№2(66)/2012 Серия филология


Производное слово (виды) — основная проблема в области словообразования



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата15.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#9987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Производное слово (виды) — основная проблема в области словообразования  
Автором  дан  обзор  научных  трудов  по  разным  аспектам  дериватологии,  в  частности,  по  вопросу 
употребления специфических  терминов в  современном казахском языке. В исследовательской части 
статьи  рассмотрены  особенности  производных  слов  современного  казахского  языка,  определены 
четкие границы употребления терминов в области словообразования и морфологии. 
The questions, concerning features of derivative words in system of word-formation of modern Kazakh lan-
guage are brought up. In it some proceedings on various aspects derivatology also are analyzed, in particular, 
the question on the use of the specific terms new word-formations in modern Kazakh language. As a result of 
analyses in the given work more or a clear boundary of the use of terms in the field of morphology and word-
formation is less defined. 
 
 
 

42 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 811.512.1 
М.А.Тұрсынова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Түркі тілдеріндегі ілік септігінің сипаты 
Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі ілік септігі салыстырмалы-тарихи негізде қарастырылады. Автор 
түркі тілдеріне тəн жалпы ерекшеліктерді анықтайды, оларға тілдік материал негізінде талдау жасай-
ды.  Қыпшақ,  оғыз,  бұлғар,  қарлұқ,  ұйғыр-оғыз  топтарына  жататын  тілдерді  зерттеу  негізінде  ілік 
септігін  сипаттауда  аталмыш  септіктің  фонетикалық  нұсқасы,  даму  тарихы,  сонымен  қатар  кейбір 
тілдердегі  қолданылу  өзгешеліктері  қарастырылады.  Түркі  тілдеріндегі  ілік  септігінің  ортақ 
белгілерін, айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтау  мақсатында көне түркі ескерткіштерінің 
материалдары  талданады,  сондай-ақ  түркі  тілдерінің  тарихи  грамматикасы  бойынша  мəліметтер 
келтірілген.  
Кілтті  сөздер:  ілік  септігі,  қазіргі  түркі  тілдері,  тілдік  материал,  фонетикалық  нұсқалар,  көне  түркі 
жазбалары, салыстырмалы-тарихи қыры, тарихи грамматика. 
 
Тарихи-салыстырмалы  зерттеу  арқылы  туыстас  тілдердің  өздеріне  тəн  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жəне олардың себебін білуге болады. 
Тілдік  мəліметтер  арқылы  генеалогиялық  жағынан  тектес  тілдерді  салыстырғанда  оның  қазіргі 
жайы өткендегі тарихымен байланыста қаралады. Салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі мақсаты 
ретінде салыстырып отырған фонетикалық, лексикалық, грамматикалық т.б. ерекшеліктердің ең көне 
формасын анықтау екендігі белгілі. Осының негізінде қазіргі қолданылып жүрген форма мен ең көне 
деп саналатын форманың арасындағы даму процесін, қалыптасу, орнығуын немесе өзгеріске түсуін 
білуге мүмкіндік туады. 
Түркітануда  алтай  дəуірінен  бастап  даму,  қалыптасу  кезеңдерін  бастан  өткерген  бүгінгі  түркі 
тілдерінің жалпыға ортақ түркілік ұқсастықтарымен қоса өзіндік ерекшеліктері орын алған. Бірнеше 
ғасырды артқа тастап бүгінде өмір сүріп отырған қырық шақты түркі тілінің өзінің тарихы бар. Бəрі 
бір  негізден  тарап,  қазіргі  жағдайына  жетіп  отырған  тілдердің  бірі  жоғары  дəрежеде  дамып,  жан-
жақты  қалыптасса,  кей  тілдер  туралы  оны  айтуға  келмейді.  Қандай  да  тіл  болмасын  дамуына 
байланысты  көне  түркілік  негізді  сақтауы  немесе  жаңаша  сипатқа  енуі  олардың  даму,  қалыптасу 
тарихына байланысты екені мəлім. 
Қазіргі түркі тілдері салыстырмалы морфологиясында сөз таптары, жұрнақ, жалғаулардың даму 
тарихы,  қазіргі  тілдердегі  сипаты  сияқты  мəселелер  қарастырылады  да,  айтылған  мəселелерді 
қарастыруда тарихи-салыстырмалы зерттеудің маңызы зор екендігі шындық. 
Туыстас  түркі  тілдеріндегі  олардың  ортақтығын  дəлелдейтін,  тектестігін  көрсететін  мəселенің 
бірі — септік жалғаулары. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғауларының сипатын өзара салыстыру 
барысында қосымшалардың варианттарындағы фонетикалық ерекшеліктерді, септік жалғауларының 
санына  байланысты  айырмашылықтарды,  жай  септеу  мен  тəуелді  септеудегі  өзгешеліктерді  айтуға 
болады. 
Кез келген тілдің даму, қалыптасуында өзгешеліктің болатыны сияқты көне ескерткіштерде жеті 
септік  ретінде  көрінген  септік  жалғауларының  саны  қазіргі  тілдерде  алтыдан  тоғызға  дейін  болып 
отыр жəне олардың жалпы сипатына қатысты да ортақтықтармен қоса, айырмашылықтар орын алған. 
Көне жазбаларда ілік септігі негізінен -ың, -ің, -уң, -үң жалғаулары арқылы жасалады, сондай-ақ 
ілік септігі жалғауының варианттары көне жазбаларда дауыстыдан немесе дауыссыздан басталуымен 
ерекшеленеді. Орхон-Енисей ескерткішінде: -ың, -ің жалғаулары арқылы жасалса (будуның, қағаның), 
көне  ұйғыр  жазуында  -ның, -нің  (ақамның-ағамның,  ішінің-ісінің,  Мысырның-Мысырдың), «Кодекс 
Куманикуста»  -ның, -нің, -нуң, -нүң  жəне  сирек  те  болса  -ың, -ің  варианты  дауыссыздан  кейін 
жалғанады (атның, баланың, көзімізің, ханның). М.Қашқари сөздігінде ілік жалғауы, негізінен -ның,  
-нің, -нуң, -нүң  түрінде  жалғанады.  Сонымен  қатар  -ың, -ің  түрі  де  ұшырасады.  Алайда  ілік 
жалғауының  бұл  тұлғасы  көбінесе  есімдіктерге  ғана  қосылып,  қолданылғандығы  байқалады:  менің 
бірле.  Түрк  будун,  иліңін  төрүңін  кем  артаты? — Түркі  халқы,  еліңді,  өкіметіңді  кім  құртты? 
Табғач қағаның ічрекі бедізчіг ыты. — Шеттен табғач қағанының бедершісі келді. Кейде жасырын: 
түрк қағаны, тағлар сувы ағышды — таулар суы ақты [1]. 

Түркі тілдеріндегі ілік… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
43 
Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  ілік  септігінің  сипатында  да  бірінші  көзге  түсетін  ерекшелік  те 
қосымшаның дауыстыдан немесе дауыссыздан басталуында. 
Э.В.Севортян  «Категория  падежа»  мақаласында  ілік  септігі  жалғауларын  екі  топқа  бөліп 
қарастырады  да,  оңтүстік-батыс  тобындағы  тілдерде  қолданылатындарға  -ын, -ин, -ун, -үң 
қосымшаларын,  орхон-енисей  ескерткіштерінде  жəне  түрікмен  тіліндегіге  -ың, -иң, -уң, -үң 
қосымшаларын, басқа түркі тілдеріндегіге -ның, -ниң, -нуң, -нүң, -тың, -тиң, -дың, -диң, -нын, -нин,     
-нун, -нүн, -тын, -тин, -дын, -дин қосымшаларын (варианттарымен) жатқызады [2]. 
Көне жазбалардағы сияқты, қазіргі түркі тілдерінде де ілік септігі бір топ тілдерде дауыстыдан, 
бір  топ  тілдерде  дауыссыздан  басталып  тұр.  Көне  ескерткіш  ретінде  саналатын  Орхон-Енисей 
жазбаларындағы қолданысында аталған септік дауыстыдан басталатындықтан, қазіргі кей тілдердегі 
сондай қолданыс көне тілдің заңды жалғасы іспетті. 
Ілік  септік  жалғауының  тарихы,  қайдан  шыққандығы,  алғашқы  тұлғасы  туралы  бірнеше  пікір 
бар.  М.Томанов  осы  пікірлерге  талдау  жасай  отырып: «В.В.Радлов  ілік  септіктің  алғашқы  тұлғасы      
-ың  деп  қарайды  да,  бұның  өзі  о  баста  тəуелдік жалғаулы  болған,  жіктеу  жəне  сілтеу  есімдіктеріне 
ғана  жалғанған  дейді.  Радловтың  осы  пікірін  көп  өзгеріссіз  Богородицкий  де  қайталайды. 
Богородицкийдің  түсіндіруінше,  морфологиялық  ығысу  арқылы  есімдіктер  құрамында  қалыптасқан   
-ның  аналогия  жолымен  басқа  есім  сөздерге  де  ауысты.  Кейін  есім  сөздер  де  осы  -ның  аффиксін 
қабылдайтын  болды.  Ал  -ның  тұлғасының  құрамын  Г.Рамстедт  былайша  түсіндіреді:  алғашында   
түрінде  болған  ілік  жалғауы  дауыссыз  дыбыстарға  біткен  түбірлерге  жалғанғанда  алдынан 
«жалғастырушы» дауысты дыбыс қосып алса керек. Содан кейін түбірдің соңғы дыбысы қосымшаға 
ығысудың  нəтижесінде  -ның  қалыптасады.  Э.В.Севортян  қолданылу  тəсілі  мен  мағыналарының 
байланыстылығын  салыстыра  келіп,  ілік  жалғауы  мен  табыс  жалғауы  бір  негізден  тараған  дейтін 
жорамал  айтады.  Ал  Н.А.Баскаков  бұл  жалғауды  нене  -не  «дене,  тəн»  дейтін  сөзден  тараған  деп 
қарайды. 
Ілік  жалғауының  негізі  жайлы  пікірлерді  қорытындыласақ,  оның  арғы  негізі  о  баста  осындай 
арнайы қосымша болған дейтін ойға саяды. Мəселе тек -ның тұлғасының алдындағы -н-нің шығуында 
ғана. Есімдерге жалғанатын қосымшаның басқы  дыбысы — морфологиялық ығысудың нəтижесі. 
Осылардың бəрін ескерсек, ілік жалғауының байырғы варианты деп дауыстыдан басталатын -ың түрі 
деп  қарау  керек  болады.  Солай  екенін  монғол  тілдерінің  материалдары  да  дəлелдейді,» — деп 
қорытындылайды [3; 151, 152]. 
Қазіргі  тілдердегі дауыссыз  дыбыстан  басталатын  варианттардың  өзін ілік  септігі  жалғауының 
толық  формасы  немесе  қысқарған  түрі  ретінде,  ашық  немесе  қысаң  дауыстымен  келетіндігіне 
байланысты да ажыртауға болады. 
Дауыссыздан  басталатын  жəне  ілік  септігі  жалғауының  толық  түрі  кездесетін  тілдер  ретінде 
қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырым татарлары, татар, алтай, башқұрт, ұйғыр, өзбек, тофалар, хақас, шор 
сияқты  тілдерді  айтуға  болады.  Бұл  тілдерде  -ның  жалғауы  үндестік  заңына  байланысты  бірнеше 
варианттарымен  қолданылады.  Мысалдар:  Адымның  туйғахтарын  имнебізерчікпін. — Атымның 
аяғын  емдетпекшімін.  Пуун  иртеннең  сығара  кун  тооза  Асхыстағы  мал  совхозының  чазыларында 
хайындадым. — Бүгін  ертеден  күні  бойы  Асхыстағы  мал  совхозының  даласында  жүрдім  (хақас). 
«Балыы чок хөлдүң соолғаны дээре» деп сөс бар. — «Балығы жоқ көлдің суалғаны жақсы» деген сөз 
бар (тува). Ол айылдаң чыгып олордың алдына баатыр кепту тура берди. — Ол киіз үйден шығып, 
олардың  алдына  батыр  құсап  тұра  қалды  (алтай).  Қамекбайдың  орнына  Мурат  баслық  болады-
мыш. — Қамекбайдың орнына Мұрат бастық болады-мыс (қарақалпақ). Яз тиз келде. Март айының 
азағында  ук  күндəр  капыл  йылынды — Жаз  тез  келді.  Наурыз  айының  аяғында  бірден  жылынды 
(башқұрт).  Капкадан  кереп,  биек  баскычлардан  менеп,  өйнең  икенче  катына  кердем. — Қақпадан 
кіріп,  биік  басқыштармен  үйдің  екінші  қабатына  көтерілдім  (татар).  Ак  талайдынъ  кажында  чон 
чаткан,  алтын  тыгдынъ  төзүндө  ак  мал  турган. — Ақ  теңіздің жағасында  халық  тұрған,  алтын 
таудың етегінде ақ мал тұрған (шор). 
Ілік септігі жалғауының құрамындағы түркі тілдеріне тəн төл ң дыбысының таңбалануы əр түрлі 
болып келгенімен (ң, нъ, нь), өзбек тілінде аталған дыбыстың даму тарихына байланыстырылып, нг, нғ 
дыбыс  тіркестері  арқылы  белгіленеді.  Түркі  тілдерінің  тарихын  зерттеушілердің  көпшілігі  -ақ  сөз 
ортасында айтылатын ң дыбысын нг (кейде нғ) дыбыс тіркесінің жаңа көрінісі, соның фонетикалық 
ықпалдасуының нəтижесі деп қарайды [3; 65]. Дегенмен де ң дыбысының н, г дыбыстарынан шыққан 
дейтін болжамға қарсы пікір айтушылар бар. «…бұл пікірлер ағат айтылған болса керек. Өйткені н 
дыбысы  тілдің  ұшы  мен  жоғары  күрек  тістің  төбесінің  түйісуінен  туса,  ң  дыбысы  көмей  жақтағы 

М.А.Тұрсынова  
44 
Вестник Карагандинского университета 
жұмсақ таңдайдың төмен түсіп, ауаға тосқауыл жасап, оны мұрын жолына қарай бағыттауынан пайда 
болады.  Ал,  ң  дыбысы  н  жəне  г  дыбыстарынан  біріккен  деген  пікір  емлемен  шатастырудан  туған 
болса  керек.  Ендеше,  бұл  екі  дыбыс  бір-бірімен  байланысты  емес,  тек  н  дыбысының  қ,  ғ 
дыбыстарынан  бұрын  тұрғанда  ң  болып  естілетін  артикуляциялық  ерекшелігінен  пайда  болатын 
құбылыс болса керек» [4]. 
Өзбек тілінде ілік септігі жалғауының -нинг деген варианты бар да, ол үндестік заңына қатысты 
ерекшеленбей,  барлық  жағдайда  бір  ғана  нұсқада  жалғанады.  Мысалдар:  Абайнинг  туғилган  ери, 
онасининг  қуниси,  қишлиқ  қишлови  Жидебойда  пичанлик  ут-уланлар  буй  чузиб  усиб  булган. — 
Абайдың  туған  жері,  анасының  қонысы,  қыс  қыстауы  Жидебайда  пішендік  шалғын  ұзарып  өсіп 
болған.  Жидебойга  яқин  жойдаги  ёлғиз  тепалик.  Уртенгнинг  бағридаги  сулғин,  сап-сариқ  филғон, 
эрмонлар  утган  умр  рангини,  адо  булган  хаёт  хулёсини  куз  унгида  гавдаландирди. — Жидебайға 
тақау жалғыз қара биік Өртеңнің төсіндегі көде, бетеге сап-сары жадау жүзді. Өткен өмір реңін, 
тозған тірлік елесін танытады. 
Ілік септігі жалғауының дауыссыз дыбыстан басталғанымен, басқа тілдердегідей ң дыбысы емес, 
н дыбысы арқылы келетін түрі қырғыз, қарайым, əзербайжан, гагауз тілдеріне тəн. 
Бірен-саран  болса  да,  кейбір  түркі  тілдерінде  қазақ  тілімен  салыстырғанда,  ң-н  сəйкестігі 
байқалады. Бұған кейбір сөздерге қоса, қырғыз, қарайым тілдерінің ілік септігінің жалғауын айтуға 
болады.  Қырғыз  тілінде  ілік  септігі  жалғаулары  -нын, -нин, -нун, -нүн, -дын, -дин, -дун, -дүн, -тын,      
-тин, -түн, -тун, қарайым  тілінде  -нын, -нин, -нун, -нюн,  əзербайжан,  гагауз  тілідерінде -нын, -нин,       
-нун, -нүн  варианттары  басқа  түркі  тілдеріндегідей,  ң  арқылы  емес,  н-мен  беріледі.  Ілік  септігіне 
қатысты  бұл  тілдердегі  осы  ерекшеліктер  қырғыз  тілін  қырғыз-қыпшақ  тобына  енетін  тілдің  бірі 
алтай  тілінен,  қарайым  тілін  басқа  түркі  тілдерінен  айырмашылығын  көрсетеді.  Ал  əзербайжан, 
гагауз  тілдерінде  ілік  септігі  жалғауының  дауысты  дыбыстан  басталатын  вариантымен  қоса,  сөз 
дауысты дыбысқа біткен жағдайда жалғанатын ілік септігінің қосымшасы ретінде қолданылады. Айта 
кететін  бір  жағдай,  бұл  тілдерде  оғыз  тобындағы  түрікмен  тілімен  салыстырғанда  ерекшелік  ң 
дыбысының болмауына да қатысты болып отыр. Мысалдар: Соңку күндөрдүн ичинде келет. — Соңғы 
күндердің бірінде келеді. Бул жоктоодун ушу отурган калк угуп көрбөгөн, болжоп билбеген санаасы 
да, каралуу кейпи да башкаша. Айтылып жаткан сөзү да өзгөшө. — Бұл жоқтаудың осы отырған 
халайық  естіп  көрмеген,  болжап  білмеген  санасы  да,  қаралы  сəні  де  басқаша.  Айтылып  жатқан 
соны сөз де өзгеше. Улуу өнөрдүн даанышманына, мундуу үндүн чебери келген. — Ұлы өнер данасына 
күйлі  саздың  шебері  келген  (қырғыз).  Бағыным  сенин  кезюя. — Сенің  көзіңе  қараймын.  Куйас 
йасларны  курутад  да  сызлавун  адамнын  анламайд. — Күн  көз  жасын  құрғатады,  бірақ  адамның 
қайғысын түсінбейді. Кивдире-доғоц достун йалыныба нафстнын кыз сыбырдайд анын кулағына. — 
Өзінің досын ыстық ынтызарлықпен күйдіріп, қыз оның құлағына сыбырлайды (қарайым). Вармыш 
бир ананын ики кызы, бири кендисининмиш, обуру да кожасынынмыш. — Бір ананың екі қызы бар 
екен, біреуі өзінікі, басқасы (екіншісі) күйеуінікі. Гелди вакыт да башардылар ооллары онун школайы 
—  Уақыт  келіп  олардың  ұлдары  мектеп  бітірді  (гагауз).  Бəндалынын  сөзлəрини  тəкчə  бир  адам 
ешитмирди ки, о да Мəсмə иди. — Бендалының сөзін тек бір адам ғана естіген жоқ, ол Мəсма еді. 
Онун көзəл хасиjjəти варды: билмəдиjи мəсəлəдəн сөһбəт ачмазды. — Оның жақсы қасиеті бар еді: 
білмейтін мəселесі туралы əңгіме қозғамайтын (əзербайжан). 
Ілік  септігі  жалғауының  келесі  варианты  дауысты  дыбыстан  басталуымен  ерекшеленіп,  оғыз 
тобындағы  түрік,  түрікмен,  гагауз,  əзербайжан  тілдерінде  кездеседі.  Бұл  тілдерде  ілік  септігі 
жалғауының дауыстыдан да, дауыссыздан да басталатын түрлері бар жəне ол сөздің соңғы дыбысына 
қатысты  өзгеріп  жалғанады.  Яғни  сөз  дауыстыға  бітсе,  қосымша  дауыссыздан,  дауыссызға  бітсе, 
дауыстыдан басталуы түркі тілдерінде екі дауыстының қатар келмеуіне байланысты болып тұр. 
Оғыз  тобындағы  тілдердегі  ілік  септігі  жалғауының  варианттары  дауысты  немесе  дауысыздан 
басталуымен жəне н-ң дыбыстарының сəйкестігі арқылы көрінеді де түрік тілінде -(n) -in; түрікмен 
тілінде -ың, -иң, -уң, -үң, -ның, -ниң, -нуң, -нүң; гагауз, əзербайжан тілдерінде -ын, -ин, -ун, -үн, -нын,   
-нин, -нун, -нүн варианттары арқылы беріледі. Мысалдар: Башлык аялының сорагына бирбада жогап 
бермеди. — Бастық  əйелінің  сұрағына  бірден  жауап  бермеді.  Лекция  гатнашмалы  колхозчыларың 
бары  йыгнадылар. — Дəріске  қатынасуға  колхозшылардың  барлығы жиналды. Мерет  Нургелдиниң 
өйүне барды. — Мерет Нұргелдінің үйіне барды. Бу китабың бахасы бир манат он бəш көпүк. — Бұл 
кітаптың бағасы бір манат он бес тиын (түрікмен). Күн о күн олсун ки фабрикимизин рəһбəрлий бу 
арзуларымызы  йеринə  йетирсин. — Фабрикамыздың  басшылары  біздің  арманымызды  орындайтын 
күн туса кен. Бунларын чохусу сөйлəмəдилəр. — Бұлардың көбі сөйлемеді (əзербайжан). 

Түркі тілдеріндегі ілік… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
45 
Түркі  тілдерінде  ілік  септігі  жалғауының  соңғы  дауыссызы  жоқ,  яғни  дауысыздан  басталып, 
дауыстымен  аяқталатын  нұсқасы  да  орын  алып,  ол  құмық,  қарашай-балқар,  салар  тілдерінде 
кездеседі.  Бұл  тілдерде  ілік  септік  -ны  жалғауы  жəне  оның  -ни, -ну, -ню /-нү  варианттары  арқылы 
беріліп,  табыс  септігі  қосымшаларымен  сəйкес  келеді:  баланы — баланың,  терезени — терезенің, 
уьйню — үйдің,  коьльню — көлдің  (құмық),  тауну — таудың,  къойгъа — қойға,  эшекни — есекті 
(қарашай-балқар),  ташны — тастың,  ініні — інінің,  сусыны — суының,  қолымны — қолымның 
(салар). 
Қарашай-балқар  тілінде  ілік  септігі  жалғауы  жай  септеу  мен  тəуелді  септеуге  байланысты 
ерекшеленеді. Көптеген түркі тілдерінде барыс, табыс, жатыс септіктерінде тəуелдік жалғаудың І–ІІІ-
жақтарынан  кейін  қосымша  жай  септеуден  ерекшеленіп  жалғанатыны  белгілі.  Ал  қарашай-балқар 
тілінде  бұл  көрініс  ілік  септігінде  де  орын  алып,  тəуелдік  жалғаудың  І,  ІІ-жағынан  кейін  ілік 
септігінің қосымшасы -ы, -и түрінде жалғанады: жашым — жашымы, жашынг — жашынгы, ұлым 
— ұлымның, ұлың — ұлыңның; кёзим — кёзими, кёзинг — кёзинги, көзім — көзімнің, көзің — көзіңнің т.б. 
Чуваш  тіліндегі  сегіз  септіктің  бірі — ілік  септігі.  Бұл  септік  -ăн/-ĕн, -нăн/-нĕн, -(йăн)/-йĕн 
қосымшалары арқылы беріледі. 
Жалпытүркілік  а  дыбысының  кейбір  тілдерде  еріндік  сипатта  айтылуы  немесе  а  мен  ы 
арасындағыдай  естілуінен  басқа  кейбір  тілдерде  ы  дыбысына  сəйкестігі  де  орын  алған.  Оған  тува, 
якут, чуваш тілдерін жатқызуға болады [2; 57]. 
Алайда бұл сияқты сəйкестіктер түркі тілдерінде кездескенімен, олардың себебі əлі күнге дейін 
түсіндірілмей келеді. Бұл туралы А.М.Щербак: «Появление ы на месте а невозможно объяснить ни 
характером вокализма непервых слогов, ни особенностями непосредственного фонетического окру-
жения:  изменение  а  в  ы  наблюдается  в  начале  слова,  после  любых  согласных  и  перед  любыми  со-
гласными, независимо от качества гласных последующего слога», — дейді [5]. 
Жалпы алғанда, чуваш тіліндегі ілік септік жалғауы қосымшаларын түркі тілдерінде кездесетін 
ашық-қысаң сəйкестіктерден гөрі дауысты дыбыстарға қатысты таңбалық ерекшелік деп түсіндіруге 
болатын сияқты. Олай дейтініміз: чуваш тіліндегі ă — қазақ тіліндегі ы дыбысы, ал чуваш тіліндегі ĕ 
— қазақ тіліндегі і дыбысы десек [2; 54], -ăн/-ĕн қосымшасы -ын/-ін, -нăн/-нĕн қосымшасы -нын/-нін 
болып  шығады.  Сонда  чуваш  тіліндегі  ілік  септік  қосымшасы  дауысты  дыбыстан  басталатын  оғыз 
тобындағы тілдердегі нұсқаға сəйкес келеді. 
Мысалдар: Чечекĕн чунĕ сук. — Гүлдің жаны жоқ. Анланмасть вăл этемĕн хуйхине-суйхине. — 
Ол  адамның  қайғы-мұңын  түсінбейді.  Анчах  унăн  ешĕл  сулсисем  юнпала  вараланна. — Бірақ  оның 
жасыл жапырағы қанға боялған. Алламсем четресе манăн. — Менің қолдарым дірілдейді
Якут тілінде де сегіз септік болғанымен, басқа түркі тілдерінде қолданылатын ілік септігі жоқ. 
М.Томанов бұл туралы: «Түркі тілдерінің ішінде ілік септік жалғауы кездеспейтін — якут тілі. Якут 
тілінде  -та  қосымшасы  арқылы  біздің  тіліміздегі  ілік  пен  «жасырын»  табыс  септік  мағыналарын 
береді. Якут тілінің бұл ерекшелігі монғол тілінің ықпалы деп түсіндіріледі. Якут тілінің қалыптасу, 
даму  тарихында  монғол  тілінің  ықпалының  басым  болғандығы  белгілі.  Ондай  ықпалдың  нəтижесі 
бұл ыңғайда ғана емес, тілдің басқа салаларында да байқалады. Сонымен, бұл жағынан якут тілі — 
түркі  тілдерінің  ерекше  түрі», — деп  атап  көрсетеді [6]. Сондай-ақ  якут  тілінде  ілік  септігінің 
болмауы түркі тілдерінің тарихында аталған септіктің болмауына да қатысты деген пікірлер де бар. 
Бұл  туралы: «Есть  все  основания  предполагать,  что  родительный  падеж  на  ранних  стадиях 
существования тюркского праязыка полностью отсутствовал. Его заменила так называемая изафетная 
конструкция.  Из  современных  тюркских  языков  только  один  якутский  сохранил  это  древнейшее 
состояние,  поскольку  в  нем  отсутствует  оформившийся  родительный  падеж» [7], — деген 
зерттеушілер пікірі ілік септігінің тарихына қатысты мəліметтердің бірі болып саналады. Ілік, табыс 
септік жалғауларының жасырын түрде де кездесуі жəне меншіктілікті -нікі/-дікі/-тікі жұрнақтарының 
беретінін ескерсек, пікірлердің мүмкін екендігін де көруге болады. 
Мысалдар:  Ийəлəəх  ақата  саңа  таһааран  ытаан  барбыттарытан  кини  биир  тыла  суох 
өйдүүр. —  Əкесі  мен  шешесінің  қатты  жылағанынан  ол  сөзсіз  түсінді.  Уута  ыраастан-ыраас, 
сырдыктан-сырдык. — Оның суы тап-таза, мөп-мөлдір
Түркі тілдерінде ілік септік қосымшасының ерекшелігінің бірі есімдіктердің септелуіне қатысты 
көрінеді. Мен, сен, ол сөздерінің ілік септігіндегі тұлғасы қазақ тілінде  дыбысының түсіп қалуымен 
байланысты:  менің,  сенің,  оның.  Осы  қолданыстың  басқа  түркі  тілдеріндегі  көрінісін  айтпас  бұрын 
көне жазбалардағы қолданысқа зер салсақ, көне ескерткіштерде мен, сен есімдіктерінің септелу үлгісі 
бенің, менің түрінде кездесетіндігін көруге болады. 

М.А.Тұрсынова  
46 
Вестник Карагандинского университета 
Қазіргі  түркі  тілдерінде мен,  сен,  ол сөздеріне  ілік  қосымшасы  жалғанғандағы  негізгі  формасы 
менің, сенің, оның (фонетикалық өзгерістерімен) тұлғасына келіп саяды: мəн-мəним, сəн-сəнин, о-онун 
(əзербайжан);  мин-минем,  син-синең,  ул-аның  (татар);  мен-мээң,  сен-сээң,  ол-ооң  (тува),  мен-мениң, 
сен-сениң, ол-оның (түрікмен); мен-меним, сен-сенинъ, ол-онынъ (ноғай) т.б. 
Түркі  тілдеріндегі  ілік  септігінің  сипатындағы  негізгі  ерекшеліктерді  фонетикалық 
сəйкестіктермен,  тілдің  даму,  қалыптасуына  байланысты  заңдылықтармен  байланыстыруға  болады. 
Аталған  септіктің  дауыстыдан  басталатын  тұлғасы  көне  жазбалармен  ортақ  болып  жатса,  басқа 
фонетикалық  өзгерістер  тілдің  өзіндік  ерекшеліктерінен  келіп  туған.  Ал  якут  тілінің  ілік  септігіне 
қатысты  басқа  түркі  тілдерінен  ерекшеленіп  тұруы  монғол  тілімен  ортақтық  ретінде  түсіндіріледі. 
Себебі ұйғыр-оғыз топшасы тілдерінде монғол тіліне ұқсастықтар түркітануда көп кездеседі. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Айдаров Ғ., Құрышжанов Ə., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. — Алматы, 1971. — 272 б. 
2  Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. — Ч. ІІ. Морфология. — М.: Изд-во АН СССР, 1956. 
— 334 с. 
3  Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 264 б. 
4  Ысқақов А. Қазақ тiлiнiң фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. — Алматы: РБК, 1999. — 56-б. 
5  Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. — Л.: Наука, 1970. — С. 145. 
6  Томанов М. Түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазақ ун-тi баспасы, 1992. — 86-б. 
7  Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. — М.: Наука, 1986. — 
С. 76. 
 
 
М.А.Турсынова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет