№2(66)/2012 Серия филология


Явление исторической стилизации в художественном тексте



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата15.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#9987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Явление исторической стилизации в художественном тексте 
В  статье  рассмотрено  явление  авторской  стилизации  и  его  место  в  художественном  тексте, 
представлена  история  изучения  этого  вопроса,  а  также  прагматический  и  когнитивный  аспекты 
исследования.  Наряду  с  собственно  лингвостилистическим  аспектом  использования  стилизации  в 
языке  художественной  литературы  в  статье  представлены  коммуникативный,  прагматический, 
функциональный  аспекты  с  синхронной  точки  зрения,  а  диахронический  аспект  исследования 
стилизации  на  материале  древних  литературных  памятников  раскрывает  своеобразие  особенностей 
использования авторских средств стилизации. 
There in the article is considered the phenomenon of author's stylization and its place in the art text, the histo-
ry of studying of this phenomenon, and also is presented pragmatical and cognitive aspects of research. 
Alongside with actually linguostylistic aspect of use of stylization in language of fiction, the article presents 
communicative, pragmatical, and functional aspects from the synchronous point of view, and diachronic as-
pect of research of stylization on a material of ancient literary works opens an originality of features of use of 
author's means of stylization. 
 
 
 

24 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 81 
Ш.Мажитаева, А.Абдразақова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Сан компонентті кейбір киелі ұғымдардың қалыптасу тарихынан 
Мақалада қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі сан компонентті кейбір киелі ұғымдардың қалыптасу та-
рихы  қысқаша  қарастырылады.  Киелі  сандардың  мағыналық-мəндік  өрісі  əр  халықтың  ұғым-
түсініктеріне  байланысты  қалыптасқанын  олардың  тілдеріндегі  тұрақты  тіркестерден  көруге 
болатындығы сөз болады. 
Кілтті сөздер: қалыптасу, киелі ұғымдар, тұрақты тіркестер, мақал-мəтелдер, ағылшын тілі, фразео-
логизмдер, салт-дəстүрлер. 
 
Қазақ  тілінде  де,  ағылшын  тілінде  де  киелі  сандарға  байланысты  лексикалық  топтарға 
этнолингвистикалық сипаттама беріліп, олар жалпы лингвистика, оның ішінде этнолингвистика жəне 
мəдениеттану тұрғысынан əлі де болса толық зерттелмеген. 
Біз  мақаламызда  құрамында  киелі  сандар  бар  кейбір  фразеологизмдер  мен  мақал-мəтелдердің 
қалыптасу  жəне  қолданылу  ерекшелігіне  қысқаша  тоқталмақпыз.  Өйткені  сан  есім  қатысқан 
фразеологизмдер, жалпы сөз тіркестері қаншама зерттеліп келе жатса да, оның қыры мен сыры түгел 
ашылды деуге болмайды. 
Тіл  білімінің  кейінгі  жылдары  ғана  қолға  алына  бастаған,  келешегі  зор  жас  саласы — 
этнолингвистика — тіл мен этностың даму тарихын, талай ғасырғы тағылым жүйесін, жалпы рухани 
өмірін,  ата  салтын,  ежелгі  елдік  дəстүрін  зерттейтін  ғылым  саласы.  Лингвистикалық  зерттеулердің 
антропоцентристік  бағыты  тілдің  лексикалық  құрамындағы  əр  түрлі  топтардың  этномəдени 
ерекшеліктерін қарастырады. 
Тілдік бірліктерді этнолингвистикалық бағытта зерттеуде, ең алдымен, этнос пен тіл арасындағы 
тығыз  қарым-қатынастарға  баса  назар  аударылады,  себебі  «Этнос  жəне  оның  тілі  біртұтас,  өзара 
тығыз  байланысты,  тілдің  тек  сол  этностың  қарым-қатынас құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның 
(этностың) бүкіл рухани, мəдени байлығының куəгері іспетті барлық болмысы мен өмір-тіршілігінің, 
дүниетанымы мен əдет-ғұрпын бойында сіңіріп, ата мұрасын асыл қазына ретінде ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізіп  отыратын  қызметі  тағы  бар» [1]. Тілдік  құбылыстарды  зерттеудегі  этнолингвистикалық 
бағыт  тілдердегі  əлі  зерттелмеген  лексикаларды  толық  қарастыруды  көздейді.  Бастапқы  ғылыми 
этнолингвистикалық зерттеулер XX ғасырда басталғанымен, ағылшын жəне қазақ тілдерінде классик 
лингвистердің  еңбектерінде  этнолингвистикалық  деректер  мол  кездеседі.  Тіл  мен  мəдениеттің,  тіл 
мен  халықтың  ара  катынасы  мен  байланысы  туралы  мəселе  көтеріп,  ұлттық  мəдени  ойлау 
ерекшеліктері  мен  өз  ұлтының  өзгелерден  бөлек  бітім-болмысын  көрсеткен  М.Қашғари,  А.Навои, 
В.Гумбольдт, Л.Вайсгербер, тағы басқа атақты адамдардың еңбектерін атауға болады. 
Қазақтың  жалпы  лексикасындағы  əр  түрлі  тақырыптық  топтар  мен  қабаттар  академик 
Ə.Т.Қайдардың ізбасарлары мен шəкірттері: Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, Н.Уəли, Ж.А.Манкеева, 
А.Ж.Мұқатаева, Қ.Ғабитханұлы, Н.Оңғарбаева жəне тағы басқалар еңбектерінде этнолингвистикалық 
жағынан жан-жақты зерттелген. 
Сол  тақырыптардың  ішіндегі  киелі  сандарға  қатысты  қолданылатын  тұрақты  тіркестердің 
этнолингвистикалық  сипаттамаларына  қысқаша  тоқталмақпыз.  Қазақ  тіл  білімінде  этнолингвистика 
жөнінде  академик  Ə.Т.Қайдар: «Этнолингвистика — этностың  инсандық  болмысынан  туындап, 
санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, 
рухани  мəдени  мұра  ретінде  атадан  балаға,  əулеттен  нəсілге  үзілмей  ауысып  келе  жатқан  дəстүрлі 
мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мəнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына 
байланысты  дүниеге  келген  тіл  білімінің  күрделі  де  құнарлы  саласы» [2], — деген  нақты,  əрі 
тұжырымды анықтама береді. 
Ағылшын  халқы  туралы  этнографиялық  деректер IV ғасырда  грек  географы  жəне  астрономы 
Путеас  еңбектерінде  жазылған,  римдік  тарихшы  К.Тациттың  атақты  «Алмания»  атты 
монографиясында,  сонымен  қатар  Ю.Цезарьдың  еңбектерінде  кездеседі.  Этнолингвистикалық 
зерттеулер қазіргі ағылшын тіл білімінде екі бағытта жүргізілуде. Оның біріншісі В.Гумбольдт жəне 
Л.Вайсгербер пікірін басшылыққа алған, тілдің ішкі формасын зерттейтін ғылым ретінде, яғни тілдегі 

Сан компонентті кейбір… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
25 
əлем  көрінісі,  тілдің  рухы  халықтың  рухының  сəулесі  деп  есептеп,  ұлттың  ерекшелігін  көрсететін 
ғылым ретінде таныса, екіншісі американдық ғалымдар пікіріне сүйенген, табиғи тілдерді зерттеуді 
алдына  мақсат  етіп  қойып,  тілдің  жағдайын,  ерекшеліктерін  қарастырып,  халықтардың  басқаша 
ойлауы тілдегі өзгешеліктерге əкеледі деген тұжырымды негізге алады. 
Американдық ғалым E.Sapir «Тіл» деген еңбегінде: «Тілдің бір тұғыры бар... ол мəдениеттен тыс 
өмір  сүрмейді.  Атап  айтқанда,  ол  дəстүр  болып  жалғасқан,  біздің  тыныс-тіршілігімізбен  мүлде 
қабысып кеткен салт-дəстүрлер мен наным-сенімдерден айрыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет 
етіп отырған ұлттың мəдениетін сол қалпында көрсетіп береді, осы тұрғыдан алғанда, тіл тарихы мен 
мəдениет тарихы параллель, қатар дамиды» [3], — дейді. 
Л.Р.Палмер болса, «тіл тарихы мен мəдениет тарихы тығыз байланысты, олар бір-біріне дəлел-
сипат болып, бірін-бірі түсіндіреді» [4] деген тұжырым жасайды. 
Сан атауы сəбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. 
Сандар  адам  баласының  ертедегі  өмірінде  уақыт  өлшемі,  көлем  өлшемі  жағынан  ерекше  қызмет 
атқарған. Мысалы, бұрын бескүндік апта болса, бертін келе апта жеті күннен тұратын болды. 
Сан  атаулары  фразеологиялық  единица  жасауда  көп  қолданылады,  қазақ  жəне  ағылшын 
тілдеріндегі діни наным-сенім, əдет-ғұрып, салт-дəстүрге байланысты тұрақты тіркестер тіл байлығы 
болып  саналады,  сонымен  бірге  ерте  замандардан  бергі  рухани  өмірдің  байлығын,  оның  қыр-
сырларын өз бойына жинап, жан-жақты көрсетеді. 
Сан  есімдердің  ішінде  кейбір  сандар  сандық  мəнімен  қатар  басқа  мағынада  қолданылуымен 
ерекшеленеді. Бұндай жағдай осы сандар аңыз-əңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дəстүрлерде жəне 
басқа  дүниетанымға  байланысты  қолданылатын  тұрақты  тіркестерде  кездеседі.  Сонымен  бірге  бұл 
құбылыстың тарихы да арыда жатқаны анық. 
Фразеологизмдер мен мақал-мəтелдерде əр түрлі сан есімдер (екі, төрт, бес, алты, сегіз, елу, жүз, 
мың т.б.) қолданылады. Бірнеше мысал келтірейік: Ердің екі сөйлегені өлгені; жыланды үш кессе де, 
кесірткелік əлі бар; үш нəрсе тұрақтамайды: бірі — саудаға түспеген мал (дүние), екіншісі — таласқа 
түспеген ғалым, үшіншісі — саясаты жоқ патша; төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар; 
айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады; бес аспап; бес арыз; бес саусақ бірдей емес; алты ай 
баққан  арықты,  бір  күн  ұрынған  өлтірер;  қырқынан  шығару;  жеті  қазына;  жеті  өлшеп,  бір  кесу; 
жеті  атасына  бітпеген;  жеті  атасын  білмеген  мұрт  (құл);  тойған  үйге  тоғыз  бар;  тоғыз  саққа 
жүгірту; тоғыз тарту (сый); тоғыз жолдың торабы; қырық жеті (қалың мал); отыз тістен шыққан 
сөз,  тоғыз  рулы  елге  тарайды;  қырық  кісі  бір  жақ,  қыңыр  кісі  бір  жақ;  қырықтың  бірі  қыдыр;  елу 
жылда ел жаңа, жүз жылда қазан т.б. сан есім құрамында бар тұрақты тіркестер тілде тұтас күйінде 
жұмсалады. 
Ал ағылшын тілінде, А.В.Куниннің есептеуінше, бір мен екі сандарына қатысты мақал-мəтелдер 
көптеп кездеседі [5]. 
Сөйтіп,  екі  халықтың  дүниетанымында  сандар өзінің  сандық,  реттік,  мөлшерлік  мəнімен қатар 
қасиетті  (киелі,  яғни  сакралды)  ұғымды  білдіретін  киелі  сандар  да  көптеп  кездесетінін  байқауға 
болады. 
Тақырыптың  зерттелу  тарихына  келсек,  қазақ  тіл  білімінде  де,  ағылшын  тілі  білімінде  де 
жазылған  біраз  ғылыми  еңбектерді  кездестірдік.  Оларда  киелі  сандар  туралы  орныққан  пікір  жоқ. 
Мəселен,  І.Кеңесбаев  қасиетті  сандарға  «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық»  сандарын  жатқызса [6], 
Қ.Ғабитханұлының  есептеуінше, «үш», «жеті», «тоғыз», «он  екі», «қырық»  сан  есімдері,  əдеттегі 
сандық, реттік қолданыстармен қатар өздерінің басқа да мəнде кездесетіндігімен өзге сан есімдерден 
ерекшеленеді [7; 110]. Автордың тұжырымдауынша, бұндай жағдай, əсіресе осы сандардың тұрақты 
тіркестерде,  аңыз-əңгімелерде,  жыр-дастандарда,  салт-дəстүрлерде  жəне  де  басқа  да  дүниетанымға 
байланысты қолданыстарынан анық көзге түседі. 
Киелі  сандардың  мағыналық-мəндік  өрісі  қазақ  халқының  ұғым-түсініктеріне  байланысты 
қалыптасқанын  тіліміздегі  көптеген  тұрақты  тіркестерден,  атап  айтқанда,  фразеологизмдер  мен 
мақал-мəтелдерден көруге болады. 
Мақал-мəтелдер  халық  өміріндегі  əрқилы  кезеңдерді,  қоғамдық  құбылыстарды  бейнелей 
сипаттайтын,  көңілдегі  ойды  жеткізетін,  қысқа  əрі  нұсқа  тұжырым  жасайтын,  мəн-мазмұнға  бай 
бөлігі  екендігі  мəлім.  Əрбір  халық  өмір  шындығын,  көңілге  түйгенін  мақал-мəтел  ретінде  өз 
ұрпағына  үлгі-өнеге  етіп  қалдырып  отырған.  Мақал-мəтелдердің  тіл  білімінде,  оның  ішінде  қазақ 
жəне ағылшын тілдерінде əр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мəлім. Зерттеу нысанына қатысты 
еңбектерге  қысқаша  тоқталар  болсақ,  мақал-мəтелдердің  тілдік  табиғаты,  олардың  басқа  тұрақты 

Ш.Мажитаева, А.Абдразақова  
26 
Вестник Карагандинского университета 
тіркестермен  ұқсастықтары  немесе  ерекшеліктері  А.Байтұрсынов, I.Кеңесбаев,  Р.Сəрсенбаев, 
Б.Адамбаев,  Ə.Қайдар,  С.Нұрышев, F.Мұсабаев,  М.Ғабдуллин,  Ғ.Тұрабаева,  салыстырмалы-
салғастырмалы  тұрғыдан  А.Нұрмаханов,  Э.Мұқышева,  А.Донбаева,  Д.Беғалықызының  т.б. 
зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында қарастырылған. 
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтау жұмыстары көне ғасырдан қалыптасқан. 
Зерттеулерге қарағанда, ағылшын мақал-мəтелдер тізбегін қамтитын алғашқы «Book of proverbs in the 
Testament» атты топтама V ғасырда жарық көрген. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс жəне ұлттық 
таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мəтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген 
ғалымдар — Н.Барли,  А.Дундэс,  А.Крикман,  М.Куузи,  Г.Мильнер,  А.Тэйлер,  Г.Л.Апперсон,  Линда 
жəне Роджер Флавэлдер. 
Ағылшын  тілінің  тұрақты  тіркестерін  зерттеу  жұмыстары  ғалым  А.В.Кунин  есімімен де  тығыз 
байланысты.  А.В.Куниннің [5, 8, 9] еңбектері  ағылшын  тілі  табиғатының  кейбір  өзгеге  беймəлім 
тұстарын  айқындап,  жалпы  тіл  ғылымына  елеулі  үлес  қосты  жəне  салғастырмалы  негіздегі 
ізденістерге  бағыт-бағдар  берді.  Ғалым  өз  зерттеулерінде  мақал-мəтелдерді  «коммуникативті 
фразеологиялық  бірліктер»  деп  атап,  олардың  кұрамы  мен  құрылымына,  семантикалық 
ерекшеліктеріне сипаттама береді. 
Ағылшын  тіліндегі  мақал-мəтелдер  қасиетті  кітап  «Інжілде»  көп  кездеседі.  Себебі  халық  оны 
көп оқығандықтан, Інжілдік тізбектер күнделікті тұрмыста жиі қолданылып, олардағы сөз тіркестері 
тиянақталып, тұрақты тіркестерге айналған. 
Халық тілінің ең шұрайлы да нəрлі өзегі болып танылатын мақал-мəтелдерді, оның ішінде cан 
компонентті  мақал-мəтелдерді  қаламгерлер
 
ойды  қысқа  да,  бейнелі,  түсінікті,  көркем  етіп  жеткізу 
мақсатында  жиі  пайдаланады.  Ағылшын  мақал-мəтелдерінің  «Інжілден»  басқа,  В.Шекспир 
шығармаларында  да  жиі  қолданылғанын  көруге  болады.  Сондықтан  бірқатар  ғалымдар  тобы 
ағылшын мақал-мəтелдерінің гүлдену дəуірі Шекспир өмір сүрген заманмен тұстас келеді деген пікір 
айтады [10]. 
Тіл тілдегі киелі сандардың беретін мағыналарына келсек, олар əр алуан. Бір тілде киелі болып 
саналатын  сан,  екінші  бір  тілде  жағымсыз  ұғым  береді.  Мəселен,  көпшілікке  мəлім, 13 санын 
ағылшындар, немістер, еврейлер қырсық əкелетін сан деп есептеп, 13 санды үй, кинотеатрларда 13-ші 
қатар болмайды. Сондай-ақ 66 санын, əсіресе үш алты санын ібіліспен байланыстырады. 
Ал енді мұсылман қауымы, оның ішінде қазақтар жұма мен 13 санын ерекше құрметтейді. Жұма 
— мұсылман қауымы үшін ежелден қасиетті күн. Бірқатар мемлекеттерде осы күні жұрт жақсылап 
демалып,  жуынып-шайынып,  таза  киініп,  мешіттерде  үлкен  намазға  қатысады.  Жұма  намазына 
қатысу  үлкен  сауап,  міндет  болып  саналады.  Ал 13 саны  адамның  мүшел  жасын,  ат  жалын  тартып 
мініп, азамат болғанын білдіреді. «Он үште отау иесі» деген халқымыз ұлының қабырғасы қатайып, 
бұғанасы бекіп, жүген ұстайтын жасқа жеткендігін анықтайтын сан ретінде ерекше бағалаған. 
Адамдардың жас ерекшелігіне қатысты қалыптасатын ұғымдар туралы Г.Е.Абылова: «Адам өмір 
жолындағы жас ерекшеліктерімен байланысты білім, түсінік, бағалау кез келген этнос үшін бастапқы 
сипатта, олар əлемдік концептуализациясында маңызды рөл атқарады, олардың базалық сипаты бұл 
түсінік негізінде түрлі құбылыстар мен қызмет сферасының мəнін ұғынуда жүзеге асады» дей келе, 
«...адам жас ерекшеліктер шкаласының компоненттерінің құбылмалығы, өзектілікке қатыстығы, тіпті 
бір  дискурс  көлемінде  де  мынадай  факторларға:  идеология,  саяси  құбылыс,  қоғамдық жəне  мəдени 
құндылықтардың өзгешеліктерінен өзгереді» деген тұжырым жасайды [11]. Мысал ретінде Бұқардың, 
көбінесе  ұлы  хан  Абылайдың  жас  ерекшеліктерін  тілге  тиек  ететіндігін,  ал  Шал  ақынның 
тұрмыстары қарапайым адамының жас ерекшеліктерін суреттейтіндігін келтіреді: Бұқар жырауда: Ай, 
Абылай, сен он бір жасыңда Əшейін-ақ ұл едіңОн бес жасқа келгенде, Арқада Əбілмəмбет төренің 
Түйсін  баққан  құл  едің.  Жиырма  беске  келгенде,  Бақыт  берді  басыңа,  Тақыт  берді  астыңа;  Отыз 
жасқа келгенде Дүниеге кең едің.... Ал Шал ақында: Он бесте тартып міндім аттың жалын, Сол 
кезде  айтқан  сөзім  от  пен  жалын,  Бүркіттей  тасқа  түскен  талап  етіп,  Сонымен  біраз  жүрдім 
ұзын  сарын.  Құрдым  мен  он  сегізде  жігіт  салтын,  Байқамай  еш  нəрсенің  алды-артын.  Басым 
бұлбұл, аяғым дүлдүл болды, Перзенті жоқ, бұзады екен ердің шартын. Жиырмаға келген соң, Жын 
қуалап ақтадым, Жиырма бесте келген соң, Жақсыларды жақтадым, Отыз жасқа келген соң, Əр 
ісін сүйіп мақтадым...». 
Келтірілген  мысалдардан  адамның  өмірінде  он  бес,  жиырма  бес,  отыз,  қырық  жастың  ерекше 
маңызы бар екендігін байқауға болады. 

Сан компонентті кейбір… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
27 
Қытайлар  төрт  пен  жеті  санын  жақсы  көрмейді.  сегіз  саны  қытайлар  үшін  жақсы  сан  болып 
саналады,  өйткені  бұл  санның  дыбысталуы  «байлық,  баю»  деген  мағынаға  жуық  дыбысталынады 
екен. 
Көне  заманнан  бері  «жеті»  саны  халқымыздың  ұғымында  киелі  сандардың  бірі  ретінде 
қалыптасып,  халқымыздың  салт-дəстүрлері  мен  дүниетанымына  өзіндік,  ерекше  орын  алып,  əсерін 
тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында «жетінің» киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған жəне оның 
себебін  түсіндіруге  тырысқан  ғалымдар  көптеп  саналады.  Олардың  басым  көпшілігі  қазақ 
ұғымындағы «жетінің» киелі мəн алу себебін өзге халықтар мəдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-
парсы мəдениетінің əсерінен деп қарау орын алған. 
Жеті  санының  киелі  сипат  беруі — дүниедегі  көптеген  халықтарға  тəн  құбылыс.  Мысалы,  ол 
Ислам  дінінде  де  киелі  сан  болып  есептелінеді.  Ислам  дінінің  қасиетті  кітабы  «Құранда» «жер 
бетіндегі нəрсенің бəрін сендер үшін жаратты» деген сөз бар. 
«Жеті»  саны  Христиан  дінінде  де  қасиетті  саналады.  Інжілде  «Христос  жетінші  күні  аспанға 
ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келді» деген уағыз бар. Бүкіл дін саласында «жеті» ерекше 
рөл атқарады. 
Ал  қазақ  тілінде  «жеті»  саны  жақсы,  қасиетті  сан  болып  есептелетіндіктен,  оған  қатысты 
көптеген  фразеологизм  мен  мақал-мəтелдер  сияқты  тұрақты  тіркестер қалыптасқан.  Мысалы:  жеті 
ата; жеті жұрт; жеті жарғы; жеті қазына; жеті нан құдайы; жеті күн, жеті түн; жеті қабат 
жер астында т.б. 
Қазақ  тіліндегі  сандарға негізделген  мақал-мəтелдердің ішінде  ең жиі кездесетіндері  де  «жеті» 
санына  негізделген  мақал-мəтелдер.  Мəселен,  Қарғыс  жеті  атаға  жетеді;  Жеті  кедей 
жиналғанмен,  ортасынан  бір  бай  шықпас;  Айла  алтау,  ақыл  жетеу;  Жеті  атасын  білмеген — 
жетесіз; Жеті рет піш, бір рет кес; Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім ал; Жеті атасы би 
болған, жеті жұрттың қамын жер. Би болмаған би болса, құлақ-миын шағып жер. 
«Үш»  санының  киелі  семантикасы  да  өте  бай.  Көптеген  əлем  халықтарының  дүниетанымында, 
салт-дəстүрі мен наным-жорамалдарында «үш» саны басты орынға ие жəне киелі сан болып саналады. 
Б.Қанарбаева «үш» санының сакралды семантикасын былайша түсіндіреді: «Ата-бабаларымыздың 
«Күннің  құдайы  Жердің  құдайын  өзіне  əйел  етіп  алған,  адам  мен  жер  бетіндегі  тіршілік  содан 
жаратылған, Жер-Ана жер бетіндегі табиғат жаратылыстарының бəрінің анасы» деген ұғымды аналық 
қауымдық құрылыстың бастамасы. Күн — əке, Жер — ана, адам — олардың балалары. 
Қазақ халқы ерте заманнан сан түрлі заттар мен құбылыстарға баға беріп, олардың өздеріне ғана 
тəн  қасиеттеріне,  сондай-ақ  келесі  бір  заттармен,  құбылыстармен  ұқсас  тұстарына, ерекшеліктеріне 
ерекше көңіл бөліп, бақылау жасап баға беріп, ойға тоқып, көңілге түйгендерін тілі арқылы сипаттап, 
суреттеп, сақтаған, киелі сандарға қатысты этникалық білім қорындағы бейнелі пайымдаулар мақал-
мəтелдерде былайша көрініс береді: Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана; Үш тағанның бірі 
қисайса,  қалғандары  құлайды;  Үш  нəрсе  тұрақтамайды:  Бірі — саудаға  түспеген  мал  (дүние), 
екіншісі — таласқа түспеген ғалым, үшіншісі — саясаты жоқ патша; Үш болмайтын екілік жоқ; 
Түйе мінген адам үш бүктетіле алмайды; Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады; Жыланды 
үш кессе де кесірткелік əлі бар т.б. 
«Үш» санына қатысты тұрақты тіркестердің пайда болуына дүниенің бір нүктеде кездесетін үш 
бағандық  тірек  пен  дүниедегі  құбылыстың  тұрақтылығын  білдіру  негіз  болған. «Сан  компонентті 
мақал-мəтелдердің  ұлттық-мəдени  негізі»  деген  зерттеу  еңбегінде  ізденуші  Ш.Қарсыбекова  «үш» 
санына қатысты мақал-мəтелдер арқауына басы бір нүктеде тоғысатын үш тірек бағандық жəне үш 
қаттық дүние моделі алынып, «үш» саны кез келген құбылыстың тұрақтылығы мен орнықтылығын 
бейнелейтін сан қилы үштік одақтар мен өзара тығыз байланыстағы үштік құрылымдардың (триада) 
символикасы ретінде жұмсалатынын анықтаған [12]. 
Зерттеушілердің  еңбектерінде  қазақ  тілінде  «тоғыз»  санына  қатысты  қалыптасқан  тұрақты 
тіркестердің асалуына дүние тоғыз бөліктен құралады деген көне заманнан келе жатқан наным-сенім, 
əдет-ғұрыптар негіз болғандығы сөз болады. Мысалы: тоғыз айып тартты; тоғыз саққа жүгіртті; 
тоғыз құмалақ; тоғыз тұрып, тоқсан толғанды; тоғыз жолдың торабы; тоғыз татар т.б. 
Алтай текті халықтардан басқа арабтарда, парсыларда, қытайларда да «тоғыз» саны киелі болып 
саналады. Қ.Ғабитханұлының зерттеуінде қытайлардың аспанды тоғызға бөліп қарағандығы туралы 
мəлімет келтіріледі [7; 135–137]. 
Келесі киелі болып саналатын сан — «қырық» саны. «Қырық» — тіліміздегі көптеген тұрақты 
тіркестерге,  мақал-мəтелдерге  ұйытқы  болып  тұратын,  сонымен  бірге  салт-дəстүрлерімізде 

Ш.Мажитаева, А.Абдразақова  
28 
Вестник Карагандинского университета 
мызғымыстай  орын  тепкен  киелі  саналатын  сандардың  бірі:  Қырық  жылға  дейін  бай  мен  кедей 
теңесер;  Тұзақтан  қорыққан  құс  қырық  жыл  ағаш  бұтағына  қонбайды;  Жақсы  атаның  аруағы 
қырық  жыл  сүйрейді;  Қырық  жыл  қырғын  болса  да,  ажалы  жоқ  өлмейді;  Қызға  қырық  жігіт 
сөйлеседі, бірі алады; Қыз қырық жанды келеді, Қырық жасқа келгенде домбыра үйреніп, Ахиретке 
барғанда шертпекпісің; Бір қыз күйеуге шықса, қырық қыз түс көреді; Қыз алмаған жігіттің қырық 
қызда дəмесі; Қырыққа келсе де, ырыққа келмеген; Құлықсыздың қырық желеуі бар; Қырсық қырық 
ағайынды; Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ; Қыз балаға қырық жерден тыйым. 
Тілімізде  «қырық»  саны  ұйытқы  болып  келетін  көптеген  мақал-мəтелдер  молынан  кездеседі. 
Бұлардың қай-қайсысының астарында қырық санымен кодқа түсірілген мифтік-танымдық жəне діни 
сипаттағы  сан  алуан  ақпараттар  орын  алады.  Тілімізде  «қырық»  санымен  көптеген  тұрақты 
тіркестерде  қалыптасқан.  Мысалы:  Қырықтың  бірі  қыдыр;  қырық  жыл  жатқан  қылыштың 
қынабындай құны жоқ; қырық күн шілде; қырқынан шықты; қырық жеті (қалың мал); қыз қырық 
жанды  келеді;  қырықтың  қылауынан  т.б.  Мысалдардан  көріп  отырғанымыздай, «қырық»  санының 
қатысуымен  əдет-ғұрып  пен  салт-дəстүрге  байланысты  тіркестер  пайда  болып,  тілімізде  сақталған. 
Олардың ауыз əдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткені белгілі. 
Қазақы  əлем  көріністерінде  де  төрт  тұтастықты,  тепе-теңдікті,  бүтінділікті,  тұрақтылықты 
білдіреді.  Мұндай  символикалық  мəнді  келесі  фразеологиялық  тіркестерде  байқалады:  төрт 
арыстың  баласы,  төрт  аяғы  тең,  төрт  көзі  түгел,  дүниенің  төрт  бұрышы,  төрт  құбыласы 
түгенделді, төрт тұрманы түгел сай, төрт түлігі сай болды жəне т.б. «Төрт» санының қатысуымен 
жасалған:  Төрт  аяғы  тең  жорға,  сүдігерге  сүрінеді;  Төрт  түліктің  төресі  түйе  сияқты  мақал-
мəтелдер мал шаруашылығына байланысты болса; Дұшпан көзі төртеу; Екі аяқтыда құрдас тату, 
төрт аяқтыда бота тату деген мақал-мəтелдер достық пен дұшпандыққа байланысты; Өтірік екеу, 
шын төртеу; Өтірік пен шынның арасы төрт елі, көзбен көрсең шын, құлақпен естісең өтірік деп 
шындық пен өтірікке қатысты айтылса; Төрт тұрманы түгел бай, тырнақтай тарту алады; Төртеу 
түгел  болса  алар,  алтау  ала  болса  алдырар  деп  бірлік,  ынтымаққа  байланысты  айтылады.  Демек, 
«төрт»  сан  атауының  «тұтастықты», «бүтіндікті»  бейнелейтін  символдық  мағынасы  жалпы 
адамзаттық  дүниетанымдық  құндылықтардың  тұғырына  алынатын  дүние  жаратылысының  төрттік 
элементі  от,  су,  топырақ,  жел  жəне  діни  (төрт  халифа,  төрт  қасиетті  кітап,  төрт  періште
семантикалық түрленімдерінен бастау алады. 
Ағылшын тілінің мақал-мəтелдерінде бір, екі сандары көп қолданылады. Мəселен: One body — 
no body ≈Жалғыздың  үні  шықпас...; It is the first step that costs ≈Басы  қатты  болса,  аяғы  тəтті 
болады; One is never too old to learn ≈ Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ; One foot is better than two 
crutches ≈ Қанағат қарын тойғызар; One drop of poison spoils the whole tun of wine  Бір қарын майды 
бір құмалақ шірітеді. «Екі» санына байланысты мақал-мəтелдер: A bird in the hand is worth two in the 
bush ≈ Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық; Two heads are better than one ≈ Бір бастан 
екі бас жақсы; Once bitten, twice shy ≈ Аузы күйген үріп ішеді; Score twice before you cut once ≈ Жеті 
рет өлшеп, бір рет кес; Three women and a goose make a market  Екі əйел базар, үш əйел жəрмеңке; 
Two heads are better then one  Кеңесіп пішкен тон келте болмас; Custom is the second nature  Ауру 
қалса да, əдет қалмайды. 
Қазақ тiлiндегi сан компонентті фразеологизмдердiң басым көпшiлiгiнiң пайда болуы о бастағы 
сан атауларының өзiндiк ерекшелiктерiне жатқызып, оған əсер етушi факторлардың табиғаты ерекше 
деген тұжырымға келеміз. 
Қорыта айтсақ, зерттеу барысында сан есімдердің тұрақты тіркес жасаудағы деңгейлері бірдей 
емес  екені  байқалды.  Тұрақты  тіркес  құрамында  сан  атаулының  бəрі  бірдей  қолданылмайтындығы, 
жиі  қолданылатын  сандар  қатарына  «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық»  сандарын  жатқызуға 
болатындығы,  мақал-мəтелдер  мен  фразеологизм  құрамында  есептік  сан  есімдер  жиі 
қолданылатындығы анықталды. 
Сан есімдер сандық мəнімен қатар басқа мағынада қолданылуы арқылы ерекшеленеді. Мұндай 
жағдай  көбінесе  тұрақты  тіркестерде,  аңыз-əңгімелерде,  жыр-дастандарда,  салт-дəстүрлерде 
кездеседі. 
Көптеген зерттеушілердің есептеуінше, үш, жеті, тоғыз, қырық сандары — киелі сандар болса, 
біздіңше,  киелі  мəнді  сан  есімдерге  он  үш,  елу,  жиырма  бес,  алпыс  сандарын  да  қосуға  болады. 
Келешек  еңбектерімізде  бұл  сандарға  жеке-жеке  тоқталып,  оларды  неге  қасиетті  сандар  қатарына 
қосқанымызды тілдік материалдар арқылы дəйектемекпіз. 
 

Сан компонентті кейбір… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
29 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қайдаров  Ə.Т.  Қазақ  тілінің  тарихи  лексикологиясы:  проблемалары  мен  міндеттері // Қазақ  тілі  тарихи 
лексикологиясының мəселелері. — Алматы: Ана тілі, 1988. — 256 б. 
2  Қайдаров Ə. Этнолингвистика негізі. — Алматы: Ана тілі, 1998. — 15-б. 
3  Sapir E. Language 1921 қытайша ауд. — Пекин: Шаң у баспасы, 1985. — 196 б. 
4  Palmer L.R. An Introduction to Modern Linguitics / Қытайша ауд. — Пекин: Шаң у баспасы, 1983. — 122 р. 
5  Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь. — Т. 1. — М.: Сов. энцикл., 1967. — 738 с. 
6  Кеңесбаев І. «Жеті», «үш», «тоғыз», «қырық пен» байланысты ұғымдар // ҚазССР ҒА хабарлары. Филология сер. — 
1946. — 14-б. 
7  Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. — Алматы: Арыс, 2006. — 166 б. 
8  Кунин А.В. Английская фразеология. — М.: Высш. шк., 1970. — 200 с. 
9  Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. — М.: Высш. шк., 1986. — 336 с. 
10  Райдаут Р., Уиттинг К. Толковый словарь английских пословиц. — СПб.: Лань, 1997. — 256 с. 
11  Абылова Г.Е. Дүниенің поэтикалық бейнесі: лингвоконцептуалдық талдау (ХV–ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар 
поэтикасы бойынша): Канд. дис. автореф. — Көкшетау, 2010. — 24 б. 
12  Қарсыбекова Ш. Қазақ мақал-мəтелдерінің логика-семантикалық жəне заттық тақырыптық топтастыру принциптері 
// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сер. — 2006. — № 2 (92). — 17-б. 
 
 
Ш.Мажитаева, А.Абдразакова  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет