№27 (10626) 4 шілде жұма 2014 жыл



жүктеу 6.4 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі6.4 Mb.
1   2   3

М.ҚҰНАНБАЕВА,

Баянауыл аудандық соты. 

ӘЙЕЛ еңбегі

Заң және қоғам

Бүгінгі қоғамда меншікке қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде көп белең 

алған  түрі – ұрлық.  Солардың  ішінде  мал  ұрлығының  салмағы  едəуір  басым. 

Таяуда  Баянауыл  аудандық  сотында  осындай  қылмыстық  əрекет  жасаған 

А.Беріков сынды азаматтың ісі талқыланды.  

Сотталушы А.Беріков өткен жылдың 10-қазанында сағат 15.00 шамасында есімдері 

тергеу  кезінде  анықталмаған  «Коля»  жəне  «Серік»  деген  адамдармен  өзара  келісіп, 

Баянауыл  ауданы  Қызылтау  ауылдық  округіне  қарасты  «Қуаныш»  жеке  шаруа 

қожалығының  иесі  Ж.Қасымовтың  меншігіндегі  өрісте  жайылып  жүрген  жылқысын 

жымқырған.  Олардың  көздеген  мақсаты - қасақана  бөтеннің  мүлкін  ұрлап  жатқанын 

түсіне  отырып,  пайдақорлық  ниетпен  оңай  олжаға  қарық  болу  еді.  Сотталушы 

А.Беріковтың қылмыстық əрекеттері бұнымен тыйылмады. Сол күні кешкі сағат 20.00 

шамасында  аталған  ауылдық  округке  қарайтын  «Айыртас»  жеке  шаруа  қожалығы 

маңына  келіп,  С.Мейрамбековтың  өрістегі 14 бас  жəне  осы  ауылдың  тұрғыны 

Б.Ернұровтың 3 бас жылқыларын жасырын айдап əкеткен. 

Алайда  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы,  Едірей  ауылынының  тұрғындары 

оны үйде ұйықтап жатқан жерінен ұстап алып, аудандық ішкі істер бөліміне тапсырған. 

Тексеру  кезінде  ол 18 бас  жылқыны  Баянауыл  ауданының  Қызылтау  ауылынан 

ұрлағанын жəне оңай олжасын Семей қаласына апара жатқанын мойындаған.

Алмазбек Беріков Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 

3-бөлігінің  «б»  тармағы  бойынша  кінəлі  деп  табылып,  осы  бап  бойынша  мүлкі 

тəркіленіп 4 жыл, 6 айға  бас  темір  торға  тоғытылып,  жазасын  түзеу  колониясының 

жалпы режимінде өтейтін болады. 

А.АСЕЛҚАН,

Баянауыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.   

Мал ұрлап, істі болды



Ағымдағы  жылдың  мамыр  айының 19 мен 23 аралығында  елімізде  өзге 

мемлекет  азаматтарының  заңсыз  көші-қоны  жəне  адам  саудасының  жолын 

кесу  мақсатында  Баянауыл  ауданының  аумағында  «Заңсыз  келуші-2014»  жедел 

профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. 

Баянауыл  ауданы  ішкі  істер  бөлімінің  көші-қон  полиция  тобының  қызметкерлері 

мен  құралдары  жұмылдырылып,  Қазақстан  Республикасына  заңсыз  келген  шетел 

азаматтарын  анықтау,  мемлекет  аумағындағы  олардың  қозғалысы  жəне  мекен-жайы 

бойынша  ішкі  істер  органдарына  тіркелуін  айқындау,  өзге  ел  азаматтарын  жұмысқа 

тарту  ережесі,  тəртібі  жəне  көші-қон  заңнамасын  бұзғандарды  анықтау  мақсатында 

шетелдіктердің мекен-жайы бойынша тексеру жұмыстарын қолға алды.

Сонымен қатар, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келіп-кету ереже-

сін бұзғандарды анықтау үшін транзиттік көліктер де тексеріске ілікті.

Іс-шара  барысында  Қазақстан  Республикасына  келіп-кету  ережесі  бағдарында 17 

құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылып, соттың оларды əкімшілік қамауға 

алу туралы шешімі қабылданды. 



А.КҮЛЖАНОВА,

Баянауыл ауданы ішкі істер бөлімінің көші-қон

 полиция тобының аға инспекторы, 

полиция капитаны.

«Заңсыз келуші-2014»

Жедел профилактикалық 

іс-шарасы



2011  жылдың 28 қаңтарында  сот  жүйесіндегі  Заңдардың  қатары  толықты.  Олай 

дейтініміз қабылданған «Медиация туралы заң» тараптар арасындағы дау-жанжалдың 

түйінін шешер жаңа бір тəсіл. Сөйтіп, бұл маңызды құжат жеке жəне заңды тұлғалар 

қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа 

қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу аясын қамтитын болды.

Бүгінгі  күнде  бұл  саланың  халыққа  түсінікті,  əрі  қарапайым  түрде  жеткізілуі  үшін  түрлі 

ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі  таңда  медиация  туралы  заңның  шын  мəнінде  жұмыс  істеп,  іргелі  құқықтық 

институтқа айналуы ең алдымен медиатор тұлғасына байланысты. Ал медиатор болу, оның 

жұмыс істеу тетіктері заңда айқын көрсетілген. Сондай-ақ, медиацияны тараптарға түсіндіріп 

жеткізу  жəне  ұсыну  басты  сұрақтың  біріне  айналып  отыр.  Бүгінде  Баянауыл  ауданында 

екі  кəсіпқой  емес  медиаторлар  бар.  Олар  Джанкулов  Сайитқұл  Бектайұлы  жəне  Қамашев 

Бейсембек Қожагелдіұлы.   

Жақында сот мəжілісінде Баянауыл аудандық сотының төрағасы Салатов Дулат Сақанұлының 

төрағалығымен  Қазақстан  Республикасында  медиация  туралы  заңның  қолданылуы  туралы 

жиын  өтті.  Аталмыш  жиынға  мекеме  мен  ұйымдардың  басшылары  жəне  қызметкерлері 

қатысты.  Күн  тəртібінде  жоғарыда  аталып  өтілген  заңның  қолданылу  аясы  төңірегіндегі 

мəселе қаралды. 

Медиация ұғымы туралы егжей-тегжейлі мəліметпен Баянауыл аудандық соты С.Даниярова 

таныстырып өтті. Ол: «Медиация институты туралы сот белсенді насихат жүргізе алмайды. 

Тараптар іс жүргізуді заңмен берілген медиациялық тəсілді қолдану, я болмаса қолданбауды 

өздері  шешеді.  Əсіресе,  жергілікті  атқарушы  органдар  деңгейінде  медиаторлар  ұйымдары 

жəне орталықтары даудың алғашқы сатысынан-ақ, учаскелік инспекторлар жəне құқық қорғау 

органдарының бөлімшелері тараптардың түйіткілді мəселелерін шешуде татулыққа шақыруы 

тиіс.

Ал, сот өз кезегінде жанжалды шешудің балама тəсілін насихаттау бойынша ақпараттық 



шараларды іске асырады», - деп қорытындылады.

Бұдан соң аудан прокуроры С.Əубəкіров, аудан əкімі аппаратының жетекшісі Қ.Əбілғазин,  

қорғаушылар алқасының қорғаушысы Т.Айтыбаев, кəсіби емес медиатор Б.Қамашев, Баянауыл 

аудандық ІІБ-ның басшысының орынбасары Б.Жұмабаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Тəліпов өз пікірлерін ортаға салды.

Қ.ТИТАН.

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМА ƏДІСІ



г. Павлодар ул. Центральный Промрайон, 395  «Бипэк-авто и Азия-авто» тел: 8-(7182)-78-77-35, г.Павлодар ул.Суворова, 7, «Рэно»  тел: 8-(7182)-54-20-75.

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: БАЯНАУЫЛ 

АУДАНЫНЫҢ ƏКІМДІГІ.

МЕНШІК  ИЕСІ: «БАЯНТАУ» 

ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. 

БАС РЕДАКТОРДЫҢ 

ОРЫНБАСАРЫ

 

Л.Т.ЖҮНІСБЕКОВА

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Баспа индексі 140300.

Павлодар облысы, Баянауыл 

ауылы, Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Газеттің нөмірі «Баянтау» редакциясында компьютермен теріліп, 

беттеледі.

Телефондар: 9-15-50 (Бас 

редактор), 9-20-24 (факс)

Қазақстан  Республикасының  Мəдениет,  ақпарат  жəне  қо-

ғамдық  келісім  министрлігінің  бұқаралық  ақпарат  құралын 

есепке  қою  туралы 2002 жылы 29 тамызда  №3255-Г  куəлігі 

берілген.

Газетті  есепке  қою  туралы  Қазақстан  Республикасының 

Мəдениет  жəне  ақпарат  министрлігінің  №7250-Г  куəлігі 2006 

жылғы 18 мамырда берілген.

Алғашқы  есепке  қою  кезіндегі  нөмірі  мен  мерзімі  №64-

09.10.1990 ж.

Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігі  Павлодар  

облысының  Əділет  департаменті  Баянауыл  ауданының  Əділет 

басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 

жылғы 21 желтоқсандағы №190-1945-04-ЖШС куəлігі берілген.

Павлодар қаласында, ЖШС «ДОМ ПЕЧАТИ» баспаханасында 

басылады. Ленин көшесі, 143 үй.

Автордың  пікірі  редакция 

көзқарасына сəйкес келе бермеуі 

мүмкін.  Мақалада  көрсетілген 

аќпараттар 

мен 

деректерге 

авторлар жауап береді. Жарнама 

материалдарының  мазмұнына 

берушілер жауап береді. Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық 

хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне 

алмайды. 

Хаттар, 

қолжазбалар  рецензияланбайды 

жəне қайтарылмайды.

Газет аптасына бір рет, жұма 

күні шығады.

ТАРАЛЫМЫ: 2000. 

Тапсырыс

№27 (10626) 4 шілде, жұма, 2014 жыл                                                      Баянтау

6

Баянауыл орманшылығында орман тұқымбағы орналасқан. Тұқымбақтың жалпы аумағы 

2,8 гектар аумақты алып жатыр. Тұқымбақта отырғызылатын қарағай бүршіктерімен парк 

толықтай қамтамасыз етілген. Саябақ аумағында өсетін өсімдік əлемінің маңыздысы болып 

қарағай болып саналады.

Қазақстан 

орман 

шаруашылығының 



ғылыми-зерттеу 

институтының 

жəне 

«Союзгипролесхоз»  жергілікті  тəжірибелі  орман  өсірушілердің  пікірінше  Баянауыл 



мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жерінің алқаптары қарағай ағашын өсіру ыңғайлы.

Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінің  қызметкерлері  орманды  өсіру,  молайту, 

өндіру мақсатында үнемі жұмыс жасауда. Жыл сайын қараша айынан бастап ақпан айына 

дейін  қарағай  бүршіктерін  жинау  жұмыстары  жүргізіледі.  Қарағай  бүршіктерін  қолмен 

іріктеп,  тұқымдарын  кептіріп,  тазалап  алады,  кейін  тұқымбаққа  отырғызылады.  Оны 2 

жыл өсіреді, суару, арам шөптен тазалау жұмыстары қолмен атқарылады. Орман екпелерін 

отырғызуға 2 жылдық қарағай ағаштары пайдаланылады.

Екпе ағаштары тек қана орманы жоқ алқаптарға егіледі. Өйткені, өздігінен өскін ағаштарға 

ылғал жетіспейді.

Саябақ бойынша биыл көктемде 29 гектар алқапқа орман екпелері отырғызылды.



Қ.ТЕМІРОВА,

табиғи кешендер мен объектілерді өсіру

жəне табиғатты пайдалану бөлімінің маманы.                            

Елімізде 

Қоршаған 

орта 


жəне 

су 


ресурстары министрлігі орман жəне аңшылық 

шаруашылық 

комитетінің 

бұйрығымен 

мемлекеттік 

ұлттық 


табиғи 

парктер 


қорының  нысандарын  сақтау  мақсатында 

жыл  сайын  «Парктер  шеруі»  акциясы  дəстүрлі  түрде 

ұйымдастырылып келеді. 

Игі  бастама  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ 

мəселелеріне  басшылықтың,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының, 

қоғамның 

назарын 


аудару, 

отандастарымыздың  табиғи  жəне  мəдени  мұрамызға 

деген мақтаныш сезімін оятуды көздейді.

Осы  жылы  өткен  көлемді  акцияға  Баянауыл 

ауданының  барлық  мектептері  белсене  кірісті.  Атап 

айтқанда,  Ш.Айманов  атындағы  жалпы  орта  білім 

беру  қазақ  мектеп-гимназиясы,  №2  Баянауыл  жалпы  орта  білім  беру  мектебі  жəне  №4 

Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Ақсаң, Егіндібұлақ жалпы орта білім 

беру мектептері, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі, Қ.Кемеңгеров, С.Торайғыров, 

Б.Хайдаров,  З.Ақышев  атындағы  білім  ордалары  мен  Жаяу  Мұса  атындағы  өнер  мектебі 

акция  шеңберінде  қолөнер,  сурет  салу,  фотобейнелер,  тұсаукесер,  музыкалық  қойылым 

сайыстарын ұйымдастырды. Ерекше көзге түскен мектеп оқушылары қазылар алқасының 

шешімімен  І,  ІІ,  ІІІ  дəрежелі  мадақтамалармен  жəне  Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық 

табиғи паркі əкімшілігі атынан берілген сыйлықтарға ие болды. Жиылған қауым өнерпаз 

оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

А. РАХМЕТОВА,

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері.

Табиғатты аялауға шақырады

ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ - ПАРЫЗЫМЫЗ

ТАБИҒАТ ЖƏНЕ АДАМ

Жеке кəсіпкер Қуанбаев Елемес құрылыс кірпішін (шлакоблок) сатады. 1 данасы 

130 теңге.

Майқайың кенті. М.Горький көшесі 32. 



Тел.: 2-17-93, 87713705651.

Тусупов Суюндик Дулатовичтің атына 2006 жылы берілген Баянауыл ауданы, 

Жаңатілек  а/о  Б.Хайдаров  атындағы  ЖОББ  мектебін  бітіргендігі  жөнінде  НМК 

№2300191 аттестат жоғалды.

Құжат жарамсыз деп танылсын.

Утеряны следующие документы на имя Хамит Амандыка:

1. Договар купли-продажи жилой квартиры;

2. Технический паспорт (Ф-1) на регистрируемые объекты недвижимости.

Утерянные документы считать недействительным.

Жаздың  алғашқы  күндерінде  Баянауыл  ауданы  тағы  бір  дүбірлі  доданың  куəгері 

болды.  Бұл  жолы  аудандық  спорт  кешенінде  күрес  өнерінің  грек-римше  түрінен 

Қазақстан Республикасының чемпионатының жалауы желбіреді. 

Бəсекелі жарысқа республикамыздың екі облысынан 70-тен аса спортшылар жиналды. 

Бұла күшпен айла-тəсілдің сынында боз кілем шеберлері тамаша өнер көрсетті.

8  салмақ  дəрежесі  бойынша  өткен  палуандар  сайысында  Павлодар  облысының 

құрама командасының қатарында белдескен баянауылдық Болат Манарбек 80 келідегі 

қарсыластарының осал тұстарын дөп басып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жеңіске 

жету жолында бар күш-жігерін аямаған ұлан Қазақстан Республикасының чемпионы 

атанды. Жарыс ережесіне сəйкес Болат Манарбекке Қазақстан Республикасының спорт 

шебері атағы да берілді. Біз жерлесіміз Болат Манарбекті жеңісімен құттықтаймыз.

 Палуандар бəсінің соңында Манарбектің  жаттықтырушысы Н.Таштаев жеңімпаздар 

мен жүлдегерлерге медальдар жəне грамоталар табыс етті.

М.САҒЫНТАЕВ, 

                           Баянауыл БЖСМ əдіскері.

Боксшылар сайысты

Бұрнағы  күні  Қарағанды  облысының  Сəтбаев  қаласында 2000-2001 жылдары 

аралығында  туған  жасөспірімдер  арасында  бокстан  Қазақстан  Республикасының 

чемпионаты өтті.

Жарысқа  еліміздің  облыстары  мен  қалаларынан  барлығы 157 былғары  қолғап 

шеберлері  қатысты. Павлодар облысының құрама командасынан шыққан Тұрсынбай 

Əнуар 52 келі салмақ дəрежесінде жартылай финалға дейін қарсыластарын тізе бүктірді. 

Тек жеңімпаздардың анықталар сəтінде ғана біздің спортшымыз ОҚО боксшысына есе 

жіберіп алды. Нəтижесінде өз салмақ дəрежесінде III орынға ие болып, қола жүлдені 

қанжығасына  байлады.  Біз  облысымыздың  намысын  қорғап  келген  спортшы  ұланы-

мызға жеңісі құтты болсын дей отыра, алдағы өтетін жарыстарда да биік белестерден 

көріне берсін дегіміз келеді.

Чемпион атанды



V сайланған Баянауыл аудандық мəслихатының

депутаттары мен сайлаушыларының 

ЕСІНЕ!

2014  жылғы 14 шілдеде  сағат 11.00-де  (Баянауыл  ауылы,  Қ.Сəтбаев  көшесі, 

49  үй,  аудандық  мəслихаттың  мəжіліс  залы) V сайланған  Баянауыл  аудандық 

мəслихатының кезекті ХХХV сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына мынадай мəселелер қарастыру ұсынылады:

1. Баянауыл ауданында жастар саясатын жəне патриоттық тəрбие беруді жүргізудің 

2013 жылы жəне 2014 жылғы І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы 

жəне басқа да мəселелер.



АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТ ХАТШЫСЫ.

Индивидуальный предприниматель Шукубаева А.Б. (серия 08915, №0189965 от 

13.05.2009 г.) прекращает свою предпринимательскую деятельность.

СПК «Баянаульский» (свидетельство о гос.регистрации серия 45, №0032060 от 

02.04.2001 г.) прекращает свою деятельность.

Өлкеміздің  нулы  шұрайлы  жерлерінің  бірі  орманды  алқаптар.  Көп  жылдар  бойы  бой 

көтеріп,  жайқалып  келе  жатқан  жасыл  желегіміздің  бірнеше  сағатта  отқа  оранып  кетудің 

қаупі тұр. Өйткені, кейінгі кездегі аптап ыстықтар, жаңбырдың жоқтығы, тұтанған темекі 

қалдықтары мен шырпы қурап жатқан ағаштар мен кеуіп қалған шөптердің тез тұтануына 

себепкер болуы мүмкін.

 Сондықтан өрт қауіпті мерзімінде мемлекеттік орман қоры аумағында от жағуға тыйым 

салынады.  Аңшылық  құрғанда  да  оталғыш  немесе  бықсығыш  материалдардан  оқтың 

қолдануға, жанармай заттарын сүрткен заттарды қолданған жерлерінде тастап кетуге, ашық 

түнде от қолданудан аулақ болыңыздар.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2014 жылдың I жартыжылдығының өзінде 

8 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл аз көрсеткіш емес. 

Сұлу желегіміз бен көрікті мекенімізді оттың шарпуына жол бермейік. Өрт қауіпсіздігіне 

мейлінше сақ болыңыздар дегім келеді.



А.НҰРПЕЙІСОВ, 

Баянауыл ТЖБ бас маманы, 

             өртке қарсы қызметінің аға лейтананты.                            

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕГІМІЗДІ ӨРТТЕН САҚТАЙЫҚ

Баянауыл  ауданы  Жаңатілек  ауылының  тұрғыны, 

Бақыт  Хайдаров  атындағы  жалпы  орта  білім  беру 

мектебінің директоры Азамат Уахитұлы Əміровты 

маусым айының 30-ы күні 50 жасқа толу мерейтойы-

мен  шын жүректен құттықтаймыз. Сізге ұзақ ғұмыр, 

отбасыңызға бақ-береке, еңбегіңізге табыс тілейміз.

Дос-жаран  мен  туған-туысқандарыңыздың  ал-

дында  абыройыңыз  əрдайым  артып,  аңсаған  ар-

мандарыңыздың асуларына жете беріңіз.

Мерейтойда нұрға толсын жүзіңіз,

Ауырмаңыз, жарқыраңыз, күліңіз.

Халқыңыздың арасында жайраңдап,

Əрқашанда бақытты болып жүріңіз.



ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕР: Б.ХАЙДАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА 

БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ. 

Жарқырап маңдайыңызда жұлдызыңыз,

Ерекше есте  қалар бұл күніңіз.

Қуаныш-шаттыққа тек бөлей берсін,

Өсірген, əлпештеген ұл-қызыңыз.

Қ ұ т т ы қ т а у





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет