22. Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Білім беру мазмұны-тұтас педагогикалық үдерістің компоненті



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі18,68 Kb.
#15338
түріСабақ
  1   2   3

22. Тәжірибелік сабақ.

Тақырыбы: Білім беру мазмұны-тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:

1. Білім беру мазмұнына сипаттама

Жауап: Білім беру мазмұны - оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.



2.Тұтас педагогикалық үдерістің компоненті ретінде білім беру мазмұнын анықтау.

Жауап: Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.

Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.

Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.

Бағдарламаның бөліктері:



1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат;

2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;

3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;

4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі;

5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;

6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі;

7) ұсынылатын әдебиеттер.

Бағдарламаны оқушының меңгеруі - оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі.

Оқу пәнінің бағдарламасы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілерін анықтайды, педагогтар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады.

Оқушыларды білім, іскерлік, дағдылармен қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасының өте маңызды екі қызметі бар.



1. Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет