22,23,24-соөЖ тақырыбы: Қарап-тексеру, куәландырудың жалпы негіздері. Тапсырма: Куәландыру хаттамасын толтыру



Дата06.01.2022
өлшемі19,59 Kb.
#15162

22,23,24-СОӨЖ тақырыбы: Қарап-тексеру, куәландырудың жалпы негіздері.

Тапсырма: Куәландыру хаттамасын толтыру.
Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әрекетін жүргізетін адам жасаған хаттамада көрсетіледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi. Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде жүргізілген барлық әрекеттер, сол сияқты қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде анықталғандардың барлығы олар жүргiзiлген ретпен және қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде анықталған күйiнде сипатталады. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде алып қойылған барлық объектiлер санамаланады және сипатталады. Хаттамада: қарап-тексеру немесе куәландыру қай уақытта, қандай ауа райы кезінде және жарықтың түсуi қандай болғанда жүргiзiлгенi; қандай ғылыми-техникалық құралдар қолданылғаны және қандай нәтижелер алынғаны; көрсетілген тергеу әрекетiн жүргiзуге кiмдердің тартылғаны және олардың қалай қатысқаны; қандай объектiлердің мөрленгені және қандай мөрмен бекiтiлгенi; қарап-тексеруден кейiн адамның мәйіті немесе iс үшiн маңызы бар нәрселер қайда жiберiлгенi көрсетiлуге тиiс. Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргiзуге міндетті. Анықтау органдарының қызметкерлерi қарап-тексеруді жүргiзу кезінде жәрдем көрсетуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, көзбен көргендерді анықтау және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды табу және ұстап алу, зардап шеккендердi көшiру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қайталануының алдын алу және оқиғаның өзге салдарларын жою жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүргiзуге мiндеттi. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аударуға құқылы. Қарап-тексеру кезінде қажет болған жағдайларда қарап-тексерілетін объектiлерге өлшеу жүргiзiлiп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiру және өзге де құралдармен түсіріп алу жүргiзiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледі. Тірі адамды қарап-тексеру оның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi.

Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді. Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды. Тергеу судьясы қаулыны және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі. Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі. Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кезiнде онда тұратын кәмелетке толған адамның қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi шақырылады. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы қарап-тексеру олардың әкiмшiлiгі өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайлардағы, сол сияқты дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды қарап-тексеру тек дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның өтiнiшi бойынша немесе оның келiсуiмен және қатысуымен ғана жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiң келiсiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратылады. Қарап-тексеру жүргiзiлген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Егер бiрiншi қарап-тексеру кезінде объектiнiң бөлшектерi қандай да бiр себептер бойынша зерттелмеген болса, оларды қосымша қарап-тексеру жүргiзiледі. Нақ сол объектіні қайтадан қарап-тексеру:

1) бастапқы қарап-тексеру жағдайлары объектінің тиімді қабылдануы үшін қолайлы болмаған ретте;

2) егер бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болса;

3) егер бастапқы қарап-тексеру сапалы жүргізілмеген жағдайда, өткізілуі мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргiзуге міндетті. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, күдіктiнiң айғақтарын тергелетiн оқиғамен байланысты жерде тексеру және нақтылау:

1) айғақтардың анықтығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;

2) тексерiлетiн әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау;

3) жаңа нақты деректердi анықтау мақсатында жүргiзiледi.

Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау бұрын жауап алынған адамның зерттелiп отырған оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын сол жерде баяндап-көрсетуі; iс үшiн маңызы бар нәрселерді, құжаттарды, iздердi іздеп табуы және көрсетуі; белгiлi бiр iс-қимылды бейнелеп-көрсетуі; зерттелiп отырған оқиғада қайсы бір нәрселердің қандай рөл атқарғанын көрсетуі; оқиға орнындағы жағдайдың өзгеруiне назар аударуы; өзiнiң бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бiр араласуға және жетелеушi сұрақтар қоюға жол берілмейді. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау барысында табылған, iс бойынша дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттар алып қойылып, қапталады және мөрленеді, оларды алып қою фактiсi хаттамада көрсетiледi.Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезiнде өлшеу, фотосуретке түсiру, дыбыс және бейнежазба, киноға түсiру жүргiзiледi, жоспарлар мен схемалар жасалады. Қажет болған жағдайларда айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде маман қатысуға құқылы.



Куәландыру-адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктінің, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін. Куәландыру жүргізу туралы сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып табылатын қаулы шығарады. Жәбірленушінің, куәнің мәжбүрлеп куәландыруы прокурордың санкциясы бойынша жүргізіледі. Куәландыруды тергеуші дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен, ал олар қатыса алмаған жағдайда куәлердің қатысуымен жүргізеді. Бұл тергеу іс-әрекетті куәландырылатын адамды шешіндіруді қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердің қатысуымен жүргізіледі. Егер куәландыруда адамның денесі жалаңаштандырылатын болса, онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе куәлердін қатысуымен дәрігер жүргізеді. Тергеу қарауының мақсаты — іздер мен заттай дәлеледемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту. Заттай дәлелдемелер — бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз куәгерлер» деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Қараудың шынайылыгы (объективтілігі) барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді. Қараудың толықтылыгы мен жан-жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамасыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады. Қараудың жоспарлылыгы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудын мүмкіндігінше тиімділілігін қамтамасыз етеді. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер қарап-тексерілуге жатады. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейiн заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені заттай дәлелдеме ретiнде тану және оны iске қоса тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдеменi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдарға немесе ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс. Егер нәрселерді ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық iспен бiрге сақтау мүмкін болмаса, олар фото- немесе бейнетүсіру құралдарымен түсiрiп алынуға, мүмкiндiгiнше мөрленуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам көрсеткен орында сақталуға тиiс. Iске заттай дәлелдеменің үлгiсi қоса тiркелуi мүмкiн. Істе заттай дәлелдеменің табылған жерi туралы тиiстi анықтама болуға тиiс. Заттай дәлелдемелерді алып қою, сақтау, беру және жою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi. Әрбір атауы бойынша аса ірі мөлшерге жатқызудың белгіленген шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін заттай дәлелдемелер деп танылып, іске үлгі ретінде қоса берілгендерін қоспағанда, прокурордың келісімімен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс. Есірткі заттарды жою туралы, прокурормен келісілген қаулы және заң талаптарына сәйкес және жою кезінде бейнетіркеуді қолдана отырып жасалған, оны іс жүзінде жою туралы акт қылмыстық іске қоса тігіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іске қосып тігу үшін прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде маманның міндетті түрде қатысуымен және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген аса ірі мөлшерге тең шамасында үлгілер іріктеп алынуға, олар қапталып, мөрленуге тиіс, қаптамада заттың атауы және оның көлемі туралы жазба жасалып, қаптамада қамтылғанның анықтығы осы әрекетке қатысқан адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады. Бақыланатын жеткізілім немесе өзге де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды пайдалану қажет болған жағдайда, оларды жою тиісті жасырын тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін прокурордың келісімімен жүргізілмеуі мүмкін. Анықтау органы iстi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе бір анықтау органынан басқа анықтау органына не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір адамнан екiншiсіне берген кезде, сол сияқты iс прокурорға және сотқа жiберiлген кезде заттай дәлелдемелер, осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiпке сәйкес жөнелтiледi. Заттай дәлелдемелер қапталған және мөрленген түрде оларды даралайтын белгiлерi көрсетiліп, қамтылған тiзiмдемемен қоса берiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет