№2(66)/2012 Серия филология


Традиционные приемы стихосложения Абая в творчестве Магжана



жүктеу 2.03 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата15.03.2017
өлшемі2.03 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Традиционные приемы стихосложения Абая в творчестве Магжана 
В статье рассматривается влияние художественно-эстетических исканий великого Абая на литератур-
ное творчество классика казахской литературы Магжана Жумабаева, устанавливается связь с творче-
ством Абая, который поднял на мировую вершину поэзию акынов казахского народа; изучены поэти-
ческие особенности поэзии Магжана. На примере творчества поэта автором выявлены новые художе-
ственные особенности литературного наследия Абая, а также намечены перспективы изучения худо-
жественных традиций великого поэта Магжана Жумабаева. 
In article there are considered the questions of influence of great Kazakh poet Abaj on M.Zhumabaev's crea-
tivity which was influenced also by the European literature, and in particular a literary heritage of Russian 
people. The object of research chooses the original and not ordinary poet M.Zhumabaev which creativity is a 
bright indicator of the Kazakh culture and reflection of outlook of the people. Having chosen object of re-
search M.Zhumabaev's literary inheritance, the author accurately shows interrelations of creativity of two po-
ets in a problem of transfer, and also influence of traditions of Abaj. 
 
 
 

76 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 821.512.122.0 
Ж.Ж.Жарылғапов  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Ұлттық прозадағы неомифологизм ағымына тəн үрдістер 
Мақалада  қазақ  əдебиетінің  тарихында  ерекше  орын  алатын  іргелі  мəселе — ұлттық  прозадағы 
неомифологизм ағымына тəн үрдістер ерекшеліктері қарастырылады. Неомифологизм эстетикасының 
басты  сипаттары 1970–80 жж.  прозасы  арқылы  жан-жақты  сараланады.  Əлемдік  əдебиеттегі  бұл 
əдістің белгілері қазақ əдебиетіне де ене бастауы, ұлттық дəстүр мен дұниежүзілік тенденциялардың 
кірігуі мəселесі де назарға алынады. Неомифологизм əдіснамалық жəне теориялық мəселелері əдеби-
тарихи жəне əдеби-теориялық тұрғыдан кешенді қарастырылады.  
Кілтті сөздер: ұлттық проза,  неомифологизм ағымы, неомифологизм эстетикасының ерекшеліктері, 
ұлттық дəстүрлер, жалпы əлемдік тенденциялар, 1970–1980 жылдар прозасы, қазақ əдебиетінің тари-
хы. 
 
1970–80-ші  жылдардағы  қазақ  прозасында  модернистік  эстетиканың  əбден  орнығуы 
неомифологизммен тығыз байланысты. Қазақ əдебиетінде ескі аңыздары қайта жандандыра отырып 
көркем игеру, мифтік сюжеттерді көркем сюжетке айналдыру тарихы ХІХ ғасырдың басталады. ХХ 
ғасырдың  алғашқы  ширегінде  аңыздарды  көркем  құралдар  арқылы  игеру  дəстүрін  қалыптастырған 
М. Жұмабаев,  С. Сейфуллин  шығармашылықтарында  поэмалық  сюжет  жасаудың  үлгілері  түрінде 
көрінді. Ұлттық прозада бұл орайдағы Ғ. Мүсіреповтің сəтті бастамалары («Ер Қаптағай», «Жеңілген 
Есрафил» тəрізді əңгімелері) мифологиялық ойлаудың, мифологиялық мəтіндерге, кейіпкерлерге иек 
артудың  мысалдары  ретінде  көзге  түседі.  Біз  қарастырып  отырған  кезеңдегі  проза  ертедегі  жəне 
классикалық  аңыздарды  көркем  шығарма  құрылымына  батыл  енгізе  отырып,  оларды 
трансформациялау, стилизациялау арқылы жаңаша мəн үстеуге деген ізденістерімен айрықшаланды. 
Ə. Кекілбаев,  М. Мағауин,  О. Бөкей,  Т. Нұрмағамбетов,  С. Жүнісов,  Д. Досжанов,  Р. Сейсенбаев, 
Ə. Тарази, тағы басқа жазушылардың шығармашылығындағы мифопоэтикалық форманың өріс алуы 
əдебиеттанушылардың назарын соңғы кездерде ерекше баурап келе жатқаны рас. Қазақ прозасында 
айқындала көрінген  бұл құбылысты  архетип  категориясы  тұрғысынан  талдаған  А. Исмақова: «Миф 
поэтикасы  қазіргі  əлемді  ауқымды  уақыттық  мүмкіндіктер  арқылы  бейнелеулермен  байытып, 
қолданыстағы мəдени метафоралар мен ассоциациялар қорын кеңейтеді. Өз мағыналарын бұрын да 
танытып үлгерген поэтикалық формулалардың (архетиптердің) «қайта тірілуі» байқалады», — деген 
пікірді алдыға тартса [1], мифологизмнің нақты бір жазушы (О. Бөкей) поэтикасы арқылы зерделеген 
Ж. Аймұхамбетова  «Қазіргі  қазақ  ақын-жазушылары  авторлық  позициясын  танытуда,  шығарманың 
идеясын  ашып,  көркемдік  айшықтарын  бедерлей  түсуде  мифтік  сюжеттерді,  мифологиялық 
түсініктерді, оның ішінде мифтік құбылушылықты мақсатты түрде пайдаланып, шығармашылықпен 
дамыта қолданғанын байқауға болады», — деген тұжырымын ұсынады [2; 54]. Кейінгі зерттеулерде 
мифопоэтиканың  «реминесценциялар,  мотивтер,  сюжеттер,  тəмсіл  сөздер  (притчи),  аллегориялар, 
дəйек сөздер, аллюзиялар» формаларындағы нақты көріністерін саралау қолға алына бастады [3]. 
Қазақ  прозасының  бұған  дейінгі  даму  сатысында  мифтік  желілерді,  аңыздық  сюжеттерді 
қоғамдық-əлеуметтік  ойдың  тірегі  түрінде,  экспрессивтік  əр  үшін,  таза  реалистік  мақсатта 
қолданылып  келгендігін  таныған  болар  едік.  Мəселен,  көпшілік  ғалымдар  модернистік  поэтиканың 
ілкі көрінісі сипатында талдап жүрген «Қорғансыздың күніндегі» Күшікбай аңызы кейіпкер ахуалына 
бастайтын  жол,  сюжет  дамытылуына  тығыз  байланыстырылған,  фабула  шеңберінен  тысқары 
шықпайтын  шығарма  құрылымының  тірек-компоненті  қызметін  атқарады.  Бұл  аңызды  қолдануда 
модернистік  мүддеден  гөрі  реалистік  ұмтылыстар  басым.  Сондай-ақ  С. Мұқановтың  «Ботагөз» 
романының  финалында  көзге  түсетін  мифологизм  элементтері  де  жазушының  саяси  идеалдарына 
негізделіп, реалдық ситуациялардың қосымша күшейткіші мəнін иеленген. «Сұлушаш» романындағы 
мифологемалар  көбінесе  романтикалық  пейзаж  қалыптастыру  үшін  алынады.  Осындай  сипат 
М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов сынды қабырғалы жазушыларға да тəн еді. Бүгінгі өмірдің 
шындығы  мен  өткен  тарихты  сабақтастыруда  мифологиялық  құрылымдар  ХХ  ғасыр  ортасынан 
бастап  қаулай  дамыған  тарихи  прозада  өрісін  кеңейтті.  Оның  жарқын  мысалы — І. Есенберлиннің 
«Көшпенділер» трилогиясындағы Абылай хан, Кенесары образында түс жору мотивтеріне көрінетін 

Ұлттық прозадағы неомифологизм… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
77 
мифологиялық  ойлау  дəстүрі.  Кейін  мифтік  ойлауға  негізделген  архетиптік  сана  Ə. Кекілбаевтің 
«Үркер», «Елең-алаң» романдарының поэтикасында да маңыз алды. 
Фольклорлық  мұралардан  нəр  алып,  қазақ  əдебиетінің  классиктері  қалыптастыра  алған 
мифологиялық  ойлау  жүйесі  із-түзсіз  жоғалып  кеткен  жоқ.  Ол  дəстүр 1970–80-жылдар  прозасында 
жаңа  мəн  иеленіп,  реалистік  принциптер  аясынан  табыла  бермейтін  сипат  алды.  Енді  аңыздық 
желілер,  мифологиялық  кестелер  тарихи-реалды  уақытқа  негізделген  түрде  ғана  емес,  шығарма 
логикасынан  шет  тұра  да  беретін  автономдық  мағынасын  күшейте  бастады.  Сонымен  қатар 
мифологияланған образдар архаикалық сананың қайта жаңғыруы ғана емес, түрленуі кейпінде көрініс 
тапты.  Мифологизмді  енді  қазақ  жазушылары  болмыс  жұмбақтары  мен  өмірдің  мəнісі  туралы 
философиялық  ой  айтудың  тəсілі  тұрғысынан  өрістетті.  Бір  сөзбен  айтқанда,  неомифологизм 
құбылысы  аталмыш  кезеңнің  модернистік  сипатын  толықтыра  түскен  тəуелсіз  əдеби  ағымдардың 
біріне айналды. 
Əлемдік  əдебиетте  мифтің,  мифтік  сарынның  басқа  сюжеттік-образдық  формаларына,  оның 
ішінде  əдебиетке  мифологияланған  жарқын  образдар  бере  алғандығын,  ол  желінің  Эсхилдің 
«Орестеясынан»  Булгаковтың  «Мастер  и  Маргаритасына»  дейін  тартылып,  əлі  үзілмегендігін 
айтатын Н. Будур мен И. Панкеевтердің: «Миф, өзіндік құндылық ретінде, толық қалыптасқан жүйе 
ретінде өмір сүруін жалғастырып қана қоймай, толыса түсу жəне басқа құрылымдарды байыта түсу 
арқылы  өмір  сүру  кеңістігін  ұлғайтып  келе жатыр», — дегеніне келісеміз [4]. Ал  неомифологизмді 
таза  модернистік  əдебиеттің  еншісіндегі  құбылыс  екенін  айтатын  Е. Мелетинский,  З. Минц, 
Ю. Лотман  тұжырымдары  дау  туғызбайды [5]. Мифологияға  жаңаша  интеллектуалдық  қатыныс 
тұрғысынан  үңіліп,  мифтік  қолданыстарға  жаңаша  эстетикалық  қуат  дарыту  айнала  келгенде 
мифологизмді дүниетанымның өзегіне айналдырудан туындайды. Қазақ прозасының аса айқын түрде 
көрінген  «мифологиялану»  үдерісі  туынды  құрылымы  мен  бейнелеу,  баяндау  сипаттарына  ірі 
өзгерістер  ала  келгенін  өзіміздің  ғалымдар  да  айта  бастады [6]. Зерттеуші  А. Жақсылықов 
Р. Сейсенбаевтің  шығармашылығын  талдай  отырып  айтқан: «Шайтанның  тағы»  романындағы 
мифтің, аңыздың рухани энергиясын пайдалану арқылы адамды психологиялық ракурсте терең ашу 
—  соңғы  он  жылдағы  əдеби  техника  мен  поэтиканың  белгілі  стильдік  тенденцияларынан  хабар 
береді», — деген  ойы  да  осы  өзгерістердің  жекеліктен  гөрі  жалпылық  сипат  алғандығын  танудан 
туындағаны  анық [7]. Ə. Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры», «Күй», «Ханша-дария  хикаясы», 
О. Бөкейдің  «Айпара-ана», «Жасын», «Құм  мінезі», «Сайтан  көпір», «Қар  қызы», «Жетім  бота», 
Р. Сейсенбаевтың  «Шайтанның  тағы», «Өлілер  құмды  кезіп  жүр»,  С. Санбаевтың  «Ақ  аруана», 
Т. Əбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды», М. Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз», «Ғажайып бала» 
т.б. туындыларында мифологиялық жүйелер мен аңыздық құрылымдар арқылы адамзаттың мəңгілік 
рухани құндылықтары турасында философиялық жинақтаулар жасалып отырды. 
Ə. Кекілбаевтың «Күй» повесі мен «Аңыздың ақыры» романындағы асқан дəулет пен мансапқа 
қол  жеткізген,  айналасын  қаһарлы  зəрімен  билеп-төстеген  тиран-кейіпкерлердің  шексіз  трагедиясы 
өткен  ғұмырдың  баянсыздығы  мен  тіршілік  тұрлаусыздығын  саналаудан  туады. «Бірін-бірі  жалмап 
жатқан бір дүние. Үлкені кішісін жоқ қылады; күштісі əлсізін жоқ қылады. Ертең ол үлкенге одан да 
үлкен,  ол  күштіге  одан  да  күшті  жолығады.  Сөйтіп,  шеті  жоқ,  шегі  жоқ  бірінің  басын  бірі  алып 
жатқан  аласапыран  тірлік.  Сонда  мынау  мігірсіз  қимыл-қыбырдың,  итжығыс  алыс-жұлыстың  мəні 
не?»  деген  сипаттағы  тұйық  ситуация — Жөнейіттің  психологиялық-мінездік  бітімін  бүткіл 
қалтарыстарымен  ашылуының  кепілі [8; 
254]. Қаһарманның  жан-дүние  қозғалыстарының 
психологиялық дəйектемесі шебер үйлесіп жатқанымен, Жөнейіттің қарама-қайшылықты тұлғасына 
«логикалық  дəлелдеме  жетіспей  жатқандай  əсер  етеніні»  де  рас [9]. Алайда  модернистік  əдебиетте 
өмір  шындығын  бейнелеу  дəлдігі,  уақыт  пен  кеңістік  теңдігі  негізгі  шарт  емес-ті.  Жазушы  сюжет, 
образ  логикасынан  тыс  монологтық  формалар  арқылы  өзінің  эстетикалық  концепциясын  айғақтай 
алады. Осындайлық көркемдік модель «Аңыздың ақыры» романында да іске асады. Романда сюжет 
доминанты  мүлде  сезілмейді.  Нақты  шындықтан  қол  үзуге  дейін  баратын  сана  ағымы  көрінісі 
туындының  желке-жұлынын  ұстап  тұратын  басты  тəсілге  айналады.  Бұл  шығармалардағы  сана 
ағымы эгоцентристік тұлғаның психикалық үдерістері түрінде беріледі. (М. Мағауиннің «Көк мұнар», 
Д. Исабековтың  «Қарғын»  романдарында  да  осындай  тəсіл  жүзеге  асады).  Ой  толқындары  көркем 
бейненің өткендегіні  таразылау,  яғни  жадыда қатталып  қалған  мəліметтерді  ояту,  сол арқылы жаңа 
ақиқаттарға  (ол  абсурдты  болса  да)  көз  жеткізу  күйінде  бейнеленеді.  Бұл  жердегі  «сана  ағымы» 
«өзіндік  сана  ағымына»  айналады.  Жер-жаһанның  жартысын  тітіренткен  Алмас  ханның  өткен  күн 
мен бүгінгі халді салыстырудан тапқан жаңалығы — «аспан мен жердің арасындағы баянсыздықтан 

Ж.Ж.Жарылғапов  
78 
Вестник Карагандинского университета 
басқаның»  болмауы. «Мынау  көл-дария  аспанның  астында  кімнің  болмасын  мəңгі  серігі  құлазыған 
жалғыздық екенін де енді ғана ұққан сияқты» [8; 44]. 
Қазақ прозасындағы неомифологизм үрдісінде айрықша бөліп айтуға тұратын тəсілдердің бірі — 
мифтік  құбылушылық.  Адамзаттың  балаң  санасы  тудырған  архаикалық  мифтердегі  адамның  басқа 
заттардың  кейпіне  ене  алуы  турасындағы  сенімдері  кейінгі  жылдар  прозасында  жаңа  стилизацияға 
түсті.  Адам  мен  табиғат,  адам  мен  жануарларды  тұтастандыра  қарайтын  сарынның  жаңа  уақыт 
өңдеуіне,  интеллектуалдық  сүзгіге  түсуі  қазақ  əдебиетінде  анималистік  прозаның  өрістеуіне  де 
мұрындық болды. О. Бөкейдің «Бурасы», «Кербұғысы», М. Мағауиннің «Тазының өлімі», «Жүйрігі», 
Ə. Кекілбаевтың «Бəйгеторысы», С. Санбаевтың «Ақ аруанасындағы» хайуанаттарға адами сипаттар 
берудің  өткір  философиялық-эстетикалық  астарлары  болды.  Мифологизмнен  тамыр  тартатын 
анималистік образдар адамның болмыспен қарым-қатынасын тереңдей зерделеудің ұтымды тəсіліне 
айналды. (Бұл  жерде  дидактикалық  сипаты  бар,  балалар  санасына  лайықталып  жазылатын 
анималистік шығармалар мен анималистік-философиялық туындыларды шатастыруға да болмайды). 
Өмір  құбылыстарының  мəнісіне  тереңдеу  арқасында  туған  анималистік  проза  баяндау  үдерісіне 
«төртінші  жақты»  əкелді.  Авторға  айналадағы  ақиқатқа  бірнеше  позициялардан  үңілу  мүмкіндігі 
туды. «Анималистік  персонаждың  көркемдік  қызметінің  бірі  адам  өмірі  мен  оның  мəңгілік 
құндылықтарға деген қатынасының табиғилығын хайуанаттың «бұзылмаған, таза» көзқарасы арқылы 
тексеріп  көру  қабілетіне  байланысты», — дейді  осы  мəселемен  айналысып  жүрген  зерттеуші 
Г. Алтаева [10]. 
Əлемдік  модернистік  əдебиеттегі  мифтік  құбылушылықтың  классикалық  үлгісін  көрсеткен 
жазушылардың  бірі — Ф. Кафка.  Əсіресе  оның  «Басқаға  айналу» («Превращение».  Ғалымдарымыз 
бұл  шығарма  атауын  «Құбылушылық»  деп  аударып  жүр.  Алайда  бұл  шығарма  логикасына  тым 
үйлеспейтін  сəтсіздеу  аударма  деп  білеміз. «Құбылу»  ұғымына  бір  ахуалдан  басқа  ахуалға  ауысып 
тұрудағы  циклдық  тəн).  Ш. Айтматов  та  «Боранды  бекеті»  мен  «Ақ  кемесіндегі»  мифтік 
құбылушылықты  өзінің  философиялық  концепциясына  сай  дамытты.  Ал  қазақ  прозасындағы  бұл 
тəсілдің  ең  үздік  көрінісі  О. Бөкейдің  «Атау-кересі»  болды.  Ж. Аймұхамбетова  «Оралхан  Бөкей 
прозасындағы  мифологизм  мəселесі»  зерттеуінде  мұндайлық  ұқсас  тəсілдерді  жəне  қазақ 
жазушысының өзіндік ізденістерін нақты түрде айқындап көрсетті деп ойлаймыз [2]. Қазақ халқының 
байырғы  мифтік  сюжеттерінде  адамды  басқаға  айналдыру  жаза  түрінде  қолданылғаны  белгілі. 
Оралхан танымында да архаикалық мазмұн іздері жоқ емес. Ерікті сонаға айналдыру — оны шексіз 
жалғыздыққа  тастау.  Модернистік  əдебиеттегі  трагедиялық  санаға  бастайтын  жай — адамның 
абсолютті жалғыздығы. Кафка шығармасында Грегор Замзаның жəндікке айналуы детальды тұрғыда 
суреттеледі.  Новелладағы  Замзаның  бұл  халіне  қатты  қайғырған  қалпын  көрмейміз.  Қырқаяқ 
жəндігіне  тəн  тықырмен  бөлме  кезіп  жүрген  Замза  оқырманға  тітіркеніс  сезім  тудырады.  Алайда 
жазушы сентименталистік сарыннан мүлде алшақ. Бұл метаморфозаны ғалымдар əр түрлі түсіндіреді. 
Соның  ішінде  көңілге  қонымдысы  Д. Затонскийдің  пікірі  деп  білеміз.  Ғалым: «Грегор  Замзаны 
қырқаяққа  айналдыру  арқылы  жазушы  адамның  əлемдегі  нақты  алатын  орны  оның  трагедиялы  əрі 
жеңіп шыға алмайтын жалғыздығымен белгіленетінін көрсетуге ұмтылатындай. Индивид белгілі бір 
ортада,  қоғамда  өмір  сүреді...  Бірақ  мұның  бəрі — алдамшы,  ақылға  сыймайтын  иллюзия. 
Шындығында адам нағыз шөлде, дəлірек айтқанда вакуумда, жылтыр колбаның ішінде өмір сүреді, 
сондықтан  да  ол  өзінің  қорқынышты  түрмесінің  қабырғаларын  көрмейді, — дей  отырып,  пікірін 
былай  түйіндейді. — Кафка  үшін  жалғыз  жол  нақты  шындықты  «қиратып  бұзу»  болды,  сонымен 
бірге оның шегінен шықпауға тиіс. Ол дəл солай жасады: Замзаны əлеммен байланыстырып тұрған 
барлық  жіпті  үзді  (қаһарманды  жəндікке  айналдырды),  бірақ  оны  өз  отбасынды  қалдырды» [11]. 
Реалды шындық шекарасын аттап өтпей-ақ, сол шындықты «бөлшектеу» — «Атау-кере» финалына 
да тəн жағдай. 
Мұның  бəрі  ұлттық  прозамызда  ХХ  ғасырдың 70-ші  жылдары  көрініс  берген  бірнеше 
ағымдардың ішінде неомифологизмнің де эстетикалық принциптерінің айрықша мəнге ие болғанын 
танытады. Бұл келешекте індете зерттейтін мəселелердің бірі де білеміз. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Исмакова  А.С.  Казахская  художественная  проза.  Поэтика,  жанр,  стиль  (начало  ХХ  века  и  современность). — 
Алматы: Ғылым, 1998. — С. 381, 382. 

Ұлттық прозадағы неомифологизм… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
79 
2  Аймұхамбетова Ж.  Оралхан  Бөкей  прозасындағы  мифологизм  мəселесі:  Филол.  ғыл.  канд.  ғыл. ... дис. — Астана, 
1999. — 126 б. 
3  Ғалиева  А.  Қазіргі  қазақ  романы  құрылымындағы  мифопоэтикалық  пішіндер:  Филол.  ғыл.  канд.  дис.  автореф. — 
Алматы, 2006. — 32-б. 
4  Будур Н., Панкеев И. К читателю // Мифы и легенды народов мира. — М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2000. — С. 26. 
5  Лотман Ю.М., Минц З.Г., Мелитинский Е.М. Литература и мифы // Мифы народов мира: Энциклопедия: В 2 т. Т. 2. 
— М.: Большая Росс. энцикл., 1998. — С. 62–65. 
6  Бейбытова К. Неомифологизм современной казахской литературы // Вестн. Евразийского ун-та. — 2002. — № 3, 4. 
— С. 22–26. 
7  Жаксылыков  А.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной  содержательностью  в  казахской  литературе // Типология. 
Эстетика. Генезис. — Алматы: Изд-во Казах. ун-та, 1999. — С. 3. 
8  Кекілбаев Ə. Екі томдық таңдамалы шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1989. — 400 б. 
9  Қазақ əдебиетінің тарихы: Он томдық. — 9-т. — Алматы: ҚазАқпарат, 2005. — 203-б. 
10  Алтаева Г. Казахская анималистическая повесть 1960–70-х годов (генезис, образность, повествовательные формы): 
Автореф. дис. ... канд. филол. наук. — Алматы, 2004. — С. 13. 
11  Затонский Д.В. Франц Кафка и проблемы модернизма. — М.: Высш. шк., 1965. — С. 88, 89. 
 
 
Ж.Ж.Жарылгапов  
Особенности течения неомифологизма в национальной прозе 
В статье расматривается один из принципиально важных вопросов в истории казахской литературы — 
особенности  течения  неомифологизма  национальной  прозы.  Особенности  эстетики  неомифологизма 
всесторонне изучаются автором на материале прозы 1970–1980 гг. Объектом исследования  является 
проявление этого течения в казахской литературе, его показ с точки зрения общемировых тенденций. 
Автор  рассматривает  вопрос  с  позиций  литературно-теоретического  и  литературно-исторического 
подходов в изучении неомифологизма. 
The article deals with one of the important questions in the history of Kazakh literature — especially direc-
tion in neomephologizm of national prose. Allsides of teaching the peculiarity of the aesthetics of 
neomifologizm in 1970–1980 period. The object of the investigation is the manifestation of this direction not 
only in Kazakh literature, but also through the prism of national traditions and worldwide tendency. Given 
issue represents the position of literary theory and literary-historical approaches in teaching neomephologizm. 
 
 
 

80 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 821.512.122 
Р.С.Каренов  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Сал-серілер поэзиясының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес  
қосқан ерен тұлға 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  қазақ  даласындағы  музыка  өнерінің  гүлденген  кезеңі  болғаны 
көрсетілген.  Біржан  Қожағұлұлының  шығармашылығы  бұл  кезеңнің  қазақ  музыкасындағы  келелі 
құбылыс  болғандығы  дəлелденген.  Біржан  салдың  аса  бай  шығармашылығы  жəне  мүлтіксіз 
орындаушылық шеберлігі ақын есімін, оның өнер биігіндегі ұлылығын жəне даңқын барлық қазақ да-
ласына паш еткізгендігі туралы айтылған. Оның ақындық кредосын айқындап берген белгілі «Біржан 
сал»  өлеңі  келтірілген.  Ақынның  барлық  өмірі,  оның  замандас  қауымдастарының  барлық  тарихы 
Біржан  өлеңдерінде  көрініс  тапқандығы  көрсетілген.  Біржан  сал  шығармаларының  қазақ  халқының 
классикалық əндер қазынасына енгендігі пайымдалған. Ешқашан ұмытылмас Біржан Қожағұлұлының 
домбырашылығы  қазақтың  əуен  өнерінің  жаңа  буынына  сабақтасып  ұштасқандығы  дəріптелген. 
Көрнекті  ақынның  есімін  мəңгілік  етуге  бағытталған  жұмыстарды  одан  əрі  жалғастыру  қажеттігі 
жөнінде қорытынды жасалған.   
Кілтті сөздер: XIX ғасырдың екінші жартысы, гүлдену кезеңі, музыкалық өнер, қазақ музыкасы, əн 
шығармашылығы, орындаушылық шеберлік, Біржан сал шығармалары, жаңа буын, қазақтың əн өнері. 
 
Кіріспе 
XIX  ғасырдағы  қазақ  халқы  мəдениеті  тарихынан  елеулі  орын  алатын  ірі  ақын-
композиторлардың  бірі — Біржан  Қожағұлұлы.  Ол  сахарада  өз  алдына  ақындық  мектеп  құрған, 
ұлттық  музыка  тарихында  жарқын  із  қалдырған  импровизатор,  əнші.  Ақындық  өнердегі  өнер 
жұлдызы Сарамен сөз сайысына түсіп, меруерттей мөлтілдеген гауһар мұра қалдырған дархан дарын. 
Ұлы жазушыларымыз Біржанның Сарамен айтысына өте жоғары баға берді. Айтыстың мəнділігі 
С.Сейфуллин, М.Əуезов, С.Мұқановтардың назарларына ерте ілінді. 
Біржан  салдың  асқақ  əншілігін,  ақиық  ақындығын  алғаш  жүрегімен  терең  түсініп  суреттеген, 
өлеңнің өрен жүйрігі Сəкен Сейфуллин болды. 
Өлеңмен əн шырқаса, дерсің бұлбұл, 
Жандыға шалдырмаған бейне дүлдүл, 
Жарысқа ұлы дүбір мүдірмеген, 
Құлашын үдей сілтеп жайнап гүл-гүл. 
Əн салса арыстандай ақыратын, 
Əуелі қалтыратып жапыратын. 
Саңқылдап даусы кетіп алты белге, 
Көркем əн маңдағы елді шақыратын. 
Қазақта кім білмейді Біржан салды, 
Ағызған қызыл тілден шекер-балды. 
Сан ақын жарысқанда талай тойда, 
Үздік боп бəйгені ақын Біржан алды, — 
деп  Біржанның  топты  жарған  майталман  жүйрік  ақындығы  мен  алты  қырдан  даусы  асқан  əншілік 
өнерін бүкіл қауымға мақтан, үлгі етті. 
Ұлы жазушы М.О.Əуезовтың пікіріне жүгінсек, Біржан сал — «сахараның бір ғажайып алыбы», 
ал академик А.Жұбановтың ойынша, «Біржан — қазақтың халықтық музыка мəдениетінің алыбы». 
Даңқты Үкілі Ыбырай Біржан салдың Омбыда «Шалқыма» əнін қалайша шалқыта шырқағанын 
келешек  ұрпаққа  былайша  мөлдірете  баяндап  кеткен: «Патшаның  баласы  келеді,  соған  ақындар  да 
жиналады  деген  лақап  тарайды.  Қалың  жиын  ортасына  кеп,  əндерін  тыңдадым.  Астына  ақ  боз  ат 
мінген,  басында  үкілі  бөрік,  қолында  үкілі  домбыра,  үстінде  қаптал  шапан,  мойнында  ақ  торғын 
орамал, сұңғақ, келбетті, қыр мұрынды, ақсұр адам, егде тартып қалыпты. Сұлу даусына ұйығаным 
сондай, бір орында тұра алмадым, айналып теңселе берсем керек» [1; 119]. 
Жаратылыс  Біржан  салға  жоғары  дəрежелі  рухани  қабілет,  суреткерлік  қасиет,  ұшқыр  қиял, 
телегей шабыт сыйлаған. Ол орыс, қырғыз, башқұрт, ноғай тілдерінде шырқата əн айтқан. Егер де бір 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
81 
апта бойы жыр толғап, əн шырқаса бірде-бір қайталау болмайды екен. «Ырғағын тоқсан құбылтып, 
əсем əуенін серпінді де толық күшті дауыспен шырқап, құйқылжытып салатын кең тынысты əншілік 
өнері  ойын-тойға,  жиын-думанға  жиналған  халықты  қайран  қалдыратын  болған.  Біржанның  даусы 
керемет зор, əнді шырқай салғанда бес-алты шақырымдағы ауылдар түгел естіп қайран қалып, жым-
жырт болып тыңдайды екен» [2; 17]. 
Біржан  салдың  туындылары  дəстүрлі  қазақ  əндерінің  классикалық  үлгілері  ретінде  қазақ 
мəдениетінің  алтын  қорынан  орын  алды.  Олар  əншілер  Ғ.Айтбаев,  Қ.Байжанов,  Ə.Қашаубаев, 
Ж.Елебеков,  М.Ержанов,  Қ.Бабақов,  Қ.Лекеров,  М.Шалқаров,  Т.Арғынбаев,  Қ.Байбосынов,  тағы 
басқалардың орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. 
Біржан салдың өмірбаянына қатысты деректер 
Біржанның туған, өлген жылдары туралы бірнеше түрлі деректер ұсынылып келеді. 
Сəбит  Мұқанов  Біржанның  өмірбаянын  өз  оқырмандарына  былай  таныстырады: «Сарамен 
айтысқан  өлеңінде  Біржан  өзін  «Арғынның  Алтай — Қарпық  ақтанкерімін»  деп  таныстырады. 
Шынында Біржанның руы Арғын емес, Керей. Керей ішінде Ақсары, оның ішінде Көшек. Біржанның 
ағайындары  қазіргі  Көкшетау  облысы,  Еңбекшілер  ауданында  Біржанның  моласы  «Степняк» 
руднигінің «Лермон» деген шахтасының қасында. Біржанның өзі «баласы Қожағұлдың атым Біржан» 
дейді. Қожағұл — оның əкесінің əкесі. Өз əкесі — Тұрлыбай. 
Өлер  алдында  шығаратын  Біржанның  бірнеше  ауыз  өлеңі  Теміртас,  Асыл,  Ақық  деген 
балаларының аттарымен басталады. Асыл мен Ақық қыздары, Теміртас ұлы. Теміртас Біржан өлгенде 
үш жаста болған. Біржан өзінің өлеңінде Теміртасты «55-ке келгенде көрген қалқам» дейді. Біржан 58 
жасында, 1891 жылы,  өлген.  Сонда  ол 1833 жылы  туған  болады.  Ең  анығы  осы.  Бұрынырақта 
Біржанды 1825 жылы туып, 1887 жылы өлді деп жаңылыс айтқан» [3]. 
Көрнекті  ғалым  Х.Сүйіншəлиев  «Қазақ  əдебиетінің  тарихы»  атты  оқулығында  мынадай  дерек 
келтіреді: «Біржанның  басына  қойылған  ескерткіште  оны 1835–1897 жылы  жасаған  деп  көрсеткен. 
Ал  өзі  Теміртас  деген  баласымен  мақұлдасқан  (қоштасқан)  сөзінде 65 жасқа  келгенін  айтқан: 
«Жасына  алпыс бестің  келгенімде, құдайым  берді  науқас  ғаріп басқа», — депті.  Осы  сияқты қолда 
бар деректерді зерттеу үстінде, біз Біржан 1831–32 жылдары туып, 1897 жылы қайтыс болды деген 
пікірлерді  қостаймыз.  Ол  Көкшетау  облысы,  Еңбекшілдер  ауданы,  Степняк  қаласының  тұрған 
жерінде, атамекені — Қожағұл бұлағында туыпты. Біржанның өз əкесі Тұрлыбай — момын, шаруа, 
болған. Ал, атасы — Қожағұл дəулетті адам. Біржанды жас шағынан бауырына басып, өз тəрбиесіне 
алған, оның маңдайынан қақпай, масайрата еркін өсірген, жасынан ауыл молдасына беріп оқытып, өзі 
жиған өмір тəжірибесін үйреткен осы беделді шешен-би — Қожағұл болса керек» [4]. 
Профессор С.Негимов Біржанның атасы Қожағұл туралы мынадай қосымша мəліметтер береді: 
«Біржан  салдың  өнерпаздық  ортасына,  ақындық-əншілік  мектебіне,  шығармашылық  өмірбаянына 
зейін  аударар  болсақ,  атасы  Қожағұл  білікті  би,  ділмар-шешен,  түйе  палуан  болған.  Хан 
тұқымдарымен  тонның  ішкі  бауындай  жақын  болған.  Қытайға  екі  рет  елші  болып  барған.  Əлкей 
Марғұланның көрсетуінше, Шоқан Уəлиханов Петербордағы өнер көрмесіне Қожағұл елшінің алтын 
ер-тоқымын, алтынмен безендірілген қанжарын тапсырған. Алтынның ну ортасында бұлаңдап өскен 
ерке Біржан да небір зергерлерге нешеме алуан бұйымдарды (алтын жүген, алтын ер, алтын шідер, 
алтын балдақ) істеткені мəлім» [1; 117]. 
Ахмет Жұбановтың пайымдауынша, Біржан «...Степняк қаласынан бір шақырым жердегі Ермол 
деген  жерде 1831 жылы  туған.  Ол  жерді  бұрын  «Қожағұл  ауылы»  дейді  екен.  Біржан  Қожағұлдың 
Тұрлыбай  деген  баласынан  туған.  Бірақ  кішкене  күнінен  үлкен  шешесі  бауырына  салып,  асырап 
өсіріп,  өздері  «біздің  баламыз»  деп  кетсе  керек.  Сондықтан  Біржан  Қожағұлдың  баласы  болып 
атанған. Екіншіден, Қожағұлдың қолында болуына бір себеп — Тұрлыбайдың дəулеті шағын болады 
да,  Біржан  Қожағұлдың  қолында  кемдік  көрмейді.  Ал,  бері  келе  өз  əкесі  Тұрлыбайдың  қолына 
шығады. Тұрлыбай дəулет жағынан ғана шамалы болмай, ақылға да аса жарымайды. Қатаң, өнермен 
ісі жоқ, малдан басқаны түсіне қоймайды... 
Теміртастың берген дерегіне қарағанда, Біржанның арғы атасы Бертіс ертеректе Обаған өзенінің 
бойын  мекендейді.  Бері  келе  Көкшетау  өлкесіне  көшіп  келіп,  Жөкей  көлінің  шығыс  жағына 
қоныстанады.  Бертіс  осы  қонысында  қартайып  барып  қайтыс  болады.  Бертістен:  Ақшуақ,  Айшуақ, 
Жаншуақ,  Қожамқұл,  Қожағұл  деген  бес  ұл  болады.  Біздің  бұрынғы  айтып  жүрген  Ержан  мен 
Нұржан — Айшуақтың  балалары.  Қожағұлдан:  Тұрлыбай,  Нұралы,  Ералы  туады.  Тұрлыбайдан 
Біржан болады. Біреулер Біржан — Нұралының баласы, əкесі ерте өліп Қожағұлға бала болып кеткен 

Р.С.Каренов  
82 
Вестник Карагандинского университета 
деп те айтады. Əрине, Біржанның қазақтың халық музыкасында алатын орны үшін оның əкесінің кім 
болғанының  шешуші  себебі  жоқ.  Біз  жаңадан  қосылған  деректерді  оқушыларымыздың  алдына 
тартқымыз келеді» [5; 34–36]. 
Профессор  Е.Ысмайылов  өзінің  «Біржан  салдың  ақындығы»  деген  еңбегінде: «Біржан 1834 
жылы  бұрынғы  Көкшетау  дуаны,  Ақсары  болысының  ішінде  Бурабайға  жалғас  қалың  тоғаймен 
қоршалған айдын шалқар Жөкей көлінің жағасында дүниеге келген. Көкшенің сексен көлдерінің бірі 
Жөкейге  жақын  төңіректен  суы  күмістей  сылдырап  мөлдір  бұлақтар  ағады.  Соның  бірін  осы  күнге 
дейін ел Қожағұл бұлағы деп атап келген. 1870-жылдары Көкшетау дуанының жері мен елін аралаған 
Батыс Сібір өлкесінің жер-су мекемесінен келген И.Я.Славцов дейтін агроном, 1824 жылы Көкшетау 
дуаны  ашылатын  жиында  Ақсары  болысының  беделді  биі  Қожағұл  Дербіс  баласын  атайды.  Оның 
ауылы  Қожағұл  бұлағының  бойында  дейді.  Бұлақ  пен  Жөкейдің  арасы  он  шақырымнан  аспайды. 
«Мың жарым жылқы біткен» Қожағұлдың қысқы күнгі мекені көл мен бұлақ төңірегі болса, жазғы 
жайлауы одан алыс кең жазықтағы Мамай көлі, Майлысар алқабы екен. Бір жағы айдын шалқар көл, 
сыңсыған  қалың  орман, екінші  жағы  сылдырап  аққан  ерке  бұлақ,  үшінші  жағы  кең  жазық,  малдың 
өрісі,  төртінші  жағы  Көкшенің  биік  те  кербез  шың-шоқыларымен  жалғасып  жататын  қырқа,  адыр, 
төбелер — барлығы  да  адам  қолдан  жасағандай  əсем  бір  поэзиялық  дүниедей  сұлу  жер  болашақ 
дархан ақынның əсемдік қиялын еріксіз тербесе керек» [2; 9, 10]. 
Жоғарыда келтірілген деректерді қорытындылай келе біздің айтарымыз, Біржанның өмірбаяны 
өз мезгілінде жазылып алынбаған. Оның замандастарының, туған жақындарының естелік əңгімелері 
бойынша  кейін бір  жүйеге  келтіріліп жазылып келеді.  Соңғы  жылдары  жарық көрген  туындыларда 
[6–8]  Біржан  Тұрлыбайұлы,  Қожағұл  немересі 1834 жылы  сол  кездегі  Көкшетау  дуаны,  Ақсары 
болысының ауқатты ауылдарының бірінде туып, 1897 жылы дүние салған деп көрсетілген. 
Біржан  бала  жасынан  əнге  құмар  болып  өседі.  Ауылға  келген  əнші,  жыршы-күйшілерді  ұйып 
тыңдайды. Ойын-сауық, алтыбақан, шілдеханаларда əн салып, «əнші бала», бертін келе «əнші жігіт», 
кейіннен  «əнші  Біржан»  атанады.  Біржанның  ерекше  ақын-сазгер  дарындылығын  бағалаған  халық, 
оған «сал» атты қосымша береді. Біржан 15–16 жастан елдегі белгілі ақын-əншілердің соңынан еріп, 
атақты ақын-шешендердің сөздерін, əндерін жаттауға бой ұрған. Жасы жиырмаға келгенде əн шығара 
бастаған.  Бойында  əншілік  дарыны  бар,  домбырада  шебер  ойнайтын  Біржан  бірегей  сазды-
поэтикалық  шығармаларды  дүниеге  келтірген.  Ел  аралап,  алуан  түрлі  айтыстардың  ортасында 
жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған. 
Рулық-патриархалдық əдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына əйел теңсіздігін, əлеумет күйін арқау 
еткен  өнерпаздың  өмірі  қиындықтар  мен  мұқтаждыққа  толы  болды.  Қуғынға  ұшырап,  руаралық 
қақтығыстардың куəгері болып, ауруға шалдыққан ол 63 жасында дүниеден озды. 
Біздің  заманға  Біржан  салдың  алпысқа  жуық  əндері  жетті [9; 499]. Бұл  əндердің  əлеуметтік 
мазмұны терең, тəрбиелік маңызы зор. Біржан əндерінен XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ 
халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі, дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. 
Біржан шығармаларында махаббат тақырыбының негізгі орын алуы 
Біржан  туындыларында  махаббат  тақырыбы  негізгі  орын  алады  жəне  осы  тақырыпта  оның 
«Айтбай», «Лəйлім  шырақ», «Жамбас  сипар», «Қаламқас», «Алтын  балдақ», «Ақсеркеш», 
«Керкекіл», «Бірлəн», «Ғашығым», «Ғашық жар», «Мақпал», «Айжан қызға», «Орынтай», «Қалқама», 
«Ақжорғажан», т. б. арнау өлеңдері — ақынның бойындағы өмірі өшпес жастық жалынының жарқын 
бейнелері,  достық  пен  махаббат  сезімдерінің  айнадай  анық  көріністері.  Жоғарыда  аталған  Біржан 
шығармалары — ғашықтар сырын тереңнен толғайтын үлкен ақындық тебіреністің туындылары. 
Мысалы, «Жамбас сипар» əні [7; 340] жастық дəуренді аңсаған əсем де ерке, лирикалы əуен: 
Ұшына орамалдың түйдім сусар, 
Көп жылқы көкалалы көлде жусар. 
Кешегі ел қыдырған есер шақта 
Əн еді Біржан салған «Жамбас сипар». 
Деген соң біз қартайдық, біз қартайдық, 
Белгісі қартайғанның — серттен тайдық. 
Қанекей соныменен шыққан мүйіз, 
Қасына сұлу қыздың көп жантайдық. 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
83 
Əрине,  жастық  пен  кəрілікті  салыстырған  ақынға  сұлулармен  сырлас  болған  романтикалық 
өмірдің  қызықты  да  тəтті  болары  хақ.  Оның  жүріп  өткен  жолы,  сабақтасқан  өмір  тіршілігі  лирика 
сарынына толы ғашықтықты, махабатты жырлайды, əлдилейді. 
Бірде Біржан ел аралап жүріп, Ақтентек деген байдың үйіне келеді. Шай ішіліп, қазақ əдетінше 
жөн сұрасқаннан кейін, ақын домбырасын алып əндетеді. Үй ішіндегі адамдар тамашалап тыңдайды. 
Əсіресе əншіге қарап көзін айырмай отырған сұлу Ажар, Біржанның көз қырына ілігеді. Ақын небір 
жақсы əндерді бірінен соң бірін тоғытады. 
Біржан сол ауылда бірнеше күн болады. Кетерінде Ажар қызға арнап əн шығарып («Ақтентек» 
деген əн [8; 163]), «жолаяғым» деп тартып кетеді: 
Қызы едің Ақтентектің Шұға, Мақпал, 
Əр жерде сабырлы ерді тəңірім сақтар. 
Көңілің бір-біріңнен болса асыл, 
Ауылын сұлу қыздың жігіт жақтар. 
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың, 
Ешкімнен кейін емес салтанатың. 
Алыстан ат терлетіп келіп едім, 
Жүрмісің аман-есен, перизатым. 
Қазақта əннің аты кездейсоқ бір сөздермен аталып кететіні сияқты, бұл əн халық аузында (Ажар 
сұлуға арналғанымен) «Ақтентек» (Ажардың əкесінің аты) деген атпен жайылады. 
Біржан сал реті келген жерде, жағдайы туғанда əн шығарып отырған. Бірде ол ел аралап жүріп, 
Қозыбайдың үйінде болған мəжілістің үстінен шығады. Айтушылар Біржанның «Жаймашуақ» деген 
əні [10; 61] сонда шыққан деседі: 
Көл жағалай бітеді көкше құрақ, 
Əн салмағың қайда еді-ау, Лəйлім шырақ! 
Қозыбайдың үйінде мəжіліс боп, 
Біржан салған əн екен «Жаймашуақ». 
Əннің атының өзі Біржанның ол бір кезде көңілінің көтеріңкі, өмір соққысын əлі көре қоймаған 
уақытында туғанын дəлелдейді. 
Біржанның көпке белгілі «Айтбай» атты əні [10; 52] де осындай жағдайда шығарылған: 
Атымның қақ тұрады сауырына, 
Қос тепкі салып келем бауырына. 
Қолынан шай құйдырып ішейін деп, 
Келеміз Айтбай сұлу ауылына. 
 
Мамекең Айтбай десем күлімдейді, 
Сұр жорға астымдағы сүрінбейді! 
Аққудай аспандағы жүз құбылтып, 
Сал Біржан əн салуға мүдірмейді. 
Айтбай — қыздың  аты.  Қазақта  қыздың  соңынан  ұл  тумаса,  қызға  еркектің  атын  береді. 
Айтбайдың  аты  қойылуда  да  солай  болған.  Бұл  əн — Біржанның  кесек  шығармаларының  бірі. 
Қазақстан  композиторларының  «Айтбайға»  бірден  «ауыз  салулары»  кездейсоқ  тəбеттің  бұйрығы 
емес, əннің терең музыкалық қасиетінің əсері [5; 39, 40]. 
Қазақтың  əншілік  өнер  дəстүріне  ақын  ерекше  жаңа  леп,  соны  сарын  əкелді.  Бұл  жағынан 
алғанда  Біржан  сал  нағыз  жаңашыл  əнші.  Ол  жастықты,  махабатты  қасиеттеп  жырлады.  Жастық 
дəуреннің  қимас  сəтін  ыстық  жалынмен,  қуатты  əуенмен  өрнектеді.  Адам  сезімінің  асыл  да  аяулы 
қасиеттері — Біржан əндерінің негізгі арқауы. 
Əсіресе  «Ғашығым», «Бірлəн», «Қаламқас», «Ғашық  жар»  əндері — Біржан  салдың  əншілік 
даңқын  бүкіл  кең  байтақ  қазақ  даласына  кеңінен  танытып,  таратқан  рухани  асыл  мұра.  Мəселен, 
«Ғашық жар» атты өлеңінде [10; 60]: 
Қиын екен жалғанда сүйген ғашық, 
Сөйлеспесе екеуі мауқын басып. 
Жапырақ жарған ағаштай, жан сəулешім, 
Топ ішінде тұрса екен шоқтығы асып, — 
деп, топ сұлулар ішінен оған көрінер өз ғашығын тапқандай болады. Ал «Ғашығым» деген əнінде [10; 59]: 

Р.С.Каренов  
84 
Вестник Карагандинского университета 
Ғашықпын тағат-сабыр ете алмаған, 
Мұратқа көп ізденіп жете алмаған. 
Қайырса қара қарға қаз алмайды, 
Жібекті жүн қылады, түте алмаған, — 
деп, оған да місе тұтпай ілгері асады. 
Ақынның көз алдына тағы бір кербездің тұлғасы елес береді: 
Астымда Керкекілім бұлаңдайды, 
Сұлу қыз кербезденіп сылаңдайды. 
Ауылын сүйген жардың іздеп бармай, 
Көңілім еш уақытта тына алмайды, — 
дейді Біржан «Керкекіл» атты туындысында [10; 57]. 
Одан кейін ол Қаламқасқа көз қадап, сөз салады («Қаламқас» атты шығармасы [10; 53]): 
Мен жаздым сəлемдеме Қаламқасқа, 
Сүйгенім болмаған соң сенен басқа. 
Бір жауап құрбысына қайтарар деп, 
Жалынып мұңымды айттым Сұлушашқа. 
Талай сұлулар ауылын аралап шыққанда Біржанның жүрегі елжіреп, жаны сыздайды. Кейде есінен 
адасқандай əсер алады. Бірлəн қызды көріп мынадай күйге түседі («Бірлəн» атты өлеңі [10; 58]): 
Қарағым, айналайын, көз көргенім, 
Жоқ сенен көңіліме өзге менің. 
Сөзің бал, тісің меруерт, беу қарағым, 
Есімде «мен сендік» деп сөз бергенің. 
 
Көрінер сұлу жирен жарағанда, 
Шаштарың гүл-гүл жайнар тарағанда, 
Таңданып жығылуға таянамын, 
Мойныңды бұра тастап қарағанда. 
Біржан  əндерінің ішіндегі  бір  белдісі — «Лəйлім  шырақ»  атты  өлеңі [10; 73]. Ақынның  дауыс 
байлығымен  байланысты  шырқалатын  осы  көпке  белгілі  шығарма  туралы  профессор  С.Негимов 
былай толғанады: «Əн шығарманың өмірбаяны болатыны белгілі. Белгілі бір себептерге байланысты 
туындайтыны хақ. «Лəйлім шырақ» əнінің тууы жайлы түркі руханияты мен халық ауыз əдебиетінің 
білгірі,  көрнекті  тілші-ғалым  Ғайнетдин  Мұсабаев  былайша  əңгімелеген-ді: «1946 жылы  Көкшетау 
облысы, Еңбекшілдер ауданындағы алтын кені Степняк тұрғыны қарт Мұқаннан естідім. 
— Балам,  жасым 87-де,  марқұм  Біржанның  қырық  шақты  əнін  де  білем,  бірақ  бəрінен  маған 
қымбатты  да,  қасиеттісі  де — «Лəйлім  шырақ»  əні,  бұл  əнді  Біржан  бозбала  күнінде  Жолдыөзек 
бойындағы  Қарауыл  елінде  салдық  құрып  жүрген  жас  шағында  бір  қызға  ғашық  болып  шығарған 
екен. Сол қызбен көңіл қосқан Біржан қолға түсіп, аяқ-қолы байлаулы байдың ас-суы тұратын қараша 
үйіне  қамалады.  Кеше  ғана  оның  айналасын  қоршаған  жігіт-желең,  қыз-келіншектерден  қадірменді 
кұрбысына  жан  тартқан  біреулері  қолын  шешіп,  босатып  жібергенде  атына  барса,  бұрынғы  шідері 
жоқ,  атының  аяғы  тұсаулы  екен.  Қара  түнде  ауылдың  сыртында  атын  ерттеп,  шылбырынан  ұстап 
отырып, осы əнге басқан екен» [1; 119]: 
Лəйлім шырақ дегенде, Лəйлім шырақ, 
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ. 
Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, 
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. 
Өзіме бер, шідерім тауып алсаң, 
Елу теңге берер ем, сүйінші алсаң. 
Жерде шіріп қалса да өзіме бер, 
Шыбын жаным қиылсын, бітім алсам. 
Сонымен,  ақынның  «Лəйлім  шырақ»  əнінің  негізгі  арқауы  Лəйлімге  деген  ыстық  махаббаты, 
іңкəрлігі,  жүрек  лүпілі  айқын  сезіліп  тұр  емес  пе?!  Əндегі  драмалық,  лирикалық  кейіп  Біржанның 
биік шеберлікке ие болғанын көрсетеді. 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
85 
Біржанның Абай елінде қонақ болуы 
Есейе келе Біржан сал өз аулында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. «Үш жүзді сайран қылған Біржан 
едім»  деп  өлерінде  өзі  айтқандай,  қазақ  жерінің  барлық  түкпірін  аралайды.  Ел  көреді,  жер  көреді, 
талай  той-думандарының  сəні,  көркі  болады.  Көршілес  елдер,  халықтар  өмірімен  танысады.  Омбы, 
Орынбор,  Қызылжар,  Көкшетау,  Семей  сияқты  үлкен  қалаларда  болады.  Құлағына  жаңа  əн 
ырғақтары  сіңеді.  Жас  ақын  жүрген  жерлерінің  бəрінде  бүгінге  дейін  ел  аузында  жүрген, 
халқымыздың өшпес мəдени қазынасына айналған əндер шығарады. 
Біржан сал əн сапарымен ел аралап жүріп, бірде Абай аулына барып қонақ болады. Əрине, асыл 
жыр мен асқақ əннің түйіскен тұсының кезі өз алдында бір төбе əсем əңгіме. 
Данышпан  Абай  Біржанның  əн  өнерінде  ата-баба  салып  кеткен  қара  жолмен  жүре  бермей, 
тыңнан  із  салғанын,  оның  үлкен  талант  иесі  екенін  дөп  басып  танып,  əндеріне  де,  орындаушылық 
өнеріне де жоғары баға береді. Біржан салды өз құлағымен тыңдаған жас Абай: 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Əсем əн мен тəтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Əнді сүйсең — менше сүй, — 
деген мəңгілікке жетерлік сөз қалдырған. 
Абаймен  кездесуі  Біржанның  композиторлық,  əншілік,  ақындық  өнерінің  дами  түсуіне  үлкен 
əсер  етеді.  Академик  А.Жұбановтың  сөзімен  айтқанда: «Əрбір  күшті  дарынға  тəн  нəрсе — Біржан 
бұл  сапарын  ізсіз  қалдырмайды». «Мен  көрдім  ұзын  қайың  құлағанын»  өлеңіне  əн  шығарады. 
Біржанның  музыкасы,  əрине,  біз  білетін  Абайдың  түрлеріне  жанаспайды.  Мұнда  əншінің 
шығармашылық  дəстүрі  сақталған.  Абай  музыкасындағы  əн  бірден  үлкен  дыбыстық  секіру  арқылы 
басталмай баспалдақтап, төменнен жоғары қарай өрлеп шығады. Ой-қиялы арқылы ұзын қайыңның 
тамырынан  бастап  басына  дейін  көз  жіберіп  біраз  тамашалап  тұрғандай.  Өте  жұмсақ,  ойлы, 
философиялық астары бар шығарма. Əн сөзінің мəнін, сырын Біржан өзінше ашады, өзінше музыка 
тілімен  талқылайды.  Мұнда  өзінің  бұрынғы  музыкалық  қазынасына  Абай  ауылына  барғаннан 
қосылған  жаңа  арна  бар  екені  сезіледі.  Дарынды  композитор,  жазба  поэзияның  ой-қырын  ақтарып, 
үңіліп, ішкі-сыртқы қасиеттерін зерттейтін, қолында құралы — білімі болмаса да, жан байлығының, 
шығармашылық  күшінің  арқасында  өзіне  ой  салған,  тербеткен  тақырыпты  музыкалық  жағынан 
меңгере  алады.  Халық  арасына  көп  жайылмаса  да,  бұл  əннің  кей  кездерде  Біржан  қолынан 
шыққандығы дауға түсетін уақыттары болса да, шындық Біржан жағында екендігі көзге бірінші түсе 
береді.  Біздің  қолымызда  үнемі  аз  болатын  деректер,  халық  қайраткерлері — əншілердің, 
ақындардың  шығармашылық  байланысы  болатын.  Міне,  осы  тұрғыдан  Біржанның  Абай 
шығармашылығымен,  оның  айналасымен  танысуы — қазақтың  халық  композиторлары  арасында 
болған игі байланыс» [5; 48]. 
Біржанның поэзия алыбы Абаймен кездесуі М.Əуезовтың «Абай жолы» романында жан-жақты 
суреттелген. Ақынның осы сапарындағы көңілге түйгендері кейіннен оның шығармаларынан ерекше 
орын алып отырды. Сарамен айтысында: «Ыбырай жас жолбарыс жүректенген» деп, сөз ретінде жас 
Абайдың жүректілігін, алғырлығын  тілге  тиек  етсе, «Орта  жүз  Абай  қойған  атын батпай,  үйіне  ояз 
кірмес  жауап  қатпай»  деп,  қас-қабағымен  ғана  емес,  қаһарымен  де  исі  қазақ  жұртын  дірдек 
қақтыратын ояздың өзі Абайдың үстіне рұқсатсыз басып кіре алмайтынын айтып, Абайдың қандай ірі 
тұлға екенін мақтан етеді [11]. 
Қысқасы — Абайдың  аулында  болу,  өлең  мен  əннің  салтанатының  қайнаған  базарын  аралау 
Біржан сал үшін өте үлкен табыс болды. 
Біржан салдың ақындық еңбектері 
Көп  зерттеушілердің  баса  көңіл  аударатыны — ол  Біржанның  музыка  саласындағы 
туындыларынан гөрі, оның ақындық еңбектері — өлеңдері мен толғаулары, жалынды лирикалары. 
Біржан  ер  жетіп,  есейген  сайын,  өмірдің  мəніне,  заманның  ағымына  үңілген  сайын  рухани 
тебіреністерге,  философиялық  толғаныстарға  барды.  Жаратылысынан  турашыл,  бетті,  ойлы  Біржан 
өзімен пікірлес, тағдырлас, өзі өмір сүрген дəуірдің жүгін өзімен бірге көтерісе бастаған əнші, ақын, 
білікті жігіттерге («Жастарға» атты шығармасында [10; 91]): 
Ер жігіт дүниені көрген артық, 
Дүниеде не бар-жоғын сезген артық. 

Р.С.Каренов  
86 
Вестник Карагандинского университета 
Түскендей аспан жерге іс болса да, 
Бел байлап, тəуекел деп төзген артық... 
 
Қол берген қиын жерде жолдас артық, 
Бас тартқан жолдасынан он бас артық. 
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген, 
Досыңнан қатын-балаң болмас артық. 
 
Жігітке сайран етіп жүрген артық, 
Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып. 
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше, 
Жан-тəнің бірдей жанып күйген артық... — 
деп, өзінің замандастарына, шəкірт-інілеріне қозғау салды. Оларға бағыт сілтеді. 
Біржанның  өнеге-үлгісін  берік  тұтынған  Жаяу  Мұса,  Құлтума,  Қанапия,  Ақан  сері,  Үкілі 
Ыбырай,  Шашубай,  Доскей,  Естай,  Əздембай  сал,  Ғазиз,  Тайжан,  Балуан  Шолақ,  Иман  Жүсіп, 
Ағашаяқ  тəрізді  өнерпаздар  оның  ақындық,  əншілік  мектебінен  тағылым-тəрбие  алып,  сал-серілік 
дəстүрді шеберлікпен дамытты. Поэзия мен музыка — бұлардың шығармаларының негізін құрды. 
Өз туындыларында Біржан сал жас шақтың қоғамға, елге пайдалы істерге, өнімді еңбекке, өнер-
білім ізденгіш талапкерлікке толы болуды қалайды. Бозбалаларды ел кезіп, жер танып, мүмкін болса, 
сайран  салып,  дүниенің  төрт  бұрышын  түгел  шарлап  білуге  шақырады.  Атақты  «Сырғақты»  деген 
өлеңінде [10; 63]: 
Ақ тұйғын құс, қолымда сырғақты ма? 
Басып-басып алайын ырғақтыма, 
Бозбала, саған айтар өсиетім: 
Жақын жүр əлпештеген ардақтыға. 
 
Жанып тұрған жас өмір ал қызыл гүл, 
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл. 
Жауқазын желбіреген жастық шақта, 
Өмірдің мағынасына түсіне біл, — 
деп жастарға өмір мағынасын бозбала шақтан-ақ түсініп, адамгершілік мақсаттар үшін талап қылуға 
дағдыланса екен деген ізгі міндеттер жүктейді. 
Біржан өзінің еңбек, талап, өнер-білім туралы нақылдарын тек жас қауымға ғана емес, соларға 
қоса, түгел ел-жұртына өсиет етеді. Ақынның шығармаларының нысанасы — ақылды ұғынар сергек 
қауым. Ол «Жақсы мен жаман» [10; 109] арасын ажыратар қасиеттерді былай термелейді: 
Біреудің аспанда жүр дəрежесі, 
Біреудің көкте қолы, жерде басы. 
Жақсының жаман менен айырмасы — 
Ойласаң жер мен көктің екі арасы. 
Жігітке ақыл пана, уайым қорған, 
Сабыр сақтар жігітті қазған ордан. 
Көрмегенді көрдім деп айтқан адам — 
Білсеңіз, ол бір жаман хайуаннан. 
«Ақылдыға  кейбір  надан  бағынбаған» — деп,  оң  мен  солын  білмейтін,  өз  бетімен  кеткен 
тоғышарлар тобын адал адамдар қауымынан бөліп тастайды. 
Біржан  салдың  əндерінде  жүйрік  ат  сипаты  үлкен  орын  алады.  Жас  жігіттің  сүйгеніне  деген 
іңкəр  сезімі,  махаббат  мұңы  сұлу  да  жүйрік,  жорға  да  аяңшыл  аттардың  суретімен  іштей  астасып 
жатады. 
Алдына қара салмайтын ерен жүйрік «Ақсеркеш» [10; 55]: 
Бəйгеден озып келген атты алайын, 
Ер жігіт сынамай ма бақ-талайын. 
Жиылып үлкен-кіші отырғанда, 
Толқытып «Ақсеркешке» əн салайын. 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
87 
Қырғынкөктің тұқымы «Телқоңыр» [10; 71, 72]: 
Жүйрік ат, қыран бүркіт, қазан атым, 
Құлақ сал «Телқоңырға», азаматым! 
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, 
Тез жеткіз Телқоңырдың аманатын. 
Құлын пішінді «Бурылтай» [10; 68, 69]: 
Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың, 
Сағасы өткел бермейді терең сайдың. 
Құба жонға жүгіртіп шыға келсем, 
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың, — 
деп жырлаған ақынның лирикалық əндерінің кейіпкерлері. 
Сол  бір  заманда  сұлу  ат,  сұлу  əн,  сұлу  жар  ер  жігіттің  мақтанышы,  жан  тынысы  саналған! 
Біржан  сал  да,  Ақан  сері  де  осы  бір  заманның  тамаша  көрінісіне  ерекше  мəн  берген.  Екеуі  де  су 
төгілмес жорға, қанаты талмайтын тұлпар, құмай тазы, ақ тұйғын, қыран бүркіт ұстаған. Сондықтан 
да  Біржан  нəзік  сезімді,  толқымалы  көңіл-күйді,  ғажайып  сұлулықты  (жылқының  сұлу  мүсіні,  қыз 
сұлулығы,  жан  сұлулығы,  табиғат  əсемдігі  т.б.)  тамсана  жырлаған  лирик-композитор.  Сондай-ақ 
оның əндеріне асқақ сезім, шалқыған кең тыныс, үлкен дауыс диапазоны тəн. Халықтық музыканың 
тіліндегі əуен, ырғақтарға жаңаша түр, екпін-қуат дарытып, байыта түскен Біржан сал əндері сөзінің 
де  ұлттық  баяуымен,  бейнелеу  құралдарының  ерекше  көркемдігімен  бірегей  тұтастық  танытады      
[9; 499, 500]. 
Поэзияда  Абай  жаңалық  жаршысы  болды  десек,  музыкадағы  жаңа  бағыт  Біржаннан  басталса 
керек.  Өзінің  шығармаларында  өнерге,  көркемділікке  құмар  ақын,  əнге,  өлеңге,  домбыра  сияқты 
қазақтың  байырғы  музыка  аспабына  жоғары  баға  береді.  Олардың  халықтық  мəнін  айрықша  атап 
көрсетеді. Мысалы, əйгілі «Жонып алды» деген туындысында [10; 62]: 
Жан едім, əсем əнді сүйіп айтқан, 
Жағымды көпке бірдей, жұрт ұнатқан. 
Келетін нақысына жүз құбылтып, 
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан. 
Кім сүймес көкке өрлеген əсем əнді, 
Көңілдің күйін шерткен көркем сəнді, 
Болғандай бойға қуат, ойға азық, 
Балқытып еріткендей тербеп жанды, — 
деп толғанады. 
Немесе «Орынбор» атты өлеңінде [10; 86]: 
Домбыра алдым қолға сегіз перне, 
Қызығы бұл шіркіннің тартар жерде. 
Қолға алып əрлі-берлі тартқанымда, 
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге... — 
дейді. 
Иə,  бұдан  артық  өнер  қадірін  тану  қиын.  Ақынның  эстетикалық  анық  талғамы — осы. 
Біржанның бұл сияқты озық эстетикалық түйіндер жасауы тегін емес. Кезіндегі озық идеялардың ізгі 
ықпалы, ұлы Абай эстетикасының тікелей əсері болғаны байқалады. 
Бүгінге  дейін  зерттеушілеріміздің  назарынан  тыс  қалып  келген  мəселе,  Біржан  өнеріне  орасан 
зор рухани ықпал жасаған есімдер. Оның бірі Біржан салдың ұстаздары — Шөже, Орынбай, Салғара, 
Толыбай,  Нүркей,  Арыстан  тəрізді  өнер  иелері.  Екіншісі — өзін  сүйіп  қосылған  жұбайы, 
балаларының анасы — Əпіш. 
Əпіш  ерекше  парасатты,  ақын-əнші  жанын,  оның  жүрек  сезімін  қалтқысыз  ұққан  зерделі  адам 
болған.  Əрине,  Біржан  сал  тəрізді  өнерпаз  жанға  жар  болудың  қиындығын  Əпіш  əжеміз  жақсы 
ұғынған. Біржан да Əпішті керемет қадір тұтып өткен. 
«Əйелі Əпішке айтқаны» атты жырында [10; 105]: 
Жайлауы еліміздің — мидай дала, 
Түріндей масатының күрең ала. 
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда, 
Мұңдасым, көңіл ашар Əпіш қана, — 
дейді ақын. 

Р.С.Каренов  
88 
Вестник Карагандинского университета 
Қазақ  əншілік  өнерінің  асылынан  саналатын  «Бурылтай»  əнін  де  Біржан  сал  Əпішке  арнап 
шырқаған деген деректер бар. 
Біржан поэзиясы — өткір тілді көркем шығарма. Əсіресе ақын адамды кейіптеуге асқан шебер. 
Ашық, айқын сөз бояуын қонымды қолданып нəрлендіріп, құлпыртып жібереді. 
Жас  шағы,  дер  кезінде  Біржан  өзін  еркін  ұстап,  ешкімнен  именбей  ерке  өскен.  Басынан  сөз 
асырмаған. Шорманның Мұсасы, Балқожа, Аққошқар, Тұрлыбек сияқтыларға сөздер арнаған. 
Бір  жолы  Біржан  Омбы  қаласында  атақты  Шорманның  Мұсасымен  кездеседі.  Мұса  жайғасқан 
үйге кіргенде, отырғандар: «Ел еркесі ақын Біржан келді» деп орын береді. Сонда Мұса мырза тұрып: 
«Бұл  əн  де  сала  ма  екен?», — дейді.  Біржан  сал  домбырасын  алып («Шорманның  Мұсасына»  атты 
шығармасы [10; 96, 97]): 
Сіз шыққан арғы атаңнан шынжыр балақ, 
Орнаған сізге бақыт аямай-ақ. 
Мұсеке, сізге өтірік, маған шын, 
Тай-құнан топтан озып, болдым саяқ. 
Мұсеке, біздің əнге кенелерсің, 
Əнімді естігенде бұлбұл дерсің! 
Əн салсам дауысымды көкке шырқап, 
Бұл үйдің сындырамын терезесін, — 
дейді. Мұса ешнəрсе айта алмай, Біржанның əнінің шынында да асқақ екенін көріп, аузын жабады. 
Өткен  ғасырдың  орта  кезінде  Омбының  орыс  мектебінің  біріне  Көкшетау  уезінен  оқитын  бай 
балаларына  орын  береді.  Алайда  байлар  балаларын  жібермейді,  қорқады.  Бірақ  орынды  бос 
қалдырмай, қорғансыз кедей балаларын таңдап жібереді. Олардың бірқатары кайтып келіп, біреулері 
оқып  бітіріп,  ауылда  тілмаш  болып,  шаруалары  түзеліп,  байып,  тіпті  бұрынғы  қатарларына 
сəлемдеспейтін  қалге  де  жетеді.  Соның  бірі  Құдайбергеннің  Балқожасы  болады.  Бір  күні  тілмаш 
Балқожаның үйіне Біржан келіп, қонақ болады. Біржанның келгенін құлақтанысымен жұрт: «Серімен 
дидарласамыз, əнін естиміз» деп Балқожаның үйіне иін тіресе отыра қалыпты. 
Үй иесі мұны ұнатпайды. «Біржанды ақын деймісің? Оның əнін естімеген некен саяқ қой» деп 
жұртты  үйінен  шығарып  жібереді.  Ертеңіне  Балқожа  Біржанды  аттандырарда  «міне,  жолыңыз»  деп 
бес сом ақша беріпті. Біржан оны қалтасына салмай, бөстектің астына тастайды. Мұны сезіп қалған 
Балқожа қонағына тіке қарап: 
–  Немене,  ақын  емес  дегеніме  ренжіп  отырмысың,  ақын  болсаң,  кəне  өлеңді  суырып  тастай 
қойшы, — десе керек. 
Кешеден  булығып  отырған  Біржан  осы  сəтте  үкілі  домбырасын  қағып-қағып  жіберіп 
шырқағанда,  жұрт  Балқожаның  үйін  кернеп  кетеді.  Сонда  Біржан  дауысын  алтықырға  асыра 
аспандатып («Балқожаға» деген өлеңі [10; 98]): 
Балқожа, сенің əкең — Құдайберген, 
Əрқашан жаман болмас жақсыға ерген. 
Кешегі жаңа закон шыққан кезде, 
Оязнай елге шығып бала берген. 
Иіс-қоңыс, іріп-шіріп жатқаныңда 
Қолыңнан Азынабай ұстап берген. 
Көтерем аусыл болған өгіздерше, 
Жаңа шығып келесің биік өрден. 
«Көн құрысса, қалпына барад» деген, 
Атаңды мен қайтейін аштан өлген, — 
дейді.  Асығыс  киімін  киіп,  шығуға  айналған  əншіні  Балқожа  тоқтатып,  кешірім  сұрайды.  Қайтадан 
қонақ етеді. Ақынға «айыбым» деп жанат ішік жауып, ат мінгізеді. 
Балқожа қонағын аттандырады. 
– Ақын, мен қателестім, жаңағы өлеңізді ауыздан шығара көрмеңіз, — деп жалынады. 
Біржан сал: «Мен аузыма ие болғанмен, мына естіген көп аузына қақпақ қояр ма?» — деп жүріп 
кетіпті. 
Біржан жасаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-əлеуметтік жағдайға келсек, бұл 
кезде  қазақ  қоғамында  біраз  өзгерістер,  жаңа  бетбұрыстар  бой  көрсетті.  Қазақстан  түгел  жəне 
біржола  Ресей  қарамағында  өмір  кешіп,  соның  шет  аймағы  болды.  Бұрынғы  ашықтан-ашық  қанау, 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
89 
тонау  жолдары  біраз  өзгерді.  Енді  алаяқ  пайдакүнемдердің  күндері  туып,  баюдың  жаңа  түрлері 
өркендеуге бет алғанын аңғартты. 
Заманын  таныған  көзі  ашық  ақындардың  бірі  ретінде  Біржан  да  кезіндегі  осы  өзгерісті 
жырлайды. Ол өзінің «Күлең-Маймаққа» деген арнауында [10; 95] күні кеше ел кезіп, қала қаңғырып 
жүрген  арсыздың  бірі  Күлең-Маймақтың  алаяқтық  жолмен  тез  байып  алғанын  бірден  былай 
суреттейді: 
Сен өзің туғаныңнан маймақ едің, 
Есіл бойын Көкшолақпен жайлап едің. 
Қаңғырып Қызылжардың көшесінде, 
Қылжаңдап арақ ішкен парнақ едің. 
Атандың дəулет бітіп Күлең-Маймақ, 
Жігіт болар, мінекей, осындай-ақ. 
Жігітке бақыт бітсе гүлденеді, 
Кешегі қалыбыңа тартпа бірақ. 
Бірде Біржан сал Байпақ деген байға барады. Оның бермесін біле тұра, керек болып тұрмаса да, 
ақша сұрайды. Байды келеке еткісі келеді. «Байпаққа» деген туындысында [10; 94]: 
Ей, Байпақ, өлең айтпа келдім саған, 
Қалтаңда бір сом болса, берші маған! 
Біржанды өліпті деп естігенде, 
Сабаң мен азаң болсын салған маған, — 
дейді. Байпақ əнді қайтсын, бір теңгені де қимайды. Біржан оның сараңдығын халық алдында тағы 
бір көрсетеді. 
Өз  кезіндегі қаталдықтар  мен  заңсыздықтардан асыл  азаматтың  адал жаны  түршігеді.  Бірақ  ол 
шошынбайды. Асауға құрық салғандай ақын ақырта əнге басады. 
Біржан сал əндерінің шыңының бірі — халық арасында «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» 
атанып кеткен əні [10; 51]. Бұл өлең — азаматтық лирикаға толы, көктем желіндей сүйкімді, жұмсақ, 
терең жүректен шыққан туынды: 
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын 
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. 
Кісіге анау-мынау бас имеймін, 
Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын. 
Осы  шығармада  ақынның  арманы,  əні  мен  халқына  қызмет  етіп  жүргені  үшін  жанының 
жадыралығы; дəулет жағынан өзінен жоғарымын дегендерге бас имейтін, адамгершілік арды жоғары 
қоятын  қасиеті — бəрі  де  бар.  Бұл  туынды  Біржанның  «тастаған  тасы  өрге  домалап»,  əлі  де  беті 
қайтпаған, жастық күштің кернеп тұрған кезінде шыққан əн. Жараланып үлгермеген жанның үні. 
Біржанның халық мүддесін қозғайтын «Жанбота» мен «Адасқақ» өлеңдері туралы 
Біржан  салдың шығармашылық  мұрасы жастыққа  тəн  достық  пен  махаббат  сезім-күйлерін,  өзі 
өмір  сүрген  кезең  мен  ортаның,  түрлі  əлеуметтік  оқиғаларын,  адамгершілік,  ізгілік,  тағы  басқа 
мəселелерді  қамтыған  бай  мазмұнды  болып  келеді.  Оларда  жастықтың  от  жалыны  да;  серілік, 
салдықтың  салты  да;  сұлулық  атаулыға  ынтықтық  та;  қиянат  пен  зорлыққа,  əділетсіздікке  қарсы 
туған ашу-ыза, ащы уыт та; өмірдің баянсыздығын біліп, торығу, қайғы — бəрі де бар. Өйткені ақиық 
ақын тағдырына риза болып, дегенін жасап өткен адам емес. Үстем қоғамның озбырлығын көзімен 
көрді.  Өз  басынан  көп  қасірет  өткерген  наразылардың  бірі  болды.  Халық  мүддесін  қозғайтын 
«Жанбота»  мен  «Адасқақ»  өлеңдерінде  Азнабай  мен  Жанбота  сияқты  болыстардың  халыққа 
көрсеткен қысымшылығын əшкереледі. 
Кезінде сал ақындар ауыл-ауылды аралап, екеуара бірігіп немесе хормен өлең айтып, халықтың 
көңілін  көтеретін  болған. 1865 жылдың  жайма  шуақ  жаз  айы  еді.  Көк  майсалы  Көкшетау  етегіне 
тігілген  ақ  шаңқан  үйлер  шапқан  ат  шаршайтындай  аймақты  алып  жатыр.  Себебі  Сарыарқаның 
астанасы — Омбыдан  «генерал-губернатор  келе  жатыр»  деген  хабар  алыс-жақын  аймақты  түгел 
шарлап,  қалың  ел  əуре-сарсаңға  түскен.  Əсіресе  болыс,  старшындар  қатты  əбігер  үстінде.  Үй  тігу, 
қонақ күту, сəн-салтанат көрсету жөнінде бірінен-бірі асып түскісі келіп жанталасуда. Бұл аймақтағы 
көп  болыстың  ішіндегі  ең  көрнектілері — Азнабай  мен  Жанбота.  Азнабай — жуан  тұқым 
Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның «сегіз болыстан шені артық» (Біржан салдың сөзі)... 

Р.С.Каренов  
90 
Вестник Карагандинского университета 
Түске  салым  Жанбота  тіктірген  үйлер  жақтан  шырқау  əн  естілді.  Бұл  «Сары  Арқаны  əнмен 
сандалтқан»  Біржанның  дауысы  екенін  естіген  жұрт  сол  жаққа  құлақ  түріп,  аңсары  ауа  бастаған. 
Басқа шаруа былай қалып, əсіресе жас жігіттер, қыз-келіншек əн шыққан жаққа ағыла бастады. Бұл 
Жанботадан  абыройын  асырғысы  келіп  жүрген  Азнабай  болысқа  ұнаған  жоқ.  Генерал-губернатор 
келмей  жатып,  Жанбота  ауылының  той-думанға  айнала  бастағанын  жақтырмай,  араға  кісі  салып 
көріп еді, бақталас болыс: «Жастардың қолқалауымен əн салып отырған Біржанға мен не деймін?» — 
деп қырсық жауап қайтарыпты. 
Біржан отырған үйдің иесіне: «Генерал-губернатор келгенше қоя тұрсын», — деп сөз айттырса, 
ол  да: «Жиналып  тұрған  көпшілікке  топырақ  шаша  алмаймын», — десе  керек.  Бұған  ашуланған 
Азнабай  поштабайын  жұмсап: «Тоқтат  Біржанды!» — деп  бұйырады.  Поштабай  барып  бұйрықты 
жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай əуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Өзі де 
балуанға түсіп жүрген қарулы Біржан домбырасын бермейді. Сосын поштабай қолындағы қамшымен 
Біржанды  бір  тартып  жібереді.  Мұның  аяғы  төбелеске  айналып,  отырған  жұрт  поштабайды  үйден 
қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы тиген Біржан бұған қатты намыстанып, жан айқайы «Жанбота» 
əнін [12] шығарады: 
Жанбота, осы ма еді өлген жерім, 
Көкшетау боқтығына көмген жерің? 
Кісісін бір болыстың біреу сабап, 
Бар ма еді статьяда көрген жерің? 
 
Жанбота өзің — болыс, əкең — Қарпық, 
Ішінде сегіз болыс шенің артық. 
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы 
Қолымнан домбырамды алды тартып. 
 
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ, 
Есерді поштабайдай көргенім жоқ. 
Қамшымен топ ішінде ұрып еді, 
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ... 
Сонымен  Біржан  сал  жазықсыз  жанына  жара  салған  жуантаяқтарға  бас  имей,  оларды  сын 
садағына  іледі.  Жанботадай  үкімет  алдында  беделі  бар  басшының  қамқорлығын  талап  етеді.  Оған 
ашынған ащы үнін жеткізеді. 
Бірақ  кері  құлақ,  қорқақ  Жанбота  болыстың  Азнабайдай  азулы  жыртқышқа  қарсы  тұрар  халі 
болған  жоқ. «Қарғаның  көзін  қарға  шұқымайды»  дегендей, «азулы  алты  қарыс»  Азнабайға  ештеңе 
істей алмасын байқаған соң, ақын атақты «Адасқақ» əнін [10; 102] шығарады: 
Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай, 
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай. 
Бас қосқан мəжілісіміз болады деп, 
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай. 
 
Біржанды өзің қойдың еркелетіп, 
Салады Біржан əнді ентелетіп. 
Есерге поштабайдай көз алдыңда, 
Біржанды қойғаның ба желкелетіп?! 
Иесіне  жағынған  ит  мінезді  поштабайдың  қорлығына  төзу,  оны  естен  шығару,  кешіру  мүмкін 
емес-ті.  Сондықтан  бұл  əнінде  Біржан  дүниеде  əділеттің  жоқтығын,  кім  болса  да  біреуге 
жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, қабілетіңе қарай өмір сүру керектігін ашына айтады. 
«Жанбота»  мен  «Адасқақ»  əндері  Біржан  сал  шығармаларының  шоқтықты  кезеңі  екенін, 
сонымен  қатар  ақынның  еліне  ерке  де  еркін  өнерпаз  екендігін  айқындай  түскен  туындылар.  Етіне 
қамшы  дағы  түссе  де,  ол  домбырасын  (өнерін)  аман  сақтап  қалады.  Жанботаға  жан  ұшыра  айтқан 
тағы бір сөзінде («Жанботаға тағы бір айтқаны» атты өлеңі [10; 104]) билердің азғындап кеткен кезеңі 
туды деген пікір білдіреді: 
Бұрынғының биіндей би қалмады, 
Бүгінгінің биінде ми қалмады... 
Бұрынғының билері тамам болды, 

Сал-серілер поэзиясының… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
91 
Ендігінің билері жаман болды. 
Арғымақтың аяғын арқан шалып, 
Есек озып, бəйге алған заман болды. 
Біржандай  арғымақтың  аяғын  арқан  шалған  заман  өзінің  бұйрығын  іске  асырғанымен,  ақын 
айтарын айтып кетті. Сөзбен өз таңбасын басып кетті. 
Өкінішке  орай,  Арқаның  ардагері  Біржанның  басына  осы  бір  ойнаған  таяқ  кейінгі  кездерде  де 
қайталанып, ақыры əншінің түбіне жетті. 
Түйін 
Біржан  сал  Қожағұлұлы  туралы  бұрын-соң  жазылған  еңбектердің  қай-қайсысы  болсын  ұлы 
ақын-композитордың шығармалары ескірмей, тозбай, халықпен бірге жасап келе жатқан асыл қазына 
екендігін кеңінен түсіндіреді. 
Шынында да Біржан халқының қалаулысы, əр елдің асыға күткен той-думанының басты серісі, 
жиылған  топтың  көңіліне  рухани  нұр  құйған  асқан  дарын,  өнерпаздар  серісі,  ел  еркесі.  Өзінің 
«Көкейкесті» атты атақты туындысында [10; 108]: 
Ай қараңғы көрінер солған сайын, 
Пенде азар кемеліне толған сайын. 
Адамға ашу — пышақ, ақыл — таяқ, 
Таяқ та мұжылады жонған сайын. 
 
Мінгенім дəйім менің — күрең бесті. 
Жүрісіне жануардың, көңілім өсті. 
Есіме сен түскенде, қайран елім, 
Шығарған əнім еді «Көкейкесті». 
 
Мінгенім ел көшкенде көкше бесті, 
Жөкейден Мамай көлге елім көшті. 
Есіме түскенінде құлындарым, 
Елжіреп іші-бауырым жерге түсті, — 
деп, еліне мəңгілік əдемі əн, жалынды жыр сыйлаған асқан дарын иесін өнер сүйгіш саналы қауым 
қадірлеп  бақты.  Оның  атына  кір  келтірмеу  қамында  болды.  Соңғы  жылдары  Біржанның  музыка 
саласындағы еңбектері жиналып, жарық көрді. Зерттеушілер, оқулық авторлары ақын шығармаларын 
жинап,  бастырушылар  алқасы  алуан  түрлі  ой  толғап,  пікірлер  қозғады.  Е.Ысмайыловтың 
басшылығымен  Біржан  салдың  шығармалары  бөлек  кітап  болып  шықты.  Біржан  мұралары  өзінің 
нағыз  қадірменді  ұрпағының  қолына  тиді.  Ақынның  шығармаларына  жоғары  баға  беріліп,  əдебиет 
тарихынан алатын орны белгіленді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Негимов С. Қазақтың сал-серілері. Ғылыми əсселер. — Алматы: Ана тілі, 2005. — 128 б. 
2  Ысмайылов Е. Біржан салдың ақындығы / Біржан сал. Өлеңдер. — Алматы: Жазушы, 1967. — 7–47. 
3  Мұқанов С. Халық мұрасы: Тарихтық-этнографиялық шолу. — Алматы: Жазушы, 2005. — 173, 174-б. 
4  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 720-б. 
5  Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. 
6  Екі мыңжылдық дала жыры / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2000. — 752 б. 
7  Жеті ғасыр жырлайды: Екі томдық. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 2004. — 400 б. 
8  Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары: Үш 
томдық. — 2-т. / Құраст.: М.Байділдаев, М.Мағауин. — Алматы, 1984. — 336 б. 
9  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 1999. — 720-б. 
10  Біржан сал. Өлеңдер. — Алматы: Жазушы, 1967. — 228 б. 
11  Абай.  Энциклопедия / Бас  ред.  Р.Н.Нұрғалиев. — Алматы:  Қазақ  энцикл.  Бас  ред. — Алматы:  Атамұра, 1995. — 
177-б. 
12  Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым / Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. — Алматы: Алматыкітап, 2006. 
— 101-б. 
 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет