№2(70)/2013 Серия филология


Культура художественной речи



жүктеу 1.59 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата15.03.2017
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Культура художественной речи 
(на примере повести О.Бокея «Атау кере») 
Статья  посвящена  вопросам  коммуникативного  качества  культуры  художественной  речи.  Отмечено, 
что диалог между автором и читателем художественного текста является фактором, способствующим 
высокому  уровню  культуры  художественной  речи.  Коммуникативное  качество  речи  отражено  в 
художественном  тексте  в  виде  языковой,  когнитивной  и  эстетической  информации, 
интертекстуальных  явлений.  В  работе  на  примере  произведений  писателя  О.Бокея  показаны  факты 
применения в коммуникативно-эстетической функции культурно-языковой информации
 
Zh.A.Zhakupov  
Culture of art speech 
(on the example of O.Bokey's story to «Atau kerе») 
The article is devoted to the quality of the communicative culture of artistic speech. The dialogue between the 
author and the reader of a literary text is a contributing factor to the high level of artistic culture of speech. 
Communicative quality of speech is reflected in a literary text as linguistic, cognitive and aesthetic 
information of intertextual phenomena. The article shows on the example of works of the writer, O.Bokey, 
the evidence of the use of cultural and linguistic information in communicative and aesthetic function. 
 
 
 
 
ƏOЖ 81’ 
А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: adilova2010@mail.ru) 
Қазақ толғауларындағы «редиф» құбылысы 
Мақалада поэзиялық шығармаларда кездесетін редиф құбылысының өзіндік табиғаты қарастырылды. 
Редиф  ұйқастан  кейін  келетін  ерекшелік  əрі  толғау  мəтіндерінде  жиі  кездесетін  заңды  құбылыс 
тұрғысынан  талданды.  Толғауларда  күрделі  етістіктің  қосымша  сыңары,  есім  сөздер  жəне  шылау 
түрінде  келген  редиф  қатары  əр  түрлі  сипатқа  негізделетіні  сараланды.  Ең  алдымен  ұйқасты 
күшейтудегі  ырғақ  пен  өлшемге  қызмет  ететіндігі  екшеленді.  Сонымен  қатар  жыраулар  поэзиясы 
толғау өлеңдерінің мазмұны, идеясы да редифтің қатыстырылуына негіз жасайтыны анықталды. Атап 
айтсақ, олар — дидактикалық мазмұн, портрет, арнау өлеңдер. 
Кілтті  сөздер:  көркемдік  тəсіл,  ұйқастың  буындық  құрылысы,  өлең  эвфониясы,  күрделі 
баяндауыштың көмекші сыңары, септеулік шылаулар, редифтік позиция, ұйқас жасаушы сөз, əуендік 
ырғақ, мағыналық жəне құрылымдық тұтастық. 
 
Өлең  жолдарындағы  ұйқас  туралы  айтқанда  редиф  жөнінде  айтпай  кету  мүмкін  емес,  өйткені 
бұл  құбылыс — ұйқаспен  тікелей  байланысты  мəселе.  Редиф — көркемдік  тəсіл  жəне  поэзиялық 
шығармаларда  кездесетін  ерекшелік.  Бұл  турасында  профессор  С.Негимов: «Ұйқастың  буындық 
құрлысына  тоқталғанда  өлең  эвфониясын  арттыратын  редифті  ұйқас  та  мол  ұшырасады.  Редиф 
дегеніміз — ұйқастан соң бір не бірнеше сөздің тұрақты қайталануы. Ұйқастың редифпен келуі буын 
мен  дыбыс  үндестігіне  сəйкестелуі  өлеңнің  музыкалығына  кең  өріс  ашады» [1] дей  келіп,  бұл 
қосымшаның əдеби айшықтығын баса көрсеткен. Ал біздің тарапымыздан бұл қосымшалардың тілдік 
тұлға түріндегі байланыстырғыш рөлі көрсетілмекші. 
Ерте заман поэзиясындағы редиф құбылысының мəнін А.Ахметбек былайша көрсеткен: «Ахмет 
Йассауи хикметтері зікір негізінде туындағандықтан, зікірдің атрибуты қайталамалар (редиф) өте көп 
кездеседі. Оның «мəнə», «əрміш» сияқты жай редифтермен қатар күрделі бір тармақтық редифтерді 

А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов 
16 
Вестник Карагандинского университета 
қолдануы  хикметтердің  əуендік  ырғақта  айтылуына  мүмкіндік  берген.  Бұл  редифтер  көркемдеу 
қызметімен қоса əр тармақ не шумаққа мағыналық толықтық пен мəнерлілікті беріп отырған» [2]. 
Ал  орыс  ғалымы  И.В.Стеблева  өзінің  «Ритм  и  смысл  в  классической  тюркоязычной  поэзии» 
деген  еңбегінде  редифті: «Согласно  определению  средневековых  поэтик,  редиф — это  одно  или 
несколько  слов,  следующих  за  словами  с  буквой  равви  (т.е  за  рифмующимися  словами).  Редиф 
должен  быть  неизменным  на  всем  протяжении  стихотворения.  Это  значит,  что  слова,  образующие 
редиф,  должны  употребляться  в  одинаковой  грамматической  форме,  иметь  один  и  тот  же  смысл  и 
занимать в бейтах ритмическую тождественную позицию» [3; 89], — деп сөз еткен. 
Негізінен, редиф түзеуге ең көп қатыстырылатын элемент — күрделі етістіктің көмекші сыңары. 
Демек,  бұл  құбылыс,  ең  алдымен,  баяндауыш  мүшелердің  құрамында  молынан  жүзеге  асады.  Бұл 
турасындағы пікірімізді нақтылау үшін И.В.Стеблеваның мына тұжырымын ұсынамыз: «Очень часто 
в редиф ставится вспомогательный глагол, образующий глагольную часть сказуемого, и уж поэтому 
редиф невозможно было исключить из бейта (или его полустиший), не нарушив смысл, заключенный 
в их предложениях» [3; 90]. 
Жыраулар  туындыларында  күрделі  баяндауыштың  көмекші  сыңары  əр  сөйлем  сайын 
қайталанып  редиф  жасайды.  Өздері  қатыстырылған  жолдардың  өзгеше  өрнегін  айшықтайды.  Бұл 
олардың  өлең  жолдары  ішіндегі  əуез  талабын  еселеуші  құрал  қатарына  енуі.  Мұнда  келер  шақ 
есімшенің жалғауымен келген е-етістігі жиі қолданылады. 
Шалкиіз жырау: 
Құсты жисаң бүркіт жый, 
Қыс тоныңды түлкі етер
Бір жақсымен дос болсаң, 
Азбас, тозбас мүлкі етер
Бір жаманмен дос болсаң, 
Күндердің күні болғанда, 
Жеміле ғаламға күлкі етер [4; 86]. 
Етер  етістігі  өткен  шақ  есімшенің  қосымшасымен  келіп,  күрделі  баяндауыштың  көмекші 
сыңары тұлғасында да редиф жасап тұрады. 
Үмбетей жырау: 
Қосағың қоса ағармас қосақ екен, 
Құдайым осылайда қосады екен. 
Тоты құс жарақатқа кенде бопты, 
Бұқарым, айтар міне осы-ақ екен [4; 129]. 
Бұқар жырау: 
Тоқсан бес деген тор екен, 
Дəйім жаның қор екен, 
Қарғиың десең екі жағың ор екен 
Найза бойы жар екен, 
Түсіп кетсең түбіне, 
Түбі жоқ терең көл екен, 
Ел қонбайтын шөл екен, 
Келмейтұғын неме екен [5; 37]. 
Жиембет жыраудан келтірген жолдарда есімшенің болымсыз формасымен де келген: 
Атадан жалғыз мен емес, 
Хан ие ісің жол емес. 
Жолбарыстай Жолымбет 
Құрбандыққа қол емес... [4; 52]. 
Бұқар жырау мəтінінен берілген екі сөйлем көлемінде болымсыз формалы де етістігінен болған: 
Құрсағы жуан боз бие 
Құлын салмас демеңіз. 
Қулық туған құлаша 
Құрсақтанбас демеңіз... [5; 59]. 
Осы жыраудың мына жолдарынды редифті бұйрық райлы етістік жасап тұр: 
Айтар болсаң алланы айт, 
Таңертең азан шақырған 
Дауысы сұлу молланы айт... [5; 102]. 

Қазақ толғауларындағы «редиф» құбылысы 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
17 
Үмбетей  жыраудың  толғауы  мəтінінен  жедел  өткен  шақ  формасындағы  болды  етістігінен 
жасалған редифті көре аламыз: 
Батыры ханға сай болды, 
Елің жайпақ бай болды, 
Қыс қыстауы тау болды, 
Жаз жайлауы көл болды, 
Салқын сары бел болды... [4; 78]. 
Демек,  жыраулар  туындыларында  көбіне  күрделі  баяндауыштардың  көмекші  сыңарлары — 
редиф  жасаудағы  өте  өнімді  тəсіл.  Оған  бұлардың  тармақ  немесе  сөйлем  соңындағы  тұрақты 
орындары негізгі себеп. 
И.В.Стеблева  баяндауыш  мүшелердің  редифіне  қатысты  былай  деген: «Следует  специально 
отметить, что редиф, как повторение одного и того же слова на концах полустиший, в тюркоязычной 
поэзии  широко  использовался  потому,  что  многие  глагольные  формы  являлись  составными,  их 
именную  часть  образовывали  арабские  и  персидские  слова,  в  качестве  вспомагательных  глаголов 
употреблялись  слова  қылмақ,  етпек  (делает),  согласно  же  нормативному  порядку  слов  трюкского 
предложения  сказуемое  (особенно  его  глагольная  часть)  всегда  должно  находиться  в  конце 
предложения.  Поэтому  использование  глагола-сказуемого  в  качестве  редифа  для  тюркской 
поэтической  речи  было  вполне  естественным,  ибо  сохранялась  правильная  синтаксическая 
конструкция тюркского предложения» [3; 93]. 
Сонымен  қатар  бұл  ғалым  күрделі  баяндауыштың  көмекші  сыңарынан  басқа  өзге  де  сөздер 
редиф бола алатынын айтады [3; 94]. 
Арнау  өлеңдердің  көбінде  адресаттың  аты  ұйқас  құраушы  сөзден  кейін  келіп,  редиф  жасайды. 
Əдеттегі орындары сөйлем соңында келмейтін есім сөздердің ырғақты жолдардың ерекшелігіне сай 
тармақ не сөйлем соңына түсуінің бір қыры осы жерден табылады. Жыраулардың өздері өмір сүрген 
кезеңде  мемлекет  басқару  ісіне  араласуынан  да  олардың  туындыларынан  ел  басқарған  хандар 
есімдерінің қатысуымен редиф жасалып тұрады. 
Бұқар жырау: 
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, 
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, 
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай... [5; 37] 
Мына  толғаудағы  жолдың  ең  соңында  келіп  отыратын  демеулік  шылаудың  осы  шығарманың 
құрылымдық  тұлғасын  өрнектейтінін  байқауға  болады.  Мұндай  жағдайда  автордың  ішкі  тебіренісі, 
толғанысы айрықша мəнде келген. 
Енді бір толғаулар жолдарында ел қорғаны батырлардың аттары редиф жасап тұрады. Бұлар да 
əр сөйлем соңында ұйқас құраушы сөзден кейін қайталанып келіп, сол бойында мəтіннің ден бөлігін 
қамтиды.  Олардың  əсерінен  туындының  ішкі  мəні  мен  сыртқы  түрінде  белгілі  бір  үйлесім 
туындайды. 
Үмбетей жырау: 
Уа, Алатаудай ақшадан, 
Асып тудың, Бөгенбай, 
Болмашыдай анадан 
Болат тудың, Бөгенбай! 
Құбыла көшкен байтақтың 
Ордасындай Бөгенбай! 
Темір жұмсап, оқ атқан 
Қорғасындай Бөгенбай! 
Қолтығы ала бұғының 
Тəйкесіндей Бөгенбай! [4; 131]. 
Ал мына толғау болса туған жер, өскен ортаға айтылған арнау түрінде келген. Бұл өз кезегінде 
шығарманың тілдік өрнегін айшықтайды. Солай болғандықтан, жұрт сөзі бұл толғау жолдарындағы 
ұйқастан  соң  үнемі  қайталанып  отырады.  Демек,  бұл  сөз  мағыналық  маңызбен  бірге  құрылымдық 
қатарды тізбектеп тұрады. Соның нəтижесінде олар редиф жасап тұр. 
Бұқар жырау: 
Ақ сары атан еспелі, 
Ел жайлауға шыққан жұрт. 

А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов 
18 
Вестник Карагандинского университета 
Ақтың жолын күзетпей, 
Жамандықты тұтқан жұрт. 
Мамырласып, бай болып, 
Байсал тауып жортқан жұрт... [5; 41]. 
Мұндай редифтер түзілгенде сол сөз арқылы автор белгілі бір мазмұнға ерекше назар аудартады. 
Мұнда автор жұрт сөзін нақтылап тұрады. Сол сөз арқылы өлеңнің мазмұнын тереңдетеді, идеялық 
ойды  айшықтайды  əрі  өлеңге  көркемдік  мəн  үстейді.  Демек,  олардың  шығармада  атқаратын 
көркемдік орамы осындай болып келген. 
Келесі  толғауларда  редиф  түзеуші  сөздер  арқылы  шығармадағы  іс-əрекеттің  мезгілдік 
дүркінділігі өрнектеледі. Автор бұларды үнемі қайталау арқылы сол сөзге ерекше назар аудартады. 
Бұқар жырау: 
Қызды ауылды көргенде, 
Бұлаңдатқан жиырма бес. 
Төстен қашқан түлкідей, 
Сылаңдатқан жиырма бес. 
Күлдір-күлдір кісінетіп, 
Күреңді мінген жиырма бес. 
Күрек тісін қасқайтып, 
Сұлуды құшқан жиырма бес... [5; 34]. 
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек, 
Бұрылып ұшар жаз күні. 
Боз мойынды сұр үйрек 
Көлге қонар жаз күні. 
Байлар ұғылы шоралар, 
Көл жағалар жаз күні [5; 24]. 
И.В.Стеблева бұл аталған ерекшелікті редифтер жайында: «В тех случаях, когда редиф является 
дополнительным  средством  художественного  изображения.  Такой  редиф  приобретает  характер 
припева  и  используется  как  ещё  одно  украшение  поэтической  формы,  призванное  осуществить 
многоступенчатые смысловые связи единой семантической системы произведения» [3; 130], — дейді. 
Толғаулардағы  редиф  жасаушы  элементтердің  келесі  түрі — септеулік  шылаулар.  Септеулік 
шылаулар — қатар  тұрған  сөйлемдердің  арасындағы  құрылымдық  байланыс  желісін  еселей  түсетін 
амалдың  бірі.  Бұл  шылаулар  мезгіл,  мақсат  мағыналы  сөйлемдердің  сипатын  арттыруда  қосымша 
реңк  үстейді.  Əрі  өлеңге  көркемдік  əсер  беріп,  қатар  келген  сөйлемдердің  ырғақ  желісін,  өлшем 
қатарын сақтап тұрады. Соның нəтижесінде мəтін ішіндегі ерекше əуен үндестігі пайда болған. 
Ақтамберді жырау: 
Көк көгершін, көгершін, 
Көкқұтан ұшар жем үшін. 
Тем, тем үшін, тем үшін, 
Теңкиген қара саба жоғы үшін. 
Көк шекпенін бөктеріп, 
Ерлер жортар мал үшін. 
Тұтам емшек бие үшін, 
Қатын-бала қамы үшін [4; 107]. 
Бұқар жырау: 
Ай не болар күннен соң, 
Күн не болар айдан соң. 
Құбылып тұрған бəйшешек, 
Қурай болар солған соң. 
Хандар киген қамқа тон, 
Шүберек болар тозған соң. 
Еңсесі биік кең сарай, 
Мортық болар бүлген соң. 
Төрде отырған қарт бабаң, 
Төресін жаңылар малдан соң... [5; 2]. 

Қазақ толғауларындағы «редиф» құбылысы 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
19 
Демеулік шылау да əр сөйлем жолындағы ойдың қорытынды бөлігінде қайталана отырып, редиф 
жасайтын  жерлері  толғаулардан  біршама  кездеседі.  Келесі  толғау  жолдарындағы  сөйлемдердің 
ішіндегі редиф амалын сұраулық шылаулардың үздіксіз қайталамы жасап тұр. 
Доспанбет жырау: 
Қалаға қабылан жаулар тигей ме, 
Қабырғадан дұспан жолдан жүргей ме, 
Қатарланып, қорланып, 
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме! [4; 68]. 
Ақтамберді жырау: 
Арудан асқан жан бар ма, 
Жылқыдан асқан мал бар ма, 
Биенің сүті сары бал — 
Қымыздан асқан дəм бар ма! [4; 108]. 
Осы  жыраудың  мына  толғау  жолдарында  редиф  жасаушы  сұраулық  шылау  сөйлемнің  бірінші 
тармақ соңында келген: 
Сары аязда қата ма 
Қайнардың аққан тұнығы, 
Қап түбінде жата ма 
Болаттың асыл сынығы, 
Халқы тозып кем болмас, 
Əділ болса ұлығы [5; 66]. 
Бұқар жыраудың мына толғауында қарсылықты (-да), екінші толғауында күшейткіш демеулік 
(-ай) шылаулар редиф сипатында тұрғанын байқауға болады: 
Əлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Əлемді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап, 
Қисынсыз күйге түссе де, 
Өмірге тоймас адамзат! [5; 175]. 
 
Əй, заман-ай, заман-ай, 
Түсті мынау тұман-ай, 
Істің бəрі күмəн-ай. 
Баспақ-тана жиылып, 
Фани болған заман-ай... [5; 31]. 
Ал  Шалкиіз  жыраудың  мына  толғауы  жолдарындағы  ұйқас  жасаушы  сөзден  кейін  келген  -дүр 
қосымшасын да редифке жатқызуды жөн санадық: 
Жапырағы жасыл жаутерек 
Жайқалмағы желден-дүр, 
Шалулығы белден-дүр, 
Төренің кежігуі елден-дүр, 
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр, 
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, 
Кешу кешмек сайдан-дүр, 
Батыр болмақ сойдан-дүр... [4; 76]. 
Мұндағы  дүр  элементі  болар  сөзін  де  айырбастайтын  сияқты.  Дегенмен,  мəтін  көлеміндегі 
көркемдік қырына байланысты олар əр тармақ соңындағы редиф болып табылады. 
Редиф — тек  поэзияда  кездесетін  ерекшелік.  Өлеңді  туындының  мəтінінде  ғана  келетін 
құбылыс.  Ол — ұйқас  жасаушы  сөзден  кейін  келіп,  өлең  ырғағын,  əуезділігін  арттыруда 
қолданылатын  тəсіл.  Редиф  жасаушы  тұлғалар  қатар  келген  сөйлемдердің  мағыналық  жəне 
құрылымдық  тұтастығын  арттырады.  Əр  түрлі  дəрежедегі  редиф  жасаушы  тілдік  тұлғалар  қатар 

А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов 
20 
Вестник Карагандинского университета 
келген  дербес  сөйлемдердің  əрқайсында  келіп,  сол  сөйлемдердің  бір-бірімен  байланысын  үстейді. 
Редиф  позиция  арқылы  шумақты  шегендейді.  Ол  көбіне  күрделі  баяндауыштың  қосалқы  сыңарын 
құраушы  көмекші  етістіктердің  қатысуымен  жүзеге  асады.  Əсіресе  есімше  тұлғалы  сыңарлар  көп 
қолданылған.  Редиф  жасауда  осы  етістіктің  көмекші  сыңарлары  көп  қатыстырылуы  баяндауыш 
сөйлем  мүшесінің  сөйлем  соңында  келіп,  ұйқас  құрауынан  деп  білеміз.  Сөз  жоқ,  болжам  мəнді 
есімше  қосымшаларының  бұл  тұрғыда  көп  байқалуы  жыраулар  шығармаларының  ақыл-кеңес, 
болжам мазмұнды болып келуімен тікелей байланысты. 
Толғаулардағы  редиф  жасаушы  элементтердің  келесі  түрі — есім  сөздер.  Жоғарыда  келтірген 
хан,  батыр  аттары  бұл  сөзімізге  дəлел  бола  алады.  Ал  мұны  болса  сол  толғаулардың  арнау  түрінде 
келетіндігімен  түсіндіреміз.  Ондағы  редифтер  сөйлемдер  байланысын  жүзеге  асыруымен  қатар 
жыраулардың сол тұлғаларға деген сүйіспеншілік, құрмет, ізет, ризалық ниетін көрсетеді. 
Ал редиф жасаушы шылау түрлері өздері қатыстырылған жолдарға қосымша мəн үстеп тұрады. 
Мұнда олардың септеулік, демеулік сияқты түрлерін көре аламыз. 
Əдебиеттер тізімі 
1  Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис, стилистика. Поэтика. — Алматы: Ғылым, 2001. — 263-б. 
2  Ахметбек А. Қожа Ахмет Йассауи: Көмекші оқу құралы. — Алматы: Санат, 1988. — 101-б. 
3  Стеблева И.В. Ритм и смысл в классической тюркоязычной поэзии. — М.: Наука, 1993. 
4  Алдаспан. (XV–XVII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы). — Алматы: Жазушы, 1971. 
5  Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармалары. — Алматы: Мұраттас, 1992. 
А.С.Адилова, М.Ш.Кабанов 
Явление «редиф» в жанре казахских толгау  
В статье рассмотрено явление «редиф», встречающееся в поэтических произведениях. Редиф является 
особенностью, которая употребляется после рифмы. Их частое употребление в текстах толгау — за-
кономерность. Редифный ряд в виде вспомогательной части сложного глагола, именных слов и союз-
ных  частиц  основывается  на  различные  формы.  Они  усиливают  рифму,  а  также  служат  для 
образования ритма и стихотворного размера. Содержание, идея толгау в поэзии жырау служат осно-
вой для частого употребления редифов. 
A.S.Adilova, M.Sh.Kabanov 
The phenomenon of «redif» in the genre Kazakh tolgau 
The article discusses the phenomenon of «redif» occurs in the poetry. Redif is a feature that is used after 
rhyme. Their frequent use in texts tolgau is regularity. Redifny series as part of a complex auxiliary verb, it is 
the word and the union of the particles based on different forms. They enhance the rhyme and rhythm and are 
used of meter. The content of the idea of the poetry tolgau zhyrau is the basis for frequent use redif: this di-
dactic content, portrait, arnau. 

Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
21 
ƏOЖ 81’ 
Ш.Ш.Жалмаханов
1
, Ж.Ш.Жалмаханова
2
 
1
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы; 
2
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: sh.zhalmahanov@mail.ru) 
Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны — сөйлеудегі даулы мəтіндер 
Мақалада  юрислингвистиканы  (заңнамалық  лингвистиканы)  лингвистикалық  зерттеу  барысында 
мəтіндерді редакциялау, аудару, сараптама жасау жəне кеңестер беру деген аспектілер іске асырылды, 
яғни  құқықтық  кеңістікте  лингвистикалық  баға  берілетіні  анықталған.  Соттық-лингвистикалық 
сараптаманың  құқықтық  базасы  көрсетілген.  Лингвистикалық  сараптаманың  анықтамасы,  мақсат-
міндеттері жəне құрылымы, сонымен қатар азаматқа жала жабу, балағаттау, ар-намысы, қадір-қасиеті, 
абыройын  қорлау,  əлеуметтік,  ұлттық,  нəсілдік  жəне  діни  өшпенділіктерді  қоздыру,  мемлекеттің 
конституциялық  құрылысын  жəне  аумақтық  тұтастығын  бұзуға  шақыру  сияқты  мазмұндағы 
мəтіндерге  қорытынды  беретін  сарапшы-лингвистің  құзыреті  айқындалған.  Сарапшы  өз 
қорытындысында  жауап  беруге  міндетті  типтік  сұрақтардың  үлгілері  берілген.  Авторлар  сот 
процесінде  сөйлеудің  даулы  мəтіндеріне  тек  лингвистикалық  сараптама  ғана  объективті  баға  бере 
алады деген қорытынды жасады. 
Кілтті  сөздер:  лингвистикалық  сараптама,  заңнамалық  лингвистика,  соттық-лингвистикалық 
сараптама, сарапшы-лингвист, даулы мəтін. 
ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың  басынан  бастап  заңнамалық  лингвистика 
(юрислингвистика) деген ғылым саласы пайда болды. Бұл сала тіл мен құқықтың тоғысқан тұсынан 
пайда  болғандықтан,  ол  пəнаралық  сипаттарға  ие.  Тіл  мен  құқықтың  байланысы  мəселелерімен 
лингвистер  де,  заңгерлер  де  шұғылданып  келеді.  Заңнамалық  лингвистика  тілдік  мəтіндердің 
(ауызша, жазбаша) коммуникативтік жəне функционалдық-əрекеттік сипаттарына құқық кеңістігінде 
лингвистикалық  баға  беру  үшін: 1) заң  құжаттарына  лингвистикалық  сараптама; 2) заңдық  жəне 
нормативті-құқықтық актілерге ұсыныстар; 3) заңдық мəтіндерді аударма; 4) құқықтық баға берілуге 
тиіс  мəтіндерге  сараптама  жасайды.  Тілдік  мəтіннің  коммуникативтік  сипаты  дегеніміз — қарым-
қатынас  құралдары  арқылы  қоғамдық  өмірде  оқу-ағарту,  білім-ғылым,  адамдар  арасында  жағымды, 
жағымсыз  немесе  бейтарап  мазмұнды  ақпарат  беру,  тарату;  ал  функционалдық-əрекеттік  сипаты 
дегеніміз — мəтін  мазмұны  арқылы  іс-əрекетке  шақыру,  іске  асыру.  Құқықтық  кеңістіктегі  тіл  мен 
сөйлеу  мəтіндерін  саралау,  жүйелеу  үшін  тіл  мамандары,  кеңесшілері,  аудармашылары, 
сарапшылары  қажет.  Тілдік  мəтіндердің  мазмұны  қарама-қайшылықты,  даулы  болған  жағдайды 
құқықтық кеңістікте реттеу үшін, лингвистикалық баға беру үшін соттық-лингвистикалық сараптама 
жасау қажеттілігі туындайды. Даулы мəтіндер дегеніміз — қоғам мен адам өміріндегі ауызша жəне 
жазбаша 
сөйлеу 
қарым-қатынасында 
туындайтын 
азаматтардың 
адамгершілік-моральдік 
құқықтарының  сақталмауынан,  соның  салдарынан  азаматтардың  моральдік,  материалдық  зардап, 
зиян шегуіне əкеліп соғатын тілдік қатынас. 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  сөйлеу  əрекетімен  жасалатын  жиырмадан  астам 
құқық  бұзушылық  бар.  Мəселен, 2011 жылдың 11 қыркүйегінде  қол  қойылған  Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексінде [1] жала жабу (129-б.), қорлау (130-б.), əлеуметтік, ұлттық, 
рулық,  нəсілдік  немесе  діни  араздықты  қоздыру (164-б.),  Қазақстан  Республикасының 
конституциялық  құрылысын  күшпен  құлатуға  немесе  өзгертуге  не  оның  аумақтық  тұтастығын 
күшпен  бұзуға  шақыру (170-б.),  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ар-ұжданы  мен  қадір-
қасиетіне  қол  сұғу  жəне  оның  қызметіне  кедергі  жасау (318-б.),  депутаттың  ар-намысы  мен  қадір-
қасиетіне  қол  сұғу  жəне  оның  қызметіне  кедергі  жасау (319-б.),  Қазақстан  Республикасы 
Конституциялық кеңесінің қызметіне кедергі жасау (319–1-б.), өкімет өкілін қорлау (320-б.), жалған 
жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу 
не  мəжбүр  ету (354-б.)  сияқты  қылмыстарға  жазалар,  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 
кодексінде [2] ар-намысты,  қадір-қасиетті  жəне  іскерлік  беделді  қорғау (143-б.),  бөтен  тауар 
таңбасын,  қызмет  көрсету  таңбасын,  тауар  шығарылған  жердің  атауын  немесе  фирмалық  атауды 
заңсыз  пайдалану (145-б.),  ұсақ  бұзақылық (330-б.),  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ұлттық 
араздықты  тұтандыруға  бағытталған  материалдарды  жариялауға  рұқсат  беру (343-б.),  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  өнімдерін,  сол  сияқты  өзге  де  өнімдерді  Қазақстан  Республикасының 

Ш.Ш.Жалмаханов,  Ж.Ш.Жалмаханова 
22 
Вестник Карагандинского университета 
аумағында  даярлау,  сақтау,  əкелу,  тасымалдау,  тарату (344-б.),  бұқаралық  ақпарат  құралдарына 
көрінеу жалған мəліметтер жəне материалдар беру (347-б.), куəнің, жəбірленушінің көрінеу, жалған 
айғақтары,  сарапшының  көрінеу,  жалған  қорытындысы  немесе  қате  аударма  жасау (516-б.)  сияқты 
əкімшілік тəртіп, құқық бұзушылықтарға жазалар қарастырылған. Тілдік мəтіннің ақпараттық құрал 
ретіндегі  құқықтық  нормалары,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы», 
«Бұқаралық ақпарат құралдары», «Ономастика туралы» Заңдарында реттелген. 
Азаматтардың адамгершілік-моральдік, іскерлік беделін қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік 
құқықтарын құқықтық кеңістіктің сот үдерісінде қорғауда негізінен соттық сараптама қолданылады. 
Соттық сараптаманың отыз шақты түрі бар. Соның бірі — соттық-лингвистикалық сараптама. Соттық 
сараптама  дегеніміз — сот  үдерісінде  жаңа  дəлел  алудың  жəне  бар  дəлелдерді  нақтылаудың, 
тексерудің  іс  жүргізудегі  жеке  формасы.  Соттық-лингвистикалық  сараптама  дегеніміз — табиғи 
немесе  жасанды  тілдің  қолданылу  жəне  пайдаланылу  заңдылықтарын  зерттеу  негізінде  нақты 
анықталған мəліметтер мен мағлұматтарды сөз бен сөйлеу мазмұнының шын/жалған, мүмкін/мүмкін 
емес екендігін сипатталушы объектіге қатысты анықтау. 
Сараптама,  оның  ішінде  лингвистикалық  сараптама  да  прокурордың  немесе  тергеушінің 
бастамасымен  алдын  ала  тергеу  немесе  сот  барысында  да  тағайындалып  жүргізілуі  мүмкін. 
Сарапшыға,  сараптамаға  қойылатын  талаптар  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінде 
жалған  жауап  беруге  немесе  жауап  беруден  жалтаруға,  жалған  қорытынды  беруге  не  қате  аударуға 
сатып алу не мəжбүр ету (354-б.), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде [3] 
сарапшы (83-б.),  маман (84-б.),  сараптаманы  тағайындау (240-б.),  сараптаманы  міндетті  түрде 
тағайындау (241-б.), сараптаманы тағайындау тəртібі (242-б.), сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы 
мүмкін  адамдар (243-б.),  сезіктінің,  айыпталушының,  жəбірленушінің,  қорғаушының  жəне 
жəбірленушінің  өкілінің  сараптама  тағайындау  жəне  жүргізу  кезіндегі  құқықтары (244-б.),  өздеріне 
қатысты  сот  сараптамасы  жүргізілетін  адамдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  кепілдігі 
(244–1-б.),  сот  сараптамасы  органының  сараптама  жүргізуі,  сот  сараптамасы  органы  басшысының 
құқықтары  мен  міндеттері (245-б.),  сот  сараптамасын  жүргізу  кезінде  процеске  қатысушылардың 
қатысуы (246–1-б.),  сараптама  жүргізу  үшін  медициналық  ұйымға  орналастыру (247-б.),  сараптама 
объектілері (248-б.), жеке жəне комиссиялық сараптама (249-б.), кешенді сараптама (250-б.), сарапшы 
қорытындысының мазмұны (251-б.), қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама (252-б.), 
сарапшыдан жауап алу (253-б.), сезіктіге, айыпталушыға, жəбірленушіге сарапшының қорытындысын 
көрсету (254-б.), қосымша жəне қайталама сараптама (255-б.), Қазақстан Республикасының азаматтық 
іс  жүргізу  кодексінде  сараптама  тағайындау (91-б.),  үлгілерді  алу (91–1-б.),  дəрігердің  немесе  басқа 
маманның,  сондай-ақ  сарапшының  үлгілерді  алуы (91–2-б.),  үлгілерді  алу  кезінде  тұлғаның 
құқықтарын  қорғау (91–3-б.),  сарапшының  құқықтары  мен  міндеттері (92-б.),  маманның 
консультациясы  (түсіндірмесі) (207-б.),  дəлелдеменің  жалғандығын  мəлімдеу (208-б.),  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  кодексінде  куəнің,  жəбірленушінің  көрінеу,  жалған  айғақтары, 
сарапшының  көрінеу,  жалған  қорытындысы  немесе  қате  аударма  жасауы (516-б.),  əкімшілік  құқық 
бұзушылық  туралы  істер  бойынша  дəлелдемелерді  бұрмалау (516–1-б.),  маман (596-б.),  сарапшы 
(597-б.),  аудармашы (598-б.)  секілді  мазмұндағы  баптарда,  сонымен  қатар  «Қазақстан 
Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» [4] деген арнайы Заң да бар. 
Тіл білімі мен ғылымы бойынша кəсіби қызметкер əкімшілік, азаматтық жəне қылмыстық істер 
бойынша  кеңесші  маман,  аудармашы  жəне  сарапшы  ретінде  қажет.  Жоғарыдағы  Қазақстан 
Республикасының заңдары мен кодекстерінде лингвистің сарапшы ретіндегі, яғни даулы мəтіндерге 
қорытынды жасайтын маман ретіндегі, қызметіне талдау жасаған жөн. 
Сарапшының, атап айтқанда, лингвист-сарапшының анықтамасы, мақсат-міндеттері, құқықтары, 
жауапкершілігі, құзыреті, лингвистикалық сараптамасының түрлері, нысаны, құрылымы, талаптары, 
басқа  сараптама  түрлерінен  ерекшелігі  заңдарда  нақты  айқындалғандықтан,  ол  анықтамаларды 
қайталамастан,  лингвистикалық  сараптамаға  нысан  болатын  даулы  мəтіндердің  Қазақстан 
Республикасының заңдарымен қайшылықтарын айқындаймыз. 
Лингвистикалық  сараптама — заңдық  маңызы  бар  мəліметтерді  нақтылау  мақсатында  өкілетті 
тұлға  немесе  орган  тағайындайтын  лингвистикалық  зерттеудің,  процессуалдық-заңдық  аспектіде 
құқықтың тиесілі процессуалдық салаларымен реттелетін қызметтің түрі. Лингвистикалық сараптама 
—  дəлелдік  ақпарат  алудың  тəсілі  немесе  құралы,  сараптама  дəлелдік  ақпаратты  басқа  жолдармен 
(тəсілдермен) алу мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Лингвистикалық сараптаманың нысаны 
даулы  мəтін  болғандықтан,  ол  міндетті  емес  сараптамалық  зерттеудің  түріне  жатады. 

Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
23 
Лингвистикалық  сараптама  қорытындысының  заңдық  күшіне,  əлеуетіне  тергеуші,  сот  органдары 
процессуалдық істің басқа дəлелдерімен салыстыра отырып, баға береді. Лингвистикалық сараптама 
— лингвистикалық аспектіде айтылған сөздің объектіге (объектілерге) қатысты алғанда шын/жалған 
немесе  мүмкін/мүмкін  емес  екендігін  сипаттайтын  объектілерді  зерттеудің  түрі,  сондықтан 
лингвистикалық сараптама өндірісі тіл теориясында осы уақытқа дейін қалыптасқан лингвистикалық 
нысандарды зерттеудің тіл біліміндегі əдістемелерін негізге алады. 
Адам  өзі  туралы  қандай  да  бір  жағымсыз  ақпарат  таратылса,  əдетте  оны  өзінің  ар-намысы, 
абыройы,  қадір-қасиеті,  іскерлік  беделі  тапталды,  қорланды,  төмендетілді  деп  қабылдайды.  Ол 
жағымсыз  ақпараттар  жала  жабу,  балағаттау,  əлеуметтік,  ұлттық,  діни  өшпенділікті  қоздыру 
мазмұнында  болуы  мүмкін.  Жала  жабудың  өзі  Қылмыстық  кодексте (129-б.)  үш  түрлі  жіктелім 
бойынша  жазаланады: 1) басқа  адамның  ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  нұқсан  келтіретін  немесе 
оның  беделін  түсіретін  көрінеу,  жалған  мəліметтер  тарату  арқылы  жала  жабу; 2) көпшілік  алдында 
сөз  сөйлегенде  не  көпшілікке  таратылатын  шығармада,  не  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жала 
жабу; 3) адамды  сыбайлас  жемқорлық,  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыс  жасады  деп  айыптаумен 
ұштасқан жала жабу; ал қорлау басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін əдепсіз түрде кемсіту 
(130–1-б.),  көпшілік  алдында  сөз  сөйлегенде  не  көпшілікке  таратылатын  шығармада,  не  бұқаралық 
ақпарат құралдарында қорлау (130–2-б.) деген екі жіктеліммен жазаланады. 164-баптағы əлеуметтік, 
ұлттық,  рулық,  нəсілдік  немесе  діни  араздықты  қоздыру  да  үш  жіктеліммен  сотқа  тартылады. 
Сарапшы-лингвистің басты құзыреті — бұл қылмыс түрлеріне заңдық тұрғыда баға беру емес, жала 
жабудың,  қорлаудың  бар-жоғын  анықтап  қорытынды  жасау.  Зерттелетін  іс  объектісі  бейне  жəне 
жазба ақпарат тасымалдағышта жазылған немесе бейнеленген болуы керек. 
Егер  адам  сотқа  өзінің  құқықтарын  қорғау  туралы  арыз  түсірсе,  сот  талап  арызшы  келіспейтін 
ақпараттың мəтініне соттық лингвистикалық сараптама тағайындайды. Лингвистикалық сараптамаға 
ұсынылған мəтіндегі ақпарат бірнеше тəсілмен берілуі мүмкін: 
  ашық сөз формасында,  демек, мəліметтер жеке сөйлем немесе өзара байланысты сөйлемдер 
тізбегі  ретінде,  тіпті  жаңа  ақпарат  предикат,  логикалық  баяндауыш  ретінде  беріледі.  Мысалы,  Ұры 
ұрыдан сойыл ұрлады; 
  жасырын  сөз  формасында,  демек  мəліметтер  сөзде  ашық  емес,  жабық  түрде,  мысалы, 
бастауыш құрамында. Мəселен, жоғарыда келтірілген мысалда сойылдың ұрлануы туралы ғана емес, 
оны істеген ұры екені туралы да ақпарат бар; 
  мəтіннен  тыс  формада,  яғни  ақпарат  мəтін  ішінде  емес,  автор  мен  оқырманның 
(тыңдарманның) жалпы фондық біліміне, негізделеді; 
  мəтін ішілік формада, яғни ақпарат мəтін ішінде емес, айтылған контекстен оқырман немесе 
тындарман оңай түсіне қалатындай болады. 
Лингвистикалық  сараптама  барысында  талап  арызшы  дауласып  отырған  кез  келген  формада 
берілген мəтіндегі жағымсыз ақпарат талдануы керек. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің 143-бабының 3-тармағының 2-
тармақшасының  мазмұнында  шыңдыққа  жатпайтын  нұқсан  келтіретін  мəліметтерді  таратудың 
азаматтық-құқықтық  жауаптылығы  болуы  үшін  төмендегідей  даулы  мəтін  үзіндісінің  болжалды 
лингвистикалық белгілерінің жиынтығы болуы керек: 
  талап арызшы туралы жағымсыз ақпараттың болуы; 
  мəтінде  мəліметтер  түрінде  айтылған  сөздердің,  яғни  фактілер  мен  оқиғаларды  баяндайтын 
пікірлердің болуы; 
  баяндалған  фактілерде  талап  арызшының  құқыққа  қарсы  (кең  мағынасында)  жəне  əдепсіз 
қылықтары мен əрекеттері туралы айтылуы керек, сонда ғана олардың шындыққа сəйкес пе, сəйкес 
емес пе екендігі тексеріледі. 
Сондықтан  соттық-лингвистикалық  сараптаманың  міндеті  талап  арызшыға  қатысты  айтылған 
фактілердің  немесе  оқиғалардың  шындыққа  қатысын  айқындау  болады.  Ал  фактісіз  баяндалған 
сөздердің (субъективті бағалау сипатындағы ақпараттардың) шындыққа қатыстылығы тексерілмейді, 
ол  жазушының  (айтушының)  жеке  пікірі  болып  қалады.  Лингвист-сарапшы  өз  зерттеу  барысында 
дəлелге негіз болатын белгілі бір тілдік материалдарды ғана талдауға тиіс. Талдауда жағымсыз мəні 
бар сөздер мен сөйлемдердің құқық субъектісінің ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына, іскерлік 
беделіне, моральдік жəне адамгершілік күйзеліске қатысына баса назар аударуы қажет. 

Ш.Ш.Жалмаханов,  Ж.Ш.Жалмаханова 
24 
Вестник Карагандинского университета 
Прокурордың немесе тергеушінің бастамасымен лингвистикалық сараптама тағайындау туралы 
қаулының  (анықтаудың)  негізінде  лингвист-сарапшыға  жауап  беруі  тиіс  сұрақтар  қойылады. 
Лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін талап арыздың мазмұнына қарай төмендегідей типтік 
сұрақтар қойылады [5]. 
Ар-намысты, абыройды жəне іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істерде (ҚР АК-інің 143-б.) 
лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады: 
1. Мəтінде... (Т.А.Ə.,  заңды  тұлға  атауы)  туралы,  оның  қызметі  жəне  оның  жеке  іскерлік,
моральдік  сапалары  туралы  жағымсыз  мəліметтер  бар  ма?  Бұл  мəліметтер  нақты  қай  сөзде,  қай 
сөйлемде айтылған, оның мағыналық бағыты қандай? 
2. Егер  жоғарыда  айтылған  сөздер  мен  сөйлемдерде... (Т.А.Ə.,  заңды  тұлға  атауы)  туралы
мəліметтер болса, онда олар қандай формада айтылған (жазылған, көрсетілген): не дəлел, не болжам, 
не сұрақ ретінде ме? 
3. Мəтінді  лингвостилистикалық  талдауда... -ның  (Т.А.Ə.)  қолданыстағы  заңнамаларды,
моральдік нормалар мен қағидаларды бұзғаны туралы мəліметтерде дəлелді сөздер ме, сөйлемдер бар 
ма? 
4. Жарияланған  мəтіндегі  сөздер  (сөз  тіркестері,  сөйлемдер,  абзацтар)  қандай  мағынада
қолданылған? 
5. Мақала  (мақалалар)  мəтінінің  композициялық  құрылымы  қандай?  Автор  қандай
стилистикалық  тəсілдер  қолданған?  Ол  жарияланым  кейіпкерлеріне  қандай  мінездеме  (сипаттама) 
береді? 
6. Мəтінде баяндалған мəліметтер фактілік дəлел ретінде айтылған ба? Егер олай болса, онда ол
қандай, мақала авторының бағалау пайымдары не пікірлері ме? 
Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын заңгер мен сарапшы-лингвистің құзыреттерін шектеп алған 
дұрыс. Сарапшы-лингвист құзыретіне сұрақтарға жауап беру барысында əрекеттерді заң тұрғысында 
жіктеу (квалификация) жатпайтыны жалпыға белгілі. Егер сарапшы қорытындысында құқықтық баға 
беретін  болса,  онда  ол  сарапшы  қорытындысын  сот  ісі  бойынша  дəлел  ететін  құжат  ретінде 
мойындамайды, себебі кінəлі адам жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін. 
Өзі  туралы  жағымсыз  ақпарат  таратылған  адам  өзін  жала  жабылды  деп  санайды.  Жала  жабуға 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің 129-бабында  қылмыстық  жауаптылық 
қарастырылған.  Онда  жалаға  «басқа  адамның  ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  нұқсан  келтіретін 
немесе  оның  беделіне  түсіретін  көрінеу,  жалған  мəліметтер  тарату»  деген  анықтама  берілген. 
Жаланың  анықтамасында  «ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  нұқсан  келтіру,  беделіне  түсіру»  деген 
ұғымдар  бар. «Көрінеу  жалған  мəліметтер» — шындыққа  сай  емес,  ойдан  шығарылған  мəліметтер. 
Бұл  ойдан  шығарылған  мəліметтер  адамның  жағымсыз  қасиеттері,  əдепсіз  қылықтары,  қылмыстық, 
бейəдептік  жəне  т.б.  əрекеттері  туралы  болады.  Жала — алдын  ала  ойластырылған  қылмыс, 
сондықтан  кінəлі  адам  таратылған  мəліметтердің  ойдан шығарылған  жəне  төмендету  екенін  саналы 
түрде береді. Бұл мəліметтерді кінəлі адам өзі ойдан шығарады немесе біреуден естуі мүмкін, бірақ 
ол  мəліметтердің  шындыққа  сай  емес, жалған  екенін  біледі,  яғни  жала — жала  жабу  мақсатындағы 
қасақана  əрекет.  Пиғылдың  қасақаналығын  сот  анықтайды.  Жала  бойынша  қылмыстық  іс  қағаздың 
лингвистикалық белгісі — нақты тілдік форманың болуы, атап айтқанда, факті немесе оқиға туралы 
сенімді формада айтылған сөз (сөйлем). 
Жала  бойынша  айыпталатын  қылмыстық  істерге  (ҚР  ҚК-інің 129-б.)  байланысты 
лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады: 
1. Мəтінде... -ның  (Т.А.Ə.)  қолданыстағы  заңнамаларды  немесе  моральдік  қағидаларды
(қылмыстық  немесе  əкімшілік  тұрғыда  жазаланатын  əрекет,  құқық  бұзушылық,  қылмыс,  еңбек 
ұжымында,  тұрмыста  теріс  қылық  жасағаны  туралы)  бұзғаны  туралы  қандай  да  бір  нақты  фактіні 
сенімді формада айтқан сөйлемдер бар ма? 
2. Мəтінде талап арызшыға таңылған заңсыз немесе əдепсіз əрекеттерді сенімді формада айтқан
сөйлемдер бар ма? 
3.Азамат...-ның (Т.А.Ə.) құқыққа қарсы, əдепсіз əрекетттерді жасағаны туралы зерттеліп отырған
мəтінде сенімді формада айтылған сөйлемдер бар ма? 
Адамның  ар-намысы  мен  абыройын  төмендетуге  байланысты  құқық  бұзушылыққа  балағаттау 
(заңда  қорлау)  жатады.  Балағаттау  «басқа  адамның  ар-намысы  мен  қадір-қасиетін  əдепсіз  түрде 
кемсіту» (ҚР  ҚК-інің 130-б.),  əдетте,  əдепсіз  тілдік  формада  айтылуымен  көрінеді.  Əбес  форма — 
лингвистикалық  тұрғыда  қоғамда  қабылданған  мінез-қылық  ережелеріне  қарама-қайшы  əдепсіз, 

Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
25 
ұятсыз,  былапыт  сөздер  мен  сөйлемдердің  қолданылуы.  Былапыт  сөздердің  тақырыптық  топтарына 
жануарлардың атаулары, жиіркенішті заттардың аттары, қарғау, некесіз туды деп қаралау, жыныстық 
қатынас  атаулары  жəне  гениталия  (жыныс  мүшелері)  аттары  жатады.  Нақты  тұлғаға  қатысты  əбес 
формалы сөздер мен сөйлемдердің айтылуы сол тұлғаның ар-намысы мен абыройына қол сұғушылық 
болып  бағаланады.  Бұдан  басқа  белгілі  бір  жағдайларда  əдеби  тіл  нормаларына  толық  сай  келетін 
сөздер  мен  сөйлемдердің  айтылуы  да  балағаттау  сипатты  болады.  Ресейдің  құжаттама  мен 
ақпараттық  даулар  бойынша  сарапшы-лингвистердің  гильдиясы  (ұйымы)  белгілі  бір  тұлғаға 
бағытталып  айтылған,  белгілі  бір  контексте  қолданылған  балағаттау  сипатындағы  орыс  тіліндегі 
негізгі  лексикалық  бірліктердің  категорияларын  анықтаған.  Біз  қазақ  тіліндегі  мысалдармен 
баяндаймыз. Оған төмендегідей лексикалық топтар кіреді: 
1. Көбіне  қылмыскердің,  қылмысты  іс-əрекеттің  атаулары:  бандит,  қарақшы,  алаяқ,  жезөкше,
бүлдіргі,  бүлікшіл,  жеңгетай,  тыңшы.  Бұл  сөздердің  балағаттау  болып  есептелуінің  себебі — бұл 
сөздердің  мағынасында  құқыққа  қарсы,  əдепсіз,  қоғамда  жағымсыз  бағаланатын  əрекеттерді, 
қимылдарды,  қылықтарды  жасаушы  адамдарды  нұсқау  бар.  Заң  терминологиясында  бұл  сөздерге 
құқық  бұзушы  немесе  қылмыскер  деген  нақты  заңдық  жіктеме  жасалады.  Сондықтан  да  негізсіз 
қолданылған  бұл  сөздерді  қоғам  немесе  адресат  балағаттау  жəне  жала  ретінде  қабылдайды.  Бұл 
тақырыптық  топтағы  кейбір  сөздер  ауыспалы  мағынасында  да  қолданылады.  Метафоралық 
қолданыстағы сөздің жағымсыз сипаты қайта күшейе түседі. Мысалы, большевизмнің негізін салушы 
Троцкийді «саяси жезөкше» деген классикалық балағаттауды басқа бір адамға «Троцкий» деу. 
2. Негізгі  мағынасының  жағымсыз  мəнді  сөздің  өзі  əлеуметтік  ымырасыз  бағаға  ие  болып,
сипаттаушының  позициясын  білдіреді:  екі  жүзді,  жағымпаз,  сатқын,  нəсілшіл,  арандатушы. 1-
топтағы  сөздерден  бұл  сөздердің  басты  айырмашылығы — бұл  сөздердің  ауыспалы  мағынасы  жоқ. 
Сондықтан та белгілі бір адамға қатысты негізсіз, дəлелсіз қолданылса, олар жала болып табылады. 
3. Ауыспалы мағынада қолданылатын кейбір кəсіп атаулары: жендет, қасап, қойшы.
4. Сөйлеуде  адресатқа  жағымсыз  баға  беретін  қолдамау,  жек  көру,  елемеу  мəніндегі  дөрекі
сөздер: есек, шибөрі, маймыл, шошқа, сиыр
5. Тікелей  жағымсыз  баға  беретін  немесе  кінəлау  мағынасындағы  етістіктер:  ұрлау,  асау,
иемдену, қорлау
6. Кең мағынасы былапыт сөздер мəнін беретін сын есімдер: төмен (оңбаған, антұрған, сілімтік,
хайуан, тастанды), ақымақ (топас, мисыз, нақұрыс, жынды, қояншық, екесті). Бұл сөздерде адамның 
нақты іс-əрекеті немесе ұстанымы тікелей көрсетілмесе де жалпы жағымсыз бағалау бар. 
7. Эвфемизмдер  болғанмен,  жағымсыз  бағалау  сипаты  бар  сөздер:  жеңіл  жүрісті  əйел,  түнгі
көбелек, «көгілдір». 
8. Сөз ойнатудан (каламбурдан) туындайтын жағымсыз бағалау сипатты құрылымдар.
9. Адамға сипаттама беретін былапыт сөздер.
Санамаланған сөздердің тақырыптық топтары белгілі бір адамға негізсіз жəне дəлелсіз айтылса, 
балағаттау немесе/жəне жала ретінде қабылданады жəне бағаланады. 
Демек,  сөздің  «əбес  формасы»  лингвистикалық  сараптамаға  қатысты  алғанда  адресат  (талап 
арызшы) үшін балағат сөздер мен сөйлемдер балағаттау формасы болып табылады. Лингвистикалық 
сараптама барысында зерттеліп отырған сөйлемдердің балағаттау сипаты дəлелденеді немесе жоққа 
шығарылады, яғни жағымсыз ақпаратта жағымсыз тілдік форманың бар-жоқтығы дəлелденеді немесе 
жоққа шығарылады. 
Балағаттау  бойынша  айыпталатын  қылмыстық  істерге  (ҚР  ҚК-нің 130-б.)  байланысты 
лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады: 
1. Қазіргі қазақ тілінде қандай типтегі лексика балағаттау лексикасына жатады?
2. «Түнгі клубтағы төбелес — Сəбитовтің құйтырқылық əрекетінің кесірі» деген сөйлемдегі сөз,
сөз тіркесі немесе фразаларда балағаттау лексикасының бір немесе бірнеше типіне жататындары бар 
ма? 
3. «Түнгі  клубтағы  төбелес — Сəбитовтің  құйтырқылық  əрекетінің  кесірі»  деген  сөйлемде
Т.А.Сəбитов деген азаматқа тікелей дөрекі, ішмерездік формада айтылған жағымсыз бағалау бар ма? 
4. Жағымсыз  баға  қоғамда  қабылданған  мінез-құлық  ережелеріне  қайшы  келетін  ішмерез,  əбес
формада айтылған ба? 
5. Тұлғаға əбес формада берілген жағымсыз баға мазмұны дəл Т.А.Сəбитов туралы айтылған ба?
Əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни араздықтарды қоздыру мен тұтандыруға байланысты құқыққа 
қарсы əрекеттерді дұрыс бағалау үшін тек қана тергеушілер мен анықтаушылардың пікіріне сүйенуге 

Ш.Ш.Жалмаханов,  Ж.Ш.Жалмаханова 
26 
Вестник Карагандинского университета 
болмайды,  оған  тіл  жəне  сөйлеу  ғылымына  байланысты  кəсіби  арнайы  білімдерді  де  пайдалану 
қажет.  Мұндай  жанжал  шақырған  көпшілік  коммуникацияның  материалдары  сот  сараптамасының 
тексеруінен  өтуі  керек.  Сөз  жанжалының  алдын  алу,  болдырмау  үшін,  негізінде  дəлелдеу  базалары 
бар  фактілерді  айқындау  үшін  лингвистикалық  сараптама  көмек  береді.  Мұндай  жағдайда 
сараптамалық зерттеудің объектісі сөйлеу мəтіні болады. Ал мəтінді талдау хабар авторы мен оның 
аудиториясының қызметінен тыс қарастырылмайды. 
Əлеуметтік,  ұлттық,  діни  өшпенділік  қоздыру  бойынша  айыпталатын  қылмыстық  істерге  (ҚР 
ҚК-нің 164-б.)  байланысты  лингвистикалық  сараптамада  жауап  беру  үшін  төмендегідей  типтік 
сұрақтар қойылады: 
1.  Ұсынылып  отырған  мəтінде  қандай  да  бір  ұлттық,  этникалық,  конфессиялық  немесе 
əлеуметтік топқа қатысты өшпенділік, агрессивті не қорлау сипатындағы сөйлем бар ма? 
2.  Ұсынылып  отырған  мəтінде  қандай  да  бір  ұлттық,  этникалық,  конфессиялық  немесе 
əлеуметтік топқа қатысты өшпенділік, агрессивті не қорлау сипаттағы сөйлем бар ма? 
3. Ұсынылып отырған мəтінде этникалық топтың жеке өкілі жасаған əрекеттің жауапкершілігін 
түгел бір этникалық топқа жапқан мазмұндағы сөйлем бар ма? 
4.  Ұсынылып  отырған  мəтінде  белгілі  бір  ұлттық,  нəсілдік  немесе  əлеуметтік  топтың  өкіліне 
қарсы күштеу əрекетін қоздыру сипатындағы сөйлем бар ма? 
5.  Ұсынылып  отырған  мəтінде  қандай  да  бір  ұлтқа,  нəсілге  немесе  əлеуметтік  топқа  əуелден 
өшпенділігін білдіретін сөйлем бар ма? 
6. Ұсынылып отырған мəтінде белгілі бір ұлттық, діни, этникалық немесе басқа əлеуметтік топқа 
басқалардың антагонизмі, мүдделерінің сыйыспайтын қағидалары туралы сөйлемдер бар ма? 
7.  Ұсынылып  отырған  мəтінде  белгілі  бір  əлеуметтік,  этникалық,  конфессиялық  топтардың 
өткендегі,  бүгінгі,  келешектегі  зұлматтары  мен  нəубеттерінің  себебін  басқа  ұлттың,  халықтың, 
этностың  жəне  əлеуметтік  топтың  мақсатты  іс-əрекеттерінің  нəтижесі  деп  түсіндіру  туралы  сөйлем 
бар ма? 
8. Ұсынылып отырған мəтінде басқа бір ұлтқа, конфессияға, этникалық немесе əлеуметтік топқа 
қатысты геноцидті, депортацияны, репрессияны мадақтау, жағымды бағалау туралы сөйлем бар ма? 
9. Ұсынылып отырған мəтінде тұлғаны белгілі бір ұлттың, этностың, нəсілдің немесе əлеуметтік 
топтың өкілі ретінде жағымсыз бағалау туралы сөйлемдер бар ма? 
Демек, адамдардың табиғи жəне жасанды қарым-қатынас құралдарының ауызша жəне жазбаша 
формаларын  көпшілік  алдында  немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  қолдануда  қоғамның 
адамгершілік-моральдік  қағидалары  мен  мемлекеттің  қылмыстық,  азаматтық  жəне  əкімшілік 
заңдарының  талаптарына  сай  болуы  керек.  Осы  қағидалар  мен  заңдардың  талаптарының 
орындалмауы азаматтарға моральдік зардап, материалдық зиян шектіруі мүмкін. Қоғамдық өмірдегі 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынастық  ережелер  мен  қағидалардың,  əдептер  мен  əдеттердің 
барлығын  мемлекеттік  құрылым  заңдарында  бүге-шігесіне,  қалтарыс-бұлтарыстарына  дейін  жазып 
шығу мүмкін емес. Сондықтан да тілдік қатынас барысында пайда болған даулы мəтіндерді лингвист-
сарапшының арнайы кəсіби білімі негізінде шешу қажет болады. Қоғам өміріндегі заңдылықтар мен 
адамгершілік-моральдік  қағидалар  əділетті,  объективті  түрде  қызмет  ету  үшін,  соттың  əділ  шешімі 
болуы үшін соттық-лингвистикалық сараптаманың маңызы зор. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. — 2011. — 1 ақпан. — Алматы: Норма - К, 2011. — 176 б. 
2  Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. — 2012. — 20 ақпан. — Алматы: Норма - К, 2012. — 356 б. 
3  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. — 2011. — 28 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2011. — 136 б. 
4  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  соттық-сараптамалық қызмет  туралы»  Заңы. — 2010. 
— 20 қаңтар. // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. — 2010. — № 1, 2. — 24–50-б. 
5  Лингвистическая экспертиза спорного текста. — Алматы: Əділ сөз, 2009. — 140 с. 
6  Азаматтық іс жүргізу кодексі. — 2011. — 28 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2012. — 240 б. 
7  Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. — 2001. — 31 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2011. — 336 б. 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет