№27 (10626) 4 шілде жұма 2014 жыл


телімдерін жалдау құқығын



жүктеу 6.4 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі6.4 Mb.
1   2   3

телімдерін жалдау құқығын

сату тізбесін бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер  кодексінің 48 – бабының 1 - тармағына,  Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін- 

өзі  басқару  туралы»  Заңының 6 – бабының 1 – тармағының 13) тармақшасына,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2003  жылғы 13 қарашадағы  «Жер  учаскесін  немесе  жер  учаскесін  жалдау  құқығын  сату  жөніндегі  сауда-саттықты 

(конкурстарды,  аукциондарды)  ұйымдастыру  жəне  өткізу  ережесін  бекіту  туралы»  №1140  қаулысына  жəне  аудан 

əкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы «Конкурсқа шығарылатын жер телімдерін жалдау құқығын сату тізбесін белгілеу 

туралы» №159/5 қаулысына сəйкес Баянауыл аудандық мəслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 

1. Осы шешімнің қосымшасына сəйкес беріліп отырған конкурс негізінде жер телімдерін жалдау құқығын сату тізбесі 

бекітілсін.

2. Осы шешім  алғаш  ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Шешімнің  орындалуын  бақылау  аудандық  мəслихаттың  заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау 

жəне аграрлық мəселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына тапсырылсын.

Сессия төрағасы                                                                              Е. Досов

                                                                           

                                                                           Аудандық мəслихаты хатшысының

                                                                           міндетін атқарушы                                                                          Т. Əбиев

Аудандық мəслихаттың 

(V сайланған кезектен тыс XXXІV сессия)

2014 жылғы 2 маусымдағы

№173/34  шешімінің қосымшасы

Конкурс негізінде жер телімдерін 

жалдау құқығын сату тізбесі



р/с

Учаскенің орналасқан 

жерi

Жер учаскесiнiң 

нысаналы 

мақсаты

Жер телімінің 

көлемі, га

Құқық

түрлерi

  1

                   2

                3

        4

                     5

1

 Баянауыл ауылы, Əуезов 



көшесінің бойы

Кірпіш цехын салу 

мен қызмет көрсету 

үшін


0,5378

Уақытша 4 жыл мерзімге жер 

пайдалану

ШЕШІМ

(V сайланған кезектен тыс XXXІV сессия)



№174/34

Баянауыл ауылы                                                                                                                                  2014 жылғы 2 маусым



Ауданның жер қорынан ауыл

шаруашылығы өндірісін жүргізу

үшін жер телімдерін жалға берген 

кезде конкурсқа ұсынылған жер

учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 48 – бабының 1 – тармағына, Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

жəне өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабының 1 – тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-

саттықты (конкурстар-ды, аукциондарды) ұйымдастыру жəне өткізу ережесін бекіту туралы» №1140 қаулысына жəне 

аудан əкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы «Ауданның жер қорынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер 

телімдерін жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізбесін белгілеу туралы» №160/5 қаулысына 

сəйкес Баянауыл аудандық мəслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 

1. Осы шешімнің қосымшасына сəйкес беріліп отырған  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін 

жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мəслихаттың заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау 

жəне аграрлық мəселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына тапсырылсын.    



 

      

                                                                        Сессия төрағасы                                                                              Е. Досов

                                                                        

                                                                        Аудандық мəслихаты хатшысының

                                                                        міндетін атқарушы                                                                          Т. Əбиев

Аудандық мəслихаттың 

(V сайланған кезектен тыс XXXІV сессия)

2014 жылғы 2 маусымдағы

№174/34 шешімінің қосымшасы

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған жер 

учаскелерінің тізбесі



р/с

Учаскенің орналасқан 

жерi

Жер учаскесiнiң нысаналы 

мақсаты

Жер 

телімінің 

көлемі, 

га

Құқық

түрлерi

  1

                   2

                3

        4

                     5

1

Жайылым,



күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 9,0

Жалпы көлемі – 1200 га, оның ішінде 

1180 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Ақсаң ауылдық 

округінің

аумағы – 15 км

2

Жайылым,


 күрең-қызғылт 

топырақ,


 бонитетінің балы – 9,0

Жалпы көлемі – 410 га, оның ішінде 

400 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар


48

Ақсаң ауылдық 

округінің

аумағы – 25 км

3

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 1800 га, оның ішінде 

1770 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар


48

Құндыкөл ауылдық 

округінің

аумағы – 70 км

4

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 7,0

Жалпы көлемі – 550 га, оның ішінде 

540 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар

48

Бірлік ауылдық 



округінің

аумағы – 90 км

5

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 11,0

Жалпы көлемі – 3300 га, оның ішінде 

3250 га – жайылым, 50 га – басқа 

алқаптар

48

Жаңатілек ауылдық 



округінің

аумағы – 80 км

6

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 1600 га, оның ішінде 

1570 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар


48

Жаңажол ауылдық 

округінің

аумағы – 100 км

7

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 2500 га, оның ішінде 

2470 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар


48

Жаңажол ауылдық 

округінің

аумағы – 160 км

8

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 1500 га, оның ішінде 

1490 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар


48

Күркелі ауылдық 

округінің

аумағы – 70 км

9

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 2000 га, оның ішінде 

1960 га – жайылым, 40 га – басқа 

алқаптар


48

Күркелі ауылдық 

округінің

аумағы – 70 км

10

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 900 га, оның ішінде 

880 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Күркелі ауылдық 

округінің

аумағы – 70 км

11

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 3030 га, оның ішінде 

3000 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар


48

Ақсаң ауылдық 

округінің

аумағы – 25 км

12

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1500 га, оның ішінде 

1480 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 40 км

13

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1500 га, оның ішінде 

1485 га – жайылым, 15 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 40 км

14

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1100 га, оның ішінде 

1000 га – жайылым,10 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 60 км

15

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 810 га, оның ішінде 

800 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 80 км

16

Егістік


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 510 га, оның ішінде 

500 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 80 км

17

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1100 га, оның ішінде 

1090 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 60 км

18

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1100 га, оның ішінде 

1000 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің 

аумағы – 70 км

19

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 2020 га, оның ішінде 

2000 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 80 км

20

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 1320 га, оның ішінде 

1300 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 40 км

21

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 8,0

Жалпы көлемі – 820 га, оның ішінде 

800 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар

48

Қызылтау ауылдық 



округінің

аумағы – 100 км

22

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 12,0

Жалпы көлемі – 2020 га, оның ішінде 

2000 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Ұзынбұлақ ауылдық 

округінің

аумағы – 140 км

23

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 12,0

Жалпы көлемі – 3030 га, оның ішінде 

3000 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар


48

Ұзынбұлақ ауылдық 

округінің

аумағы – 150 км

24

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 12,0

Жалпы көлемі – 1520 га, оның ішінде 

1500 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Ұзынбұлақ ауылдық 

округінің

аумағы – 150 км

25

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 12,0

Жалпы көлемі – 730 га, оның ішінде 

720 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар


48

Ұзынбұлақ ауылдық 

округінің

аумағы – 150 км

26

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 7,0

Жалпы көлемі – 1010 га, оның ішінде 

1000 га – жайылым, 10 га – басқа 

алқаптар


48

Торайғыр ауылдық 

округінің

аумағы – 40 км

27

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 10,0

Жалпы көлемі – 1550 га, оның ішінде 

1530 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Сəтбаев ауылдық 

округінің

аумағы – 100 км

28

Жайылым,


күрең-қызғылт

топырақ,


бонитетінің балы – 12,0

Жалпы көлемі – 1020 га, оның ішінде 

1000 га – жайылым, 20 га – басқа 

алқаптар


48

Қаратомар ауылдық 

округінің

аумағы – 100 км

29

Жайылым,


қызғылт топырақ,

бонитетінің балы – 7,0

Жалпы көлемі – 3030 га, оның ішінде 

3000 га – жайылым, 30 га – басқа 

алқаптар

48

Майқайың кенті аумағы  



– 90 км

Қазіргі  кезде  несиелер  бұрын-

соңды болмағандай қол жетімді. Жасы 

жеткен  əр  адам  қарыз  ала  алады. 

Тұтынушылық  несиелер,  несиелік 

карталар,  шағын  қарыздар  жəне  т.б. 

Нəтижесінде,  көбіміз  бірнеше  жыл 

қатарынан  пайыздық  мөлшерлеме 

бойынша  қомақты  сома  төлей  отыра, 

кіріптарлыққа  ұшыраймыз.  Бұдан 

да  үлкен  қарызға  үміттенгендіктен, 

мысалы, ипотека, ешкім де өз несиелік 

тарихын 

бүлдірмеуге 

тырысады. 

Осылайша  бұл  жүкті  арқалаумен 

болады. 

Жуырда  мен  көпшілік  арасында 

жақсы  танымал  бола  бастаған  қайта 

қаржыландыру іспетті банктік қызмет 

туралы  естідім.  Бұл  не?  Бұның  не 

екенін  білу  үшін  бұрыннан  жəне 

табысты 

«ынтымақтастықтағы» 

Халық  банкіне  жүгінуді  шештім. 

Менеджерге  өз  кезегімді  күту  кезінде 

бір жігітпен əңгімелесе отыра, оның да 

қайта  қаржыландыруды  қолданғанын 

білдім. 

Екібастұз  көмір  бассейні  кеніш-

терінің  бірінде  жол  жөндеуші  болып 

істейтін  Қайырболат  Аманов  деген 

азаматпен  сөйлестім.  Ол  маған  бəрін 

де  өз  басының  мысалы  арқылы 

түсіндіруге тырысты. 

-  Білесіз  бе,  менің  Халық  банкіне  дейін  басқа  банктерде  үш  несием,  оның  ішінде 

карточкалығым да бар еді.  Қажеттілігім үшін алдым, оқыдым, оның үстіне автомобиль сатып 

алуды  шештім.  Алғашында  шамам  келер  деп  ойладым.  Бірақ  уақыт  өте  келе  ай  сайын 50 

мың теңгеден төлеуге қалтамның көтермейтінін түсіндім. Қатты уайымдадым. Жұмысымды 

ауыстырғаныма  да  көп  болмап  еді,  əріптестерімнен  қайта  қаржыландыру  жайлы  естідім, 

яғни,  қарапайым  сөзбен  айтқанда, «жаңа»  банктен  қарызға  алынған  қаражат  есебінен 

«ескі»  несие  өтелінеді.  Мен  осы  қызметті  пайдалануды  шештім.  Еңбекақымды  карточка 

бойынша  осы  банктен  алғандықтан,  Халық  банкіне  жүгіндім.  Бəрі  де  оңай  болып  шықты. 

Оң жауабын берген соң, маған қолымдағы қомақты сомамен банктен банкке жүгіріп қалған 

соманы жабудың, құжаттарды дұрыс рəсімдеу жағына алаңдаудың қажеті болмады. Банктер 

барлығын өз араларында шешті, мен тек қана қажетті құжаттарға қол қойдым. Иығымдағы 

бір ауыр жүктен арылғандай болдым. Үш несием болған еді – біреуі ғана қалды, оның үстіне 

енді ай сайынғы төлем сомасы 30 мың теңгені құрайды. Бұл үлкен үнемдеу емес пе?!  Басқа 

банктерде  қарыз  рəсімдей  отыра,  шартқа  үңілмей  қол  қойыппын  жəне  өмірді  сақтандыру,  

несиелік шот жүргізу үшін қосымша пайыз төлеген екенмін.  Халық банкінде мұндай қосымша 

алымдар жоқ. Жəне де ең бастысы, мені мазалаған - кепілге қойылған пəтерім. Кепілдіксіз 

қайта  қаржыландыру  арқылы    мен  өз  мүлкімнен  ауыртпалықты  алып  тастадым,  пəтерімді 

босатып алдым. Несиені есептен шығару автоматты түрде болады, маған «мерзімін өткізіп 

алмадым ба?» - деп  абыржудың, кезекте тұрудың еш қажеті жоқ. Қаражат жетпеген жағдайда 

смс-хабарландыру  келеді  жəне  мен  жеткіліксіз  соманы  карточкаға  сала  аламын.  Жалпы, 

жақсы  жақтары  көп.  Кепілдіксіз  қайта  қаржыландыру  мүмкіндіктері  туралы  білгеніме  өте 

қуаныштымын. Таныстарыма да жеңілдік туралы айтып жатырмын. Қазір несиелік тарихымды 

бүлдіріп алмауға тырысамын, өйткені, алдыма қойған жоспарларым көп. Бұл менің Халық 

банкіне соңғы рет келуім емес деп ойлаймын. 

Міне  осындай  əңгіме.  Біздің  əңгімемізден  қайта  қаржыландырудың  арқасында  өз 

қарызымның  жағдайын  айтарлықтай  жақсартуға  болатынын  анықтадым.  Шартты  түрде 

айтқанда,  бұл – алдыңғысын  өтеу  үшін  алынатын  тағы  бір  несие,  бірақ  анағұрлым  тиімді 

талаптармен (қарыз сомасы өзгермейді, бірақ артық төленетін сома азаяды). Бұл ай сайынғы 

төлемнің  азаюынан  байқалады.  Басқа  банктердегі  бірнеше  қарызды  біріктіруге  жəне  кепіл 

мүлкі  ауыртпалығын  алып  тастауға  да  болады,  тек  тұтынушылық  қарызды  емес,  сонымен 

қатар несиелеудің басқа түрлерін де қайта несиелеуге болады. 

Халық банкінің менеджерімен сұхбат кезінде бəрі расталды. Кепілдіксіз қайта қаржыланды-

ру талаптары қарапайым: оң несие тарихының жəне тұрақты табыстың болуы. Сонымен қатар, 

қаланың көптеген ұйымдарына арнайы ұсыныстар бар. Баянауыл ауылының тұрғындарына 

несие рəсімдеу үшін қалаға барудың қажеті жоқ, өйткені, ауылда «Қазақстан Халық банкі» 

АҚ-ның бөлімшесі бар. Бұл сіздердің уақыттарыңыз бен ақшаларыңызды үнемдейді!  

Қайта  қаржыландыру  сияқты  қызметтің  соншалықты  талап  етіліп  отырғандығы  енді 

түсінікті болды. 

Азалия ТАШЕВА.

СУРЕТТЕ: 

ҚАЙЫРБОЛАТ АМАНОВ

КЕПІЛДІКСІЗ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МҮМКІНДІГІ


Баянтау                                                     №27 (10626) 4 шілде, жұма, 2014 жыл

5

Мемлекеттік  қызметтердің  көбіне  қазіргі 

уақытта  ХҚКО-ында,  электрондық  үкімет 

порталында қол жеткізуге болады. 

Жақында ХҚКО-ында біліктілік санатын иемденусіз 

маман сертификатына өтініш беруге болатын болды. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  стандартын  əзір-

лейтін  мемлекеттік  органның  атауы – Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігі  болып 

табылады.

«Біліктілік  санатын  бермей  маман  сертификатын 

беру»  мемлекеттік  қызметінің  мекен-жайлары  мен 

жұмыс  кестелеріне  электрондық  үкімет  порталында 

түсінік берілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 

Денсаулық  сақтау  министрлігі  Медициналық  жəне 

фармацевтикалық  қызметті  бақылау  комитетінің 

облыстардың,  Астана 

жəне  Алматы  қала-

ларының 


аумақтық 

департаменттері, жəне 

«электрондық  үкімет» 

немесе  «Е-лицензиялау»  веб-порталы  арқылы 

көрсетеді.

Маман сертификаты медициналық білімі бар үміт-

кер жеке тұлғаларға беріледі. Көрсетілетін мемлекет-

тік қызметтің нəтижесінде қызмет берушінің уəкілетті 

лауазымды  тұлғасының  электрондық  цифрлық 

қолтаңбасымен  куəландырылып,  белгіленген  нысан 

бойынша  электрондық  түрде  біліктілік  санатын 

бермей  маман  сертификатын  беру  немесе  электрон-

дық құжат түріндегі бас тарту туралы дəлелді жауап 

беріледі. Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден 

бас тартудың себептері көрсетілген дəлелді жауапты 

қызметі  алушы  «жеке  кабинетінде»  электрондық 

құжат түрінде алады.

Аталмыш құжатты алу үшін бірқатар төмендегідей 

құжаттар  ұсынылуы  тиіс.  Олардың  қатарына 

жеке  куəліктің  көшірмесі  немесе  ҚР  немесе  

азаматының 

паспорты 

(төлқұжаты), 

сондай-


ақ,  аумақтық  департамент  басшысының  атына 

мемлекеттік  немесе  орыс  тілдерінде  біліктілік 

емтиханын  (тестілеу)  өтуге  жіберу  туралы  жəне 

маман  сертификатын  алу  жөнінде  жазылған  өтініш, 

нотариалдық  (нотариаттық)  немесе  медициналық 

кадр  қызметі  растаған  жоғары  медициналық  білімі 

туралы  дипломның,  интернатураны,  ординатураны 

жəне  резидентураны  бітіргендігі,  өтініш  білдірген 

мамандық  бойынша  бастапқы  мамандандырудан 

өткендігі туралы куəлік пен соңғы 5 жыл ішінде 144 

сағаттан  кем  емес  көлемде  мамандығы  бойынша 

біліктілігін  арттырғандығы  туралы  куəліктердің 

көшірмелері кіреді. 

Б.НАҒЫМОВ,

ХҚКО-ның инспекторы.

МАМАН СЕРТИФИКАТЫ

МАМАН СЕРТИФИКАТЫ

ҚР-ның  Еңбек  Кодексінде  əйел  еңбегін  жəне  отбасылық  міндеттерді  реттеу 

ерекшеліктері  екшеп  көрсетілген.  Аталған  Кодекстің 185-бабына  сəйкес  əйелдермен 

жасалған  еңбек  шартын  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  бұзуға  шектеу 

қойылған. 

Айталық жүкті немесе 3 жасқа дейінгі баланы, 14 жасқа дейінгі (мүгедек баланы) тəрбиелеп 

отырған  жалғызбасты  аналарға  қатысты  еңбек  шартын  жұмыс  берушінің  бастамасымен 

бұзуға  біліктілігінің  атқарып  жүрген  лауазымына  немесе  орындайтын  жұмысына  сəйкес 

келмесе, сот кесімімен одан əрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық 

бұзушылық  жасаған  жағдайлары  анықталса  ғана  жол  беріледі.  Ал,  егер  еңбек  шартының 

мерзімі  аяқталған  күні 12 аптадан  асқан  жүктілігі  туралы  дəрігерлік  қорытындыны 

ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала 3 

жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға 

міндетті. 

Нəзік жандыларға ауыр жəне қауіпті жұмыстарды атқаруға, сондай-ақ, олардың өздері үшін 

белгіленген  шекті  нормалардан  асатын  жүкті  қолмен  көтеруіне,  жылжытуына  болмайды. 

Жұмыс беруші жүкті жəне жеті жасқа дейінгі балалары бар əйелдерді, осы жасқа дейінгі 

балаларды  анасыз  тəрбиелеп  отырған  басқа  да  адамдарды  олардың  жазбаша  келісімінсіз 

түнгі  уақыттағы  жұмысқа,  үстеме  жұмысқа  тартуға,  іс-сапарға  жіберуге,  ақылы  еңбек 

демалысынан  кері  шақырып  алуға  құқығы  жоқ.  Сонымен  бірге,  бір  жарым  жасқа  дейінгі 

балалары  бар  əйелдерге  тынығуға  жəне  тамақтануға  арналған  арнайы  үзілістерден  басқа 

кемінде жұмыстың əрбір 3 сағаты сайын, 1 баласы бар аналарға кемінде 30 минуттық, екі 

немесе одан да көп баласы болса кемінде 1 сағаттық қосымша үзілістер беріледі. Берілетін 

үзілістер жұмыс уақытына кіреді жəне орташа жалақы сақталады. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет