№27 (699) 28 маусым Сенбі 2014 жыл бағасы келісім бойынша



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7624
  1   2   3   4

№ 27

(699)

28 маусым

Сенбі

2014 жыл

бағасы

келісім 

бойынша

қ.Шорманбаев,                                            

қаражал

қаласының

әкімі

з.оспанова,

қалалық 

мәслихат 

хатшысы

к.Шорманбаев,                            

аким 

города 

каражал

з.оспанова,

секретарь

городского 

маслихата

БәРекеЛді!

құрМетті айМақ

тұрҒынДары!

Жыл сайын 28 маусымда біз айтулы мереке - байланыс

және ақпарат қызметкерлерінің күнін атап өтеміз.

Бүкіл  елімізбен  бірге  біздің  аймағымыздың

экономикасы  да  қарқынды  дамып  келе  жатқандықтан

байланысшылар күннен күнге өсіп келе жатқан экономика

мен  аймақ  тұрғындарының  байланыс  қызметіне  деген

қажеттілігін 

толық 

қамтамасыз 



ету 

үшін


телекоммуникацияның  тиімділігін  арттыра  түсудің  тың

жолдарын іздестіруде.

Байланыс  жүйесінде  алдыңғы  қатарлы  техникалық

шешімдер  енгізіліп,  өндірістік  және  қаржылық

көрсеткіштер  жақсарып  келеді,  ірі  жобалар  іске

асырылуда.

Заманауи  әлемді  ақпаратсыз  елестету  мүмкін  емес,

сондықтан бүгінгі күні біз телевидение мен радио, мерзімді

басылым мен полиграфия саласының қызметкерлеріне,

біздің ақпараттық әлемімізді қызықты әрі бай етуге еңбек

сіңіріп жүрген барлық жандарға құрмет көрсетеміз. 

Байланыс  және  ақпарат  саласының  барша

қызметкерлеріне адал еңбегі мен толағай табыстары үшін

алғысымызды  білдіреміз.  Сала  қызметкерлері  алдағы

уақытта да қол жеткен биігінде қалып қоймай, әр жетістігін

еселей  арттырып,  алдағы  міндеттерді  жемісті  шешуге

үлес қоса береді деген сенімдеміз.

Қымбатты достар!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен

құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға

бірлік  пен  береке,  шаңырақтарыңызға  шаттық,  ырыс-

несібе және еңбекте табыс тілейміз. 



УваЖаеМые ЖИтелИ 

регИона!

Ежегодно  28  июня  мы  отмечаем  замечательный

профессиональный праздник – День работников связи и

информации.

Вместе со всей страной экономика нашего региона

набирает  стремительные  обороты,  и  потому  связисты

изыскивают  новые  резервы  для  совершенствования  и

повышения  эффективности  телекоммуникаций,  чтобы

полнее  обеспечивать  возрастающие  потребности

экономики и жителей региона в услугах связи. 

В  системе  связи  постоянно  внедряются  передовые

технические решения, улучшаются производственные и

финансовые  показатели,  осуществляются  крупные

проекты.


Современный  мир  очень  трудно  представить  без

информации,  и  сегодня  мы  отдаем  дань  уважения

работникам  телевидения  и  радио,  периодических

печатных изданий и полиграфической отрасли - всем тем,

кто  делает  наш  информационный  мир  богатым  и

насыщенным. 

Благодарим всех работников связи и информации за

их труд, преданность профессии. Уверены, что труженики

этих  отраслей  не  остановятся  на  достигнутом,

приумножат свои успехи, сохранят творческий подход к

решению стоящих перед ними задач.

Дорогие друзья!

От всей души поздравляем вас с профессиональным

праздником.  Желаем  вам  и  вашим  близким  крепкого

здоровья,  счастья  и  благополучия,  новых  трудовых

достижений.

Құрметті  бауырлар!  Мұсылман  қауымы  үшін  аса

ұлық қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға

аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер

мен мадақтар болсын!

Жаратушы  Иеміздің  жер  бетіндегі  барша  адам

баласын  әртүрлі  ұлттарға  бөліп,  жаратуы  –  Оның

шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: «…Бір-бірлеріңді

танып-білулерің үшін сендерді ұлттар мен ұлыстар етіп

жараттық»  («Хұжурат»  сүресі,  13-аят),  –  деп

баяндалған.

Бәрімізге жер, мекен, ғаламшар, Отан ортақ. Бізді

біріктіретін  ортақ  мақсаттар  көп.  Баршамыз

Жаратқаннан деніміздің саулығын, болашағымыздың

жарқын, өміріміздің тыныш болғанын тілейміз. Осынау

игіліктердің  орындалуы  бірлікке  байланысты  екені

белгілі. Ынтымағы ыдырап, бірлігінен береке кеткен

елдің  болашағы  да  бұлыңғыр  болмақ.  Қаншама

жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі мен тұтастығынан

айырылуының  негізгі  себебі  –  бауырмалдықтың

болмауы. Мекке мен Мәдина халқын татуластырып,

бір-біріне  бауырмал  еткен  Алла  Елшісі  (с.ғ.с.)

мұсылмандықтың іргесін бірлікпен бекемдеген.



Басы. Жалғасы 2 бетте.

ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Мейірімді, рақымды алланың атымен бастаймын!

ИМаныМыз бен бірлігіМізге 

бекеМ болайық!

қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

бас мүфти ержан қажы МалҒаЖыұлы хазреттің

қасиетті рамазан айына байланысты халыққа

ҮнДеУі 

«Қазыналы өңір» газетінің бұрынғы

редакторы,  жерлесіміз    Ерсін

Мұсабеков  Қазақстан  Журналистер

Одағы      сыйлығының    лауреаты

атанды.  Кілең  жүйріктер  қатысқан

аламанда    оза  шауып    бәйге  алған

журналист Ерсін Кәрібайұлын  барлық

Қаражал-Жәйрем 

тұрғындарының

атынан    шын  жүректен    құттықтай

отырып,  шығармашылық    табыс

тілейміз.   Бұл сыйлықтың бәсі  бірінен

де жоғары.  



Алтын  ТАЖИТОВА 

Мыңнан –

тұлпар!

27_Макет 1  01.07.2014  8:30  Страница 1



2

28 маусым 2014 жыл

САЛтАНАт

2002 жылы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының

Бас    Ассемблеясы    23  маусымды

Мемлекеттік  қызметші  күні    деп  белгілеп,

2013  жылдың  20  желтоқсанындағы

Жарлығына сәйкес  23 маусым- Қазақстан

Республикасының    мемлекеттік  қызметші

күні  деп белгіленіп, төл мереке  биыл алғаш

рет  аталып өтілді.   

Полиция күнімен  қатар келген айтулы іс-

шара   Қаражал  қаласының   мәдени-сауық

орталығында    өтті.  Оған    аймақтардағы

барлық  мемлекеттік    қызметшілер  мен

полицияның  жеке құрамы  шақырылды.   

Кәсіби мерекелерімен  құттықтаған қала

әкімі,  «Нұр  Отан»    партиясы    қалалық

филиалының    төрағасы    Қайрат

Шорманбаев: 

-Мен  бүгін    барлық  мемлекеттік

қызметшілер мен полицияның жеке құрамын

кәсіби  мерекелерімен  шын  жүректен

құттықтаймын. Біз барлығымыз да Отанға

және  Қазақстан  халқына    қызмет  етеміз.

Нұрсұлтан    Назарбаев  «Қазақстан-2050»

Стратегиясында  мемлекеттік  қызметті

жетілдіру, халыққа қызмет көрсету сапасын

көтеру  жөнінде  нақты  міндеттер  қойды.

Бүгінде мемлекеттік  қызметшілер  айтылған

тапсырмаларды жүзеге асырып, көрсетілген

бағытта қызмет істеп келесіздер.  Осынау

тынымсыз еңбектеріңізге  табыс тілеймін ,-

деді. 


Ішкі  істер  Министрі  полиция  генерал

лейтенанты  Қалмұхаммед  Қасымовтың

бұйрығымен  Қаражал  қалалық  ішкі  істер

бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы –

полиция подполковнигі Жанайдар Әубакіров

пен  ішкі істер бөлімінің  учаскелік  полиция

инспекторы – полиция майоры  Әбілқасым

Ізбасаровқа 1-ші дәрежелі  «Мінсіз қызметі

үшін»  медалін  өңір басшысы өз қолымен

тапсырды.  Мемлекеттік қызметте  мүлтіксіз

еңбегі  үшін  қала      әкімінің      Құрмет

грамотасымен қалалық мәслихатының бас

маманы    Жанат  Сатанов  және  қалалық

соттың  бас  маманы    Жанар  Әбдірзақова

марапаттталды.    Сонымен  бірге    қала

әкімінің грамотасы  және алғыс хаттарымен

бірнеше 

мемлекеттік 

қызметшілер

марапатталды.  Қызметке  жаңа  кіріскен

мемлекеттік 

қызметшілер 

Камила

Баратбаева  мен    Толқын  Дәулеткерімова



ант  қабылдады.  Құттықтау  сөз  сөйлеген

қалалық  ішкі  істер  бөлімінің  басшысы

А.Тәкібаев  және  бірнеше  жылдар    бойы

мемлекеттік  қызметте  болған,  бүгінгі  күні

зейнеткер Т. Федосова, ардагерлер атынан

сөйлеген  Ә.  Керімбеков    жүрек  жарды

лебіздерін  білдірді.  Бір  топ  мемлекеттік

қызметшілер  «Нұр  Отан»  партиясының

қатарын  толықтырды.  Әсерлі  іс  шараның

соңы 


мемлекеттік 

қызметшілердің

ұйымдастыруымен  қойылған    шағын

концерттік бағдарламамен аяқталды.     



Алтын ТАЖИТОВА 

МеМлекеттік  қызМет-

абыройлы МінДет

28  января 2011  года   в  Казахстане

принят,  и 5  августа  введен   в  действие

закон  «О  медиации».  Официальному

принятию    закона    предшествовала

большая  подготовительная,    научно-

исследовательская  работа.  Ещё   9  лет

назад,  20 сентября 2002 года Президентом

Казахстана  был издан Указ «О Концепции

правовой политики Республики Казахстан».

Отмечая  необходимость    гуманизации

уголовной политики, Указ  определил,  что

в уголовном судопроизводстве  это должно

быть  отражено  через    «более  широкое

внедрение  института  примирения  путем

расширения 

перечня 

преступлений,

подпадающих 

под 


возможность

освобождения 

от 

уголовной



ответственности 

через 


процедуру

медиации,  возмещения  потерпевшему

имущества  и  морального  вреда,  а  также

причиненного вреда здоровью». Это первое

упоминание  о  медиации  в  нормативно-

правовом тезаурусе Казахстана.

В Каражалском городском суде прошло

заседание  о  рассмотрении  Закона

Республики  Казахстан    "О  медиации",

посвященное вопросам его применения. На

заседание  были  приглашены  Тлешев

Азамат Негматоллаевичи- прокурор города,

Байдильдин  Жанбота  Сергазинович,

заместитель  начальника  ГОВД  по

оперативной работе и представитель СМИ.

Работу заседания открыл  председатель

суда  города  Н.Сыздыков  и  представил

слово  судье  Г.Ералиновой,  которая

рассказала  о  сфере  и    процедуре

применения 

медиации. 

Сферой


применения  медиации  являются  споры

(конфликты), возникающие из гражданских,

трудовых, 

семейных 

и 

иных


правоотношений с участием физических и

(или)  юридических  лиц,  а  также

рассматриваемые  в  ходе  уголовного

судопроизводства 

по 

делам 


о

преступлениях  небольшой  и  средней

тяжести,  если  иное  не  установлено

законами Республики Казахстан. Затронула

об  основных  понятиях,  используемых  в

настоящем Законе.

Медиация – процедура урегулирования

спора  (конфликта)  между  сторонами  при

содействии  медиатора  (медиаторов)  в

целях достижения ими взаимоприемлемого

решения, реализуемая по добровольному

согласию сторон.

Целями медиации являются:

1)  достижение  варианта  разрешения

спора  (конфликта),  устраивающего  обе

стороны медиации;

2)  снижение  уровня  конфликтности

сторон.


Медиатор  –  независимое  физическое

лицо,  привлекаемое  сторонами  для

проведения 

медиации 

на

профессиональной и непрофессиональной



основе  в  соответствии  с  требованиями

настоящего Закона.

В 

регионе 


человека


непрофессиональных медиатора: 

по  городу  Каражал  -  Садыков  Айкен,

Омар Мешитбай

по Жайрему – Сулейменов Жаксыбай,

Ахшибаев Тимербай

Медиаторы  региона  выразили  свое

мнения в ходе заседания.

На  заседании  круглого  стола  было

отмечено, что  внедрение  и применение

процедуры      медиации  в  судах  будет

свидетельствовать,  что  медиация  станет

частью  повседневной  жизни    и    в  целом

общей культуры  казахстанского  общества.

Зауреш ШАқТАйқыЗы

внеДренИе И прИМененИе МеДИаЦИИ

Халқымызда:  «Байлық  –  байлық  емес,

бірлік – байлық», – деген нақыл бар. Құдайға

шүкір, сайын даланы мекендеген сан алуан

ұлт пен ұлыстың тату-тәтті ғұмыр кешуі – бұл

халқымызға Алланың берген сыйы, өлшеусіз

рақымы.  Ұлт  өкілдерін  бірлікке  бастаған

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаев 

дін

қайраткерлерін  де  ынтымақ  пен  ымыраға



үндеп, татулық пен тұрақталыққа шақырды.

Астана  бейбітшіліктің  алтын  бесігіне

айналды. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар

еткен  отандастарымыздың  достығы  мен

татулығының арқасында нәсіп болған басты

байлығымыз.  Халқымыздың  кең  пейілі,

қонақжай,  бауырмал,  дархан  мінезі  кең-

байтақ  даламызда  достық  пен  бірліктің

ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына негіз болды.

Қадірлі ағайын! Діннің мақсаты – ізгілік,

береке мен бірлік. Ислам діні мемлекетте,

қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді.

Адамды соған тәрбиелейді.

Алла 


тағала 

адамзат 


баласын:

«Бөлінбеңдер»,  –  деп  бауырмал  болуға

бұйырған.  Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің

(с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды

үгіттеуінде үлкен мән бар.

Алла  Елшісі  (с.ғ.с.)  өз  өсиетінде

қамшының  сабындай  қысқа  өмірді  рухани

құндылықтарды  байытуға  арнау  қажеттігін

өсиет еткен. Ол (с.ғ.с.) қоштасу құтбасында:

«Мен орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы

бітпейтін  ұрыс-керіске,  дау-дамайға  қайта

бой алдырмаңдар», – деген.

Әлхамдулилла, 

ата-бабамыз 

сан

ғасырлардан бері аңсап өткен Тәуелсіздікке



қол  жеткізудің  арқасында  асыл  дініміздің

қайнар  бұлақтарымен  қайта  қауыштық.

Халқымыз  дербестікпен  бірге  дәстүрлі

мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие

болып,  оларды  заманға  сай  дамытуға

мүмкіндік  алды.  Өшкеніміз  жанып,

ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның

барлығы Қазақ елінің бүгінгі ұстанған бағыт-

бағдарының дұрыстығын, ата-баба жолынан

айнымағандығын білдіреді.

Енді  ұлт  жадынан  ұмытыла  бастаған

имани 


құндылықтарды 

қайта


жандандырудың  реті  келді.  Біз  Қазақстан

мұсылмандары 

діни 

басқармасының



аясында  2014  жылды«Дін  мен  дәстүр»

жылы  деп  жарияладық.  Мақсатымыз  –

ұлттық 

табиғатымызбен 



сабақтас

шариғаттағы  мәзһабымыз  бен  танымдық

мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді,

жауһарларымызды 

жарыққа 

шығару,


үзілгенімізді  жалғап,  жоғалтқанымызды

түгендеу,  сан  ғасырлық  тарихы  бар  діни

дәстүрлерімізді  қалпына  келтіру.  Сол

арқылы Қазақ елінің іргелі елге айналуы үшін

қолдан  келгенше  үлес  қосу.  Бүгінде

дәстүрмен 

сабақтас 

рухани


құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында

республика  деңгейінде  игілікті  іс-шаралар

ұйымдастырылып келеді.

Рамазан  –  тәлім  мен  тәрбие,  жасаған

жақсылықтардың 

сауабы 


еселеніп

жазылатын, 

Жаратушы 

Иеміздің


жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай

болса,  Алланың  теңдессіз  сыйына  ізгі  де,

қайырымды 

іс-әрекеттерімізбен 

қол

жеткізуде 



аянып 

қалмайық!

Имандылығымызды күшейте түсейік!

Қасиетті  айда  күнәға  жетелейтін,

Алланың ашуына шақыратын барлық жаман

істерге  жол  бермесек  екен.  Қоғамдық

көліктерде  жол  ақысы  арзандатылса,

күнделікті  тұтынатын  заттарға  жеңілдіктер

жасалса, асханаларда ауызашар мезгілінде

қайырымдылық акциялар ұйымдастырылса,

ұжымда, кәсіпорындарда, әсіресе, құрылыс

салаларында  ауыз  бекіте  жүріп  жұмыс

істейтін бауырларымызға құрмет көрсетіліп,

түсіністік танытылып жатса, нұр үстіне нұр

дер едік. Рамазан айында берілетін Құдайы

тамақтар 

ауызашар 

уақытында

ұйымдастырылса.

Асыл  дінімізде  әрбір  қайырлы  амал  –

садақа. Адасқанға жол көрсету де – садақа,

жабыққанды жұбатып, жылы сөз айту да –

сауапты амал. Рамазан айында осындай ізгі

істерге ден қойғанымыз абзал, ағайын!    

Қымбатты отандастар! Иман бұлағынан

сусындаған  адам  арына  дақ  түсірмейді.

Өйткені, 

Ислам 


адамгершілік

құндылықтарды  қастерлеуге  үндейді.  Осы

орайда баршаңызды қасиетті Рамазан айын

мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен

жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім

көрсетіп, сауапты амалдармен, ізгі істермен

өткізуге шақырамын. Алла тағала қасиетті

Құранда:  «Жақсылықта,  тақуалықта  бір-

біріңе  көмектесіңдер»,  –  деп  бұйырған

(«Мәида» сүресі, 2-аят).

Жарылқаушы 

айда 


жасаған

амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз басқа да

айларда  жалғаса  бергей!  Алла  тағала

баршамыздың  екі  дүниеде  де  жүзімізді

жарық,  әр  қадамымызды  берекелі  еткей!

Тілегіміз  қабыл,  мұратымыз  асыл  болғай!

Байлығымыз  –  иманымыз  бен  бірлігімізге

бекем болайық!



Соңы. Басы 1 бетте.

Мейірімді, рақымды алланың атымен бастаймын!

ИМаныМыз бен бірлігіМізге 

бекеМ болайық!

қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

бас мүфти ержан қажы МалҒаЖыұлы хазреттің

қасиетті рамазан айына байланысты халыққа

ҮнДеУі 

пРАвОвАя РефОРмА

27_Макет 1  01.07.2014  8:30  Страница 2



3

28 маусым 2014 жыл

Мен  осы  істі  бастадым,  елім  сеніп,

соңымнан  ерді.  Мемлекет  құруда  да,

Астана салуда да солай болды. Осыдан

артық бақыт бар ма?

*  *  *


Кең-байтақ еліміздің ортасынан орын

тепкен елорда – қасиетті мекен. Тәуке хан

мен Абылай ханның есімдері мәңгі өшпек

емес. Бөгенбай батырды, Балуан Шолақ

пен Иманжүсіпті берген қасиетті топырақ

ешқа¬шан  тозбақ  емес.  Астана  қаласы

келешекте  халқымыздың  тұрмысын

көтеріп,  беделін  асырып,  тұғырының

мықты  болуына  бастайтын  өрелі  істің

көшбасшысына 

айналмақшы. 

Ол

көркейіп, көріктеніп, үлкен мәдени және



ғылыми орталыққа айналуы керек.

Қала  күні  –  Астананың  жолбасы,

ізкесері ғана. Оның болашағы зор. Астана

өзгерсе,  адамдар  да,  өмір  де  өзгереді.

Сондықтан  мемлекет  ордасы  ел

эк¬но¬микасын 

өркендетудің

орталығына айналуы кер¬ек.

*  *  *

Ашығын айтайын, бұл шешімнің біздің



ұлттық  қауіпсіздігімізге  тікелей  қатысы

бар.  Мыңдаған  жылдар  бойы  ата-

бабаларымыз мекен еткен қасиетті қазақ

жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны

саяси саудаға салып, дарқан даламызды

дау-дама鬬¬ға 

айна묬¬дырғысы

келетіндер бар кезде, солтүс¬¬¬тік¬тегі

шұрайлы  өңірге  суық  көзінің  сұғын

қадай¬тындар бар кезде біз мына жылы

жерде,  әсем  қала  –  Алматыда  тыныш

отыра алмас едік.

*  *  *

Біз Алматыға сыймай кеткен жоқпыз,



біз оны қимай-қимай кеттік. Сол арқылы

біз елордамызды еліміздің географиялық

тұрғыдан 

алғанда 


орта 

тұсына,


экономикалық тұрғыдан алғанда оңтайлы

мекенге жылжытып қана қоймай, осыны

армандап  өткен  Әлихан  Бөкейханов,

Қаныш 


Сәтбаев 

сынды 


аяулы

арыстарымыздың арманы мен аманатын

жүзеге  асырып  шықтық.  Оған  қоса,

атақоныс,  шырайлы  өлкемізге  көз  сұғы

түсе  берген  әлдекімдердің  жымысқы

ниеттеріне де тұрлаулы тосқауыл қойдық.

*  *  *

Бұдан былай және ғасырдан ғасырға,



осында  ұлан-байтақ  елдің  кіндігінде

халық тағдыры үшін өміршең маңызы бар

шешімдер  қабылданатын  болады.  Бұл

жерде енді Отанымыздың жүрегі соғуда.

Осы 

жерден 


Қазақстан 

үшінші


мыңжылдықтың  табалдырығында  өзінің

тарихи тағдырын айқындайтын болады.

*  *  *

ХХІ ғасырдың табалдырығында біз өз



таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі

аспаны  астында  қоныс  тепкен  жаңа

астанамыз  туралы  мәлімдейміз.  Бұл

таңдау  астарында  еліміздің  қазіргі

басшылығының айқындамасы ғана тұрған

жоқ.  Бұл  таңдауда  Тәукенің  көрегендігі

мен  Абылайдың  ұлылығы,  есімдері

аңызға айналған билердің даналығы мен

1986  жылдың  желтоқсанында  ұлттық

қадір-қасиет  дегеннің  не  екенін  күллі

әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің

қаһармандығы  тоғысып  жатыр.  Бұл

таңдауда  өз  тағдырының  қожасы  болу

құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған

қандастарымыздың ерік-жігері бар. Осы

таңдауға дәйім лайық болайық!

*  *  *

Ғасыр аяғында, ғасырлар тоғысында



біздің тәуелсіздігіміздің айқын нышаны –

Қазақстанның  жаңа  астанасы  Астана

болды. 

Тұңғыш 


рет 

 

біздің



мемлекетіміздің тарихында жалпыұлттық

мүддемізді  ескере  отырып,  біз  өз

астанамыз  туралы  шешімді  дербес

қабылдадық.

*  *  *

Тәуелсіздік туы көгімізде желбіре¬ген



күннен  бас¬тап,  Қазақстан  үшін  жаңа

тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың

сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі

еді. Батыл ой, батыл әрекет қажет болды.

Міне,  осы  тұста  өзімнің  көкірегімде

қайнап  піскен  осы  идеяны,  ешбір

кедергіге  қарамастан,  кейбір  үзеңгілес,

тілектес  жандардың  да  күдіктеріне

қарамастан,  аяғына  дейін  қорғап

шыққанымды  сіздердің  алдарыңызда

бүгін мақтанышпен еске аламын.

Он  жылдың  ішінде  Астана  әлемге

танылды және елімізді де әлемге танытты

деп  айта  аламыз.  Астананың  көркіне

небір  өркениетті  елдерден  келген

шетелдіктер таңғалуда.

Астана – ең алдымен азаттығымыздың

символы, Қазақстанның жаңа тарихының

шынайы 

шежіресі, 



қарқынды

дамуымыздың, 

қол 

жеткен


табыстарымыздың, абырой-беделіміздің,

береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

*  *  *

Астана арқылы біз жаһандық әлемге



жаңа  Қазақстанды  аштық.  Алайда,

бәрінен бұрын бұл қаланы өзіміз үшін, өз

Атамекеніміз үшін жаңаша аштық.

Астананың 

құрылысы 

осынау


жылдары  біздің  еліміздің  әлеуетін

танытып, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең

орасан мегажобаға айналды.

Бүгінде  Астана  –  бұл  Қазақстанның

жаңа  тарихы  жинақталған  орын.

Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл

мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге

болады.


*  *  *

Есілдің  сол  жағалауындағы  қаланың

жаңа  орталығы  тәнті  етеді,  оның  қала

түзушілік идеясын бүкіл әлемге танымал

белгілі  архитектор  Кисе  Курокава  және

басқа  сәулетшілер  айрықша  шабытпен

әзірлеген болатын.

Оның  аса  маңызды  қағидаты  –  бір

тұрпатты, 

бір-біріне 

ұқсамайтын

ғимараттар  болмауы  керек.  Ендігі  бір

қағидат  мынада:  Астана  –  бұл

еуразиялық  қала,  ол  әлемнің  барлық

тараптарының  –  Батыс  пен  Шығыстың,

Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдениеттерінің

жай  қосындысымен  емес,  солардың

үйлесімімен, кірігуімен ерекшеленеді. Бұл

күрделі, бірақ та нақты іске асатын міндет

еді.


Астана көз алдымызда өсіп, құлпырып

келеді,  ол  ең  болмағанда  бір  рет

көргендерді  таңдандырып,  өзіне  ынтық

етеді.


*  *  *

Астана  бүгінде  сәулетімен  ғана

дараланып қоймай, бау-бақшалы қалаға

айнала  түсуде.  Елу  мың  гектар  Астана

төңі¬регіндегі орман соңғы шек емес. Біз

Бура¬бай  өңірін  Астанамен  орман

арқылы жал-ғастыруды жоспарлаудамыз.

Бар-жоғы 50 шақырым қалды. Бұл жасыл

белдеу  қаланы  жазғы  аңызақ  жел  мен

қыс¬¬¬қы  борандардан  қорғайтын

болады.  Осы¬ның  арқасында  біздің

қалада климат өзгер¬ді. Алайда, бәрінен

бұрын  ол  біздің  сезім¬деріміздің

арқасында өзгерді деп ойлаймын. Астана

орасан зор дала өлкесінің кін¬ді¬гіндегі

жасыл 


оазиске, 

эколо㬬¬ия¬лық

жବғы¬нан таза мегаполистің өнегесіне

айналады.

*  *  *

Астана біздің Отанымыздың жүрегіне,



халықты  біріктірген  ұлттық  идеяға

айналды, ол халықтың өз күші мен ұлы

мақсаттарына деген сенімінің символына

айналды.


Бүгінде  бүкіл  Қазақстандағы  секілді

Астанада  жүзден  астам  ұлыстардың

өкілдері  тұрып  жатыр.  Бұл  күн  сайын

қоныс тойы, күн сайын мереке, үй¬ле¬ну

тойлары болып жататын қала. Ондаған

мың қо¬ныс¬ тойлары, жаңа отбасылар

мен жаңа тағдырлар қаласы.

*  *  *


Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа

мәтінін  жазу.  Мұндай  мәртебе  әр

ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген.

Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім

қабылдап,  Еуразияның  жүрегінде  іс

жүзінде жаңа Астана құрдық.

*  *  *

Әрбір  лидердің  өз  шығар  биігі,



арманына  айналған  алар  асуы  болуы

тиіс.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  бар

беделіңді, болашағыңды бәске тігуге тура

келмек.  Жас  тәуелсіз  мемлекетті  және

оның  жаңа  астанасын  орнату  идеясы

осылайша жүзеге асты.

*  *  *

Жастар, 


сендер 

өзгерістерден

қорық¬¬паңыз¬дар,  біз  сендерге  үлкен

үміт  артамыз,  өз  бола¬шақтарыңды  өз

қолдарыңмен жасап үйре¬нулерің керек.

Жаңа Қазақстан, жаңа Астана сендерге

осындай зор мүмкіндіктерді ұсынып отыр.

*  *  *


Біз ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа

мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл

ортасынан  бас  қаламыз  –  Астананы

салдық.    Бүгінде  әлемдік  қауымдастық

үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз

ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап

даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі

ретінде орнықты.

Біздер,  қазақстандықтар,  Астананы

асқақтату арқылы дүние жүзіне өзімізді –

келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет

екенімізді таныттық.

*  *  *

Халқымыз жаңа да жас мемлекетінің



астанасын  өзінің  қалаған  жеріне,  өзінің

қалауы бойынша орнатты. Ең бастысы –

өзінің кіндік қаласының құрылысына білек

сыбанып, бар күш-қайратын, ынта-жігерін

салды. Әр көшеге, әр үйге жүрек мейірін,

перзенттік  сүйіспеншілігін,  жан  жылуын

жұмсады.

Астана осылайша халқымыздың аялы

алақаны, ыстық мейірімімен тұрғызылды.

Сондықтан да, бұл қала бәрімізге ерекше

қымбат, айрықша аяулы.

Тәуелсіздіктің негізгі мәні – тарихтың

жаңа  бетін  өз  еркіңмен,  өз  шешіміңмен

бастауда  болса  керек.  Тәуелсіздік  бізге

жаңа  жолымызды,  өзіміздің  соны

соқпағымызды  табуға  зор  мүмкіндік

ұсынды. Сол жаңа жолымызды біз Астана

арқылы таптық.

*  *  *

Астана  ауыстырылғалы  бері  әрбір



қазақстандық елде іргелі де қажетті шаруа

қолға  алынғанын  сезініп  өмір  сүре

бастады.

Ғасырлар 

бойғы 

тұсау 


мен

тоталитаризм 

бұғауларын 

серпіп


тастаған, соның алдында ғана дағдарыс

пен күйзелісті бастан өткерген елде жаңа,

жақсы заман туып келе жатқаны сезілді.

Қазақстандықтардың 

бәрі 

жас


державаның жас елордасы – Астананың

жан-жағына  үміт  пен  батылдықтың  жан

сергітер  шапағы  шашырап  жатқанын

көрді.


*  *  *

Астана біздің ұлттық санамызды нағыз

егемендік  деңгейіне  жеткізіп,  қазақ

этносын 


ұйымдастырған 

идеялық


символға  айналды.  Оның  біздің

азаматтарымыздың  отаншылдық  рухын

асқақтатудағы ма-ңызына баға жетпейді.

*  *  *


Астананың  халықаралық  маңызы

әлде¬қай¬да  өсті.  Астана  –  бұл  осы

заманғы  аса  ірі  геосаяси  жоба,  ол

Қазақстан туралы түсінікті өзгертеді.

Біздің елорда өңірлік және жаһандық

қауіп¬сіздікті нығайтуға үлес қосуы тиіс

көп¬теген форумдарды өткізудің орнына

айналды.


Астана  қазірдің  өзінде  жай  елорда

емес, ол енді еуразиялық интеграцияның

елордасы ретінде көрініп отыр. Нақ осы

Астана  өңірлік  даму  бойынша  жаңа

идеялардың,  көзқарастардың,  нақты

бағдарламалардың генераторы болуда.

*  *  *

Кез  келген  елдің  тарихында  ұлттың



ұжымдық  рухы  тыныштық  кезеңінен

пассионарлық  кезеңіне  көшетін  кездері

болады. Сол кезде адамдардың жиынтық

энергиясы,  олардың  интеллектуалдық

және 

шығармашылық 



күш-қуаты

таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізуге,

бір  ұрпақтың  кезінде  басқа  елдерде

жүздеген жылдар кететін жолды еңсеруге

мүмкіндік береді.

Біздің  тарихымызда  мұндай  кезең

біздің  елорданың  –  Астананың  пайда

болуымен басталды.

*  *  *

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Ел қатарлы



Одақтан бөлініп шыққаннан, тәуелсіздік

алғаннан,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына

қабылданғаннан,  Туды,  Гимнді,  Гербті

бекіткеннен  ел  бірден  шын    мәніндегі

тәуелсіз  мемлекет  бола  қалмайды.

Шынтуайтында, жаңағы жайлардың бәрі

кез  келген  мемлекеттің  міндетті

атрибуттары. Тәуелсіздіктің басты белгісі

–  өзіңнің  тағдырыңды  өзің  шешуге

қабілеттілігіңнің  келуі.  Тәуелсіз  саясат

жүргізе  алуың.  Соған  шамаңның  жетуі,

мүмкіндігіңнің  келуі.  Еуразияның  қақ

ортасында  біз  орнатқан  Астана  –

Қазақстан  халқының  дербес  таңдауы.

Астана – елдің болашаққа салған көпірі.

Жаңа қоғамның символы. Біз іс жүзінде

жаңа  мемлекет  орнатуды  астанамызды

жаңадан  салудан  бастадық  десек  те

артықтығы жоқ.

*  *  *


Арқа төсінен жаңа елорда салуымыз

бізге түбірлі міндеттерді шешуге мүмкіндік

берді. 

Астана 


арқылы 

біздің


халқымыздың ғасырларға созылған көші

межелі жерге жетті. Сарыарқаның саумал

самалды даласына қазық қағу қазақтың

кем  қойғанда  соңғы  бір  жарым  ғасырға

созылған  отырықшылдану  үдерісін

біржолата түйіндеді.

Астана  арқылы  қазақ  өзінің  жеріне

толық ие бола алды. Ел иесі кім екенін,

жер  киесі  қайда  екенін  бүкіл  әлемге

көрсеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет