25 Хромопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі



Дата17.10.2022
өлшемі21,09 Kb.
#43724

25 Хромопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі.
Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.ХП– боялған белоктар (chroma – бояу), жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы металл немесе витаминдер есебінен боялған заттар болып табылады. Гемопротеиндер бірнеше кластарға бөлінеді.Гемоглобин жай белок глобин және 4 гемнен (простетикалық топ) тұрады, эритроциттердің негізгі белогы.Негізгі ролі оттекті өкпеден тіндерге (оксигенация) және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау. Гемоглобин буферлі жүйе түзіп қанның қышқыл-сілті балансын тұрақты ұстап тұруға қатысады. (гем құрылысы суретте көрсетілген).Гемопротеиндердің екінші өкілі– миоглобин 1 гем және 1 п/п тізбектен тұрады. Миоглобин гемі

құрылысы жағынан гемоглобин гемімен бірдей. Миоглобиннің ролі миокардта және бұлшық етте оттекті оксигемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау .Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары болады (окси- және карбгемаглобин, карбокси- және метгемоглобин).


Хромопротеиндер (ХП)ХП = жай белок + боялған зат (грекше chromas - бояу)
Маңызы:фотосинтезге,тыныс алуға (О2 мен СО2 тасымалдау),тотығу-тотықсыздану реакцияларына,жарық пен түсті ажыратуға қатысады.ХП 3 топқа бөлінеді:1. Гемопротеиндер (тыныс алу белоктары және тыныс алу ферменттері)2. Магнийпорфириндер (хлорофилл)3.Пигменттер (жай белок пен меланоидты компоненттен тұрады, негізгісі - меланин)
26. Гемоглобин, құрылысы, маңызы. Гемнің химиялық табиғаты.
Гемоглобин – адамның қанының қызыл пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады.. Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса, қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады.Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып, өкпеге апарады. Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады. Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі. Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен, 4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин-бұл гемопротеин класының күрделі ақуызы, яғни құрамында темір бар гем — порфирин ядросы простетикалық топ ретінде әрекет етеді. Адамның гемоглобині тетрамер, яғни 4 протомерден тұрады. Гем — порфирин тобының темір қоспасы бар қосылысы.Гем қан эритроциті гемоглобині мен

бұлшықет миоглобинінің құрамына еніп, күрделі бояғыш протеидтерді түзеді.


27. Миоглобин, құрылысы, гемнің химиялық табиғаты, Mgb ролі.
Миоглобин гемоглобиннің ақуызды бөлігі – күрделі ақуыз; омыртқалы жануарлар мен адамның бұлшық еттерінде оттекті тасымалдайтын глобулярлы ақуыз. Ет тінінде молекулалық оттекті жасушалардың тотықтыру жүйесіне тасымалдайды. Миоглобинның молекуласы бір полипептидтік тізбектен және гемнен тұрады. Ет тіні жиырылғанда капилляр қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде оттектің парциалды қысымы кенет төмендеген кезде Миоглобиннен жұмыс істеп тұрған бұлшық етке қажетті оттек бөлініп шығады. . Гем — порфирин тобының темір қоспасы бар қосылысы.Гем қан эритроциті гемоглобині мен бұлшықет миоглобинінің құрамына еніп, күрделі бояғыш протеидтерді түзеді.
28. Гликопротеиндер, құрылысы. Қасиеттері, жіктелуі.
Гликопротеин - көміртегі бар ақуыз молекуласының түрі . Процесс ақуызды аудару кезінде немесе гликозилия деп аталатын процесте кейінгі аударма түрінде өзгереді. Көмірсулар - ол белоктардың полипептидтік бүйір тізбектеріне ковалентпен байланыстырылған олигосахарид тізбегі (гликан). Қанттардың - OH топтарына байланысты гликопротеиндер қарапайым белоктарға қарағанда гидрофильді болып келеді.Бұл қарапайым ақуыздарға қарағанда гликопротеиндерге суды көп тартады. Молекуланың гидрофильді сипаты ақуыздың үшінші құрылымының тәндік қабатына әкеледі.Көмірсулар - бұл қысқа молекула , жиі тармақталған және мыналардан тұрады:қарапайым қант (мысалы, глюкоза, галактоза, манноза, ксилоза)амино қанттары (N-ацетилглюкозамин немесе N-ацетилгалактозамин сияқты амин тобына ие қант)қышқыл қант (карбоксил тобына ие қант, мысалы, сиал қышқылы немесе N-ацетилнеурамин қышқылы) Гликопротеиндер құрылыста, көбеюде, иммундық

жүйеде, гормондарда және жасушалар мен ағзалардың қорғауында жұмыс істейді.


29. Нағыз гликопротеиндер, құрылысы, маңызы, өкілдері.
Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне: муциндер; иммуноглобулиндер; қанның тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар жатады.Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері шамамен 80%, ал простетикалық топ – шамамен 20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі полисахаридтер және олардың амин туындылары, нейраминдер, сиал қышқылдары әр түрлі мөлшерде болады, белгілі бір жүйелілік байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады. Нағыз гликопротеидтер ағзада кең таралып, алуан түрлі қызметтер атқарады:
30. Протеогликандар, құрылысы, маңызы, өкілдері.
Протеогликандар, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.
Протеогликандар аздаған 2-2,3% белоктан ( 10%), ал қалғаны простетикалық тобы көмірсулардан – 90-98% тұрады. Протеогликандар құрамындағы көмірсулардың құрылысы жүйелі түрде болады.
Протеогликандар – күрделі белоктар. Олар үлкен теріс зарядты полианион болғандықтан катиондармен байланысып, олардың диффузиясын қамтамасыз етеді, фибриллярлы структура түзуге қатысады, базальды мембрананың құрамына кіре отырып, заттардың диффузиясын қамтамасыз етеді. Протеогликандар құрылымдық белоктармен байланысып, молекулалық елек түзеді, олар метаболиттердің, судың диффузиясын реттейді, катиондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Протеогликандардың простетикалық топтары гликозамингликандар (ГАГтар). Олар үш топқа бөлінеді: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин.

3.Протеогликандардың простетикалық тобы, құрылысы, маңызы.Протеогликандар мөлшерінің небәрі 2-5% белоктық, ал қалған бөлігін простетикалық тобы- гликозамингликандар (ГАГтар) құрайды. Олардың құрылысы жүйелі түрде қайталанып отыратын дисахаридтерден тұрады. Дисахаридтің құрамына урон қынқылы және ацетилгексозаминдер (суреет. 7) кіреді. ГАГ- тардың 6 түрі болады: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар А, В, С, кератансульфаттар және гепарин. Олардың бір-бірінен айырмашылығы урон қышқылдарының, гексозаминдердің табиғатында,сульфаттану дәрежесінде, мономерлерді бір-бірімен байланыстыратын химиялық байланыстың түрінде және молекулалық массасы мен қасиеттерінде. Төмендегі кестеде адам организмінде кездесетін глюкозаминдердің негізгі өкілдері келтірілген:


31. Липопротеиндер, құрылысы, маңызы, өкілдері.
липопротеидтер - бұл негізінен липидтер мен тасымалдау қызметін атқаратын ақуыздар қоспасынан тұратын бөлшектер. Липопротеидтердің көп бөлігі олардың адам денсаулығымен байланысына байланысты зерттеледі, осыған сәйкес клиникалық өзектілігі бар төрт түрі анықталды, олардың әрқайсысы әр түрлі физиологиялық қызметтері бар: хиломикрондар, өте төмен липопротеидтер тығыздығы, тығыздығы төмен липопротеидтер және жоғары тығыздығы бар липопротеидтер.Осы мағынада плазмадағы липопротеидтер адам үшін үлкен маңызы бар патологиялық процестермен, мысалы, артериосклероз және коронарлық артерия аурумен тығыз байланысты. липопротеидтер дегеніміз - сфералық құрылымдық морфологиясы бар бөлшектер, өйткені олар іс жүзінде липидтер мен ақуыздардың күрделі мицеллалары болып табылады, оларда липидтердің гидрофобты немесе аполярлық аймақтары орталықта бір-біріне қарайды, ал гидрофильді немесе полюстер су ортасымен байланыста бетіне шығады.
32. Металлопротеиндер, құрылысы, маңызы, өкілдері.
Металлопротеиндер

Құрамында тікелей аминқышқылдармен байланысқан металы бар күрделі белоктар. Олар көбінесе тасмалдаушы және қорға жинау рөлді атқарады. Олар ферменттер және витаминдердің құрамына кіредіҚұрамында темірі бар белоктар: трансферрин (тасмалдаушы рөл), ферритин(темірдің қорға жиналатын түрі, бауыр және көкбаурда жиналады), гемосидерин (дәнекер тіндерде жиналады)Құрамында мысы бар белоктар: церулоплазмин (баурда түзіледі, тасмалдаушы да қорға жинаушы да рөл атқарады). Бұл белок фермент ферроксидаза болып табыладыҚұрамында мырышы бар белоктар: карбангидраза (СО2 тасмалдауға қатысады), карбоксипептидаза (гидролазаларға жатады, полипептидтердің қортылуына қатысады)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет