№2(70)/2013 Серия филология


Передача скрытого значения при помощи знаков



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,59 Mb.
#9788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Передача скрытого значения при помощи знаков,  
невербальных средств и жаргонов 
В  статье  рассмотрен  процесс  создания  тайного  языка  как  явления  индивидуального,  характерного 
только для некоторых членов общества. Тем не менее некоторые моменты данной проблемы имеют и 
государственное значение. Слова, имеющие общеупотребительное значение, в малой группе исполь-
зуются в другом значении. Для сокрытия, для того, чтобы сделать смысл высказывания непонятным 
другим  лицам,  используются  определенные  языковые  единицы.  Автор,  опираясь  на  труды  ученых, 
изучив невербальные средства, жаргоны, знаки и символы, используемые для создания тайного языка, 
сделал собственные выводы. 
A.N.Muratova 
Transfer of the hidden value by means of signs, nonverbal means and a slang 
In this article author considers the process of creating secret language as an individual phenomena, which is 
typical only for some members of society. However, some aspects of this problem have even state, govern-
mental meaning. Some words with general meaning have different certain concepts in small group. For hiding 
the true meaning of the phrase there are used certain language units. According to scientific words researcher 
makes his own conclusions by investigation unverbal facilities; uses outdated words, signs and symbols for 
creating his own secret language. 

 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
45 
ƏДЕБИЕТТАНУ ЖƏНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ 
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ И ФОЛЬКЛОРИСТИКА 
ƏОЖ 821.512.122 
Р.С.Каренов 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: 22gulim1988@mail.ru) 
Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның поэзиясы —  
өлмес-өшпес мəңгіліктің жыры 
Өткен  ғасырдағы  қазақтың  ұлы  ақыны  жəне  көрнекті  саяси  қайраткері  Мағжан  Жұмабаевтың  əдеби 
мұрасы зерттелген. Оның туған елінің тарихын терең білетіндігін, адамдар арасында сирек кездесетін 
оқымыстылығын  жəне  өзіндік  ой  толғау  қабілетін  білдіретін  шығармалары  талданған.  Ақынның 
поэзиядағы орыс символизмінің ықпалының əсерімен жазылған өлеңдері талданған. Шығармашылық 
үдерісі  кезінде  дүниеге  келген  философиялық  ойларды  жалпылаудың  маңызы  ашылған.  Ақынның 
əйгілі  «Түркістан»  атты  шығармасына  ерекше  көңіл  бөлінген.  Мақала  авторы  Мағжанның  жас 
кезіндегі таңдауын — ұлы өнерді — əрқашан берік ұстанғаны жөнінде қорытынды жасаған. Оның өз 
халқынан өзіндегі барын — ақылын, жүрегін, арманын, айрықша талантын — аямағаны көрсетілген. 
Кілтті сөздер: Мағжан Жұмабаев, Алаш, ұлы ақын, поэзия, əдеби мұра, символизм, өлең, ой толғау, 
шығарма, философиялық, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, шығармашылық. 
Кіріспе 
Қазақ  халқы  қазіргі  азаттығына  жету  жолында  небір  нəубеттерді,  есепсіз  қиянат,  мехнат-
азаптарды  басынан  өткерді.  Азаттық  жолы  ауыр  болды.  Қазақ  елі  талай  ұлыларынан  айырылды. 
Солардың бірі — поэзия əлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен қолтаңбасы бар, терең сырға, 
ұшқыр  қиялға  толы  өлең  дүниесімен  азаттықты  кейінгіге  аманат  етіп  қалдырған  кемеңгер  ақын, 
жалынды қоғам қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаев. 
Данышпан  Абайдан  кейінгі  дəуірдің  дарынды  ақындарының  бірі — Мағжан  Жұмабаевтың 
жиырмасыншы  ғасырда  алар  орны  алабөтен  екені  елге  аян.  Мағжан  поэзиясындағы  рухшыл  əуен 
қазақ халқының ой-санасында ғана шектеліп қоймай, бүкіл Түркі дүниесіне жол тартқаны көңілімізге 
əдемі мақтаныш сезімін құяды. Өйткені Түркі поэзиясында рухтық космосты, ғалам отын біріктірген 
ақын  жалғыз  Мағжан  болғаны  ақиқат.  Бұны  біз,  əсіресе,  оның  «Пайғамбар»  деген  тамаша  өлеңінен 
[1; 51,52] айқын аңғарамыз: 
...Ерте күнде отты Күннен Гун туған,  
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, 
Отты Гұннен от боп ойнап мен туғам,  
 Мен — Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар. 
Жүзімді де, қысық қара көзімді    
Мен келемін, мен келемін, мен келем, 
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Күннен туған, Гұннен туған пайғамбар. 
Əлем  əдебиетінде  айшықты  орын  алғандар:  А.Пушкин,  Л.Толстой,  Н.Рерих,  Е.Бловацкая, 
У.Шекспир,  Гете,  Гейне,  Данте,  А.Бизинт,  А.Хооф,  Ш.Биндо  жəне  т.б.  Бойларына  рухтың  отын 
зілдеген бұлардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың да орны бар. Қасиетті Түркіге, өзі сүйген Қазақ 
халқына  ақиық  ақын  рухшыл  поэзияны  көркем  түрде  жеткізе  білді.  Ол  өзінің  отты,  патриоттық 
жырларымен  сол  кездегі  елін,  оның  бүгінгі  ұрпағын  үгіт-насихат  өлеңдерімен  өткен  ғасырда-ақ 
бүгінгі бостандыққа дайындап кетті. 

Р.С.Каренов 
46 
Вестник Карагандинского университета 
Қазақтың түрікшіл ұлы ақыны Мағжанның поэзиясындағы түрік тақырыбы 
Ақын түрік тақырыбын бірінші рет «Шолпан» жинағына 1912 жыл шамасында енгізілген «Орал 
тауы» деген өлеңінде қарастырған. Бұдан кейінгі уақытта бұл тақырып сан жағынан да, сапа жағынан 
да  дами  түскен.  Олар — «Алыстағы  бауырыма», «Жер  жүзіне», «Қазақ  тілі», «Тез  барам!», 
«Түркістан», «Тұранның бір бауында», «Орал» өлеңдері. 
Мағжан  Бекенұлы  өзінің  жырларында  қазақ  халқының  өткен тарихи  жолына  көп  көңіл  бөлген. 
Өз  халқының  ежелден  келе  жатқан  батырлық,  намысқойлық,  елін,  жерін  шексіз  сүйетін,  қорғай 
білетін қасиеттерін «Жер жүзіне...» деген толғауында ерекше айтып өткен. 
М.Жұмабаев  өз  халқының  көне  тарихын  жетік  білуі  қазақ  елінің  алыптары  Ш.Уəлиханов, 
А.Құнанбаевтардан  кем  түспейді.  Тіпті,  бұл  жөнінен  оны  солардың  ізбасары  деуге  кəміл  болады. 
Ақынның  жүрегі  сергек,  ақылы  сара,  қиялы  өткір.  Оны  біз  «Қызыл  жалау»  жырынан [1; 188–189] 
байқаймыз: 
– Жалынды жалау кімдікі?
Арбаңдаған Азия – 
– «Тұрағы тарғыл тас қия
Жалындай жалау соныкі – 
Ендеше, қазақ, сенікі!»    
 
 
«Басқа тəңірім жоқ», — десе, 
– Қызыл шоқ жалау кімдікі?
Қызыл шоқ жалау соныкі. 
– Кім де кім: «Тəңірім — от», — десе,
Ендеше, қазақ, сенікі! 
«Қызыл жалау» неге қазақтікі болды? Мағжан осы сөздің астарын қазады. Оның дəлелдеуінше, 
«Жалынды  жалау» — Азиянікі.  Өйткені  қазақ  өзі  от  жаққан  отауы,  мемлекеті  болуын  аңсады.  Сол 
үшін жаулармен жағаласып, «шикі қан жұтысты», «ақ табан шұбырынды» болды. «Қанды жас жалау» 
да  қазақтікі.  Өйткені  жерін  қорғау  үшін  қасық  қаны  қалғанша  арыстан  туған  ұлдары  жанын  берді, 
артында  жетім  балалары  мен  тұл  болып  күңіреніп  əйелдері  қалды.  Ұлан-байтақ  қазақ  сахарасы 
жесірлердің  көз  жасымен,  ерлердің  қанымен  жуылған.  Сондықтан  жалаулары  «қанды  жас  жалау», 
«өртенген жалау», «азаттық жалау» да — қазақтікі. 
Қазақ  соғысты  қаламаған.  Бірақ,  өкінішке  орай,  қаласын  қиратып,  бағын  өртеп,  даласын 
жаулары  шаңға  бөктірген.  Қаһарлы  Шыңғыстың,  Қоқан,  Хиуа  хандықтары,  қалмақ  қонтайшысы, 
қытай  айдаһарлары,  орыс  отаршыларының  да  көкейін  тескені — асты  кен,  үсті — жəннат  Қазақ 
даласы. Бай өлкенің кедейшілікке қонысы қонып, құнарлы даланың гүлі семіп, орманын от аймалауы 
сондықтан.  Демек,  жау  қандай  тегеуірінді,  азулы  болса,  оған  қарсы  айқасып,  кемдігін  сездірмей, 
теңдігін тартып алуға ашына айқасқан халықтың «азаттық жалауы» айбындырақ, жігері берік, сенімі 
нық [2]. 
Мағжан  қазақ  халқының  шығу  тарихын  «Түркістан»  деген  публицистикалық-философиялық 
дастанында [1; 173–176] тереңнен тартады. Ертедегі түріктің даңқты тарихы мен ұлы қайраткерлерін 
асқақтата  жырлаған  бұл  шығарма  тек  қазақ  емес,  күллі  түрік  халықтары  əдебиетінде  де  ерекше 
құрметті [3]. «Түркістан» — түрік  дүниесін  ынтымаққа  шақыратын  еңбек.  Бұл  толғауда  қаншама 
түрік тарихы қозғалып, нешеме астарлы ой айтылған: 
1. Алғашқы  шумақтың  өзінен-ақ  Түркістан  аталған  ұлы  елдің  де,  қаланың  да  мəні  бірігіп,
тұтастыққа ие болғаны байқалады. 
2. Ақын «Түркістан» деген термин-сөздің түсінік шеңберін келесідей анықтайды.
3. Дастанда «Тұранның» тарихы, көлемі мен көркі былай сипатталады.
4. «Тұранның»  ұлы  перзенттерін  бүгінгі  қауымға  өнеге  етіп  көрсету  Мағжанның  ел  еңсесін
көтерсем деген өр мақсатына, асыл мұратына орайлас. 
5. Адамзаттың  ақыл-ой  алыптарының  қатарында  тұратын  ғалымдар  туралы  да  ақын  мынадай
айшықты сөздер төгеді. 
6. Қазақ хандығының құрылуы жəне халқымыздың  өз егемендігі үшін күрескені, оны бастаған
ел басшылары туралы деректерді дастанның мына шумақтары дəлелдейді. 
7. Шығармасының  ақырында  М.Жұмабаев  «Тұранның»  бел  ортасындағы  Сарыарқа,  қазақтың
қаһарлы хандары, Алаштың астанасы жөнінде арнайы тоқталады. 
Бұл  шұмақтарға  көп  мағына  сыйған.  Алты  Алашқа  «кебе  болған»  Түркістан  қасиеті  бір  жол 
өлеңде тамаша тапқыр ашылған. Ақын қазақтың бірталай хандарын (Қасым, Хақназар, Есім, Тəуке) 
атай  келіп,  Абылай  мен  Кенені  бөліп  көрсеткен.  Бұл  екеуінің  алғашқысы  қазақ  мемлекеттігін 
нығайтушы  болса,  екіншісі  сол  мемлекеттің  іргесін  қайта  көтеру  үшін  арпалысып  жүріп  мерт 
болғаны тарихтан мəлім. Ақын Кенесары мен Абылайдың ұстанған жолы қазақтың ізгі мұраты екенін 
арнайы бөліп айтқан [3; 9]. 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
47 
Белгілі жазушы, ғалым Қ.Ергөбек Түркістанды жырлаған қазақтың ұлы ақыны туралы өз ойын 
былай  тұжырымдайды: «...Түркістан  мұхтариятын» (мемлекетін)  құрушының  бірі — Мағжан 
Жұмабайұлы! Қолында қаламы жоқтары əлгіндей «доносымен» қалды тарихта, ал қолында қаламы, 
жүрегінде  оты,  жанында  түріктік  рухы  бар  Мағжан  Жұмабайұлы  асыл-ақық  жырларымен  қалды 
тарихта. Ол жырдың тамаша үлгісі — М.Жұмабайұлының «Түркістан» өлеңі... Əдебиет пен өнер — 
қашанда ұлттың, ұлт мұрындық болатын мемлекеттің жақсы істерінің көрсеткіші, тіпті насихатшысы, 
жаршысы. Сырт жұрт, шет ел — біздің экономикаға қараса қарайды, қарамаса, қандай өнері бар соған 
қарайды.  Мағжан  Жұмабайұлының  «Түркістан»  аталатын  өлеңі — өлең  өнерінің  бір  биік  шыңы...» 
[4]. Күллі түрік дүниесінің тағдыр жолдарын шолған осы керемет шығармасымен М.Жұмабаев өзіне 
өшпес  мұнара  соғып  кетті.  Жер  бетінде  түрік  баласы  аман  тұрғанда  (қазақ — түріктің  бел  баласы) 
Мағжандай ұлы ақынның атойлаған туындысы өлмейді, мəңгілік жасай береді. 
Мағжанның махаббат лирикасы 
М.Жұмабаевтың  махаббат  лирикасын  дамытудағы  еңбегі  ерекше.  Оның  осы  тақырыпқа  арнаған 
өлеңдері өзінше бір төбе. «Сүй, жан сəулем», «Төгілген шашы», «Гүлсім ханымға», «Гүлсімге», «М-ға», 
«Ф-ға»,  т.б.  өлеңдерінде  ақын  аса  шабытпен  үзілте  жырлаған.  Мысалы, «Сүй,  жан  сəулем»  деген 
өлеңінде [1; 94]: 
Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да!  
 
Бұл лəззаттың бір минутын бермеймін 
Жылы, тəтті у тарады қаныма.  
 
 
Патша тағы, бүкіл дүние малына, — 
дейді Мағжан ағынан жарыла. 
Жас  ақын  «Сен  сұлу»  атты толғауында [1; 96] лапылдап  тұрған  сезімін,  жандырып  жіберердей 
лебін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын əлі келгенше асыра жеткізеді: 
Білем анық: жанға жайлы Май сұлу,    
 
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала, 
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу.  
 
Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу. 
Ақынның  «Шолпы»  өлеңінің  жолдарын  оқығанда [1; 95] əрбір  адамның  (кəрі  болсын,  жас 
болсын) құштарлық сезімі қылп етпей қалуы мүмкін емес, десек, кім таласа алады. Мағжан сөздері 
адам ой-сезімін өзіне баурап, сыңғырлаған сұлу дыбыс шығарады. 
Мағжанның махаббат лирикасының шоқтығы Гүлсім сұлуға арналған өлеңдер. Бұл циклден екі 
жастың  небір  ғашықтық  дастанға  бергісіз  махаббат  тарихын  зор  тебіреніспен  оқисың.  Гүлсім  мен 
Мағжанның  махаббаты  қазақ  поэзиясына  не  əкелгеніне  назар  аударғанда,  ең  алғашқы  өлең — 
«Гүлсім ханымға» деп аталғанын көреміз [1; 109]: 
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,  
Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім, 
Əр жерде өткізсек те өмір таңын,  
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін! 
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,  
Гүлсім — Күн, көкте ақырын жүзе білед – 
Ойнайды аласұрып неге жаным?!  
Сүйдіріп, күйдіргенін қайдан білсін! 
Бұл өлеңнің тарихы мынандай [5]: «1920 жылы Омбыдан Қызылжарға көшіп келген мұғалімдер 
курсына  Мағжан  əрі  директор,  əрі  мұғалім  болып  қызмет  істейді.  Сол  кезде  Башқұртстаннан 
Мичурин деген ауқатты кісі жақында ғана үйленген Гүлсім деген жас əйелімен көшіп келеді. Гүлсім 
Мағжан басқаратын курсқа математикадан сабақ беретін мұғалім болып орналасады. 
Гүлсім  курсқа  келгеннен  бастап  өзінің  асқан  сұлулығымен,  оның  үстіне  ерекше  тəкаппар 
мінезімен  жұрттың  көңілін  өзіне  аударады.  Ол  ешкімге  сəлем  де  бермей,  берген  сəлемін  де  алмай, 
тіп-тік  шығып  кетеді  екен.  Бір  күні  Мағжан  оқушылар  бөлмесіне  кіріп  келсе,  Гүлсім  бір  столдың 
жанында жалғыз отыр екен. Кіріп келген Мағжанға селт етіп қарамайды да. Мағжан Гүлсімге қарама-
қарсы отыра қалады. Бірдеңе айтқысы келіп оңтайлана бергенде үй сыпырушы татар əйел кіріп келіп: 
«Гүлсім ханым, сізді телефонға шақырады», — дейді. Гүлсім шығып кетеді. Мағжан столдың үстінде 
қалып  қойған  Гүлсімнің  қалың  дəптерін  көреді.  Дəптерді  алады  да  оның  бір  бетіне  табан  астында 
шығарып  осы 8 жол  өлеңді  жазады».  Өкінішке  орай,  ақынның  Гүлсімге  арналған  өлеңдері — 
Мағжанның бітеу жарасы, орындалмаған арманы. 
Мағжанның  түсінігінше,  махаббатты  жырламаған  ақын — жабайы  адам,  ал  «сүйе  білмеген 
жүрек — қуыс кеуде». Сондықтан да ол өзі қалай сүйсе, өзгеден де соны қалайды. Сезімнің бір жақты 
болмауын тілейді. Осыны біз ақынның махаббат туралы күшті өлеңдерінің бірі «Жұлдызды — жүзік, 
айды алқа ғып берейінді» [1; 161] оқығанда түсінеміз: 
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,  
 
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, 
Сүйші, сəулем, тұншығып мен өлейін.    
Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін. 
Мағжанның бұл шығармасында махаббатқа Абайша, қазақша қарайтындығы да байқалады. 

Р.С.Каренов 
48 
Вестник Карагандинского университета 
Сонымен, махаббаттың ұлы сезіміне бойлауда əйгілі ақын өлеңдерінің берері мол. Мағжан шын 
махаббатқа сенеді. Оның жүрегі сезеді. Ол махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді. «Махаббат 
не?» деген өлеңінде [1; 143–144] жалпы махаббат туралы ойын былай тұжырымдайды: 
 
Махаббат — бір тікенек 
Жүрекке барып қадалар. 
Бақытсыз ғой бұл жүрек, 
Тамшылап одан қан ағар.  
Тез жазылмақ бұл жара,  
Дүниедегі у мен шу 
Сүймесе жүрек, дариға,  
Өлер жүрек, қансырар. 
Махаббат — бір тəтті у, 
Мас жүректі оятпас. 
Ішер жүрек, төгер жас!» 
Махаббат — бір тəтті у,  
Бал тілімен сүйсе жар.  
Ішер жүрек, болар мас.  
Мағжанның  пайымдауынша,  көңілді  ашатын,  жалынды  басатын,  жалғыздықта  зарыққанда  ем 
болатын — жалғыз ғана махаббат. Адам шын сүйсе, махаббат — жүректі жаралайтын тікенек. Жар 
сүйсе жүрек жазылады, сүймесе өледі. Махаббат — ол бір тəтті у. Міне, дарабоз ақынның махаббатқа 
деген көзқарасы осындай. 
М.Жұмабаевтың  махаббат  тақырыбында  жазған  өлеңдерін  оқып  қаныққан  адам  нағыз  нəзік 
лиризмнің сиқырын сезінері анық. 
Қазақ əдебиетінде табиғат лирикасын ақынның ерекше жырлауы 
Мағжан  Бекенұлы  өмірде  бəрі  өзгереді,  өзгермейтін — табиғат  деп  білген.  Оған  еш  нəрсені 
теңгермейді.  Теңгерсе  тек  аса  қадірлі  жоғарыда  айтылған  махаббаттай  асыл  қасиетті  теңгереді.  Ол 
табиғатты жырласа, пəк нəрестеге, болмаса сүйген жарға теңеп жазады. Ақын табиғатқа жан бітіреді. 
«Жазғы таң» деген өлеңінде [1; 20, 21]: 
Жып-жылы түн маужырап, 
Көтерілген жерден бу. 
Саф күмістей жарқырап, 
Тыныш жатыр тұнық су. 
Көкке тиген биік тау 
Құшақтасқан тұманмен, — 
Қосылысып есен-сау 
Бал алысқан құмармен. 
Ақырын ескен жылы жел 
Маужыратып, тербетіп, — 
Таң атсын деп жайнап гүл 
Өсіп балам ер жетіп. 
Шырылдап торғай аспанда, 
Бытпылдығы əн қосып 
Шала-жансар жатқанда 
Табиғатқа жан қосып...
деп,  тау  мен  тұманды  ғашық  жарларша  құшақтастырып  қояды.  Біздің  қазақ  əдебиетінде  Мағжан 
табиғатты өзінше жырлаған. 
Ақынның  жырларында  табиғат  пен  адамның  жан  дүниесі  бірге  астасып  жатады.  Сұлу,  сырлы, 
тіпті кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз шеберінің құдіретті 
шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей 
де қаласың. 
Мысал ретінде данышпан ақынның «Жазғы жолда» деген өлеңіне [1; 138, 139] көңіл аударарлық: 
Дала. Дала. Сар дала! 
Жапан түзде бір қара. 
Келем жалғыз, жаяумын. 
Жаныма ерген жолдас жоқ, 
Төрт жағым дала — жер де көк. 
Жылауға да таяумын. 
Шілде. Оттай ыстық күн, 
Дала — өлік. Жоқ бір үн. 
Жер де жатыр тұншығып. 
Жол жыландай иірілген, 
Шаң ерініп, үйірілген. 
Ешбір леп жоқ, тып-тымық. 
Көкте жалғыз бұлт жоқ, 
Көктің түсі қызғылт көк. 
Дүниені тылсым билеген. 
Ыңыранғандай əлдекім, 
Жылай ма екен əлде жын? 
Перілер ме күйлеген? 
Созылып ұйықтап бел жатыр, 
Төсін керіп көл жатыр, 
Тыныш тəтті түс көріп. 
Суға — айнаға қаранып, 
Салқынша леппен таранып, 
Қамыс та тұр тербеліп. 
Толқынға толды төрт жағым, 
Əлде жүзген бұл сағым 
Көл ме? Көшкен шаһар ма? 
Бұл  туындысында  жол,  дала,  аспан,  бұлт — бəріне  де  жан  біткен.  Олар  адамның  өзімен 
тілдескендей  əсер  қалдырады.  Өзіміз  оны  көзбен  көріп,  құлақпен  естігендей  боламыз.  Адам  мен 
табиғат арасы осы өлеңде ажырамас бірлікте тоғысқан. 
Поэзия шеберінің «Қысқы жолда» деген өлеңі [1; 137, 138] де осы сипаттас: 
...Ызғарлы жел долданып, 
Екі иінінен дем алып, 
Ішін тартып осқырып, 
Кейде қатты ысқырып, 
Аңдай ұлып бір мезгіл, 
Екі санын шапақтап, 
Біресе сақ-сақ күледі. 
Кейде кенет баяулап, 
Жер бауырлап жаяулап, 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
49 
Аузы-басы жыбырлап, 
Асып-сасып сыбырлап, 
Жерді жапқан кебінді, 
Сүйіп ақырын құшақтап. 
«Əпсүн» оқып үреді. 
Мұндағы  екі  иінінен  дем  алып, «ішін  тартып», «жер  бауырлап», «жаяулап», «аузы-басы 
жыбырлап», «жерді  жапқан  кебінді  сүйіп»  деген  тіркестер  өлеңге  қаншама  нəр,  сыр  беріп  тұрғаны 
түсінікті. 
Ал, «Сүйемін» деген керемет толғауында [1; 78, 79] Алаш деген елін, табиғаты қуаң  Сарыарқа 
деген жерін, өзі де «неге екенін білмей», сүйетінін ақын былай жырлайды: 
...Ұйқы басқан қабағын, 
Бастыра киген тымағын, 
Жалқаулықты жар көрген. 
Жүрген ескі заңымен, 
Алдындағы малымен 
Бірге жусап, бірге өрген, 
Алаш деген елім бар, 
Неге екенін білмеймін — 
Сол елімді сүйемін! 
Сағымы сайран құрады, 
Бораны ұлып тұрады, 
Қыс — ақ кебін, жаз — сары. 
Орманы жоқ, шуы жоқ, 
Тауы да жоқ, суы жоқ, 
Мəңгі өлік сахарасы. 
Сарыарқа деген жерім бар, 
Неге екенін білмеймін — 
Сол Арқамды сүйемін! 
Мағжан Жұмабайдың суреткерлік құдіретін көрсететін сиқырлы өлеңдерінің бірі — 1915 жылы 
жазылған «Толқын» деген туындысы [1; 135, 136]: 
Толқыннан толқын туады, 
Толқынды толқын қуады, 
Толқынмен толқын жарысад. 
Күңіренісіп кеңеспен, 
Бітпейтін бір егеспен 
Жарысып жарға барысад. 
Толқын мен толқын сырласып, 
Сырларын еппен ұрласып, 
Толқынға толқын еркелеп, 
Меруерт көбікке оранып, 
Жыландай жүзге бұралып. 
Жарға жетер ентелеп. 
Ерке бала былдырлап, 
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, 
Толқынды толқын қуады. 
Күміс кəусар суымен, 
Суының алтын буымен 
Жарының бетін жуады. 
Мөлдіретіп көз жасын, 
Жасымен жуып жартасын, 
Сүйіп сылқ-сылқ күледі. 
Жылағаны — күлгені, 
Күлгені оның — өлгені, 
Жылай, күле өледі. 
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, 
Бірінің сырын бірі ұрлап, 
Толқынды толқын қуады. 
Жарына бал береді, 
Береді де өледі, 
Өледі толқын, тынады. 
Осы  шығармасында  Мағжан  толқын  суретін  бергенде,  тек  дыбыс  қызықтап,  дыбыс  қуалап, 
əйтеуір  бір  көріністерді  жай  тізе  бермеген.  Толқынның  бір  қалыпты  қимылын,  өзгерісін  беру  үшін 
ақынның  өлеңі  толқын  қозғалысы  тəрізді  бір  қалыпты  ырғаққа  бөленіп  тұр.  Бұл  ырғақты  «толқын» 
сөзінің қайталануы да одан əрі ойната, ширата түседі [6; 144]. 
Ақынның толқынды жандандыру, оның əрі жылауын, əрі күлуін беру, «жарына бал береді» деп 
алғаннан  кейін,  іле  оның  өлетінін  əйгілеу — бəрі  де  өлең  əсерін  күшейтеді. 
Осылайша  дыбыс,  қимыл  əсемдігі,  табиғатқа  адам  қимылын  дарытып,  жандандырудан  туған  ой 
əсемдіктің əсем ғана емес, өткінші екендігіне де ден қойғызады. Сөйтіп, əсемдік əрі əсем, əрі өткінші 
деген идеяны Мағжан өзіндік бір əуезділікпен, ырғақпен, нəзіктікпен бере білген. 
Тұтасымен  алғанда,  табиғаттың  төрт  мезгілін  жырлаған  өлеңдерінде  ақын  өзінің 
сыршылдығымен, нəзік толғағымен, биік парасатымен, сүйсіне біткен сұңғыла, қиялшыл қасиетімен 
көзге  түседі.  Табиғатты  Мағжаннан  көп,  онан  артық  суреттеген  қазақ  ақыны  кем  де  кем.  Ақынның 
қай  өлеңінде  болса  да  лирикалық  қаһарман  табиғатпен  астасып  кетеді.  Барша  тамылжыған  табиғат 
оның көңіл-күй сандығының пернелерін басқандай сайрайды. 
Мағжанның философиялық лирикасы 
Ақиық  ақынның  поэзиялық  бағынан  философиялық  лириканың  үздік  үлгісін  де  кезіктіреміз. 
Əсіресе,  оның 1920 жылы  жазған  «Жан  сөзі»  деген  керемет  өлеңінде [1; 151–154] өз  аяулы 
тағдырының қандай трагедиямен аяқталатынын күні бұрын болжап білгендей сияқты: 
...Енді бір ай — жиырма жеті жас толады, 
Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады. 
Жыл соңынан жүгіріп жыл озады, 
Кеудеге күн-күн сайын шер толады. 
Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, 
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді. 
Жастық — у ғой, айнымай у ішіппін, 
Бұл күндерде кеудені ой кернеді. 
Ақылға кеш айналдым, қараң күнім, 
Бір күні құшағына алар өлім. 
Қара жерді құшақтап мен жатармын, 
Сол кезде не деп мені сынар елім? 
«Жел еді, желді жыр ғып өтті!» — дер ме? 
«Есалаң сүйіп еді шоқты!» — дер ме? 
«Ойы жоқ, ессіз отты тəңірі көрген, 
Тұншығып жат, есерім!» — деп күлер ме?! 
Болмаса: «Қызыл гүл ед, солды!» — дер ме, 
«Сермеп ед алтын Айға қолды!» — дер ме? 
«Қажымай Айға шапқан арыстан ед, 
Сабаз-ай, сол жолда мерт болды!» — дер ме? 
«Күн еді — өмір бойы күлді!» — дер ме? 
«Күн еді — сүймеуші еді түнді!» — дер ме? 

Р.С.Каренов 
50 
Вестник Карагандинского университета 
«Күн еді, күндей айқын күле білді, 
Сол күлумен ақыры өлді!» — дер ме?! 
«Сұлулықтың асығы — жыршы!» — дер ме? 
«Жүректің сырын шешер сыршы!» — дер ме? 
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде 
Басыма келіп: «Ақыным, тұршы!» — дер ме? 
Болмаса басыма да бармас па екен? 
Атымды аузына да алмас па екен? 
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған 
Молама көз қырын да салмас па екен? 
Дариға, сол күндерде күнім қараң, 
Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған: 
Болғайсың, сыншы болсаң, əділ сыншы, 
Кінəні жүрекке қой, қойма маған! 
Мені атама, бұл жүрек — жынды дерсің, 
Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің. 
«Сүйіп — күліп, күйіп — көз жасын төгіп, 
Жынды жүрек өлді де тынды!» — дерсің. 
Мағжанның бұл туындысы бүгін де оны оқыған жанның сай-сүйегін сырқыратады. 
Мағжан Бекенұлының ерекше бір өлеңі — «Қазақ тілі» деген туындысы [1; 59, 60]: 
Күш кеміді, айбынды ту құлады; 
Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті, күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бəрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 
Мейлінше сезгіш ақын ана тілінің басына түскен апатты сол 1913 жылдың өзінде-ақ сезіп, нақ 
бүгінгі күні біз шырылдап жүрген жайларды жырлап отырғандай. Мұның пайғамбарлықтан несі кем. 
Мағжанның  тұрмысқа  көңілі  толмаған.  Ол  өмірден  көп  қиындық  көрген.  Мұң-зарға  көп 
салынған. Сондықтан да тіршілікте қызық бар деп сенбеген. «Алдамшы өмір» деген өлеңінде былай 
толғанған [1; 147]: 
Алдамшы өмір ылғи ғана у береді, 
Өмір, шіркін, шамдай ақырын сөнеді. 
Қара қайғы қалыңдады тым бүгін, 
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді. 
Өмір, шіркін, шамдай ақырын сөнеді, 
Алтын үміт тотығады, өледі. 
Кешегі күн — қойнымдағы сұм қиял, 
Бүгін алыс менен, сылқ-сылқ күледі. 
Өмір, шіркін, бықсып ақырын сөнеді, 
Үміт, шіркін, тотығады, өледі. 
Өлді үміт, мен де ұзамай өлемін, 
Соққы жеген сорлы жүрек біледі. 
Өмір, шіркін, көз алдымда сөнеді, 
Қиял — алыс, келемеж ғып күледі. 
Өмір сөнсе, үміт сөнсе, не қалды? 
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді. 
Мағжанның  осындай  философиялық  лирикасында  күйректілік  сарын  басым.  Мысалы, 
«Толқындап ойнап» атты шығармасында [1; 131, 132] ақын өмірді асау толқын етіп суреттейді: 
Толқындап ойнап, құтырып, 
Көбігін шашып, өкіріп, 
Шапшып көкке лепіріп, 
Қара көк өмір дариясы, 
Сақылдап күліп, «Кел!» — деді, 
Келіп ем, кешу бермеді. 
«He керек, — деп тергеді, — 
Сарыарқаның сарбазы?» — 
Жас балапан жүрегім, 
Десе де табам керегін, 
Көріп теңіз тереңін, 
Қайғыға батты тұнжырап. 
Алтын үміт үзілді, 
Тəтті қиял бұзылды, 
Көкке тіктім көзімді, 
Жұлдыздардан жол сұрап. 
Көгіңде бір — қара көк, 
Тұңғиық теңіз, түбі жоқ, 
Ойнап тұрған көзі көп, 
Не деп жауап береді? 
Көк — бір дария қара көк, 
Жұлдыздан əлі жауап жоқ, 
Іште — жалын, жүрек — шоқ, 
Дариға, жаным өледі. 
Мұнда да өмірінің соңы — өкініш. Дүлей толқын ішінен шығар жол жоқ. 
Мағжан  Бекенұлының  дүние,  болмыс  жайлы  өлеңдерінің  қайғылы  мұңды  болып  келу  себебін 
түсіну қиын емес. Ақын өмірі тұнып тұрған трагедия. Жастайынан туған əкесінен «теріс бата» алған 
ол  өмірден  не  қызық  көреді, «қайда  барса  Қорқыттың  көрінің»  кебін  киген  ақынның  өмірге  риза 
болуы мүмкін бе еді? [7; 183]. 
Бірақ біз «Мен кім?» атты өлеңіндегі [1; 79–80]: 
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген, 
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар? 
Көкте — Күнмін, көпке нұрым шашамын, 
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, 
Ерігемін — толқып, шалқып, тасамын. 
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, 
Көз қырымен күліп қана қарармын. 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, 
Надан адам өлім жоғын білмейді. 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
51 
Өзім — патша, өзім — қазы, өзім — би, 
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?... – 
деген  романтикалық  шумақтарынан  ақынның  өз  күшіне,  өз  дарынына — керек  десеңіз,  өзінің  өмір 
тағдырына кəміл сенгенін байқаймыз. «Өмір» деп аталатын толғауында (екінші өлең) [1; 131]: 
...Өмір осы — бірде ол болар бұлтты, 
Қатты желді, дауылды, кейде отты. 
Құрып дымың, қайғырып жас төгерсің, 
Бұлт ашылар — қайғының бəрі бітті, – 
дейді  ақын.  Мағжанның  осы  өлеңінің  философиялық  лирикадағы  басқа  өлеңдерінен  өзгешелігі, 
мұнда ақын — оптимист. Ол өмірде бақытты күндерінің боларына сенеді. 
Ақынның символистік мəнерде жазылған өлеңдері 
Ұлт азаттығы күрескеріне қажет өрлік, батылдық, өжеттік қасиеттерге Мағжанның символистік 
мəнерде  жазылған  өлеңдері  тіптен  мəрт.  Мысалы,  ақынның  «Күншығыс»  атты  өлеңін [1; 53] оқып 
көрелік: 
Қысық көзді Күншығыс, 
Бұл тұруың қай тұрыс? 
Серпіл енді, алыбым! 
Күңірентіп жерді ыңыраншы. 
Күнбатысқа көз салшы, 
Көрдің бе қанның жалынын? 
Күнбатысты шаң басқан, 
Шаң емес, қара қан басқан. 
Tapсыл-күрсіл, қанды атыс. 
Көп білем деп бөлуге, 
Көп күлем деп өлуге 
Жақын қалды Күнбатыс. 
Дария еді ол өкірген, 
Шапшып көкке лепірген, 
Жемірілді кемері. 
Өлгелі жатқан құрт ауру, 
Жан-жаққа сүзіп көз салу — 
Қолынан енді келері. 
Ібіліске ерген есерлер, 
Өзімшіл кеуде кеселдер 
Тұншықсын, қанға боялсын. 
Оның өлген үнімен, 
Қанды батқан күнімен, 
Күншығысым оянсын! 
Қысық көзді Күншығыс, 
Болсын соңғы
 
бұл жүріс. 
Күнбатысқа жүрелік, 
Желкілдеген туменен, 
Жер күңіренткен шуменен 
Қаласына кірелік. 
Күл қылайық қаласын, 
Құл қылайық баласын. 
Жоқ, жоқ! Ашу басалық! 
Гүл қылайық қаласын, 
Ұл қылайық баласын, 
Мейірім есігін ашалық. 
Мұндарларды адасқан, 
Айрылып естен шатасқан 
Күншығыстың жолына 
Салайық, шетсің демейік, 
Аямайық, көмейік 
Күншығыстың нұрына... 
Мағжанның бұл еңбегі — қазақ поэзиясының тарихындағы жаңа сөз, соны белес. 
Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білетін Мағжан ақын туған əдебиетімізді əлемдік əдеби 
процеске  қосқан  Абай  жолын  онан  əрі  дамытып,  кеңейте  түсті.  Мысал  ретінде  оның  «От»  атты 
шығармасын [1; 49–50] келтіруге болады: 
Күннен туған баламын, 
Жарқыраймын, жанамын. 
Күнге ғана бағынам. 
Өзім — күнмін, өзім — от, 
Сөзім, қысық көзімде — от, 
Өзіме-өзім табынам. 
Жерде жалғыз тəңірі — от. 
Оттан басқа тəңірі жоқ. 
Жалынмен жұмсақ сүйеді, 
Сүйген нəрсе күйеді. 
Жымиып өзі жорғалар. 
Ұшырағанды шоқ қылар, 
Шоқ қылар да, жоқ қылар. 
Мұның аты От болар. 
Мен де отпын — мен жанам. 
От — сен, тəңірім, табынам. 
Əдемі отпен аспаның, 
Бəрі жасық басқаның. 
Жалын жұтам — тез тоям. 
Əулием, ием, құтыма, 
Теңсіз тəңірім отыма 
Əлсін-əлсін май құям. 
Май құямын — өрлейді. 
Құлашын көкке сермейді. 
Кейде жылан арбайтын, 
Кейде аждаһа жалмайтын. 
Сескенбес, сірə, кім сенен; 
Шынында, менің өзім де — от, 
Қысылған қара көзім де — от. 
Мен — оттанмын, от — менен, 
Жалынмын мен, жанамын. 
Оттан туған баламын. 
Қараңғылық бұққанда, 
Қызарып күн шыққанда, 
Күн отынан туғанмын, 
Жүрегімді, жанымды, 
Иманымды, арымды 
Жалынменен жуғанмын. 
Жүрегім де, жаным да — от, 
Иманым да, арым да — от. 
Жарқырап от боп туғаннан, 
Белімді бекем буғаннан, 
Қараңғылық — дұшпаным. 
Сол жауызды жоюға, 
Соқыр көзін оюға 
Талай заулап ұшқанмын, 
Əлпіге барғам Алтайдан. 
Балқанға барғам Қытайдан... 
М.Жұмабаев 1923 жылдан 1927 жылға  дейін  Мəскеудегі  көркемөнер  институтының  В.Брюсов 
шеберханасында оқиды. Ол мұнда əлем əдебиеттерімен танысып, Гейне, Гёте, Шиллердің өлеңдерін 
аударады.  Мережковскийдің,  Бальмонттың,  Блоктың,  Есениннің  поэзияларына  еліктеп  өлеңдер 
жазады. Мəскеуде жүргенде ол «Алқа» əдебиет бірлестігін құру бағдарламасын жазып, онда əдебиет 
дамуының мəселелерін қалай шешуді жəне насихаттаудың жолдарын түсіндіреді [8]. 
Аударма  жасау  тұсында,  еліктеу  сəттерінде  Мағжан  орыс  символистерінен  өзіне  жаңа  өрнек, 
үлгі  іздегені  аңғарылады.  Жаңашылдыққа  құмар  ақын  қазақ  құлағына  тосын  естілетін  жаңа 
тақырыптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Ол «Біраз Фетше», «Александр Блок», 
«Мені де, өлім, əлдиле» өлеңдерін символизммен əуестеніп жүрген кезінде жазады. 

Р.С.Каренов 
52 
Вестник Карагандинского университета 
Нəзік  жанды  сыршыл  ақын  орыс  лириктерінің  озықтарының  бірі  Фетті  сүйіп  оқыған.  Ал, 
«Александр  Блок»  деген  өлеңіне [1; 144, 145] қарағанда,  Мағжан  орыстың  осы  ғажайып  саналатын 
ақынын түгел сүзіп оқып шыққан сияқты: 
Александр Блок – 
Мəңгі жас жүрек 
Үмітін бір үзбеген. 
Батып алтын ойға, 
Талмай қарап Айға, 
«Əдемі əйел» іздеген. 
Көрінер деп күнде, 
Табылар деп түнде, 
Шарқ ұрудан талмаған. 
Александр Блок – 
Мəңгі жас жүрек, 
Қай жерге ол бармаған? 
«Əдемі əйел» — идеал, 
«Əдемі əйел» — бір қиял, 
Блоктың басын байлаған. 
«Əдемі əйел» — бір гүл, 
Блок — бір бұлбұл, 
Блок — бұлбұл сайраған. 
Сайраған Блок, 
Ойнаған жүрек – 
Кейде үміт, кейде зар. 
Өтеді өмір, 
Бітеді жыр, 
«Əйелден» бірақ жоқ ошар. 
Күндерде бір күн, 
Түндерде бір түн 
Улы балды бітті жыр. 
Төсекте Блок 
Көз ашып көред, – 
Алдында бір кемпір тұр. 
«Əдемі əйел» — идеал, 
«Əдемі əйел» — бір қиял, 
Идеал, қиял — бір сағым. 
Жанады жүрек, 
Жылады Блок, 
Көріп сөнген шырағын. 
«Əйел» — идеал, 
Кемпір — ажал 
Тұр Блокқа үңіліп. 
Сөнді енді өмір, 
Бітті енді жыр, 
«Əйел» қалды жыр болып. 
Мағжанның  түсінігінше,  Блок  символизм  деген  ағымның  сипатына  сыймай,  сыртқы  кеңістікке 
кетіп қалған ақын. 
М.Жұмабаев өлеңдерінің ішінен ерекше оқшау көрініп тұратындарының бірі — «Мені де, өлім, 
əлдиле» [1; 154–156]. Бұл туындысында ақын Бальмонттан бастапқы бес-алты жолды олжалайды да 
аржағын өзінше алып кетеді: 
...Жел; күңіренбе, жасың тый, 
Өлім күйі — тəтті күй. 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле, 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Қара орманның шетінде, 
Нағыз желдің өтінде 
Өскен жалғыз жас қайың 
Былқ-сылқ етіп билеген, 
Сылдыр-сылдыр күйлеген, 
Болсын онда не уайым? 
Сол жас қайың құлапты, 
Жаныңда жел жылапты. 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле.. 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Қолына ала ту алып, 
Қылышын қанға суарып, 
Тау суындай тасыған. 
Қарақат көзін қан жауып, 
Қабағынан қар жауып, 
Ойын салған жас ұлан. 
Майданда ұлан қайтыпты, 
Жел иманын айтыпты... 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле! 
Əлдеқайда бетпақ шөл, 
Бетпақ шөлде жалғыз жол, 
Сол жолменен жалғыз жан 
Түн бойы талмай жүріпті, 
Табанын тастар тіліпті, 
Келгенде атып алтын таң 
Сорлы шөлде өліпті, 
Жел құмменен көміпті. 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Бетінен алма қан тамған, 
Тілінен тəтті бал тамған, 
Бұйра толқын шашы бар, 
Күлкісі меруерт шашылған, 
Өзі — гүл жаңа ашылған, 
Дəл он бесте жасы бар 
Сұлу көп жас төгіпті, 
Тұншығып жасқа өліпті... 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Талпынған жаңа нəресте, 
Ақ қанатты періште, 
Былдырлаған бұлақтай. 
Көрінген жанды күлдірген, 
Жаңа піскен бүлдірген, 
Балауса нəзік құрақтай, 
Қайтыпты қозы көз тиіп, 
Бетінен кейде жел сүйіп... 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Алыста айдын шалқыған, 
Көбігі меруерт балқыған. 
Сол айдынның астында 
Бар екен алпыс ақ отау, 
Алтын уық, жібек бау, 
Бəрі он алты жасында, 
Отау сайын толқын шаш, 
Толқын шаштар жалаңаш... 
Балқиды жаным бұл күйге, 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Жаңа біткен балдырған, 
Сүйсе мейір қандырған, 
Айдынға барып түсіпті. 
Отауларды аралап, 
Жас жүрегін жаралап, 
Сұлуларды құшыпты. 
Құшыпты да өліпті, 
Жел толқыннан біліпті... 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Балдырғанмен бастасып, 
Сұлумен қол ұстасып, 
Жас ұланмен жолдас боп, 
Жас қайыңды қолға алып, 
Баланы сүйіп бір қанып, 
Жолаушымен мұңдас боп, 
Мен де тезірек өлейін, 
Əлі жаспын демейін, 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле!.. 
Бетімнен тəтті бір сүйіп, 
Алдыңа алшы əлдилеп, 
Келші, өлім, тезірек. 
Жан ұшудан тоқтады, 
Жынданып енді соқпады 
Кешегі асау жас жүрек. 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
53 
Бетімнен тəтті бір сүйіп, 
Алдыңа алшы əлдилеп... 
Балқиды жаным бұл күйге. 
Мені де, өлім, əлдиле... 
Əлдиле, өлім, əлдиле! 
Ақынның осы толғауын талдай келе, филология  ғылымдарының докторы Ө.Күмісбаев өз ойын 
былай тұжырымдайды: «Мағжандағы жас қайың, жас ұлан, жалғыз жан, жас сұлу, жаңа нəресте, ақ 
отау,  жалғыз  жолаушы  Бальмонтта  жоқ,  бұл  детальдер  қазақ  ақынының  өлім  тақырыбына  əкеп 
қосқан өзіндік олжасы... Мұндай эмоционалды шиыршық атқан жолдарды сана-сезімге орналастыру 
үшін  дайындық  қажет.  Мағжан  символистер  мен  Максим  Горькийдің  арасында  жүріп,  біраз  жайды 
бағдарлап, шартарапты шарлаған ақын» [9]. 
Сонымен,  М.Жұмабаев  шығармашылығын  қалай  əңгімелесек  те,  жаһан  ақындарының, 
символистердің əсерін алып тастауға болмайды. Онда толық сөз тумайды. 
Қазақ халқының ұлттық тəуелсіздігі жолындағы күрес — ақын шығармаларының басты тақырыбы 
Мағжанның  басты  сарыны — халықтың  мүддесі,  оның  бүгінгісі  мен  болашағы.  Ақын  жас 
кезінен-ақ халық қамы үшін күресуді өзіне борыш санайды. Алғашқы қадамдарының бірі — «Лəззат 
қайда?» деген өлеңі [1; 19, 20] — соның айғағы: 
...Лəззатты іздеп, көңілім 
Шарқ ұрып, аласұрады, 
Қиялым, көлбеп қияда, 
Сауық пен сайран құрады. 
Лəззатты көктен іздемен, 
Лəззат алда тұр аңдап: 
Жүйрік мініп, ит ертіп, 
Кетемін қолға қыранды ап! 
Шынында, қорек болмас бұл 
Аласұрған көңілге. 
Оқу оқы, өнер қу, 
Басқалардан түңіл де! 
Жұрттың қамын көп ойла, 
Уайым-қайғы жеп ойла! 
Артта қалған сорлы жұрт 
Алға бассын деп ойла. 
Иə, ойын, сауық-сайран, ит жүгіртіп, құс салу — бəрі де жанның рақаты. Бірақ жас ақын соның 
бəрінен бас тартпақшы. Осы кезден бастап-ақ Мағжанның бағдары ерекше. 
XX  ғасырдың  басында  машиналы  өндіріс  кеңінен  қолданыла  бастап,  ғылыми-техникалық 
төңкеріс  озық  елдердің  еншісіне  тиіп  жатқанда  қазақ  жұртының  соның  бəрінен  алыс  қалғаны 
ақынның жүрегін өртейді. Сол кезде жазылған біраз өлеңдерінде ол басқа жұрттың аспан-көкке асып, 
күнбе-күн  алға  қарай  бара  жатқанын  айтып,  өз  елін  өнер-білімге,  бірлікке,  еңбекке  шақырады. 
«Сорлы қазақ» атты туындысында [1; 22, 23]: 
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, 
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, 
Алға баспай, барлық ісі кер кетіп, 
Нəр тата алмай, күшсіз, əлсіз бүгіліп, 
Оқу-білім жақындатпай, жолатпай, 
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, 
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр, 
Қанды жаспен екі көзін жылатпай. 
Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді, 
Қылыш алып «надандық» саған кезенді. 
Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу 
Ертелі-кеш басыңа мініп езгенді! 
Кітап əпер, оқысын, балаң қолына, 
Малды аяма оқу-білім жолына. 
Өнер алып басқалармен қатар бол, 
Қосыл бірдей адамзаттың тобына! 
Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма? 
Көңілі түсіп, білімге мойын бұрар ма? 
Күні туып, оңынан — Күн, солдан — Ай, 
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма? — 
дегені есте ұстайтын ғажап үндеу һəм ақыл сөз. 
Мағжан  өзінің  жырымен  халқын  оятуға  тырысады.  Ол  от  болып  жанады. «Тілегім»  деген 
өлеңінде [1; 69, 70]: 
...Көрген сайын көп қысым, 
Зарлы, ащы дауысым 
Шарқырар Сарыарқада. 
Өзегіне өтпей ме, 
Зарлы жырым жетпей ме 
Қарағыма-қалқама! 
Көрмейін рақат, жанайын, 
Жалын болсын маңайым, 
Күйейін, азап шегейін. 
Жырыммен жаным жұбатам, 
Жырыммен жұртымды оятам, 
Несіне жас төгейін?! – 
деп толғанады. 
Сол  ояту  мақсатында  ақын  халқының  бұрынғы  сəнді  де,  дəулетті  де,  жарасымды  қоғамдық 
өмірін  еске  салады. «Өткен  күн»  деген  шығармасында [1; 65–67] қазақ  халқының  егемендігі  үшін 
күрескен, елін қорғаған ерлерін былай жырлайды: 
...Қасымның қасқа билігі, 
Есімнің ескі билігі, 
Алдында сайрап жатқан соң, 
Көпті көрген көне би 
Қара жолмен желеді. 
Бір тиын пара алу жоқ, 
Қисыққа құлақ салу жоқ. 
Туралық, шындық — екеуін 
Қаз қатар ғып жегеді. 
Сол екеуі алдында 
Бір бұлтармай жүреді. 
Хақ Назар сынды əділ хан, 
Абылай сынды ер сұлтан, 
Қаракерей Кабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Ақ найзаның ұшымен, 
Ақ білектің күшімен 
Дұшпанға қысым көрсеткен. 

Р.С.Каренов 
54 
Вестник Карагандинского университета 
Қаз дауысты Қазыбек, 
Қара палуан Жəнібек 
Жалғанда тумас ер еді. 
Кеше: Шөже, Орынбай, 
Жанақ, Біржан, Наурызбай, 
Бір сөзі мың ділдəлық, 
Алты алашқа атақты – 
Бəрі ақын, сері еді. 
Шілдеде самал ескенде, 
Жайлауға ауыл көшкенде, 
Ат-айғырға мінісіп, 
Қыз-бозбала жарасып, 
Тереңнен əзілдескенде, 
Тісі меруерт тізілген, 
Белі қыпша үзілген, 
Хор сықылды сол сұлу: 
«Ха-ха-ха!» – деп күлгенде. 
Бұйық жатқан кең дала 
Бейне бір жаны енеді. 
Сылдырап аққан өзенге 
Үй тігіп дереу қонысып, 
Бұрала басып былқылдап, 
Əзілдесіп, сыңқылдап, 
Жас келіншек, жас қыздар 
Кереге жайып, уық байлар 
Үйден үйге жүрісіп. 
Өткен күнді ойласам, 
Ойға терең бойласам, 
Кешегі қайран қазақтың 
Сəулеті мен дəулеті 
Көз алдыма келеді... 
Күшің кеткен баяулап, 
Жүрсің атсыз жаяулап. 
Ит надандық желкеңде 
Шабайын деп аңдып тұр, 
Қылышын ұстап таяулап. 
Арыстаным, сұңқарым, 
Қажымас, талмас тұлпарым, 
Басың көтер, тұр енді! 
Батқан екен ол күнің, 
Жеткен екен бұл түнің; 
Өткенді ойлап қайғырма. 
Əр кəмалға бір зауал 
Ежелден болмақ емес пе? 
Ескіше тұрып егеспе, 
Заман — түлкі, тазы бол, 
Базарша дүкен құр енді. 
М.Жұмабаев жиырмасыншы жылдары оңтүстік елдерін, қырғыз ауылдарын, сəл кейінірек, Еділ-
Жайық  өңірін  көп  аралады.  Ақынның  дəл  осы  кезде  жазған  өлеңдерін  Мағжан  поэзиясының  асқар 
шыңы деп атауға болады. «Еділдің сағасында» деген өлеңнен [1; 194, 195] мысал келтірейік: 
Араладым біраз күн 
Еділдің саға өлкесін. 
Қазақты көрдім қураған 
Жүк тасып, тескен желкесін. 
Балық аулап бозарып, 
Жайлау қылған көл төсін. 
Селеңдейтін селенге 
Мұжықтың аңдып бөлкесін. 
Сөз сөйлесе, сабайтын 
Орыстың: «Совсем...», «Толькесін». 
Ойланбаса мынау күй 
Келтірер кімнің күлкісін?!. 
Бұл  толғауында  ақын  қазақ  елінің  орыс  патшалығына  бағынып,  халқының  қанаушылық 
зардабын  көрген  жағдайын  баяндайды. 1917 жылы  большевиктер  билік  басына  келіп,  орыс 
отаршылдығының  кеңестік  дəуірі  орныққан  заманда  қазақ  ақындарының  шығармашылығында 
утопияның  екі  түрі  байқалды.  Бірі — Еуропадан  орыс  ойшылдарының  еңбектері  арқылы 
«экспортталып» келген коммунистік утопия. Екіншісі — аталар рухын аңсаған ұлттық-романтикалық 
утопия.  Осы  уақытта  өткендегі  ірілікті  өлшем  ете  отырып,  болашақ  биік  мұраттарға  бағдар  болған 
бұл əлеуметтік əуезді жыр желісіне айналдырған ұлы ақын Мағжан Жұмабайұлы: 
...Ерте күнде Еділдің 
Ертегі деген тоғайын. 
Дүлей тоғай ішінде 
Орманбеттің ноғайын, 
Арқада жатқан алты Алаш 
Ол күнде болған ағайын. 
Жорығы, жолы — бəрі ортақ, 
Бірге де жеген уайым. 
Өткен айқын, ұғымды, 
Мынаны не деп ұғайын: 
Дүлей тоғай тұлданған, 
Танып болмайд ноғайын. 
Ойнап тұрған оқадай, 
Еділдің беті ақ ала! 
«Ақ аласы не?» — десем: 
Ылғи шаңқан шағала. 
Суды сүйген сары алтын 
Сəуле ғой сүйген бағана! 
Кемеміз көлбеп келеді 
Жібектей жасыл жағаға. 
Шөккен бұйра бұлттай 
Астрахань жатыр сағада; 
Көрген соң оны ой көшті, 
Ертедегі Асан ағаға. 
Асан Қайғы салдырған 
Астраханьға жетейін. 
Қайғысыз хандар күмбезін 
Əдейі аттап кетейін. 
Асанның тауып моласын 
Соған тауап етейін, 
Моласына түнейін, 
Ақ батасын күтейін. 
«Жолым қу!» — десе болғаны, 
Басқа жолды не етейін? 
Əз Жəнібек сендер бол, 
Мен Асан болып өтейін! — 
деп жазды «Еділде» атты өлеңінде [1; 192, 193]. 
Бірақ ақын Алаштың өткеніне ой жүгірткенімен, ол заман енді қайтып келмейді, өз заманыңды 
ойла,  елдің  қамын  же  деген  байсалды  тұжырымға  тіреледі.  Бұдан  былайғы  жерде  ол  өлеңдерінде 
көбіне-көп  өз  заманының  сан-қилы  кескін-келбетін  суреттеуге  ден  қояды.  Мағжан  поэзиясында 
қаһармандық тақырыбы, күрес əуендері кең құлаш жаяды [7; 178]. 
«Есімде... тек таң атсын!» өлеңінде [1; 39–41] ақын бүкіл ел көлемінде атып келе жатқан таңды 
сезгендей: 
...Күн алтын жан-жағына сəуле шашты, 
Жарық пен қараңғылық араласты. 
Сəулесі қызыл алтын — сəлемі еді, 
«Көргенше қош, Алаш!» — деп амандасты. 
Ай туып, Күн орнына көкте қалқып, 
Гүлдерден мас қыларлық иіс аңқып, 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
55 
Төңірек тыныш ұйқыға батқан шақта 
Кетіппіз біраз ғана біз де қалғып. 
Сужүрек мана қашқан жасырынып, 
Жақындап келген бопты аңдып тұрып – 
Қорқақ құл ұрлықты да ерлік санап, 
Қуанып Алласына басын ұрып. 
Мезгілше, мейлі келсін, тісі батсын, 
Сұр жылан, өзі оятар, қатты шақсын. 
Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз, 
Көрелік төңіректі, тек таң атсын! – 
дейді. Осы бір сөздер Мағжанның нағыз əлеумет
 
ақыны екендігін танытып тұр. Патша үкіметін сұр 
жыланға  теңей  отырып, coл  жылан  қазақты  қаттырақ  шаға  түссе,  қазақ  та  қарсы  қимылдар  еді, 
бостандыққа ұмтылар еді деп тоқтайды. 
Терең саяси мағынасы бар «Тəңірі» деген өлеңінде [1; 68, 69] кемеңгер ақын болашақ тағдырын 
Тəңірінің  (Алланың)  рақымшылығымен  өмірге  келіп,  халқына  көсемдік  ететін  адаммен 
байланыстырады: 
Зор тəңірі, күштісің сен, сенеміз біз, 
Əділ деп əр ісіңе көнеміз біз. 
Өз құлын өзі еңіретпес тура ие деп, 
Өзіңе ерік тізгінін береміз біз. 
Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз, 
Алласыз ешбір іске бастамаймыз. 
«Əділ хан, бұйрығыңа бойұсындық», — деп, 
Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз. 
Кеш, тəңірім, болса сөзім пендешілік, 
Мінекей, айқын зұлым, қайда əділдік? 
Соншама кең рақметтен құр тастайтын, 
Баласы алты Алаштың — біз не қылдық? 
Басқаға орын бердің жақсы жайдан – 
Зеңгір тау, түпсіз дария, терең сайдан. 
Үмітсіз, тілегі жоқ, тұрағы жоқ, 
Қуылған дəргаһіңнан біз бе шайтан? 
Бізге отсыз шөл даланы орын қылдың, 
Бақ-дəулет, өнер-білім қырын қылдың. 
Кесір деп кек алатын өгей балаң 
Біз бе едік, көп төбетке жырым қылдың! 
Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар, 
Əр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар. 
Не елші, не жол сілтер кітабың жоқ, 
Алашқа əлде жазғаны бар да шығар? 
Бақытсыз қаңғып жүрген қазақ сорлы, 
Əркімге күні кетіп мазақ сорды. 
Бір елші жібермедің, санға алмадың, 
Жалаңаш түйе баққан араб құрлы. 
Кеш, тəңірім, сорлы құлға қаһар етпе, 
Рақым қыл, біз сорлыны шетке теппе. 
Сөз шықты жан ашумен, əділ тəңірім, 
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке! 
Доцент  М.Хасенұлы  ақынның бұл толғауының үлкен  саяси  мəні бар екенін  айта  келе, өз  ойын 
былай  түйіндейді: «Ол  жасаған  Аллаға  «не  елші, не жол сілтер  кітабың  жоқ, Алашқа  əлде  жазғаны 
бар да шығар?..» — деп, əрі өкпе, əрі үміт білдіреді. Иə, ақын бұл арада көсемдік мəселесін көтеріп 
отыр. «Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар, əр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар» деген жолдары 
үлкен əлемдік тарихтан алған мағыналы сөздер. «Бір елші жібермедің, санға алмадың, жалаңаш түйе 
баққан араб құрлы…» — деп, ақын Алланың арабтар арқылы бүкіл мұсылман еліне жіберген елшісі 
Мұхаммед Ғалиссалам пайғамбарды атап отырғаны түсінікті» [10]. 
М.Жұмабаевтың  мұңы  мен  шері — қазақ  халқының  келешегі.  Ол  туралы  абақтыда  жатқанда 
жазған «Сағындым» деген өлең жолдарында [1; 127–129] Мағжан былай ой толғайды: 
...Жүрегіме жақын жанды сағындым, 
Жібек мінез, ақық жарды сағындым. 
Айрыларда күншығыстан ағарып, 
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым». 
He көрсем де Алаш үшін көргенім, 
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! 
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, 
Істей берсін қолдарынан келгенін! 
Қалың елім, қалың қара ағашым, 
Қайраты мол айбынды ер, алашым! 
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, 
Ақымақтар байқамаған шамасын. 
Қазағымды, қалың елді сағындым, 
Сарыарқамды — сайран жерді сағындым. 
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, 
Арқадағы айдын көлді сағындым! 
Қуанышта: «Əй сені ме!» — дегендер, 
Күйініште мен үшін уайым жегендер. 
Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, 
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. 
Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, 
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?! 
Баласынан тұтқын болып сарғайған, 
Кім жеткізер сəлемімді анама? 
Абақтыда айды, күнді жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, cap даланы сағындым. 
«Қарашығым, құлыным!» — деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым! 
Қандай  көріпкел  сөздер!  Ал,  Мағжанның  «Бостандық»  атты  өлеңін [1; 87, 88] оқысақ,  ол 
тəуелсіздікке ие болған халқымызға əдейі арналып жазылған сияқты: 
...Келді ұшып бостандық. 
Ғарыш нұрлы жүзі бар, 
Кəусар жібек сөзі бар, 
Əдемі, алмас ақ қанат. 
Жануарлар жердегі 
Ынтасы — жақын көрмегі, 
Таңырқады анталап. 
Аппақ нұрға оранып, 
Ақырын ғана дем алып, 

Р.С.Каренов 
56 
Вестник Карагандинского университета 
Құрметпенен тұрысты; 
Сəуле көрмей, шеккен зар 
Аш-жалаңаш сорлылар 
Қуанысты, күлісті. 
Тез жалыңдап суынған, 
Жұмақтан да қуылған, 
Адамзат бір əуреде. 
Есін жиып күйленіп, 
Əбден бойы үйреніп 
Алғаннан соң сəулеге; 
Баяғысын бастады, 
Ұжданды былай тастады. 
Бостандықта жоқ жұмыс – 
Зар еңіреді талай жан. 
Сел боп ақты қызыл қан. 
Өтірік, талау, өлтіріс. 
Шірік жүрек сасықтар, 
Арамдыққа асықтар 
Жетілді, жетті мұратқа. 
Қыбырлаған қоңыздар, 
Қорсылдаған доңыздар 
Көктен келген қонаққа 
Тілін, қолын тигізді, 
«Сасық сайтан» дегізді. 
Жауыздық тағы өрледі. 
Ізгі елшісі жұмақтың, 
Қасиетті қонақтың 
Ақ қанаты кірледі. 
Қыбырлаған қоңыздар, 
Қорсылдаған доңыздар, 
Тілегің болды — қуан, күл. 
Бостандық — ізгі періште 
Кетпекке ұшып ғарышқа 
Ақ қанатын қомдап тұр. 
Ақын бұл шығармасында бостандықты бейне бір құс ретінде көрсетеді. «Жүргізіп ібіліс əмірін, 
жауыздық  жайып  тамырын,  өршіп  өтірік,  дұшпандық»  жатқанда, «...көк  есігі  ашылды,  жұмақ  нұры 
шашылды,  келді  ұшып  бостандық», — деп  суреттейді. «Бостандық — ізгі  періште,  кетпекке  ұшып 
ғарышға ақ қанатын қомдап тұр», — деп ескертеді ол. 
Өкінішке  орай,  қазақ  халқының  озық  ойшыл,  шексіз  ұлтжанды,  нəзік  жүректі  ақыны  Мағжан 
өмір  сүрген  тарихи  кезең  еліміздің  басына  түскен  зардабы 75 жылға  созылған  зұлмат  дəуір  болды. 
Сондықтан  ол  «таза  поэзиямен»  ғана  шұғылданбай,  заманның  сұраныстарына  қарай  тамаша 
толғаулар  жазды.  Оларға  саяси  мағына,  тарихи-қоғамдық  кескін  берді.  Ол  заманның  толқынын 
түсініп, оқырманын тəрбиелеуге тырысты. Бірақ оның жаны зұлымдық құрбаны болды. Ғұлама ақын 
тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, оны жалынды жырымен жеңе алмады. 
Кезінде М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» атты толғауында [1; 63, 64]: 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты – 
Қырандай күшті қанатты. 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандар — балапан, 
Жайып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан. 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектер. 
Сүттей таза жүректер. 
Қасиетті тілектер – 
Мен жастарға сенемін! 
Тау суындай гүрілдер, 
Айбынды алаш елім дер, 
Алтын Арқа жерім дер, 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға, 
Иман күшті оларда, 
Мен жастарға сенемін!.. 
Алаш айбынды ұраны, 
Қасиетті құраны, 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Мен сенемін жастарға. 
Алаш атын аспанға 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін! – 
деп,  қазақ  халқының  жарқын  болашағына  тек  жастардың  күш-қуаты,  бірлік-қайраты  арқылы  ғана 
жетуге болатындығын жария етті. 
Содан бері қаншама су ақты. Уақыт өтті. Қазақ халқы патша үкіметінің де, одан кейінгі «қызыл 
империяның» да темір бұғауын үстінен сілкіп тастап, ғасырлар бойы аңсаған армандарына жетті. Сол 
кездегі,  ақиық  ақын  Мағжан  мен  Алаш  зиялылары  армандағандай,  қазақ  жастары  халыққа  басшы 
болып, ел билеу дəрежесіне жетті. 
Түйін 
Өзінің  қайталанбайтын  ерекшелігімен,  жаңашылдығымен  айқындалатын  қазақ  поэзиясының 
перзенті,  ардақты  ұлы  Мағжан  Жұмабаев  поэзиясы — қазақта  Абайды,  орыста — Б.Пастернак, 
А.Блок,  А.Ахматоваларды  еріксіз  еске  алдырады.  Өйткені  ол  қайбір  тақырыпты  да  жалпы — 
адамзаттық биіктен жырлады. Оның үстіне нені өлең етсе де, шеберліктің шегіне жете игерді. Өзінше 
көруі — өзгеше  көруге  ұласып,  ұдайы  жаңалық  танытты.  Бір  ғажабы — қай  өлеңін  алмайық,  көз 
көріп, көңіл жететін басы ашық шындық — ешкім де Мағжанға дейін бұлай жырламаған. 
Мысалы, өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейіпі («Тұранның бір бауында» атты 
толғауы [1; 167,169]) ақынның тағдырына ұқсайды: 
...Дариға, аяқталмай үзілді жыр, 
Сұм жүрек жалын болып қалды ғой құр. 
Бұлбұлдың əнін үзген не болды екен? 
Мынау не көлдің беті жыбыр-жыбыр? 
Көл беті жыбыр-жыбыр, бақа: «Бақ-бақ», 
Сайрасын енді қалай бұлбұл бейбақ? 
Өмірдің өзгермейтін құрсын заңы – 
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ. 
Жыршы құс бақырайған бақа көрсе, 
Бақылдап тырбық бақа əнін бөлсе. 

Алаштың алдаспан ақыны Мағжанның... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
57 
Ойласаң таңқаларлық дəнеңе жоқ, 
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе... 
Уақыт  сынына  төтеп  берген  тіл  құнарлығы  мен  ой  тереңдігін,  сөз  қолдану  шеберлігін 
Мағжанның басты ерекшелігі деп айтамыз. Өйткені ақынның нағыз өзіндік бет-бағдары мен айырым 
қырлары  осы  маңайдан  табылмақ. Тəңірдей  талантының, дарын  табиғатының көрінісі  осы  бұлақтай 
мөлдір поэзиясынан табылатыны анық. 
Айта берсек, Мағжан Бекенұлы лирикасының қыр-сыры өте көп. Біздің бүгінгі сөзіміз де — ұлы 
ақынның  теңіз-лирикасының  айдынын  аңғарту  үшін  ғана  жасалған  бір  шағын  талпыныс.  Кемеңгер 
ақынның теңіз-лирикасының дəмін тату үшін жасалған тағы да бір қадам деп білеміз. 
Əдебиеттер тізімі 
1  Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. — Алматы: Жазушы, 1989. — 448 б. 
2  Əлиева Б. Армысың, азаттығым, қыран қанат // Алтын тамыр. — 2010. — № 1. — 191-б. 
3  Бердібай Р. Жыр арқауы — Түркістан // Қазақ. — 2008. — № 39, 40 (396, 397). — 26 қырк. — 3 қаз. 
4  Ергөбек Қ. Түркістанда Мағжанға ескерткіш керек // Түркістан. — 2011. — 24 наур. — 9-б. 
5  Əбдірахманова С. Азатшыл ақын арыны // Орталық Қазақстан. — 2008. — 31 желт. — 4-б. 
6  Мəшһүр-Жүсіпов Қ. Мағжанның шеберлігі // Жұлдыз. — 1991. — № 11. — 142–145-б. 
7  Қаһарманұлы Ғ. Мағжан поэзиясы жайлы // Жұлдыз. — 1993. — № 6. — 177–185-б. 
8  Умарова Г.С., Шарабасов С.Ғ. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2007. — 164-б. 
9  Күмісбаев Ө. Мағжан жəне əлем əдебиеті // Қазақ əдебиеті. — 1993. — № 33. — 13 тамыз. — 4–5-б. 
10  Хасенұлы  М.  Ұлттық  рухани  өркендеу — ақын  поэзиясының  алтын  қазығы // Орталық  Қазақстан. — 2003. — 
14 маус. — 7-б. 
Р.С.Каренов 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет