района. 

Пользуясь случаем, хотелось бы по-

благодарить участвовавших команд, а

также физических руководителей школ

Винтерголлер  И.В., Усенбекову  Г.У., Сул-

танбекова Н., Асанова С.Т., Спасибухова

В., Шевченко В.П., тренеров-преподавате-

лей Смаилова Е.С., Баранова Г.А. за су-

действо в проведении легкоатлетических

забегов «Олимпийский день» и пожелать

им крепкого спортивного здоровья и твор-

ческих успехов в работе.



С.Есенов                        

Заместитель руководителя ДЮСШ

по учебной работе

Спорт 

Легкоатлетические забеги

«Олимпийский день» 

Өз  еліңнің   патриоты

болу -  елін  сүю, салт-

дəстүрді  қастерлеумен

шектелмей,  өлкеңнің

сырға   толы  орындары

туралы  жетік  білу

болып  саналатындығы  белгілі.

Біз  мекен  еткен   Шұбаркөл  кентінің

айналасында  ғасырлар  қойнауынан  сыр

шертетін  ғажап орындар  бар. Қазақтың

осынау  ұлан-

ғ а й ы р

д а л а с ы н ы ң

дүбірлі  ұлы

о қ и ғ а л а р ғ а

т

о

л



ы

к езе ң д е р і н д е

аты  аңыз

болған  небір

тұлғалар  өмір

сүргені  белгілі.

Оның  дəлелі,

сол  ұлы


т ұ л ғ а л а р д ы ң

к е ш к е н

ғұмырын  паш

ететін  небір

ғ а ж а й ы п

сырларға  толы

кесенелер  бар.

Солардың  бірегейлері  іспетті,  белгілісі  -

Алаша хан   мазары.    

Сол  ескерткішті  көру  мақсатында

Шұбаркөл  орта  мектебі  мұғалімдерінің

ұйымдастыруымен   мектеп  директоры

Нұргелді  Хабдулович  бастаған

өлкетанымдық  экскурсиясына  бардық. 

Біздің  бұл  экскурсияны

жоспарлағанымызға   бірнеше  жыл

болған  еді. Түрлі  себептермен  кейінге

шегеріле  берген  болатын. Ақыры, міне,

биылғы  оқу  жылының  аяғында  Алаша

хан  мазарына  барудың  сəті  түсті.

Сөйтіп, 16 мамыр  күні  мұғалімдер,

оқушылар  жəне  ата-аналардан  құралған

25  адам   бірнеше  автокөлікпен  сапарға

шықтық.  

Толастамай  жауған  жаңбырға

қарамастан,  жолдың  қызығы  мен  аза-

бын  көре,  Алаша  хан   мазарына    түс

ауа   жеттік. Таңқалдырған  жайт -

Шұбаркөлден  шыға  жауған  боз  жауын

жол  бойы  тыйылмаған,  кесенеге

жақындай  бере,  жаңбыр  сап  тыйылып,

күн  ашылды.  

Сөйтіп,  Қаракеңгір  өзенінің  жағасында

салынған  көне  сəулет  өнерінің бізге  жет-

кен  тамаша  бір  үлгісін  көрдік.

Жазбалардағыдай  кесене  қабырғалары

күйдірілген  қыш  кірпіштермен  өрнектеле

құрастырылып  тұрғызылған.  Еңселі

күмбезінің  де  қыш кірпіштен

қиюластырылғанын  көріп, сонау

ғасырлардағы   ғұмыр  кешкен  хас

шеберлердің  өнеріне  тəнті  болдық.

Мазарға   кіреберісте   қазақтың  үш

жүзінің  құрамындағы  ру-тайпалардың 

таңбалары  бедерленген  тас  белгі  бар.

Ішінен  күмбезіне  көтерілетін қыш кірпіш-

терден  айналдыра  жасалған  баспалдақ

саты  бар.   Мазар   айналасында сол

ғасырларда  ғұмыр  кешіп,  өмірден  озған

небір  тұлғалардың  саз  кірпіштен

тұрғызылған  зираттары  бар. Көнелілігінің

куəсі  біразының  қабырғалары  мүжіле

тоза  бастағандығы  екен. Кесенені  ара-

лап  жүріп,  өз  басым   көп  нəрсеге  таң

қалдым. Кіреберістегі  жазбадағыдай,  11-

12 ғасырларда   тұрғызылған  кесененің

ешбір  құрылымын  бұзбай  сақталуы  таң

қалдырды.  Он  ғасырдан  астам  уақыт

тұрған  сəулет  өнері  үлгісінің  əлі  талай

ғасыр  куəсі  болып, болашақ  ұрпаққа

даланың  небір  сырларын  жеткізері  анық.

Міне,  біз  сөйтіп:

«Алаш  Алаш  болғанда,

Алаша  хан  болғанда..»   дегендей,

ұлан-ғайыр  ұлы  даланың   көне

ескерткішінің  басына  осылай  тəу  етіп

қайттық.

Мауленова  Қарлығаш  Қазалиевна,

Шұбаркөл  орта  мектебінің 

оқу  ісі  орынбасары   

Өткенге  тағзым

«Біз Қазақстанның

барлық

азаматтарының

отаншылдық сезімі мен өз еліне деген

сүйіспеншілігін

дамытуға тиіспіз».

Н.Ə. Назарбаев

Еліміздің бұдан əрі өркендеп, дамыған

елдің алдыңғы қатарында болуы əрбір мек-

теп қабырғасынан түлеп ұшқан білімді,

өнерлі, тəрбиелі шəкірт өнегесімен тікелей

байланысты. Келешегін ойлаған əрбір мем-

лекет, қай заманда, қай кезде болмасын

үнемі ұрпағының білімді де, тəрбиелі бо-

луына, денінің сау болып, өнерлі болуына

көп көңіл бөлген. Еңбекқор, келешегіне

мақсат қоя алатын, бойында адамгершілік

қасиеті мол ұрпақ тəрбиелеу – бүгінгі ұстаз

қауымының жауапты парызы. Заман тала-

бына орай үнемі жетістікке ұмтылатын,

шəкірттерінің жеңісімен мақтанатын, ізде-

ніске жаны құмар ұстаздардың еңбектегі

нəтижелері көңілге ерекше қуаныш

ұялатады.

Биылғы жылы елімізде Қазақ хандығының

550 жылдығы аталып өтуде. Соған байла-

нысты «Сарыарқа дарыны» аймақтық

ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл

атындағы мамандандырылған мектеп-ин-

тернаты «Тарих жəне тағылым» атты VIII

облыстық шығармашылық байқауын

өткізді. Байқауға 9-сынып оқушысы Мар-

таев Ильяс «Қазақ мемлекетінің

қалыптасуындағы ұлт мүддесі жолындағы

ұлтжандылығы, асқақ рухы, биік мұрасы»

тақырыбында баяндама  жазып, қорғауға

қатысты. Нəтижесінде, Ильяс байқауға

қатысқаны үшін арнайы сертификатпен,

жүлделі ІІ орын иеленгені үшін дипломмен

марапатталды. Ильяс - мектептегі үлгілі, бі-

лімді, тəрбиелі шəкірттеріміздің бірі. Мек-

тепте өтетін барлық шаралардың белсенді

мүшесі, спортқа жаны құмар жас жеткіншек. 

Жоба жетекшісі, тарих пəнінің мұғалімі

Түскенова Гүлдана Сəкенқызының шəкірті

жүлделі оралып, мерейі үстем болғаны

мектеп ұжымы үшін де зор жетістік, толағай

табыс деп білеміз. Гүлдана Сəкенқызына

əлі де шығармашылық табыстарға жете бе-

руіне тілектеспіз. 

Бүгінгі заман жастары Ильястың: «Қазақ

халқы  ұлт мүддесі жолында - сыйласқанға

сыралғы, ашынса арланып, қорланса

қобыздай аңыраған, ескі жарамыз жан сыз-

дататындай болса да, жасымаған жайсаң

ұлтпыз, жауласса жасын болып

жарқылдаған» деп сипаттаған  ұлттың

ұрпағы. 


Смағұлова Сəуле Қамбарханқызы,

Щербаков орта мектебі

Тарих жəне тағылым

4  бет

30 мамыр  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Бісміллəһи Рахмани Рахим!

Дүниедегі орын алып жатқан жақсылықтардың да,

жамандықтардың да Аллаһ тағаланың тағдырымен,

разылығымен болатынын бəріміз мойындаймыз жəне мо-

йындамайтындар да баршылық. 70 жыл құдай жоқ деп

жар салған коммунистік идеологияның нақты жемісі - осы.

Аллаһ табарака уə тағала адамзатты жаратты. Мəселен,

бір шақалақ дүниеге келсе, оның несібесіне бидайдың бір

тал масағы, бір саулық төлдесе де, бір түп жусан артық

өседі. Жаратқан Жаббар Хақ дүниеге келген тіршілік

иесінің ризалығын онымен бірге жаратады. Сондықтан

қалауымыздан тыс болып жатқан құбылыстарға біздің бас

қатыратын еш жөніміз жоқ. Мына жұмыр жерде жұмыр

басты пенде болып, өмір сүріп жатыр екенбіз, бұдан

арғысы бір Хақ тағалаға тəуекел. «Енді қайтып күн көрер

екенмін» деген сары уайым сіз бен біздің құзырымыздағы

мəселе емес. Бұл – Аллаһтың ісі. Əлемдер Раббысы

ризығын жаратып қояды екен. Қыстың көзі қырауда

миллиондаған қарғалар Солтүстік өңірлерге ұшып барып,

жердің тоңы жібігенше, аязды жерлерді мекендейді. Кері-

сінше, жапырақтар сарғайып, ызғар лебі сезілгеннен

оңтүстікке ауатын құстар бар. Жер бетіндегі

жануарлардың тіршіліктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Мысалы, шөл далада, таулы қыратта, Сахараның

ыстығында, Джунглидің орманында, мұз құрсауындағы

Арктика мен Антрактидада миллиондаған аңдар,

жəндіктер тіршілік кешеді. Əуедегі ағаш бұтақтарындағы,

жер үстіндегі, жер астындағы, судағы, тіпті өмірі жарық

түспейтін терең тұңғиықтардағы тіршілік иелерінің

барлығы жаратылыстың заңдылығына сай жетіледі, өсіп-

өнеді, балалайды, көбейеді. Мысықтың тышқан,

қасқырдың қоян, доңыздың қоқыс, тиіннің жаңғақ, араның

шырын, аюдың бал, қоңыздың бақ, өрмекшінің шыбын-

шіркей, маймылдың банан, бірқазанның балық, кененің

қан, қарақұстың өлексе, сиырдың құрақ, ешкінің бұта

басындағы жапырақтарды, түйенің жантақ, кірпінің жылан,

жыланның жұмыртқа жеуге бейімделуі əр тіршілік иесінің

өзіне ғана тиесілі несібесі бар.

Жаратқан Жаббар Хақ тағала тіршілік ортасын,

ризықтарын өздерімен бірге жаратып қойған. Бал арасы

бал, құмырсқа, тышқандар дəн, тиіндер жаңғақ жинауға

ұқыппен қарайды. Жылқы шалғындағы шөпті таптамай,

тұяғының астындағы шөптің нəрлісін ғана таңдап жейді.

Ал, есек пен доңызға шүйгін шөптің, құнарлы жемнің

қажеті жоқ, қоқыс пен қалдықтар болса жетіп жатыр. Жаб-

бар Хақ өзінің мақұлықтарын Хайуандарын, тіршілік ие-

лерін осылай  өздерінің болмысына лайықты қоректенетін

етіп жаратқан. Олар əлемдер Раббысының үкімі бойынша

тіршілік кешеді. Ал қалау еркі, таңдау құқы бар

адамзаттың мүмкіндігі жоғары. Жаббар Хақ тағала

əлемдегі тіршілік иелерін бір-біріне байланысты етіп

жаратқан екен, енді осы барша тіршілік иелерін

адамзаттың игілігі үшін жаратқанына шүкір дейміз.

Сондықтан жануарларды қырып-жоймай, өсімдіктер мен

ағаштарды отап, өртеп тастамай, жер қойнауындағы

байлықты бүгінгі күннің көзімен қарап, ысырап етпей,

мұхиттарды, ауаны, ғарыш кеңістігін ластамай, ризық не-

сібемізді нысаппен, тəртіппен, қанағатпен жұмсайтын

болсақ, бізден ешқандай береке ешқашан кетпек емес.

Халқымыздың «ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР» деген сөзі

бекер айтылмаған. Əлемдік дағдарыс берекенің кеткенін

білдіреді. Адам өлгенде əркімнің өз Ақырзаманы баста-

латыны сияқты дағдарыс та солай əркімнің өз жеке

басының, əркімнің өз үйінің, əркімнің өз мемлекетінің

дағдарысы болады. Жүріс-тұрысында, сөзінде, ішіп-же-

уінде бағыт-бағдар болмаса, адамның жеке басынан бе-

реке кетеді. Үй ішінде ұрыс-керіс тыйылмаса, байлықты

байы бір жаққа, бəйбішесі бір жаққа, баласы бір жаққа

тартса, барды бағалай білмесе, отбасынан береке кетеді.

Дағдарыс деген осы. Жаратқан Хақ тағала берген

ризықтарды қанағат тұтпай ысырып етіп, бекерден бекер

ысырап қыла берсек – қолымыздан дүниеміз кетіп

қалады. Раббымыз берген байлыққа қанағат қылудың ор-

нына байимын деп банк несиесіне белшеден батсақ не-

месе ақшаны пайыздық өсіммен қарызға берсек, құмар

ойындар ойнасақ, пайда табуды көздеп, шариғат

заңдылықтарын сақтамай, алып-сатарлықпен

айналыссақ, қолымыздан дүниеміздің қалай кетіп

қалғанын түсінбей əуреге түсеміз. Айналып келгенде, бар

бəленің басы  «жібекті түте білмеген бөз етеді» демекші,

мал-дүниені тəртіппен, ынсаппен жұмсағандықтан.

Иманның, Алланың құдіретін танымауы өзінің Тəңірі

тағалаға байланысты екенін сезінбеуі. Шылқыған бай-

патшаның шаруасын шалқасынан түсіріп, тақырға

отырғызу шайтанға шемішке шаққандай түкке тұрмайды.

Жаратқан Жаббар Иесін танымаған Аллаһ тағаланың

сəулесіне емес, хайуанның, шайтанның, күпір əлемінің

сəулелерін өзіне қабылдап сіңіре түсті. Дүниеде əр түрлі

жағдайларда біздің берекесіздікке ұшырап қалатын

жағдайымыз осы. Бəріміздің де ауқатты ағайындарымыз

бар. Олардың бірінен-бірі асырып қалай той жасайтын-

дары белгілі. Ондай тойларда ешқандай тəртіп

сақталмайды. Арақ-шарап судай ағады. Ішіп-жем аста төк

болады. Жалаңаштанып қазақ қыздарының ортаға шығып

ойнауы сияқты бейəдепсіздіктер үйреншікті жайтқа ай-

налды. Осындай бейəдепсіздіктен, ысыраптан қалталы

ағайындардың тақырға отырып қалатын, қарызға белше-

ден батып, алақан жайып қалатын кездері жиі болып

отырады. Тəртіпсіздіктен адал емес, харам тірліктерден

кеше ғана асығы алшысынан түсіп тұрған бизнесмен

ағайынның ісі қырын кетіп берекесіздікке ұшырайды.

Берекенің кетуі үшін бизнеспен болу шарт емес. Біздің

үйімізде тəртіпсіз болсақ, келген ырысқа кесірлік

танытсақ, тағамды талғап ішіп, піскен асты күттіріп қоятын

болсақ, нанды тепсек, қоқысқа тастасақ, тамақты ысырап

қылсақ, береке кетті дей беріңіз. 

«Ниеттің аласы - Құдайдың бəлесі» демекші, ниеттің

бұзылғандығынан береке кетеді. Дініне, діліне, тіліне, се-

німіне, нанымына, нəсіліне, ныспысына қарамай, адам-

зат баласына барлық ризықты Аллаһ тағала береді. Жер

шарының əр түкпіріндегі адамдар мол ризықтың қадірін

білмей, қанағатсыздық, тəртіпсіздік танытуынан дағдарыс

пайда болды. Байығандар бір теңгесін екеу етіп, одан

сайын байып, ісініп тасиды. Ақша – қуат, энергия. Күш

қуаты тасыған адамның ұрынуға қара таппай тұратыны

сияқты артық ақша да жанға жай таптырмайды. Харам

жолмен табылған ақша арам істің жігін тауып, қиюласып,

соған сұранып тұрады. Ақшасын шет елдерге шығып

қыдыруға, қыз-қырқынға, ойын-сауыққа, құмар ойынға,

казиноға, параға беруге, арамдық ойлауға, қастық

жасауға, біреудің мұрнын бет қылуға, есе қайтаруға

жұмсаймыз. Əлі оңы мен солын танып үлгермеген

бозөкпе балаларымыздың қалтасын ақшаға сықатып,

астына су жаңа көлік əперіп, бетіне жан баласын

қаратпай, қолтығына су бүркіп тайраңдатамыз. Ол

бұзақылық жасап істі болады. Сол арам жолмен келген

ақшаны полицияға, заңгерге, сотқа, прокурорға, бүліктің

тұтқасын ұстап отырғандарға пара беріп, алса қуанып, ал-

маса заңға сəйкес сотталып жатады.

Шындығында, сол байлықтың иесі өзіміз деп білеміз.

Осы байлықтың иесі Аллаһ тағала екенін білгіміз кел-

мейді. Жаратқан Жаббар Хақ тағала бермесе, бұның

бəрін қайдан жинар еді. Қаншама қатерлі ісік сияқты ке-

сапатты кеселге, айықпас ауруларға ұшырағандар,

мешел болған жандардың Əлемнің Раббысы осы

мүмкіндігі шектеулі жандарға ризықтарын басқа біреу

арқылы жеткізіп қойған. Аллах тағаланың берген

байлығында, оның ішінде əйелінің, бала-шағаның ата-

ананың, көршінің қарауында қызмет етуінің елдің жəне

Аллаһ тағаланың ақысы бар. Осындай жауапкершілік жоқ

жерде адам дүниені харам нəрселерге жұмсайды. Ертең

харамға жұмсалған дүние шаян болып шығып уын жаяды.

Дүниені жалпағынан басып жүргендер сол дүниенің

қызығын көрмей, апатқа тап болып, отқа өртеніп сал

болып, қарға адым жерді аттауға зар болып, табан жолын

көре алмай, кемтар болып жатыр. Əуре болып жиған,

жалт-жұлт еткен дүниесі көз алдында оны мазақ еткендей

жайнап тұр. Əйелдері оның дүниесін басқамен көңіл

көтеруге, харам тірліктерге жұмсап масайрайды. Мынаны

білу керек - Аллаһ несіп етпегеннің бəрі харам. Сондықтан

да жиған дүние сенікі емес. Ешкімнің дүниені қалауынша

сарп етуіне қақысы жоқ. Аллаһ тағала біздерге дене, өмір

берді. Бұларды да біздер қалауымызша сарп ете алмай-

мыз. Ешкім өз қалауымен өзіне қол жұмсай алмайды.

Өйтсе кəпір болғаны. Əлемде экономикалық дағдарыспен

қатар біз де, яғни қазақ халқы рухани дағдарысқа

ұшырадық. Тəңірі тағала қыздарға, əйелдерге көркем кел-

бет, ашық ажар берді. Осы сұлулық олардың қалауында

емес.  Қыздың көпшілік көзінше омырауын жалаңаштап,

кіндігі мен белін ашып, сирағын жалтыратып жүруіне

хақысы жоқ. Құдай тағала əйелге бойындағы осыншама

əдемілікті, сұлулықты жарына ғана көрсету, қызмет қылу,

разылығын табу үшін берген. Міне, сондықтан осындай

пиғылдардан қуат қашады, денсаулық берекесі кетеді.

Отбасының шырқы бұзылады. Жаһандық дағдарыстың

мəнісі. Аллаһ Хақ уа тағаланың «Əй, пендем! Құтыра

берме! Тəубеңе кел!» деп ескерткені. Беруші де  Аллаһ,

алушы да Аллаһ. Осыны біле тұра, қай-қайдағы

дағдарысқа сілтейміз, қай-қайдағы біреулерден көреміз.

Неге Аллаһ тағаланы ауызға алмаймыз. Дағдарыс деп

шулағанмен, тəубеге келейін деп жүрген ешкім көрмедік.

Алғашқы онжылдықта қаншама қиналдық. Құдай тағала

қаншама кеңшілік беріп жатыр. Біреулер Хақ тағаланы

танып жатады, енді біреулер дағдарыс болды деп,

имансыздығынан асылып жатады. Дағдарысқа қарсы

күрескеніміз - Құдайдың құдіретіне қарсы күрескеніміз

емес. Құдіреті күшті, құлсүйгіш Құдай тағалаға тəубе еткен

мағынасында əрекеттеніп жатырмыз деп ұғу керек. Я Раб-

бым, Аллаһ тағала, тəубеге келдік! Біздерден бір кемшілік

болды. Тəубе, тəубе, тағы да тəубе дейміз. Аумин!



Каталог: files -> chinovnik
chinovnik -> Нұра окж нұралықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында Киевка 2015 жыл
chinovnik -> Сборник сценариев
chinovnik -> Өмірбаяны. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
chinovnik -> Тематические списки за ІV квартал 2014 года Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
chinovnik -> 5416 18 шілде 2015 жыл Àóäàíäûқ қîғàìäûқ-ñàÿñè ãàçåò³ н ұ р а с ǿ з а т а с ы а ќ и ќ а т «Жўмыспен ќамту жол картасы – 2020»
chinovnik -> А т а с ы а ќ и ќ а т àóäàíäûқ қîғàìäûқ-ñàÿñè ãàçåò³ президент 18 марта прошло заседание
chinovnik -> №21 (5409) 23 мамыр 2015 жыл
chinovnik -> №27 (5414) 4 шілде 2015 жыл


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет