241 тест сұРАҚтары. Жауаптардың



бет1/9
Дата28.04.2022
өлшемі1.23 Mb.
#32719
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


16–1067

241

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ. ЖАУАПТАРДЫҢ НҰСҚАЛАРЫ

“Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсы” пəнi



  1. Заң бұзушылыққа шара қолдану жөнiндегi прокурордың құқықтық актiлерi:

а) шешiм б) қаулы в) үкiм

г) жарлық д) заң



  1. Прокуратураның мемлекеттiк органдар жүйесiндегi орны: а) атқарушы органның құрамына кiредi

б) сот жүйесiне жатады

в) мемлекеттiк орган болып табылады г) Президентке ғана бағынады

д) жеке мемлекеттiк орган


  1. Қылмыстық iстердiң қозғалуының заңдылығына прокурорлық қадағалау нəтижесi бойынша алынатын шешiмдер:

а) алдын ала тергеу жұмыстарын жүргiзедi б) iстi қосымша тергеуге қайтарады

в) қылмыстық iс қозғауға келiсiм бередi

г) қылмыстық iстi басқа тергеушiге жолдайды д) сотқа өтiнiш бередi


  1. Прокурордың қылмыстық iстер бойынша сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiрудегi өкiлеттiгi:

а) iс бойынша кейбiр тергеу амалдарын орындайды б) қорытынды бередi

в) шешiм шығарады

г) экспертиза тағайындайды д) наразылық келтiредi


  1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi:

а) Халықаралық шарттар б) Парламент қаулысы

в) Президент Жарлығы г) Үкiмет қаулысы

д) ҚР Конституциясы


  1. Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қадағалау жасаудағы прокурордың өкiлеттiгi:

а) өкім қабылдайды

б) сот шешiмдерiн бұзады

в) заңсыз актіге наразылық келтiредi г) нұсқаулық қабылдайды

д) бұйрық шығарады



  1. Азаматтық iстер бойынша сот шешiмдерiнiң орындалуына қай про- курор қадағалау жасайды?

а) тек прокуратура басшылары

б) тек сол iстердiң сотта қаралуына қатысқан прокурорлар в) өз құзыреті шегінде барлық прокурорлар

г) жоғарғы тұрған прокурорлар

д) осы мiндет жүктелген прокурорлар



  1. Сотта əкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау нəтижесi бо- йынша алынатын прокурорлық актiлер:

а) бұйрық б) шешiм в) ереже

г) ұйғарым д) наразылық



  1. Сезiктiнi (айыпкердi) ұстау мен қамаудың заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкiлеттiгi:

а) тергеу жұмыстарын жүргiзедi б) сараптама жүргiзедi

в) ұйғарым жолдайды

г) санкция жөнінде қорытынды береді д) сотқа өтiнiш бередi


  1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырған кезде заңның, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда прокурор қандай шара қолданады?

а) өзiнiң қаулысымен жедел iздестiру шараларын тоқтатады б) сотқа өтiнiш бередi

в) наразылық келтiредi г) үндеу қабылдайды д) ұйғарым бередi



  1. Анықтау мен алдын ала тергеудiң заңдылығын прокурорлық қадағалау нəтижесi бойынша прокурордың актiлерi:

а) ұйғарым б) шешiм в) бұйрық г) өтiнiш д) нұсқау

  1. Соттың заңды күшiне енбеген заңсыз үкiмiне прокурор қандай шара қолданады?

а) сол сотқа ұсыныс енгiзедi

б) жоғарғы тұрған сотқа ұсыныс енгiзедi

в) жоғарғы тұрған прокурорға ұсыныс енгiзедi г) апелляциялық наразылық келтiредi

д) қадағалау наразылығын келтiредi



  1. Прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданбаған немесе олар заңда көрсетiлген мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор қандай шара қолданады?

а) жоғарғы тұрған прокурорға шағымданады б) жоғарғы тұрған органға шағымданады

в) сотқа өтiнiш бередi

г) қарамаған лауазым иесiн тəртiптiк жауапқа тартады д) əкiмшiлiк жауапқа тартады


  1. Прокурорлық қадағалау актiсi ұйғарымы қандай жағдайда қолданылады?

а) заңсыз актiнiң күшiн жою үшiн б) соттың заңсыз шешiмiне

в) мекеме басшысының заңсыз бұйрығын бұзуға



г) заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiретiн ашық сипаттағы заң бұзушылықты дереу жою үшiн

д) заңсыз қамауға алынған адамды босату үшiн



  1. Облыс прокурорларын жəне оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке кiм тағайындайды?

а) Бас Прокурордың ұсынысымен ҚР Президентi б) Сенаттың келiсiмiмен ҚР Президентi

в) ҚР Бас Прокуроры

г) ҚР Парламентi Мəжiлiсінiң келiсiмiмен Бас Прокурор д) ҚР Президентiнiң келiсiмiмен ҚР Бас Прокуроры


  1. Аудандық, қалалық жəне оған теңестiрiлген прокурорларды осы қызметке кiм, қандай мерзiмге тағайындайды?

а) 4 жылға облыс прокуроры

б) 4 жылға Бас Прокурордың келiсiмiмен облыс прокуроры в) 4 жылға ҚР Бас Прокуроры

г) 5 жылға ҚР Бас Прокуроры

д) 5 жылға Парламент келiсiмiмен ҚР Бас Прокуроры.



  1. Соттың заңды күшiне енген заңсыз қаулысына прокурор қандай шара көредi?

а) сол сотқа ұсыныс енгiзедi

б) жоғарғы тұрған сотқа ұсыныс енгiзедi

в) жоғарғы тұрған прокурорға ұсыныс енгiзедi г) қадағалау наразылығын келтiредi

д) апелляциялық наразылық келтiредi



  1. Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке кiм тағайындайды жəне қызметтен босатады?

а) ҚР Парламент Сенатының келiсiмiмен ҚР Президентi

б) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша ҚР Президентi в) ҚР Бас Прокуроры

г) Президенттiң келiсiмiмен ҚР Бас Прокуроры

д) Парламент Мəжiлiсiнiң келiсiмiмен ҚР Президентi



  1. Прокурорлық қадағалау актiсi:

а) алдын ала ескерту б) бұйрық

в) өкiм


г) нұсқаулық д) ережелер

  1. Прокуратураны ұйымдастыру жəне оның қызмет мəселелерiн реттейтiн актiлер:

а) наразылық б) қаулы

в) ұйғарым г) өкiмдер д) өтiнiш



  1. Заңды тұлғалардың заңсыз актісіне келтірілген прокурордың наразылығы неше күнде қаралуға тиiс?

а) бiр айда б) бiр аптада

в) үш тəулiк iшiнде д) он күнде

г) өз қарауы бойынша


  1. Прокурордың қылмыстық қудалауды жүзеге асырудағы өкiлеттiгi: а) наразылық келтiредi

б) сотқа өтiнiш бередi

в) қылмыстық iс қозғайды г) өкiм шығарады

д) ұсыныс бередi


  1. Əкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкiлеттiгi:

а) бұйрық шығарады б) нұсқаулар бередi в) өтiнiш бередi

г) санкция бередi

д) наразылық келтіреді


  1. Бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру жұмысын жүргiзу үшiн прокурор ол жерлерге қай уақыттарда кiре алады?

а) жұмыс уақытында

б) əкiмшiлiк белгiлеген күндерi

в) жасақталған кесте уақытында г) кез келген уақытта

д) күндiзгi мезгiлде ғана



  1. Төменгi тұрған прокурорлардың актiлерiнiң күшiн кiм жоя алады? а) ҚР Бас Прокуроры

б) Облыстар мен оған теңестiрiлген прокурорлар в) Соттың шешiмдерi арқылы

г) Жоғарғы тұрған прокурорлар

д) Бас прокуратураның қызметкерлерi


  1. Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысына қай проку- рор наразылық келтiруге құқылы?

а) Осы мiндет жүктелген прокурор

б) ҚР Бас Прокуоры мен оның орынбасарлары в) ҚР Бас Прокуроры

г) ҚР Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары д) Барлық прокурорлар


  1. Жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды қай проку- рор жүзеге асырады?

а) ҚР Бас Прокуроры

б) Облыс прокурорлары в) Арнайы прокурорлар

г) ҚР Бас Прокуроры мен өзге де прокурорлар д) Осы мiндет жүктелген прокурорлар


  1. Тергеу мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларына прокурор қандай шара алады?

а) сотқа өтiнiш бередi

б) өз қаулысымен күшiн жояды

в) жоғарғы тұрған органға ұсыныс енгiзедi

г) жоғарғы тұрған прокуратураға хабарлайды

д) тəртiптiк жауапкершiлiк туралы мəселе қояды


  1. Заңсыз қамауға алынған адам жөнiнде прокурор қандай шешiм қабылдайды?

а) сотқа өтiнiш бередi

б) жоғарғы тұрған прокурорға хабарлайды в) қамаудан босату туралы ұсыныс бередi г) наразылық келтiредi

д) қамаудан босатады


  1. Айыптау қортындысымен түскен қылмыстық iстi сотқа жiберу кезiндегi прокурордың өкiлеттiгi:

а) жоғарғы тұрған прокурорға баяндайды б) қосымша тергеуге қайтарады

в) сотқа өтiнiш бередi

г) айыптау қортындыны бұзады д) заңды түсiндiредi


  1. Прокуратура қызметкерлерi кiмдер? а) жоғарғы заң бiлiмi бар адамдар

б) кемiнде үш жыл стажы бар адамдар в) арнайы емтихан тапсырған адамдар

г) прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар д) бұрын сотты болмаған адамдар



  1. Соттың азаматтық iстер бойынша шешiмiмен келiспеген жағдайда прокурор қандай шара алады?

а) жоғарғы тұрған сотқа наразылық бередi б) жоғарғы тұрған прокурорға хабарлайды в) iстi қараған сотқа ұсыныс бередi

г) өзiнiң қаулысымен күшiн жояды д) ұйғарым келтiредi



  1. Көлiкте заңның қолданылуына прокурорлық қадағалауды қай про- курор жүзеге асырады?

а) өз құзыретi шегiнде барлық прокурорлар б) арнайы прокурорлар

в) тек ҚР Бас Прокуроры

г) осы мiндет жүктелген прокурорлар д) облыс прокурорлары


  1. ҚР Қарулы Күштерiнде заңның қолданылуына прокурорлық қадағалауды қай прокурор жүзеге асырады?

а) барлық прокурорлар б) тек ҚР Бас Прокуроры в) əскери прокурорлар

г) мамандандырылған прокурорлар д) облыс жəне аудан прокурорлары



  1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды қай прокуратура жүзеге асырады?

а) тек мамандандырылған прокуратура

б) мамандандырылған жəне аумақтық прокуратура в) облыс прокуратуралары

г) өз құзыретi шегiнде барлық прокуратура д) облыс, қала, аудан прокуратуралары


  1. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың нақты жəне бiрыңғай қолданылуына прокурорлық қадағалауды қай прокурор жүзеге асыруға мiндеттi?

а) ҚР Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары б) Облыс жəне оған теңестiрiлген прокурорлар в) барлық прокурорлар

г) мамандандырылған прокурорлар д) осы мiндет жүктелген прокурорлар



  1. Соттың заңды күшiне енген қаулыларына наразылық жасау өз құзыретi шегiнен асып кеткен кезде прокурор қандай шешiм алады?

а) сотқа өтiнiш жасайды

б) сотқа қатысушыларға заңды түсiндiредi в) заңсыз қаулының орындалуын тоқтатады



г) наразылық жасау жөнiнде жоғарғы тұрған прокурорға ұсыныс жасайды д) жоғарғы тұрған прокурорға хабарлайды.

  1. Санкция беру қай прокурордың құзыреті а) өз құзыреті шегінде барлық прокурорлар б) осы міндет жүктелген прокурорлар

в) тек Бас Прокурор

г) арнайы прокурорлар

д) тек облыс прокурорлары


  1. Сотта мемлекет мүддесін білдірудегі прокурордың өкілеттігі а) шешім қабылдайды

б) үкім шығаруға ықпал етеді

в) жоғарғы прокурордың өкілеттігін іске асырады г) заңдылықтың сақталуын қадағалайды

д) ұсыныс береді


  1. Республика Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына қай проку- рор наразылық жасауға құқылы

а) Бас прокуратура қызметкерлері

б) Бас Прокурор жəне оның орынбасарлары

в) Бас Прокурор осы міндетті жүктеген орынбасары

г) Бас прокуратураның арнайы Департаменті қызметкерлері д) ҚР Бас Прокуроры



  1. Сезікті мен айыпкерлерді қамауға санкция берудегі прокурордың құзыреті

а) қамауға санкция береді

б) қамау жөнінде тергеу органына тапсырма береді в) қамау жөнінде ұйғарым қабылдайды

г) санкция жайлы тергеушінің талап-тілегін қолдау туралы қаулы қабылдайды

д) санкция жайлы тергеушінің талап-тілегін қолдау туралы сотқа жаз- баша өтініш жібереді



  1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудағы прокурордың өкілеттігі а) ұйғарым шығарады

б) тергеу тобын басқарады

в) тергеу тобын жасақтау жөнінде бұйрық шығарады г) тергеушіні ауыстырады

д) ұсыныс енгізеді


  1. Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мəжбүрлеп келтіруге ҚР Бас Прокуроры қандай құқықтық акті қабылдайды?

а) үндеу жариялайды

б) ҚР Президентінен келісім алады

в) ҚР Парламентінің Сенатына немесе Мəжілісіне ұсыныс енгізеді г) ҚР Парламентінің тиісті Палатасына ұйғарым жолдайды

д) ҚР Парламентінің Сенатына заңды түсіндіреді



  1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі қай құқық қоргау органы қозғайды?

а) Ішкі Істер органы б) Қаржы полициясы

в) қылмысты ашқан тергеу органы

г) Бас Прокурордың бірінші орынбасары

д) қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен орган



  1. Судьяларға қатысты қылмыстық істі қай орган қозғай алады? а) барлық анықтау мен тергеу органдары

б) тек қаржы полициясы

в) тек Ұлттық қауіпсіздік комитеті г) арыз бен хабар түскен орган

д) ҚР Бас Прокуроры


  1. Қазақстан Республикасының Сенат пен Парламент Мəжілісінің бас- шыларынан түскен өтінішке жауапты қай прокурор беруге құқылы?

а) осы өтінішті қараған прокурор

б) Бас прокуратураның Департамент бастығы в) ҚР Бас Прокуроры

г) ҚР Бас Прокурорының орынбасарлары

д) Бас Прокурордың тапсырмасымен облыс прокурорлары



  1. ҚР Бас Əскери прокурорын кім, қандай мерзімге тағайындайды? а) ҚР Бас Прокурорының ұсынысымен ҚР Президенті 5 жыл мерзімге б) ҚР Бас Прокуроры 5 жыл мерзімге

в) ҚР Бас прокуратурасының алқа мүшелерінің келісіміен Бас Прокурор 4 жыл мерзімге

г) ҚР Президентінің келісімімен Бас Прокурор 5 жыл мерзімге



д) ҚР Парламенті Сенатының келісімімен Бас Прокурор 4 жыл мерзімге

50. Əкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қай прокурор наразылық келтіруге құқылы?

а) іс қаралған аумақтың прокуроры б) жоғары тұрған прокурор

в) ҚР Бас Прокуроры г) облыс прокурорлары



д) Бас Прокурор тапсырма берген прокурор



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет